Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет7/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА
8 сабақ үй жұмысы
4. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың стандартты құрылымы болады, яғни бірнеше өзара байланысты бөлімдерден тұрады. Курстық жұмыстың бөлімдері: мұқаба беті, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім (теориялық және практикалық бөлімдерімен), қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар (қажеттілік болған жағдайда). Курстық жұмыстың көлемі компьютермен тергенде орташа есеппен 20-30 беттен, қолжазбамен 35-40 беттен тұрады (қосымшалардың бетін қоспағанда).
4.1. Мұқаба беті
Мұқаба беті курстық жұмыстың бірінші беті болып есептеледі, бірақ ол нөмерленбейді. Мұқаба бетте министрліктің, білім басқармасының және оқу орнының атауын, жұмыстың толық атауын, автордың фамилиясын, аты жөнін, мамандықты, біліктілік пен курсын, тобын, ғылыми жетекшінің фамилиясын, аты жөнін, лауазымын, ғылыми дәрежесін (атағын), жұмыстың жазылу орны мен жылын, қорғау уақыты мен жұмыстың бағасын көрсету керек. Курстық жұмыстың мұқаба бетін безендіру үлгісі №3 қосымшада берілді.
4.2. Мазмұны
Мазмұнының тақырыптары мәтіндегі тақырыптарды дәлме-дәл қайталауы керек. Тақырыптың соңғы сөзімен оған сәйкес келетін нөмерге дейінгі аралық оңға қарай түзетілген нүктелермен жалғастырылады. Бөлімдер, тараулар, параграфтар мен бөлімшелер араб әріптерімен нөмерленіп, нүктелермен ажыратылады.
Бөлімдер, тараулар, параграфтар мен бөлімшелердің құрылымы және нөмерленуі:
МАЗМҰНЫ
1. Бірінші бөлімнің тақырыбы
1.1. Бірінші бөлімнің бірінші тарауы
1.1.1. Бірінші тараудың бірінші параграфы
1.1.1.1. Бірінші параграфтың бірінші бөлімшесі
1.1.1.2. Бірінші параграфтың екінші бөлімшесі
1.2. Бірінші бөлімнің екінші тарауы
....................... ары қарай осылай жалғаса береді ..............................

Курстық жұмыстың кіріспе, мазмұны, әдебиеттердің тізімі, қосымшалар сияқты құрылымдық бөлімдері нөмерленбейді. Курстық жұмыстың мазмұны бір бетке орналастырылуы тиіс. Курстық жұмыстың мазмұнының үлгісі №4 қосымшада берілді.


Курстық жұмыс зерделенетін пәннің аясындағы нақты зерттеудің мақсатына байланысты 2 немесе 3 бөлімнен тұруы мүмкін. Бөлімдердің көлемі өзара шамамен бірдей болуы керек. Әрбір бөлім әдеттегідей бірнеше параграфтарға, олар бөлімшелерге бөлінуі мүмкін. Параграфтар мен бөлімшелердің саны нақты тақырыптың мазмұны мен баяндау ерекшеліктеріне байланысты анықталады, бірақ мүмкіндігінше 3 бөлімнен аспағаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет