Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Атырау инженерлік гуманитарлық институты



бет5/5
Дата30.11.2019
өлшемі465,5 Kb.
#52788
1   2   3   4   5
Байланысты:
УМК
Тамо-ое делопр. и статистика, Құқық қорғау органдары, силлабус, тест пси, Силлабус Русский язык 2019, мақала қыз тәрбиесі, 52831



2.3. Семинарлық сабақтар жоспарлары

««Кедендік сараптама» курсы оқу нысанының бір-түрі - тәжірибелі сабақтар болып табылады. Оқу сабақтарының бұл түрі студенттерге теориядағы білімін тәжірибелі жағдайларда пайдалануға мүмкіншілік тудырады.


Тақырып №1. Сараптама ұғымы, мәні мен маңызы.

1.Сараптаманың ұғымы, мәні. Оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі.

2.Сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде.

3.Сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі.

4.Сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Тақырып №2. Кедендік сараптаманың ұғымы, обьектілері және заттары.

1.Кедендік сараптаманың ерекше сыныптағы сараптама ретіндегі маңызы.

2.Кедендік сараптаманың обьектілері: кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен заттар. Олардың сынамалары мен тауарлар мен жүретін әртүрлі сипаттағы құжаттар.

3.Кедендік сараптама затының түсінігі.

4.Кедендік сараптама заттарының әралуандығы: СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жіктелуі.
Тақырып № 3. Тауарлар кедендік сараптаманың обьектісі ретінде.

1.Тауардың кедендік сараптама обьектісі ретіндегі қасиеттері. Сарапшының қорытындысы.

2. Өнімнің түсінігі және қасиеті.

3. Кедендік сараптама обьектілері болып табылатын тауарлардың түрлері: еңбек өнімдері, қызмет көрсетулер, ресурстар және оның айналымы.

4. Бұрмаланған тауарлар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды еліміздің территориясына әкелуге тиым салу.

Тақырып № 4. Кедендік сараптаманың техникалық құралдары және әдістері.

1.Кедендік сараптаманың техникалық құралдарының түсінігі.

2.Кедендік мақсататар үшін қолданылатын сараптаманың зерттеу әдістері.

3. Кедендік сараптаманың визуалдық бағалау және диагностика әдістері.

4.Кедендік сараптаманың есептеу әдістері.

5.кедендік сараптамада қолданылатын сарапшылық әдістің мәні және атқаратын міндеттері.



Тақырып № 5. Кедендік сараптаманың түрлері.

1.Материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

2.Идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар.

3.Химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері.

4.Бағалық сараптама және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

5.Криминалистік және өнертанымдық сараптамасы. Оларды жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.


Тақырып №6. Сарапшының құқықтық мәртебесі.

1.Сарапшының түсінігі және оны жүргізу құқығын иемдену үшін қойылатын талаптар.

2.Кедендік сараптаманы өткізу барысындағы сарапшының құқықтары мен міндеттері.

3. Сарапшының қорытындысы.


Тақырып №7.

Кедендік сараптаманың тағайындау негіздері және оны өткізу барысында шешілетін сұрақтар шеңбері.

1.Кедендік сараптаманың мақсаты және оны өткізудің фактілік негіздері:кеден ережесін бұзу, тауарларды жалған мәлімдеу, кеден шекарасынан өткізіліп жатырған тауарды анықтау және бірдейлендіру.

2. кедендік сараптаманы өткізу негіздері. Кедендік сараптамаға жолдама.

3. Кедендік сараптаманы тағайындау барысында сарапшыға қойылатын сұрақтар.


Тақырып №8.

Кедендік сараптаманың технологиясы.

1.Кеден шекарасы арқылы өткізу барысында кедендік сраптама тағайындалуы мүмкін кедендік операциялар және процедуралар.

2.Кеден ержелерін бұзу туралы істер бойынша іс жүргізу немесе мұндай істерді қарау барысында сараптама тағайындау.

3.Кедендік мақсаттарда сараптаманы жүргізуге уәкілетті сарапшылық ұйымдар мен тұлғалар.


Тақырып №9.

Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп іс-қимыл жасау

тәртібі

1.Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп сараптама жасау тәртібі.

2. Сараптама жасау негіздері.

3.Кеден органының лауазымды тұлғасымен тауарлардың сынамаларымен үлгілерін кеден зертханаларының қызметкерлеріне зерттеуге жіберу үшін алу.


Тақырып №10. Орталық кеден зертханасының құқықтық мәртебесі

1. Орталық кеден зертханасының құрылу тарихы.

2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік сараптаманы орталық кеден зертханасында жүргізу.

3.Орталық кеден зертханасының еліміздің кеден органдарының біртұтас жүйесінде алатын орны.

4.Орталық кеден зертхана қызметінің құқықтық негіздері.
2.4. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныс

Пәнді игерудің мақсаттары мен тәсілдері

Кедендік сараптама пәні «Кедендік бақылау» пәнінің құрамдас бөлігі болып келеді. Бұл пәнді оқыту барысында оқыту барысында- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен транспорт құралдарына қатысты Кеден органдарымен жүргізілетін кедендік сараптаманың мазмұны мен маңызына, декларациялау ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мұның ішінде студент кедендік сараптаманың жүргізілу тәртібімен танысып, кедендік шекара арқылы тауарлар мен транспорт құралдарын өткізуші тұлғаларға байланысты жиналатын құжаттарға шолу жасайды.

Қазіргі уақытта еліміз экономикалық жағынан тұрақты даму үстінде. Оған әрине, Кеден органдарының да қосып отырған үлесі қомақты. Соған сәйкес, олардың қызметіне де артылар жүк ауыр.

Ел Президентінің бастамасымен: Қазақстан Республикасы, Беларусь, Қырғызстан Республикалары және Ресей Федерациясының арасында Кедендік Одақ құру мәселесі шешілуде. Соған сәйкес еліміздің кеден звңдылықтарын халықаралық талаптар мен Кедендік одаққа мүше елдердің кеден заңнамасына сәйкестендірілу жүзеге асырылуда.Бұл мәселеде отандық тауар өндірушілерді қорғау мен бәсеклестікке төтеп бере алатындай өнімдер шығаруға жәрдем беру мәселесін назардан тыс қалдырмау керек.



Пәнді оқытудың мақсаты: кедендік сараптаманың негізін, кедендік сараптаманы тағайындау тәртібін, тауарлар мен транспорт құралдарын мәлімдеу орнын, таңдалған кедендік режимнің сәйкес болуын оқытады.

Пән бойынша, кеден ісі саласындағы кешенді түрде жүргізілетін кедендік сараптаманың тәртібі мен оны жүргізілу негіздері, сарапшының қорытындысымен, қайталанып жүргізілген сараптаманың қорытындысын салыстыру, кедендік төлемдер мен салықтардың еліміздің бюджетіне толықтай түсуін қамтамасыз ету, кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу барысындағы атқаратын іс-әрекеттерін қарастыра отырып, түсіндіру басты мақсаты болып табылады.



Пәнді оқытудың тәсілдері:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеден ісі саласында қабылдаған қаулыларымен,

Кедендік Бақылау Комитеттінің бұйрықтарымен таныса отырып,зерделеу ;

2. Қазіргі қолданыстағы Кеден Кодексінің даму тенденциялары мен мәнін түсіну;

3. Мемлекеттің саяси қазіргі заманға сай заңдардың мақсаттарын түсіну;

4. Сыртқы экономикалық қызметтің басты қатысушысы болып табылатын еліміздің

экономикасына бағалау және талдау жүргізу.

5. Кдендік сараптаманың пәні мен мазмұнына, оны жүргізу тәсілдеріне, сараптамашының қорытындысына назар аударады.



Пәнді үйретудің негізгі талаптары:

Пәнді игерудің нәтижесінде студенттер білуі керек:

Пәннің негізгі талаптарына тоқталатын болсақ, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен отандық тауар өндірушілерді қорғау - ең басты мақсаты болып табылатын, Қазақстан Республикасының Кеден органдарымен жүргізілетін кедендік сараптаманың жүргізілу ерекшеліктеріне тоқталып өту. Сараптаманың түрлеріне тоқталып, кедендік сараптаманың ерекшелігіне мән беру. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктемелерін дұрыс табу мен жіктеу, олардың тауарлық белгілері мен кодтарын кеден-жүк декларациясының арнаулы бағандарында дұрыс көрсету.

Тауарларды декларациялау барысында тауардың шыққан елін анықтау, сапалық құрамы мен сертификатына сай болудың сәйкестілігін анықтаудың тәсілдерін үйренеді.

1.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің талаптарына сәйкес кедендік декларациялау барысындағы кеден органы лауазымды адамдарының құқықтарымен міндеттерін білу;

2.Кеден брокері ретінде кедендік қызметтерді жүзеге асырырылатын тұлғалармен толтырылған кеден жүк декларациясының және басқа да құжаттардың, шот фактуралардың, сертификаттардың заңдылыққа сәйкестігін тексеру ;

3.Еліміздің кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорт құралдары иелерінің және оны тасымалдаушылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы шаралармен танысу;

4. Кеден органынының Орталық зертханаларында жүргізілетін кедендік сараптамаға қатысты ережелер мен нұсқаулықты жете білу.

Пәнді игерудің нәтижесінде студенттер жасап білуі керек:

Кедендік сараптамаға байланысты түсініктер, Қазақстан Республикасының Кеден органы лауазымды адамының негізгі құқықтары мен міндеттері, олардың функционалдық атқаратын қызметіне, соның ішінде кедендік бақылау мен кедендік сараптама жүргізуге байланысты болып келеді. Студент курсты оқу барысында жоғарыда көрсетілгендерге қатысты барлық мәліметтермен танысады. Кеден жүк декларацияны толтыру тәртібін, оларға тексеру жүргізуді және тауардың шыққан елі мен сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына қатысты тауарлардың кодтарын ажыратуды үйренеді. Еліміздің Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығына мүше болуына байланысты, оған мүше мемлекеттер арасындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференциялардың берілу тәртібін, шекара бойында орналасқан кеден бекеттерінде өзара әріптестікті қолдау мен тәжірбие алмасу бағытында атқарылып жатырған шаралар туралы ақпараттармен танысады.Кедендік сараптама жүргізудің тәсілдерімен мазмұнына қанығады.

Пәнді игерудегі формалары:

Кредиттік технология – бұл білім реформасы жүргізген жүйелердің бірі. Кредиттік технологияны оқытудың негізгі формаларына лекция жүргізу, практикалық және семинар сабақтары, оқытушының қатысуымен студенттің өзіндік жұмысы. Ал аудиториядан тыс – студенттің өзіндік жұмысы.

Лекция – оқытушының тәртіппен және жүйемен оқу материалдарын түсіндіретін жалпы білім берудің түрі.

Лекция – оқытушының жүйемен, монологиялық мазмұндаумен оқу материалдарын жалпылама түсіндіру. Дәстүрлі жоғарғы оқу орындарында оқу жоспарында көптеген пәндерді курспен оқытудағы ұйымдасқан оқытудың әдісі болып табылады.

Лекция-оқыту формасы мен әдістің өзіндік органикалық даралығын көрсетеді.

Лекцияның негізгі қызметтері:

1. Ақпараттық – қажетті мәліметтерді жинайды;

2. Ынталандырушы – тақырыпқа қызығушылық танытады;

3. Тәрбиелік баға мен даму – оқиғаларға баға береді, сананы дамытады;

4. Осы пен бойынша жүйеленген және құрылған барлық бөлімнің жиынтығы.

5. Бағыттаушы – мәселелерді әдебиетке бағыттайды;

6. Түсіндіруші – ғылымның негізгі түсініге бағыттар түсіндіреді;

7. Дәлелді – айғақтарға акцент жасайды.


«Кедендік сараптама» пәнінің лекциясында студенттер:

Кедендік сараптама пәніне байланысты түсініктер, Қазақстан Республикасының Кеден органы лауазымды адамының негізгі құқықтары мен міндеттері, олардың функционалдық атқаратын қызметіне, соның ішінде кедендік бақылау мен кедендік сараптамаға байланысты болып келеді. Студент курсты оқу барысында жоғарыда көрсетілгендерге қатысты барлық мәліметтермен танысады. Кеден жүк декларацияны толтыру тәртібін, оларға тексеру жүргізуді және тауардың шыққан елі мен сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына қатысты тауарлардың кодтарын ажыратуды үйренеді. Кедендік сараптама жүргізудің ең басты мақсаты тұтынушыларға адамның өмірімен денсаулығына зиян келтірмейтін тауарларды тұтынуға жәрдемдесу мен отандық тауар өндірушілердің экологиялық жағынан сапалы да таза өнімдерге қол жеткізу.

«Кедендік сараптама» пәнінің лекция сабақтары шамамен 15 сағатқа жоспарлған лекциялық сабақтардың тезисі – оқу жұмыс жоспарында, ал күнтізбелік – тақырыптық жоспар силлабуста көрсетілген.

Практикалық сабақтар – практикалық қабілетін шындатуға бағытталған білім берудің жүйесі.

Практикалық сабақтар пәнді болық меңгеруге арналған. Практикалық сабақтар хабарлы түрде алынған лекция материалдарын жетілдіру, кеңейту, егжей-тегжей оқу және кәсіби қызметін қалыптастыру.

Практикалық сабақтарда студенттер ғылыми ізденістердің әдістерін жетілдіреді, оларда тиісінше қабілеттер қалыптасады.



Практикалық сабақтар:

- сөйлеу мен ойлаудың дамуын қалыптастырады;

- студенттің білімін тексеруге мүмкіндік береді;

- қажетті білімін қайтадан толтырады.



Семинар сабақтар – студенттің оқытушының тапсырмасы бойынша жекелеген сұрақтарына реферат немесе баяндама түріндегі лекциялық материалдарды толықтырған. Өз еркімен оқитын оқу процесінің формасы.

Семинар сабақтар - студенттің мәдени ойлауына, пәнді терең игеруде, ғылыми танудың әдістерін үйренуді көрсетеді. Практикалық және семинар сабақтарын жүргізетін оқытушы студенттің сабақтағы бақылау жұмысын, реферат жұмысын бағалап, аттестация алады. Сабақ барысында студенттің практикалық және семинар сабақтарға дайындық деңгейін қарайды, ұсынылған әдебиеттерді, материалды игеруін бақылайды.

Лектор, курсты жүргізуші, бақылауға міндетті:

- практикалық және семинар сабақтардың өткізу сапасын;

- студенттің лекцияда берілген сұрақтардың практикалық және семинар сабақтарда қолдану деңгейін;

- практикалық және семинар сабақтарға қатысы;



Кафедра меңгерушісі бақылайды:

- практикалық және семинар сабақтардың жоспар бойынша орындалуын;

- сабақтың ғылыми-теориялық деңгейі;

- оқытушы мен студенттің сабаққа дайындық деңгейін қадағалау.



Практикалық және семинар сабақтардың сапасын тексеру мына жолдармен іске асады:

- кафедра мүшелерінің сабаққа қатысы;

- ашық практикалық және семинар сабақтардың курс бойынша қиын тақырыптарды кафедра жиналысында немесе методикалық секцияда талқылап өткізу;

- сабаққа кафедра меңгерушісі, методика бірлестіктің жетекшілерінің қатысуы.

«Кедендік сараптама» пәні практикалық және семинар сабақтары 15 сағатқа жоспарланған. Практикалық және семинар сабақтардың жоспары – оқу-жұмыс бағдарламасында, ал күнтізбелік – тақырыптық жоспар силлабустар бекітілген.

«Кедендік сараптама» пәнінің практикалық және семинар сабақтарда студенттер:

- қиын жағдайда шешім қабылдау қабілеттілігін белсенділігі артады;

- заңдылық жүйеде ішкі логикамен оқиғалардың өзара байланысын түсіну;

- Қазақстандағы экономикалық заңдардың дамудың қалыптасуы туралы маңызды сұрақтарды талқылау;
2.5. Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер және т.б.)
Жазбаша бақылау тапсырмалары және өзіндік даярлығы үшін сұрақтар

тізбесі

1.Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін

тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу және декларациялау

тәртібі.


2.Жүк кеден декларациясын беру тәртібі және оны есепке алу мен тіркеу.

3.Декларантпен, кеден органына мәлімделген мәліметтерді,құжаттарды беру.

4.Жүк кеден декларациясын уәкілетті лауазымды тұлғаның қабылдауы.
5.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезіндегі декларациялаудың нысаны.

6.Кедендік декларация және оның түрлері.

7.Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімі.

8.Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы көлік құралдарын өткізу

және рәсімдеу тәртібі.

9.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен уақытша әкетуді оңайлатылған тәртіппен кедендік рәсімдеу.

10.Халықаралық тасымалдар үшін пайдалынылмайтын су және әуе кемелерін кедендік шекара арқылы өткізу.

11.Жеке тұлғалармен тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізудің тәртібі.

12.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы жеке тұлғалармен тауарларды өткізу.

13.Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша декларациялау тәртібі.

14.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен әкету кезіндегі жеке тұлғалардың іс - әрекеті.

15.Жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізуі.

16.Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуі.

17.Халықаралық өткізу пунктінде «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану.

18.Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар мен транспорт құралдарын өткізудің ерекшеліктері.

19.Тауарларды «жасыл», «сары», «қызыл» дәліздер арқылы өткізу ерекшеліктері.

20.Кеден органынының лауазымды адамы мен жүк кеден декларациясын тексеру тәртібі.

21.Қазақстан Республикасы Кеден органдарымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен берілетін экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне рұқсат беру тәртібі.

22.Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі.

23.Еліміздің кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету

кезінде кедендік баждарды алу.

24.Тауарларды декларациялауға қатысты қосымша ережелер.

25 Алдын ала декларациялау.

26. Уақытша кедендік декларация.

27.Мерзімдік кеден декларациясының түсінігі және оны толтыру тәртібі.

28.Мерзімдік және толық емес кедендік декларацияларды толтыру.

29.Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі.

30.ҚР-ның кеден органдарын ұйымдастыру және басқару.

31.Кеден саласы – Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы жаңа сала.

32.Егеменді Қазақстандағы кеден саласын басқарудағы мәселелер.

33.ҚР-сы кеден органдарындағы басқаруды құқықтық реттеу.

34.Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін анықтау

35.Кеден органдарының істерін реттеу

36.ҚР-сы кеден органдары жүйесінің басқару құрылымы.

37.Қазақстан Республикасы экономикасында Кеден органдарының атқаратын қызметі.

38.Қазақстан Республикасы Кеден органдарының біртұтас жүйесінің түсінігі және құрылымы.

39.ҚР-сы кеден органдарының жүйесіндегі басқару процесі.

40.Кеден ісі саласында қызмет ететін ұйымдардың маңызы.

41.Кеден саясатының ТМД елдеріндегі кеден саясатын басқарудағы маңызы.

42.Кеден органдарын басқарудың психологиялық қырлары.

43.Кеден ісі саласында қызмет ететін ұйымдардың маңызы

44.Кеден саясатының ТМД елдеріндегі кеден саясатын басқарудағы маңызы

45.Кедендік органдардың құқық қорғаушылық қызметі.

46.Қазақастан Республикасы Кеден органдарының құқық қорғау қызметі және кеден саласындағы жауапкершілік мәселелері.



Ұсынылған әдебиеттер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар

енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129.

09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.

6.Қазақстан территориясындағы тауарлар, жұмыс және қызмет экспорты және

импортының тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 66.19.05.1995 ж.

7.Кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды, сонымен қатар көлік құралдарын

өткізу тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 1712. 31.12.1996 ж.

8.ҚР кеден қызметін жетілдірудің 2000 –2002 ж. арналған тұжырымдамасы Үкімет

қаулысы.№ 301. 25.01.2000 ж.

9. // Таможенное дело. №4,5,7,8. 25 желтоқсан 2000 ж.

Арнайы әдебиеттер:

1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.

5.Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан, Алматы, 1996.

6.Лившиц Р.З. Теория право. М., 1994.

7.Мадиярова Д.М., Текенов У.А., «Международные транспортные перевозки и

управление таможенным делам». Учебное пособие. А., 2000 г.

8.Международные договоры, ратифицированные РК, в сфере таможенного

законодательства: сборник международных актов. /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В.

Межибовская. А., 1998 г./

9.Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение

благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. А.,

1997 г.

10.Нұрахметов Б. Қазақстан Республикасының кеден ісі. Алматы. 2000.



11.Поленов Г.Ф. Уголовное право. Алматы, 1997.

12.Помпов Г. Ф. «Қылмыстық құқық» А., 1997 ж.

13.Протасов В.Н. Что и как регулирует право. М., 1995.

14.Рогов И.И. «Экономика и преступность» А., 1991 г.

15.Сарсеков Б. «Контрабанда наркотиков в РК: проблемы и пути их преодоления» А., 1998

г.

16.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной



Азии» А., 1995 г.

17.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

18.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности.

Алматы,1995

19.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

20. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.

21. Сенякин И.Н. Теория государства и права: Курс лекций. М., 1997.

22. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін).

Алматы, 2001.

23.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А.,

1996 г.

25.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.



26.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999

27.Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.

28. Сенякин И.Н. Теория государства и права: Курс лекций. М., 1997.


  1. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

  2. Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.


Тестілеу тапсырмалары

$$$0001


ҚР. Кеден саясаты дегеніміз:

а) ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі;

б) мемлекеттің сыртқы саясаты;

в) сауда саясатының басты бөлігі;

г) фискальды саясаттың бөлігі;
$$$0002

Кеден ісі саласы бұл:

а) кеден процедураларының жиынтығы; б) мемлекеттік реттеу аумағы;

в) кеден қатынастары; г) кеден әкімшілігі саласы;


$$$0003

ҚР. Кеден ісі дегеніміз:

а) мемлекеттік органдардың орналастыру қызметі;

б) мемлекеттің сыртқы саясат қызметі; в) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі;

г) сыртқы сауда саясаты;
$$$0004

ҚР. Кеден территориясы дегеніміз:

а) территориалды сулар, ішкі сулар, ауа кеңістігі; б) бүкіл территория;

в) бос кеден аймағы территориясы; г) бос қойма территориясы;


$$$0005

Кеден шекарасы дегеніміз:

а) кеден территориясының шектері мен бос қойма және бос кеден аймақтарының периметрлері;

б)ҚР. мемлекеттік шекарасы; в) Кеден Одағының сыртқы шекаралары;

г) ҚР. кеден территориясының шектерін айқындайтын сызбасы;
$$$0006

Кеден органдары мына функциялардың қайсысын атқарады:

а) құқық қорғау органдарының; б) қаржы және салық органдарының; в) шекаралық қызмет;

г) бақылау, фискальды және құқық қорғау;

$$$0007

Кеден бағасы бұл:



а) жалпы төленген немесе кеден шекарасынан өтудегі төленуге тиісті тауар бағасы;

б) жалпы тауар бағасы; в) келісім және контракт бойынша тауар құны; г) тауар бағасы;


$$$0008

Кеден саласы бұл:

а) құқық қатынастары саласын; б) кеден органдарының қызметін; в) мемлекеттік басқару аумағы;

г) кеден ісіндегі құралдарды пайдалану;


$$$0009

Кеден ісінің саласы дегеніміз:

а) мемлекеттік реттеу аумағы; б) кеден көзқарастарын қозғайтын қатынастар;

в) жалпы тауар бағасы; г) мемлекеттік көзқарастар;


$$$0010

Әкімшілік жауапкершілік мына жағдайда қолданылады:

а) кеден заңнамасына сәйкес; б) Үкіметтің қаулысына сәйкес;

в) әкімшілік жауапкершілікке қатысты заңнамаға сәйкес; г) Кеден бақылау агенттігімен;


$$$0011

Кеден әкімшілігіне:

а) кеден қызметінің процедуралары;

б) ҚР. Кеден органдарымен жүзеге асатын құқықтық-ұйымдастырушылық және басқа да іс-әрекеттер мен шаралар;

в) ҚР. Кеден органдарына жүктелген бақылаудың шаралар жиынтығы;

г) кеден органдарымен жүзеге асатын бөлек іс-әрекеттер;


$$$0012

Кеден құқығының пәні:

а) барлық қоғамдық қатынастар; б) кеден заңдарымен реттелетін қоғамдық қатынастар аймағы;

в) еңбек және кеден заңдарымен, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қаржы, әкімшілік, конституциялық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы;

г) қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілі,
$$$0013

Кеден құқығының әдісі:

а) қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсілдер; б) рұқсат беруші тәсілдері;

в) тиым салушы тәсілдері; г) міндеттеу тәсілдері;


$$$0014

Кеден құқығының жүйесі:

а) барлық кеден нормаларының жиынтығы; б) кеден құқығының пәні мен әдістері;

в) қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілі, г) жалпы және ерекше бөлімдер;


$$$0015

Кеден құқығының институттары;

а) кеден ісі және кеден саясаты;

б) кеден шекарасынан өткізу қағидалары мен механизмдері; кедендік төлемдер мен салықтар;

в) кедендік бақылау және кеден құжаттарын рәсімдеу; жауапкершілік;

г) жоғарда аталғандардың барлығы;


$$$0016

Кеден құқығының қағидалары:

а) заңдылық; б) демократиялық; кеден саясатын қамтамасыз ету;

в) кеден ісі және кеден саясаты; г) жоғарда аталғандардың барлығы;


$$$0017

ҚР. Кеден құқығының басқа құқық салаларымен байланысы:

а) халықаралық және халықаралық кеден құқығымен; б) Конституциялық және әкімшілік құқықпен;

в) қаржы, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, еңбек және салық құқығымен;

г) жоғарда аталғандардың барлығымен;
$$$0018

Кеден құқығының қайнар көздері:

а) Кеден ісі жөніндегі Президент жарлығы; б) ҚР.Кеден ісі туралы заңы;

в) ҚР.Кеден кодексі; г) Кеден саясаты туралы Үкімет қаулысы;


$$$0019

ЕврАзЭС мекемесі туралы келісім қашан қабылданды:

а) 20 шілде 1995 жыл; б) 1 шілде 1997 жыл; в) 29 наурыз 1999 жыл; г) 10 қазан 2000 жыл;
$$$0020

Біріккен Экономикалық Кеңістік ұйымын құру туралы келісім қашан қабылданды:

а) 3 ақпан 1995 жыл; б) 24 қырқүйек 1993 жыл; в) 24 қараша 1998 жыл; г) 9 қыркүйек 2003 жыл;


Курс бойынша емтихан сұрақтары
1.Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін

тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу және декларациялау

тәртібі.

2.Жүк кеден декларациясын беру тәртібі және оны есепке алу мен тіркеу.

3.Декларантпен, кеден органына мәлімделген мәліметтерді,құжаттарды беру.

4.Жүк кеден декларациясын уәкілетті лауазымды тұлғаның қабылдауы.

5.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезіндегі декларациялаудың нысаны.

6.Кедендік декларация және оның түрлері.

7.Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімі.

8.Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы көлік құралдарын өткізу

және рәсімдеу тәртібі.

9.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен уақытша әкетуді оңайлатылған тәртіппен кедендік рәсімдеу.

10.Халықаралық тасымалдар үшін пайдалынылмайтын су және әуе кемелерін кедендік шекара арқылы өткізу.

11.Жеке тұлғалармен тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізудің тәртібі.

12.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы жеке тұлғалармен тауарларды өткізу.

13.Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша декларациялау тәртібі.

14.Көлік құралдарын уақытша әкелу мен әкету кезіндегі жеке тұлғалардың іс - әрекеті.

15.Жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізуі.

16.Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуі.

17.Халықаралық өткізу пунктінде «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану.

18.Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар мен транспорт құралдарын өткізудің ерекшеліктері.

19.Тауарларды «жасыл», «сары», «қызыл» дәліздер арқылы өткізу ерекшеліктері.

20.Кеден органынының лауазымды адамы мен жүк кеден декларациясын тексеру тәртібі.

21.Қазақстан Республикасы Кеден органдарымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен берілетін экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне рұқсат беру тәртібі.

22.Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі.

23.Еліміздің кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету

кезінде кедендік баждарды алу.

24.Тауарларды декларациялауға қатысты қосымша ережелер.

25 Алдын ала декларациялау.

26. Уақытша кедендік декларация.

27.Мерзімдік кеден декларациясының түсінігі және оны толтыру тәртібі.

28.Мерзімдік және толық емес кедендік декларацияларды толтыру.

29.Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі.

30.ҚР-ның кеден органдарын ұйымдастыру және басқару.

31.Кеден саласы – Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы жаңа сала.

32.Егеменді Қазақстандағы кеден саласын басқарудағы мәселелер.

33.ҚР-сы кеден органдарындағы басқаруды құқықтық реттеу.

34.Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін анықтау

35.Кеден органдарының істерін реттеу

36.ҚР-сы кеден органдары жүйесінің басқару құрылымы.

37.Қазақстан Республикасы экономикасында Кеден органдарының атқаратын қызметі.

38.Қазақстан Республикасы Кеден органдарының біртұтас жүйесінің түсінігі және құрылымы.

39.ҚР-сы кеден органдарының жүйесіндегі басқару процесі.

40.Кеден ісі саласында қызмет ететін ұйымдардың маңызы.

41.Кеден саясатының ТМД елдеріндегі кеден саясатын басқарудағы маңызы.

42.Кеден органдарын басқарудың психологиялық қырлары.

43.Кеден ісі саласында қызмет ететін ұйымдардың маңызы

44.Кеден саясатының ТМД елдеріндегі кеден саясатын басқарудағы маңызы

45.Кедендік органдардың құқық қорғаушылық қызметі.

46.Қазақастан Республикасы Кеден органдарының құқық қорғау қызметі және кеден саласындағы жауапкершілік мәселелері.


Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі




Тақырып

Қай апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

1

Сараптама ұғымы, мәні мен маңызы.

4-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

2

Кедендік сараптаманың ұғымы, обьектілері және заттары.

6-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

3

Тауарлар кедендік сараптаманың обьектісі ретінде.

10-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

4

Кедендік сараптаманың техникалық құралдары және әдістері.

11-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

5

Кедендік сараптаманың түрлері.

14-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу

6

Сыр. Сарапшының құқықтық мәртебесі.

15-апта

Мультимедиялық сүйемелдеу


Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру

тізбесі


п\п

Арнайы аудиториялар, лабораториялық кабинеттердің атаулары.

1

Конституциялық құқық кабинеті. № 502

2

Криминалистика кабинеті

3

Сот мәжілісінің оқу кабинеті

4

Компьютерлік класс, ауд.№ 408

5

Мемлекет және құқық теориясы кабинеті. №515



МАЗМҰНЫ

1. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.................................................................2

1.1.Курстың тақырыптық жоспары ........……………...……...........................................4

1.2.Лекциялық сабақтар тезистері....................................................................................13

1.3.Семинарлық сабақтар жоспарлары............................................................................35

1.4. Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік

жұмыстарының шеңберіндегі сабақтар жоспарлары......................................................37

1.5.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыбы..........................................................39

1.7.Тест тапсырмалары......................................................................................................41

1.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары............................................................................43

Экономика және кеден ісі пәндері кафедрасында мақұлданды.

Хаттама № ________ «______» _______________ 2014 жыл.

Келісемін”_______________

САОЖБ бекітілген хаттама № ___ «_______» ___________ 2014ж

050304 «Кеден ісі» мамандығының 3-курс



студенттеріне арналған
«Кедендік сараптама» пәні бойынша
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Құрастырған: М.А.Сағынов






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет