Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Атырау инженерлік гуманитарлық институты



бет2/5
Дата30.11.2019
өлшемі465,5 Kb.
#52788
1   2   3   4   5
Байланысты:
УМК
Тамо-ое делопр. и статистика, Құқық қорғау органдары, силлабус, тест пси, Силлабус Русский язык 2019, мақала қыз тәрбиесі, 52831

Студенттердің білімін бағалау рейтингісі 1-жалғамадағы кестеде көрсетілген.

2.0. Курстың саясаты мен процедурасы - студент пәнді оқыту үрдісі кезінде келесідей әкімшілік талаптарын орындауға міндетті: студент сабақтан кешікпеуге, сабақ жзібермеуге, аудиторияда өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, дәріс және семинар, өзіндік жұмыс барысында белсенділік танытуға, тапсырылған жұмыстарды уақытында орындауға, емтиханға қатысуға міндетті.

2.1. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі




Сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Сағат

саны

Уақыты

Қолданылған әдебиеттер

Көрнекілік

1

Сараптама ұғымы, мәні мен маңызы.

1.Сараптаманың ұғымы, мәні. Оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі.

2.Сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде.

3.Сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі.

4.Сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.


Лекция

1

Семинар



1





1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129. 09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.


Плакат, буклет мультимедиалық проектор, электрондық тақта, активті үлестіру материалдары т.б.

2

Кедендік сараптаманың ұғымы, обьектілері және заттары.

1.Кедендік сараптаманың ерекше сыныптағы сараптама ретіндегі маңызы.

2.Кедендік сараптаманың обьектілері: кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен заттар. Олардың сынамалары мен тауарлар мен жүретін әртүрлі сипаттағы құжаттар.

3.Кедендік сараптама затының түсінігі.

4.Кедендік сараптама заттарының әралуандығы: СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жіктелуі; тауарлардың кедендік құнын анықтау.


Лекция

2

Семинар



2





1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.




Плакат, буклет, активті үлестіру материалдары т.б.

3

Тауарлар кедендік сараптаманың обьектісі ретінде.

1.Тауардың кедендік сараптама обьектісі ретіндегі қасиеттері. Сарапшының қорытындысы.

2. Өнімнің түсінігі және қасиеті.

3. Кедендік сараптама обьектілері болып табылатын тауарлардың түрлері: еңбек өнімдері, қызмет көрсетулер, ресурстар және оның айналымы.

4. Бұрмаланған тауарлар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды еліміздің территориясына әкелуге тиым салу.


Лекция

1

Семинар



1




1.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

2.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

3.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

4.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

5. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.


Плакат, буклет, активті үлестіру материалдары т.б.

4

Кедендік сараптаманың техникалық құралдары және әдістері

1.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен уақытша әкетуді оңайлатылған тәртіппен кедендік рәсімдеу.

2.Халықаралық тасымалдар үшін пайдалынылмайтын су және әуе кемелерін кедендік шекара арқылы өткізу.


Лекция

2

Семинар



2





1.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999




Плакат, буклет, активті үлестіру материалдары т.б.

5

Кедендік сараптаманың түрлері

1.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы жеке тұлғалармен тауарларды өткізу.

2.Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша декларациялау тәртібі.

3.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен әкету кезіндегі жеке тұлғалардың іс - әрекеті.



Лекция

1

Семинар



1




1.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

2.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

3.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

4.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

5. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.


Плакат, буклет, активті үлестіру материалдары т.б.

6

Сарапшының құқықтық мәртебесі.

1.Сарапшының түсінігі және оны жүргізу құқығын иемдену үшін қойылатын талаптар.

2.Кедендік сараптаманы өткізу барысындағы сарапшының құқықтары мен міндеттері.


Лекция

1

Семинар



1




1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.





Плакат, буклет мультимедиалық проектор, электрондық тақта, активті үлестіру материалдары т.б.

7

Кедендік сараптаманың тағайындау неігздері және оны өткізу барысында шешілетін сұрақтар шеңбері.

1.Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі.

2. Еліміздің кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету

кезінде кедендік баждарды алу.



Лекция

2

Семинар



2




1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129. 09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.



Плакат, буклет мультимедиалық проектор, электрондық тақта, активті үлестіру материалдары т.б.

8

Кедендік сараптама технологиясы

1. Алдын ала декларациялау.

2. Уақытша кедендік декларация.


Лекция

2

Семинар



2




1.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

2.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

3.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

4.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

5. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.


Плакат, буклет мультимедиалық проектор, электрондық тақта, активті үлестіру материалдары т.б.

9

Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп іс-қимыл жасау тәртібі

1Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп сараптама жасау тәртібі.

2. Сараптама жасау негіздері.



Лекция

2

Семинар



2




1.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999ж.





Плакат, буклет мультимедиалық проектор, электрондық тақта, активті үлестіру материалдары т.б.

10

Орталық кеден зертханасының құқықтық мәртебесі

1. Орталық кеден зертханасының құрылу тарихы.

2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік сараптаманы орталық кеден зертханасында жүргізу


Лекция

1

Семинар



1




.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999ж.









2.2. Лекциялық кешенді (лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар, қолданылған әдебиеттердің тізімі)
1-Тақырып

Сараптама ұғымы, мәні мен маңызы.

Жоспар:

1.Сараптаманың ұғымы, мәні. Оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі.

2.Сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде.

3.Сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі.

4.Сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Тақырып мақсаты:Кедендік бағытта көптеген сараптамалар жүргізіледі. Сараптама тағайындаудың мәнін, негізін және әдісін түсіну үшін бұл іс әрекетке байланысты кейбір теориялық ережелерін талдап көру көру керек.

Сараптама ғылыми практикалық зерттеудің ерекше түрі бола отырып, сараптамашылармен жүргізілетін, адамдардың кейбір іс-әрекеттеріне байланысты туатын проблемелық немесе даулы мәселелер бойынша нақты обьекті және тәуелсіз қорытынды беру үшін жасалатын іс-әрекет.

Әлемде сараптаманың көптеген түрлері бар. Олардың мақсаттары және зерттеу обьектілері, әдістері әртүрлі болып келеді. Олардың тек ортақ мақсаты бар, ол шындықты табу.

Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау жүргізу барысында анықталған, күмәнді тауарларға қатысты және кедендік рәсімдеу барысында сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына байланысты тауардың кодтарын анықтау мүмкін болмағанда сараптама тағайындауға құқылары бар.

Сараптаманы әртүрлі негіздермен жүйелеуге және классификациялауға болады.

Мақсатына байланысты сараптама екі түрге - процессуалдық мағынасы бар соттық және соттық емес (ведомостволық) болып бөлінеді.

Сараптаманы жүйелеу ғылымның саласы немесе қоғамдық практика бойынша жүргізу қабылданған. Бұл критерия бойынша, әскери, саяси, әлеуметтік, техникалық, экономикалық, криминалистік, медициналық, өнертану және т.б. сараптама класын көрсетуге болады. Әрбір ғылымның саласы өзінің теориялық базасының сараптама үшін өзінің әдістемелік, техникалық және ғылыми-құқықтық ережелерін дайындайды.

Әрбір класс өз қатарына әртүрлі сараптаманы біріктіруі мүмкін, бірақ олардың пәнінде, обьектісінде, әдістемесінде және қойылған мақсатында ортақ белгілері болу керек. Кезектілігіне байланысты сараптама өткізу алғашқы және қайталап; міндеттердің масштабтарына байланысты – негізгі және қосымша; зерттелгенобъектінің сандық жағдайына байланысты – аз объектілі және көп объектілі; сараптамашылардың санына және олардың жұмыс істеу әдісіне байланысты – жекелік және ұжымдық болып бөлінеді.

Объективтік жағдайларға байланысты теориялық, техникалық және ұйымдастыру дәрежесіне байланысты алғашқыорында криминалистік сараптама тұр.

Криминалистік сараптама кез- келген мемлекетте үлкен мән беріледі. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жаңа сараптама лабораториялары ашылғанда аталған сараптама мекемелерінің бай тәжірибесі кеңінен пайдалынады. Осындай сараптама мекемелеріне кедендік сараптама лабораторияларында кіреді.

Сараптама қоғамдық негізде, коммерциялық тапсырыс бойынша немесе қызметтік міндетті орындау негізінде жүргізуге болады. Осыған байланысты қазіргі кезеңде әлемде сараптама ісін ұйымдастырудың әртүрлі нысандары бар олар: қоғамдық, жеке – кооперативтік, ведомстволық, мемлекеттік, халықаралық, бұл сараптамадағы жұмыстар комиссиялық (ұжымдық) немесе жеке, тұрақты немесе уақытша жүргізілуі мүмкін. Сараптама жүргізуге лицензия алу үшін мемлекеттік стандарттың арнайы талаптарына сай болу керек.

Сараптамашы (лат- білетін, тәжірибелі) деп жан- жақты білімді, танымы бар арнайы біліммен қаруланған, кәсіби тәжірибесі бар адамды айтамыз.

Сараптама жүргізуші мекемелер белгілі дәреже техникалық құрал жабдықтарға және зерттеу әдісіне, мәліметтер жинақтарына, бақылау үлгісінің эталонына, ғимаратпен іс- әрекеттеріне сай жұмыс орындарына және ең негізгісі жоғарғы квалификациялы сараптама мамандарына ие болу керек. Сонымен бірге нормативтік техникалық құжаттар және материалдары, сараптама жүргізудің теориялық және практикалық негізі және зерттелуші объектіні, жекеменшікті және мәліметтің конфиденциялдығын сақтайтын мүмкіншіліктер болу керек.

Әдістемелік нұсқаулар

Тақырып бойынша жүк кеден декларациясын беру тәртібі және оны есепке алу мен тіркеу, декларантпен кеден органына мәлімделген мәліметтерді,құжаттарды беру, жүк кеден декларациясын уәкілетті лауазымды тұлғаның қабылдауы туралы мәліметтер баса көрсетілген.



Негізгі түсініктер: Сараптаманың ұғымы, мәні, оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі, сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде, сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі, сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Студенттерге тапсырмалар:

1.Сараптаманың ұғымы, мәні. Оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі.

2.Сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде.

3.Сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі.

4.Сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129.

09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.

6.Қазақстан территориясындағы тауарлар, жұмыс және қызмет экспорты және импортының тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 66.19.05.1995 ж.

7.Кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды, сонымен қатар көлік құралдарын өткізу тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 1712. 31.12.1996 ж.
Тақырып №2. Кедендік сараптаманың ұғымы, обьектілері және заттары.
Жоспар:

1.Кедендік сараптаманың ерекше сыныптағы сараптама ретіндегі маңызы.

2.Кедендік сараптаманың обьектілері: кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен заттар. Олардың сынамалары және тауарлармен жүретін әртүрлі сипаттағы құжаттар.

3.Кедендік сараптама затының түсінігі.

4.Кедендік сараптама заттарының әралуандығы: СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жіктелуі
Тақырып мақсаты: Меншік түрлеріне қарамай сараптамашы мекемелер заңды тұлға статусында болады. Осыған байланысты оларды әкімшілік бағынуы және финанстық жағдайы сараптама қорытындысына немесе мекеменің ұжымына әкімшілік, құқық қорғау немесе коммерциялық ұйымдар тарапынан ықпал етуді болдыртпауды қамтамасыз ету керек. Сараптамашылардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін міндетті талаптарға төмендегі жағдайлар жатады:


  • зерттелуге тиісті өнімді жеткізушілермен немесе осы өнімді тұтынушылармен қандай да болмасын бірікккен коммерциялық мүддесінің болмауы;

  • зерттелуге тиіс өнімді дайындау әрекетіне шаруашылық қарым-қатынастың болмауы;

  • сараптама жүргізуге мүдделі әкімшілік органдарына сарапшының тәуелсіз болуы.

Сараптама жүргізуші мекемелерге әрбір сараптамашы маманда қызметтік нұсқаудың болуы және ол нұсқауда олардың функционалдық міндеттері және жауапкершілігі, біліміне және кәсіби дайындығына ғылыми техникалық біліміне және тәжірбиесіне қойылатын талаптар көрсетілуі керек.

Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

Кеден органдары:


  1. кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;

  2. алдын-ала шешім қабылдаған;

  3. кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін;

  4. тауарлар кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бірдейлендіру белгілері кедендік сараптаманың обьектілері болып табылады.

Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың сарапшылары жүргізеді. Оны жүргізу үшін:

  • кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын-ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық ықзметке қатысушылардың өтініштері бойынша- кедендік сараптамаға жолдама;

  • кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы негіз болып табылады.

Сараптамаға жолданған жолдамада не қаулыда:

  1. кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

  2. кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

  3. сарапшының алдына қойылған мәселелер;

  4. сараптамашының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.

Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен не қаулымен таныстыруға, Кеден кодексінің 375-376- баптарында көзделген құқықтар мен міндеттерді таныстыруға міндетті. Жолдамаға не қаулыға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.

Тауарларды жіктеу тауар номенклатурасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және жіктелетін тауарды белгілер түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін техникалық әдіс болып табылады. Тауар номенклатурасы – классификациялауға жататын жүйеленген тауарлар тізіміндегі тауар жіктеушісі, ТН көмегімен әрбір тауарға орын беріп, одан кейін тауарға цифр – тауар коды түрінде шартты мағына береді.



Тауар номенклатурасы 5 деңгейден тұрады:

Бөлім (раздел)рим цифрымен белгіленеді. Барлығы ҮЖ-дегі сияқты 21 бөлім. Бөлім деңгейінде тауарлар экономика мен кәсіпорын салаларына байланысты топтастырылған. Мысалы І бөлім – жануарлар, ІV бөлім – тамақ өнеркәсібі тауарлары, VІ бөлім – химия өнеркәсібі өнімдері және т.б.
Топараб цифрымен белгіленеді. Барлығы 97 топ. 77 топ бос, яғни резервтік болып табылады. Топ деңгейінде тауарлар:

  • жасалған материалына байланысты (мыс.74 топ – «медь и изделия из нее»)

  • атқаратын функциясына байланысты (мыс. 91 топ – «часы всех видов и их части»)

  • өңдеу дәрежесіне байланысты (мыс. 10 топ – злаки, 11 топ – продукция мукомольного производства, 19 топ – мучные кондитерские изделия)

Кейбір топтарда жіктеудің қосымша деңгейі – топшалар қарастырылған (мыс. 28 топта – «продукты неорганической химии»).

Топты қалыптастыруда тауарда өңдеу кезектілігі принципі қолданылады: шикізаттан полуфабрикатқа, одан дайын тауарға дейін. Үлкен дәрежелі өңдеуден өткен тауарлар үлкен номерге ие.



Тауар позициясы – 4 цифрдан тұрады, алғашқы 2 цифр тауар тобы. Тауар позициясы деңгейінде тауарларды классификациялау арнайы белгілерге байланысты жүзеге асырылады (мыс. 10 топ позиция деңгейінде пшеница и рожь болып бөлінеді). Бұдан басқа белгілер, мысалы тауар формасы да ескеріледі (мыс. 7201 – чугун в чашках немесе 7205 – гранулы и порошки ...из чугуна)

Субпозиция 6-белгілік код, алғашқы 4 цифр – тауар позициясы. Субпозиция деңгейінде тауар коды мен атауы ҮЖ номенклатурасына сәйкес келетін ең төменгі топ. Субпозиция деңгейінде қосымша белгілер, мысалы 8501 – «двигатели и генераторы электрические» двигательдің қуаты (мощность) ескеріледі.

Кіші субпозиция10 белгілік код, алғашқы алты цифр субпозия белгісіне сәйкес келеді, ал соңғы төрт цифр тауарларды тереңірек жіктеуге арналған. Мысалы 480530 – бумага и картон немелованные. Кеәбір тауар позициялары мен субпозицияларында қосымша жіктеу деңгейі – подпозиция қарастырылады, оларға цифр коды берілмейді. Подпозиция «-» символымен белгіленіп позиция атауының алдына қойылады. Тауар подпозициясы жіктелмейді. Мысалы:0101 10 100 0 – «чистопородные племенные животные» «живые лошади чистопородные племенные» деп оқылуы қажет.

Тауар атауларына қатысты терминдердің де ерекшеліктері бар. Мысалы: слоновая кость термині пілдің ғана емес барлық жануарлардың тістері түсініледі. 9601- обработанные и пригодные для резьбы кость слоновая – тауар позициясы барлық жануарлардың тістерінен жасалған тауарларды топтастырады.



СЭҚ ТН негізгі қасиеттері:

  1. Тауарларды топтарға бөлу нақты мәліметтерге негізделген. Теориялық немесе сыртқы сауданы реттеу мақсатында пайдасыз бөлу қарастырылмайды. (мысалы, қызыл және жасыл түсті әйнектен жасалған бокалдардың айырмашылығы)

  2. СЭҚ ТН-да тауар топтары мазмұны бойынша бір-біріне қайшы келмейді.

  3. СЭҚ ТН-да тауарлардың әртүрлі типтерін шектеу принциптері объективті болып табылады. Ортақ критерий – тауар жасалған негізгі материал немесе тауар атқаратын негізгі функция.

  4. СЭҚ ТН-да тауар позициялары мазмұнының ішінара сәйкес келуі немесе тауар әртүрлі функция атқарған немесе әртүрлі материалдардан жасалған жағдайда сәйкес тауар позициясын таңдау мүмкіндігінің жоқтығын қарастыратын нақты анықтамалар мен ережелер көрсетілген.

  5. СЭҚ ТН-да тауарларды жіктеу баланстық болып табылады, яғни қолдану берілген топта аталмаған тауар тобын сипаттау үшін маңызды болып табылатын корзиналық позициялар қарастырылады.

СЭҚ ТН қозғалатын мүліктің барлық түрін қамтиды. Ол үшін әрбір топтың соңында «тағы басқалары», «басқа жерде аталмағандар» (прочие; прочие, в другом месте не поименованные) деп аталатын корзиналық тауар позициялары келтіріледі. Мысалы, «Бас киімдер» деп аталатын 65 топта шляпа, қалпақ, беретка, тюбетейка, кепка, фуражка және т.б. бас киімдердің улкен ассортименті қарастырылады. «Басқа бас киімдер» («Головные уборы прочие») деп аталатын 6506 корзиналық тауар позициясында 65 топта қарастырылмаған шомылу шапкалары, қорғаныш каскалары және т.б. жіктеледі.

ЕврАзЭҚ СЭҚ ТН-да тауардың кодтық мағынасының ұзындығы 10 цифрлық белгіден тұрады:



  • алғашқы алты цифр Тауарларды сипаттау мен кодтаудың Үйлестірілген жүйесіне сәйкес келеді,

  • сол алты цифр + жетінші және сегізінші цифрлар Европалық Одақтың Аралас Номенклатурасы бойынша жіктеледі (Комбинированная номенклатура Европейского Союза КН ЕС),

  • 9 белгі – ТМД СЭҚ ТН,

  • 10 белгі – ЕврАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша сәйкес келеді.



СЭҚ ТН тауарларды тар мағынада бөлімдер мен топтарға біріктіреді. Тауар түрлерінің көптігінен олардың нақты атауларының бәрін қамту мүмкін емес. СЭҚ ТН бойынша тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша материал – «СЭҚ ТН-ға түсіндірме» («Пояснения к ТН ВЭД»). Ол тауар атауларын, анықтама, ережелерін, терминдерді қарастыратын үш томнан тұрады. І том (І-VІ) – ауылшаруашылық, тамақ өнеркәсібі, шикізат, химия өнеркәсібі өнімдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет