Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Курстық жұмысты безендіру және пікір жазу



бет5/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА
8 сабақ үй жұмысы
3.5. Курстық жұмысты безендіру және пікір жазу
Ұсынылған талаптарға сәйкес дайындалып, безендірілген курстық жұмыс тапсырма бланкісінде көрсетілген мерзімде түптеліп, жетекшіге тексеру үшін беріледі. Курстық жұмысқа пікір жазуға ұсынылған нысандағы бланкісін директордың оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарынан алуға болады. Пікір жазуға арналған бланк нысаны № 2 қосымшада берілді.
Курстық жұмысты тексеру және пікір жазу оқу сабақтарынан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл жұмысты орындауға әрбір курстық жұмыс үшін төлемақымен 1 сағат бөлінеді.
3.6. Қорғау және бағалау
Студенттің курстық жұмысты жазу бойынша іс-әрекетінің қорытынды кезеңі оны қорғауға дайындық болып табылады. Курстық жұмысты қорғау пәнді оқуға бөлінген уақыт есебінен колледждегі бекітілген графикке сәйкес жүргізіледі. Графикте курстық жұмыстың негізгі бөлімдерінің орындалу мерзімдері көрсетіледі. Топтағы барлық білім алушылардың курстық жұмысты қорғау кезеңдерінің графиктегі мерзімі бойынша орындалу жағдайын жетекші – оқытушысы апта сайын тексеріп отырады.
Егер курстық жұмыс көрсетілген мерзімде аяқталып, оқытушыға тексеруге тапсырылмаса немесе студент қорғауға келмесе, бұл емтиханға келмеумен теңестіріледі. Себепсіз курстық жұмысты көрсетілген мерзімде тапсырмаған студенттің академиялық қарызы бар деп есептеледі. Курстық жұмысты қорғау ашық нысанда колледж оқытушыларының, топ кураторының, әкімшілік мүшелерінің қатысуы мүмкіндігімен жүргізіледі. Курстық жұмысты қорғау жұмыстарымен таныстыру мақсатында соңғы курстағы бітіруші топ студенттерін де қатыстыруға болады.
Қорғау процедурасы қамтиды:
1.Ғылыми жетекшінің курстық жұмыстың барысы және жұмысты орындау сапасы бойынша пікір білдіруі.
2.Курстық жұмыстың мазмұны бойынша студенттің баяндамасы. Баяндама тезис түрінде қысқаша түрде жұмыстың жалпы сипаттамасын, проблеманың жағдайын, практикалық және тәжірибелік –эксперименттік жұмыстардың нәтижесін, зерттеудің болашағы мен қорытындыларын және ұсыныстарды қамтиды.
Баяндаманың басты мақсаты: тыңдаушыларды студенттің қойған мақсатына жету үшін жүргізген зерттеу жұмысының әрбір бөлімдегі жұмыстарымен таныстыру және сұрақтарға жауап беру. Қажетіне қарай баяндама мүмкіндігінше мультимедиа - презентациялар, плакаттар және басқа демонстрациялық материалдарымен бірге ұсынылады.
3. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша студентке қатысушылардың сұрақ қоюы және оларға жауап беру.
4. Курстық жұмыс бес баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Курстық жұмысты қорғау қорытындысы бойынша бағалау «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп қойылады. Курстық жұмыстың қорытынды бағасы жұмыстың жекелеген бөліктерінің салыстырмалы маңыздылығын есепке ала отырып жинақталады:

  • дербес жұмыс – 40 %;

  • теориялық бөлім - 25%;

  • ұсыныстар -15%;

  • зерттеу объектісінің талдауы -10 %;

  • курстық жұмыстың презентациясы (қорғауы) - 20%.

Студентке жұмысты қорғауға регламентті уақыт белгіленеді. Курстық жұмыстарды қорғауда және талдауға берілетін уақыт көлемі 10-15 минуттан аспауы қажет. Комиссия мүшелері студенттерге өз ойын толық жеткізе білуіне жағдай жасап, оларға сұрақтар қойып отырады. Студент комиссия мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, дәйекті жауап беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет