Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет4/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА
8 сабақ үй жұмысы
3.3. Курстық жұмысты жазу кезеңдері
Курстық жұмысты жазу процессі оқытушының жетекшілігімен және дербес түрде өтетін нақты анықталған кезеңдердің жүйесін қамтиды.
1.Курстық жұмысты жазудың мерзімі, кезеңдері, әдістері мен жазу барысы жетекшімен келісе отырып анықталған күнтізбелік жоспарын құрастыру. Курстық жұмыстың мазмұнының тақырыптары мен бөлімдерінің негізін құрастыратын , зерттеуді қажет ететін түйінді мәселелер анықталады.
2.Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттерді, құқықтық - нормативтік актілерді, электрондық ресурстарды таңдау, зерделеу және талдау, фактіге келтіретін материалдарды іздеу. Әдебиеттерді таңдау барысында студентке өзінің жеке картатекасын немесе әдеби дереккөздерінің электрондық базасын құру тиімді. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша соңғы 5 жыл көлеміндегі неғұрлым беделді авторлардың әдебиеттері мен өзекті дереккөздерін пайдалану ұсынылады.
3.Курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу.
4.Жұмыстың практикалық бөлімін төмендегі әдістердің көмегімен жазуды жоспарлау және ұйымдастыру: бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, тәжірибе жасау, зерттеу тақырыбы бойынша іс-әрекет нәтижелерін зерделеу, теориялық және эксперименттік материалдарға талдау жасау, практикалық зерттеулерді жинақтап, жалпылау.
5.Алынған нәтижелерді талдау, оларды түсіндіру және тұжырымдар мен қорытындылар жасау.
6.Курстық жұмыстың мәтінін безендіру және қорғауға дайындау.
3.4. Орындау мерзімдері
Курстық жұмысты ұйымдастырудың барлық кезеңдері мен мерзімін оқытушы алдын – ала ойластыруы тиіс. Курстық жұмыс жазуға ұсынылған тақырыптар бітіруші топтың соңғы оқу жылының басында сәйкес пәндік – циклдік комиссияның отырысында қаралып, студенттердің таңдауына ұсынылып және жетекшілері анықталып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге беріледі. Курстық жұмыстың тапсырмасы әрбір студентке колледжде бекітілген бланк нысанында ең кемінде қорғау мерзімінен 1,5 ай бұрын беріледі. Тапсырма берілген бланк курстық жұмыспен бірге тапсырылады. Тапсырма беру бланкінің бекітілген нысаны №1 қосымшада берілді. Курстық жұмыс колледжде әдістемелік кеңесте ұсынылып, бекітілген мерзім ішінде орындалып, тапсырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет