Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Курстық жұмысты бағалау критерийлері



бет6/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА
8 сабақ үй жұмысы
Курстық жұмысты бағалау критерийлері
Курстық жұмысқа «Үздік» бағасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда қойылады:
1. Кең көлемдегі ақпаратық дереккөздеріне талдау жасау негізінде тақырып терең және жан-жақты қарастырылған. Тақырыптың өзектілігіне дәлелді теориялық негіздеме берілген.
2.Зерттеу объектісіне ғылыми әдістерді қолдануы көрсетілген, өз тәжірибесі жинақталып, талданған, түрлі көрнекі материалдармен иллюстрацияланған барлық дәлдік-дәлелдемелік есептері дұрыс орындалған.
3.Ойқорытындылары мен тұжырымдарын негіздеудің дербестігі бар, нақты негізделген практикалық ұсыныстар берілген.
4. Жұмыс барлық талаптарға сәйкес безендірілген.
5. Барлық кезеңдері мерзімінде орындалған.
«Жақсы» бағасы жоғарыда баяндалған талаптардың біреуі бұзылған жаңдайда қойылады. Мысалы, тұжырымдар мен есептеулерден қателіктер жіберілген, бірақ тақырыпты жеткілікті толық, терең және дербес қарастыру болған жағдайда.
«Қанағаттанарлық» бағасы жұмысқа қойылады, егер:

    1. Библиография шектеулі, тек оларсыз жұмыстың орындалуы мүмкін емес, ең негізгі дереккөздеріне талдау жасалған.

    2. Тақырып негізінен дұрыс ашылған.

    3. Өзіндік жұмыс тәжірибесі жеткілікті дәрежеде жалпыланбаған.

    4. Жұмыстың безендіруі дұрыс.

    5. Жұмыстың үлкен бөлігі мерзімінде орындалған.

«Қанағаттанарлықсыз» баға жұмысқа қойылады, егер:
1.Тақырып бойынша түрлі дереккөздеріне талдау жасалмаған. Жұмыстың мазмұны ашылмаған, мақсатқа жетпеген.
2. Жұмыстың практикалық бөлімі әлсіз әзірленген немесе жоқ.
3. Безендіру мен есептеу жұмыстарында айтарлықтай маңызды қателіктер жіберілген.
4. Жұмыстың үлкен бөлігі мерзімінде орындалмаған.
Қанағаттанарлықсыз баға алған студент жаңа тақырып бойынша жұмысты қайта жазады немесе жазған жұмысын қайтадан түзетіп, өңдейді.
3.7. Курстық жұмысты сақтау.
Орындалған курстық жұмыс мұрағатқа 3 жыл мерзімге сақтау үшін акт бойынша тапсырылады. Оқу – әдістемелік жағынан құнды деп табылған үздік курстық жұмыстар колледждің әдістемелік кабинетінде оқу құралы ретінде қолдануға берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет