Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Атырау инженерлік гуманитарлық институты



бет3/5
Дата30.11.2019
өлшемі465,5 Kb.
#52788
1   2   3   4   5
Байланысты:
УМК
Тамо-ое делопр. и статистика, Құқық қорғау органдары, силлабус, тест пси, Силлабус Русский язык 2019, мақала қыз тәрбиесі, 52831

ІІ том (VІІ-Х V) – кожа, меха, древесина, қағаз, текстиль, киім, аяқ киім, тастан, әйнектен жасалған өнімдер, бағалы және бағалы емес металдар

ІІІ том (Х VІ-ХХІ) машина, құрал-жабдық, прибор, мебель, қару, оқ-дәрі, музыкалық аспаптар, ойыншықтар, спортинвентарь, өнер туындылары, антиквариат

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 8 тарауы (44-46 баптар) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге арналған. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу кеден органдарына жүктеледі.

      Уәкілетті орган – ҚР Кедендік бақылау комитеті:

1) халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру және қолдану бөлігінде қазақстандық тараптан өкілдік етеді;

2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің өзгерістері мен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөнінде халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді;

3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;

5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады;

6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелер мен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді;

7) жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді;

8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.



Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу тауарларды жіктеу және соған сәйкес шешім қабылдаумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы 2005 жылғы 29 қыркүйектегі №385 Бұйрығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды жiктеу жөнiндегi кеден органының шешiмiн қабылдау тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрленген. Декларант тауарларды декларациялау кезiнде жiктеудi жүк кедендiк декларациясына тауарлар туралы мәлiметтердi енгiзу жолымен жүзеге асырады. Кеден органдары кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзген кезде СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың дұрыс жiктелуiн тексередi. Тауарлардың кодтары СЭҚ TH бойынша дұрыс көрсетiлмеген жағдайда оларды декларациялау кезiнде кеден органының декларанты осындай тауарларды дербес жiктеуге құқылы. Тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдердi кеден органдары осы Ережеде белгiленген тәртiппен қабылдайды. Тауарларды жiктеу деп - қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН-ге сәйкес нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға, кiшi позицияларға жатқызу деп түсiндiрiледi. Тауарларды жiктеу негiзгi белгiлерге негiзделiп жүргiзiледi:

     1) тауар атқаратын функция;

     2) тауар жасалған материал.

      Бұл ретте, СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгi ережелерiн қолдану мен өңдеудiң дәрежесiн және бөлiмдерге, топтарға (оның iшiнде тауар позицияларына ескертулердi қамтитын), субпозицияларға ескертулердi, сондай-ақ спецификалық жiктеу мәселелерiн шешуге қызмет ететiн қосымша ескертулердi есепке ала отырып тауарлық шағын субпозицияға тауарларды бiрыңғай жатқызудың қағидаты сақталады.

Тауарларды жiктеу кезiнде кеден органдары тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлетiн мәлiметтердi, сондай-ақ қорытындыларды, анықтамаларды, экспорт елiнiң ЖКД-ын, сараптамалық ұйымдар беретiн, көмекшi (ақпараттық) сипатта болатын және тауарларды жiктеу кезiнде назарға алынатын сараптама актiлерiн пайдаланады. Сондай-ақ, тауарларды жiктеу кезiнде Дүниежүзілік кеден ұйымы Үйлестiру жүйесi комитетiнiң Жiктеу пікiрлерінің компендиумы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) алдынала жiктеу шешімдерiнiң базасы, Комитеттiң, Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң, Дүниежүзілік кеден ұйымының түсiндiрмелерi де пайдаланылады.
Әдістемелік нұсқаулар

Тақырып бойынша Сараптаманың ұғымы, мәні, оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі, сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде, сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі, сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар туралы мәліметтер баса көрсетілген.



Негізгі түсініктер: Сараптаманың ұғымы, мәні, оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі, сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде, сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі, сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Студенттерге тапсырмалар:

1.Кедендік сараптаманың ерекше сыныптағы сараптама ретіндегі маңызы.

2.Кедендік сараптаманың обьектілері: кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен заттар. Олардың сынамалары мен тауарлар мен жүретін әртүрлі сипаттағы құжаттар.

3.Кедендік сараптама затының түсінігі.

4.Кедендік сараптама заттарының әралуандығы: СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жіктелуі

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129.

09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.

6.Қазақстан территориясындағы тауарлар, жұмыс және қызмет экспорты және импортының тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 66.19.05.1995 ж.

7.Кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды, сонымен қатар көлік құралдарын өткізу тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 1712. 31.12.1996 ж
Тақырып № 3. Тауарлар кедендік сараптаманың обьектісі ретінде.

Жоспар:

1.Тауардың кедендік сараптама обьектісі ретіндегі қасиеттері. Сарапшының қорытындысы.

2. Өнімнің түсінігі және қасиеті.

3. Кедендік сараптама обьектілері болып табылатын тауарлардың түрлері: еңбек өнімдері, қызмет көрсетулер, ресурстар және оның айналымы.

4. Бұрмаланған тауарлар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды еліміздің территориясына әкелуге тиым салу.
Тақырып мақсаты:Кеден саласының шегін анықтау- маңызды мәселелердің бірі.

Кеден саясатында кейбір мақсаттарға басқа мемлекеттік органдардың іс- әрекеті арқылы қол жеткізілетін болса да, кеден органдарының өкілеттік мәселесін қосқанда, кеден ісінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Егер бұған экономикалық қауіпсіздікті іс жүзінде қамтамасыз ету мәселесін қоссақ кеден ісін дамытуға тура келеді.

«Тауардың нарықтағы орны немесе беделі» секілді ерекшелік сол тауардың кедендік бағасын анықтауда басшылыққа алатын негізгі талап болып табылады. Бұндай бақылауды кедендік сараптама лабораториялары жүргізеді және әкелінетін тауарлардың сапасын артыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік стандарттармен техникалық келісімдерге қатысты міндетті түрде орындалатын және кеңес есебіндегі талаптар қойылып отырады.

Тауарларға қойылатын негізгі талаптар:


  • олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс;

  • қоршаған ортаға зиянды болмауы тиіс;

  • қоршаған ортаның ережесіне сай болуы тиіс;

  • маркалануы мен міндет талаптарға сай болуы.

Ұсынылған талаптар тұтынушылар мүддесін қорғау мен тауарлардың сапасын арттыруын көздейді.

Осы ретте тауарлардың сапасын көтеруге бағытталған шараларды енгізу кезінде 1991 жылғы 5 маусымда қабылданған «тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңның кесімдерін басшылыққа алып отыру ләзім. Бұл заң тұтынушылар құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалайды.

Жалпы үкіметпен басқа да мемлекеттік органдардың кеден саясатын жүзеге асыруға қатыстылығы экономикалық мүдделерді егемендікпен қауіпсіздікті қорғау мақсатында оның тиісті қызметтендірілуінің маңыздылығын білдіреді.

Шын мәніндегі кеден одағының қалыптасуы одақ мүшелері болып табылатын елдердің аумағын қамтитын ортақ кедендік аумақпен бір тұтас ортақ кедендік аумақпен бір тұтас экономикалық кеңістіктің пайда болуына байланысты.

Осы бағытта шешімін табуға тиіс негізгі мәселелерінің бірі- аймақтармен еркін сауда жағдайының мәртебесін анықтау болып отыр. Тауарларға еркін сауда жағдайын енгізудің мақсаттары;


  • басқа мемлекеттен әкелінетін- әкетілетін тауарларға көлемдік және кедендік шектеулер қоймау;

  • жанама салық жинаудың бірыңғай жүйесін енгізу;

  • қатысушы елдердің басқа елдерден әкелінетін тауарларға қатысты

сақтандыру ретінде уақытша шаралар қолдану құқығы. Бұл шаралар қалыптасқан халықаралық нормалармен ұлттық заңдарға сәйкес болуы тиіс;

  • қатысушылардың келісімінсіз сауда жасау да үшінші бір мемлекетке жеңілдіктер бермеу;

  • бәсекелестікке қойылуы мүмкін шектеулерге жол бермеу;

  • тараптар бір- бірінің тауарларына қатысты кемісітушілік немесе

әділетсіз жағдай туғызуы мүмкін шараларды қолданудан бас тартуы тиіс.

Сарапшының қорытындысы:

1.Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді.

2.Сарапшының қорытындысында өзі жүргізілген зерттеулер және қойылған

сұрақтарға негіздіжауаптары жазылады.

3.Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда кеден

зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама

жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.

4.Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

5.Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы, бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

Қосымша және қайталап жүргізілетін кедендік сараптама. Қосымша кедендік сараптама жаңадан ашылған жағдайлар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендік сараптаманы жүргізу бастапқы сараптаманы орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол обьектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама бойынша іс жүргізу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәптіппен жүзеге асырылады.



Әдістемелік нұсқаулар

Тақырып бойынша Сараптаманың ұғымы, мәні, оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі, сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде, сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі, сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.



Негізгі түсініктер: Сараптаманың ұғымы, мәні, оның тағайындалуы мен өткізу әдістемесі, сараптама ғылыми тәжірбиелік зерттеудің ерекше түрі ретінде, сарапшылық ұйымдардың түсінігі және қызметі, сарапшылық қызметпен айналысуға рұқсат алу үшін мекемелерге қойылатын талаптар.

Студенттерге тапсырмалар:

1.Тауардың кедендік сараптама обьектісі ретіндегі қасиеттері. Сарапшының қорытындысы.

2. Өнімнің түсінігі және қасиеті.

3. Кедендік сараптама обьектілері болып табылатын тауарлардың түрлері: еңбек өнімдері, қызмет көрсетулер, ресурстар және оның айналымы.

4. Бұрмаланған тауарлар. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды еліміздің территориясына әкелуге тиым салу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129.

09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.

6.Қазақстан территориясындағы тауарлар, жұмыс және қызмет экспорты және импортының тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 66.19.05.1995 ж.

7.Кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды, сонымен қатар көлік құралдарын өткізу тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 1712. 31.12.1996 ж


Тақырып № 4. Кедендік сараптаманың техникалық құралдары және әдістері.

Жоспар:

1.Кедендік сараптаманың техникалық құралдарының түсінігі.

2.Кедендік мақсататар үшін қолданылатын сараптаманың зерттеу әдістері.

3. Кедендік сараптаманың визуалдық бағалау және диагностика әдістері.

4.Кедендік сараптаманың есептеу әдістері.

5.кедендік сараптамада қолданылатын сарапшылық әдістің мәні және атқаратын міндеттері.



Тақырып мақсаты:Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді.

Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар еліміздің кедендік шекарасы арқылы олардың жүру кезінде тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.

Он алты жасқа толмаған адамның өткізетін тауарларын декларациялаудың нысанын таңдауды оны ертіп жүрген тұлға жүргізеді.

Иесімен бірге жөнетілмейтін багажды еліміздің кеден шекарасына әкелу кезінде өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың міндетті шарты жеке тұлғаның өту фактісін растайтын жолаушылардың кедендік декларацияларын кеден органына табыс ету болып табылады.

Ауызша декларациялау кезінде жеке тұлға қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажды жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы мәлімдейді.

Тауарлардың конклюденттік нысанда декларациялау мүмкіндігі мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуі үшін арнайы белгіленген орындар жайластырылады. Осындай орындарды жайластыру талаптарын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Жеке тұлғаны қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажында жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ тұлғалардың өтуіне арналған арнайы белгіленген орын арқылы өткізу, көрсетілген тұлғада жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігі туралы кеден органына берілген өтініш ретінде қаралады.

Ерекше жағдайларда уәкілетті орган декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдануға шектеулер беруге құқылы. Мұндай шешім өткізу пункітінде қалыптасқан шұғыл жағдайды, еліміздің кедендік шекарасы арқылы өтетін қандайда бір тұлғалар санатының ерекшеліктері, әкелуге не әкетуге еліміздің заңдарына сәйкес тиым салынған тауарлардың әкелінуі немесе әкетілуі мүмкін мемлекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданады.

Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлар ішінара кедендік тексеруге жатады.

Кеден органы тауарларды өткізуші адамнан олардың негізінде жеңілдіктер берілген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуге құқылы.

Өткізу пункттерінде декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдану мақсаты үшін «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану үшін орындар жайластырылады.

«Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның декларациялау нысанын және кедендік рәсімдеу үшін оған сәйкес дәлізді және өзі өткізетін тауарларды кедендік бақылауды дербес таңдауын көздейді.

Кәмелетке толмаған адамдар өткізетін тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау үшін декаларациялау нысаны мен оған сәйкес дәлізді таңдауды оларды ертіп жүрген адам жүргізеді.

«Жасыл дәліз»- Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін және қол жүгінде және алып келе жатырған багажында міндетті түрде жазбаша декларациялануға жататын тауарлары жоқ жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдікпен өткізу тәртібі.

«Жасыл дәлізде» кедендік бақылаудың кейбір нысандарының қолданылмауы адамдардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау міндетінен босатылуын білдірмейді.

«Қызыл дәліз» - қол жүгінде және алып келе жатырған багажында міндетті декларациялануға жататын тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын еліміздің кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылау нысандарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылау тәртібі.

«Жасыл және қызыл» дәліздердің басталуы мен аяқталуын кедендік бақылау аймағының шегінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі белгілейді.

«Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесі шекарадағы өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында «жасыл дәліз» талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліз және «қызыл дәлізге» қойылатын талаптарды ескеріп жабдықталған кем дегенде бір дәліз болған кезде қолданылады.

«Жасыл және қызыл дәліздерді» жайластыруға қолданылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

Тауарларды еліміздің кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан босатпастан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, белгіленген тәртіпке сәйкес, тауарларды кедендік рәсімдеу кезіндегі рәсімдерді қолданудан босатуды білдіреді.

Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткізуші адамның жеке басын, тауардың құнын, шығарылған елін, тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы тауарларды бір мезгілде кеден органына табыс ете отырып жүргізіледі.

Оңайлатылған тәртіппен декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құны кассалық немесе тауарлық чектерде немесе бөлшек сауда – саттықта пайдалынатын және тауарға ақы төленгендігін растайтын өзгеде құжаттарда аталған тауардың бағасы туралы мәліметтердің негізінде айқындалады.

Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік құнға тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келетін өзге де орындарына жеткізу жөніндегі шығыстар кіреді.

Тауарлардын құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жодаушылардың кедендік декларациясында мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге негіз ретінде қабылдайды.

Мәлімделген кедендік құнның анық еместігі туралы негіздер болған жағдайда, кеден органы тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес өздігінен белгілей алады.

Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен өткізу кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер және салықтар қолданылады.

Егер оларда осы тауарлардың шығарылған елі туралы ақпарат болмаған жағдайда, этикеткалар таңба-жапсырмалар, бұйымдардың төлқұжаттары және тауарларға қоса берілетін өзге де құжаттар тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар бола алады.

Егер әкелінетін тауарларды кедендік рәсімдеу жеке тұлғаның кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мүмкіндігінің болмауынан немесе тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттардың болмауынан дереу аяқтау мүмкін болмаса оларды тасымалдаушы тұлғаның тілегі бойынша тауарлар:

- еліміздің кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге дереу қайта әкетілуі;

- уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы;

- межелі кеден органында кейіннен кедендік рәсімдеу үшін тауарлар жеткізудің ішкі кедендік транзит рәсімдері жөніндегі шарттарын сақтай отырып межелі кеден органына жеткізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар тек еркін айналым үшін тауарлар шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзиті режимдеріне ғана мәлімделеді.


Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуі, халықаралық өткізу пунктінде «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану тәртібін белгілейді.


Негізгі түсініктер: Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді.

Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар еліміздің кедендік шекарасы арқылы олардың жүру кезінде тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.



Студенттерге тапсырмалар:

1.Кедендік сараптаманың техникалық құралдарының түсінігі.

2.Кедендік мақсататар үшін қолданылатын сараптаманың зерттеу әдістері.

3. Кедендік сараптаманың визуалдық бағалау және диагностика әдістері.

4.Кедендік сараптаманың есептеу әдістері.

5.кедендік сараптамада қолданылатын сарапшылық әдістің мәні және атқаратын міндеттері.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999ж.

5.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

6..Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

7.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995ж.


Тақырып № 5. Кедендік сараптаманың түрлері.

Жоспар:

1.Материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

2.Идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар.

3.Химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері.

4.Бағалық сараптама және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

5.Криминалистік және өнертанымдық сараптамасы. Оларды жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.



Тақырып мақсаты:Сараптама тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) зерттеуге жатқызылатын құжатты жекелеу қажет. Онда сондай-ақ, алдағы зерттеу үшін мәні бар: мәтінді орындаудың әдеттен тыс жағдайы туралы, орындаушының жасы туралы мәліметтерді көрсету талап етіледі.

Сарапшылық зерттеуді жүргізу үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады. Өйткені, зерттеуге көшірмені жіберу сараптаманың мүмкіндіктерін барынша шектейді. Оларды пайдалану тек ерекше жағдайларда, сараптаманы тағайындаған адамның іс жүргізу кепілдігімен рұқсат етіледі.

Зерттеуге жатқызылатын құжатты қарау олардың сақталуын қамтамасыз ететін белгілі бір ережелерді орындауды қажет етеді: зерттеу объектілері бөтен әсер етуден сақталынуы керек, сондықтан да оларды тығыз қағаздан жасалған ковертте сақтау керек. Құжаттарды қағаз парақтарына тігуге және оларды желімдеуге, оларға белгілер салуға болмайды.

Жазутану сараптамасы үшін еркін, экспериментті және шартты- еркін салыстырмалы үлгілерді дайындау аса маңызды мәселе болып табылады.

Экологиялық сараптама өнімді экологиялық сертификаттаудан өткізген кезде жүргізіледі. Бұндай сараптама Батыс Еуропа мен Азияда, Жапонияда кең таралған. Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. 1992 жылы Еуразиялық Кеңес мемлекеттерінің министрлер кеңесі сериялық шығарылатын тамақ өнімдері, сусын, фармацевтік тауарлар және қауіпті өнімдерден басқа өнеркәсіп өнімдері үшін арнайы экологиялық белгілер қабылдады. Осындай арнайы маркасы бар өнім пайдаланғанда, қоршаған ортаға қауіп тигізбеуі керек. Керісінше, мұндай өнімдерді пайдалану қоршаған ортаны қорғауға өз ықпалын тигізуі керек. Сонымен бірге, осы өнімдер тұтынушыларға және өндіруші қызметкерлерге де қауіпсіз болады. Өнімнің экологиялық стандартқа келуі сараптамашылармен шикізат кезінде, материалдан жиналатын элементтерден басталып, өнімді утилдеу кезінде аяқталады. Әр түрлі өнім топтарына және түрлеріне белгілі бір талап деңгейі қойылады. Оның талабы экологиялық тазалықпен қауіпсіздіктің дәрежесін анықтайды.

Соттық –құқықтық сараптама арбитраждық соттық, соттық-тергеушілік немесе бақылаушы ревизиялық органдардың талап етуімен жүргізіледі. Соттық-құқықтық сараптаманы тағайындауға алдын ала тергеу, тергеушінің, прокурордың, сондай-ақ соттың анықтауы негіз болады. Соттық-құқықтық сараптаманы жүргізу тәртібі процессуалдық заңдылықпен белгіленген.

Сараптамашы сараптама жүргізу барысында тауардың тұтынушылық қасиетін анықтап және қорвытынды да оның стандартқа сай келмейтін тұстары және оның шығуы туралы мәліметтерді келтіру керек.

Сараптама қорытындысы сот процесінде жеке дәлелдеме болып табылады. Себебі бұл мәліметтер арнайы зерттеулерсіз сотқа белгісіз болып қалып немесе қате түрінде берілуі мүмкін. Сараптама қорытындысы басқа да мәліметтер секілді соттың еркін бағалауына ұшырайды.

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі белгілегендей, кедендік декларация толтыруда және кедендік бақылау жүргізгенде, жедел-іздестіру әрекеттерінде, кедендік ережені бұзудағы тергеу жүргізгенде, қылмыстық іс қозғалғанда идентификациялық, химиялық, классификациялық, технологиялық, тауардың құнын анықтау, ьағалау, экологиялық, минерологиялық, криминалистикалық және өнер тану сараптамалары жүргізіледі. Бұндай сараптамалар кеден зертханаларында жүргізіліп, керек жағдайында басқа ұйымдардан мамандар тартылады.

Айтылған сараптаманы жүргізуге кеден органдарының қаулысы негіз бола алады. Сараптама қорытындысы сарапшының арнайы танымының шегінен шықпай және сараптама актісінің зерттеу бөлімінен шығатын түсіндірмелерді жинақтауы керек.

Технологиялық сараптама – сапа және өнеркәсіп жүйесін сертификаттағанда жүргізіледі. Сараптамашы өнімнің тұтыну ерекшеліктерінің қалыптасуына жекелеген фактордың ықпалын бақылайды. Сараптау процессінде өнеркәсіппен өнім өндірудің технологиялық режимінің сақталуын зерттейді.

Технологиялық сараптаманың нәтижелері ұрлықты өнеркәсіппен өнімді фальсификациялағанда, сапасыз өнімнің шығарылу себебін аламыз.

Экономикалық сараптама өнеркәсіптің шаруашылық әрекетінің нәтижесін бағалағанда пайдаланылады. Аталған сараптама тауарлық және тауарды фальсификациялағанда, өзіндік құнын көтеру арқылы пайданы жасырғанда, өнімге бағаны көтергенде жүргізіледі. Сараптама барысында төмендегідей жағдай, мысалы: ассортимент жүйесін қандай дәрежеде өзгертіп заңсыз пайда тапқанын анықтауға болады.

Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар, идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар, химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері туралы баяндалады.



Негізгі түсініктер: материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар, идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар, химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері туралы баяндалады.

Студенттерге тапсырмалар:

1.Материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

2.Идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар.

3.Химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

2.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

3.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

4.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

5. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.


Тақырып №6. Сарапшының құқықтық мәртебесі.

Жоспар:

1.Сарапшының түсінігі және оны жүргізу құқығын иемдену үшін қойылатын талаптар.

2.Кедендік сараптаманы өткізу барысындағы сарапшының құқықтары мен міндеттері.

3. Сарапшының қорытындысы.



Тақырып мақсаты: Сараптамашы (лат- білетін, тәжірибелі) деп жан- жақты білімді, танымы бар арнайы біліммен қаруланған, кәсіби тәжірибесі бар адамды айтамыз.

Сараптамашының базалық білімдері (кедендік, заңтану, тауартану, өнертану және т.б.) болуы керек және кеден ісіндегі сараптама негіздерін білуі қажет.

Сараптама жүргізу құқығына, сараптама жүргізу мекемелерінде жұмыс жасайтын және ондай әрекет жасауға рұқсаты бар (лицензия) сарапшылар ие болады. Ондай куәлікті алуға міндетті талап ізденушінің базалық білімінің болуы, тексеріліп жатырған материалға және мүлікке байланысты нарықтың каньюктурасын білуі, сонымен бірге оның ақпараттық активтігіне және мәліметті қабылдануына кәсіби мәдениеттілігіне байланысты болады.

Кедендік сараптамашы сараптама жүргізгенде төмендегідей құқықтарға ие:

- қорытынды шығару үшін сараптама жүргізілетін мүліктерге байланысты іс материалдарымен танысуға және қосымша материалдар алуға;

- комисссиялық сараптаманы жүзеге асырушы басқа мүшелерден және комиссия төрағасынан кеңес сұрауға;

- сараптама жүргізу спецификасына байланысты ғимаратқа белгілі-бір талаптар қойылуына байланысты зертхана әкімшілігінен жұмысқа керекті жағдайджы өндірістік құрал-жабдықтарды сұрауға;

- сараптама қорытындысында комиссия құрамындағы басқа мүшелердің пікіріне сай келмейтін өзінің жеке пікірін білдіруге;

- заңда көрсетілген жолмен істі жүргізуші адамдардың әрекеті сараптамашының құқығына немесе заңды әрекетіне қол сұқса, наразылық білдіруге;

- егер сараптамашының алдына қойылған міндет оның арнайы танымының шеңберінен шығып кетсе сараптамаға қатысуға өзгеде ммамандарды шақыруға;

- сыртқы факторлардың ықпалына қарсы тұрып, көпшіліктің пікіріне бағынбауға;

- неғұрлым өз пікірін қорғап, бірақ қатесін мойындап, оны дұрыстауға.

Кедендік сарапшылардың соттық сараптама жүргізгендегі процессуалдық құқығы сондай-ақ қорытынды беруден бас тартуы немесе өтірік қорытынды беруі еліміздің заң актілерімен реттеледі. Сонымен сарапшылардың төмендегі жағдайларды істеуге құқығы жоқ деп есептелінеді:


  • кеден органының жазбаша нұсқауы болмай, обьектіні сараптама өндірісіне қабылдауға;

  • сараптаманы белгілеу туралы анықтамада көрсетілмеген іс материалдарын және үлгілерді зерттеуге;

  • анықтауға берілмеген мәліметтерді зерттеуге және өз бетінше мәлімет жинап он тексеруге;

  • өз құзіретінен шығатын әрекеттерге, сондай-ақ басқа адамдардың әрекетіне құқықтық баға беруге;

  • өз жұмыс істейтін мекеменің үстінен қозғалған қылмыстық іске маман ретінде қатысуға, ревизия жүргізуге тауардың үлгісін алып немесе инвентаризацияға қатысуға, сол мекеменің құжаттарын зерттеген сараптама жүргізуге;

  • өзіне тапсырылған сараптама оған қатысы жоқ адамдарды тартуға;

  • сараптама жүргізіліп жатқан үлгілерді немесе басқа да материалдарды қызмет бөлмесінен тыс жерден сақтауға;

Сарапшының міндеті:

  • Кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға және ережені басшылыққа алуға;

  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге;

  • бұл тұрғыда мәселелер қойылмаған іс үшін маңызы бар мән жайлар туралы ой- пікірін қорытындыға енгізуге ;

  • кедендік сараптамаға ұсынылған тауардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан- жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;

  • іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар ісі бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;

  • кедендік сараптаманың нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге;

Кеден сарапшысының құқықтары мен міндеттері процесуалдық жағдайы Қазақстан Республикасының кеден ісі кодексінің 455- бабының 1,2,3 – тармақтарында көрсетілген.

Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар, идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар, химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері туралы баяндалады.



Негізгі түсініктер: материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар, идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар, химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері туралы баяндалады.

Студенттерге тапсырмалар:

1.Материалдық тану сараптамасы және мұндай сараптаманы жүргізу барысында шешілетін сұрақтар.

2.Идентификациялық сараптама және оны жүргізілу барысында шешілетін сұрақтар.

3.Химиялық, экологиялық, сертификациялық, технологиялық, тауартану сараптамалары оларды жүргізу ерекшеліктері.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

2.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

3.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

4.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

5. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.


7-Тақырып

Кедендік сараптаманың тағайындау негіздері және оны өткізу барысында шешілетін сұрақтар шеңбері.

Жоспар:

1.Кедендік сараптаманың мақсаты және оны өткізудің фактілік негіздері:кеден ережесін бұзу, тауарларды жалған мәлімдеу, кеден шекарасынан өткізіліп жатырған тауарды анықтау және бірдейлендіру.

2. кедендік сараптаманы өткізу негіздері. Кедендік сараптамаға жолдама.

3. Кедендік сараптаманы тағайындау барысында сарапшыға қойылатын сұрақтар.



Тақырып мақсаты:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі №674 «Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесін бекіту туралы» қаулысының 4- тарауының 20- тармағына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік орган өнім транзитінің шарттары бұзылған:

  1. өтініш беруші транзитке рұқсатта қамтылған талаптарды орындамаған;

  2. өтініш беруші Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрады.

Берілген рұқсаттың күшін тоқтата тұру туралы шешім өтініш берушіге және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға рұқсаттың қолдануын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзім ішінде жазбаша нысанда хабарланады.

Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган рұқсаттың жаңартылуы туралы шешім қабылдайды, ол үш күн мерзім ішінде өтініш беруші мен кеден ісі жөніндегі уәкілетті органға жазбаша нысанда хабарланады.

Уәкілетті мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органына транзитке берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жібереді.

Уәкілетті мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органына транзитке берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жібереді.



1.Рұқсат №

2.Жүк жөнелтуші ұйым, мекен-жайы, телофоны.

3.Жүк алушы ұйым, мекен-жайы, телофоны.

7.Жөнелтушінің елі

4.Жүкті тасымалдаушы ұйым, мекен-жайы, телофоны.

8.Алушының елі

5.Жүк тасымалдаушының елі

9.Рұқсаттың қолданылу мерзімі

6.Кеден органы

10.Төлем валютасы

Әкелу










Әкету










11.тауардың атауы мен толық сипаттамасы

12.СЭҚ ТН бойынша тауар коды

14.Өлшем бірлігі

16.Тауардың жалпы құны(мың): төлем валютасында; теңгемен:АҚШ долларымен;

13.Бақылау тізімдері бойынша тауар коды

15.Саны

17.Рұқсат сұрау үшін негіздеме (келісім-шарт,инвойс №, оған қол қойылған күн)

19.Рұқсат беру туралы шешімдермен келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.

18.Өтініш беруші ұйымнан

20.Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми – техникалық дамыту комитеті

Т.А.Ә.

Т.А.Ә.

Лауазымы

Лауазымы

Қолы, МО күні

Қолы, МО күні

21.Сақтандыру полистерінің номерлері, сақтандыру компанияларының атауы

22.Рұқсат берудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15- күніне дейін уәкілетті мемлекеттік органға нақты жүзеге асырылған өнім транзиті туралы ақпаратты жібереді.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары



СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші

Тауардың қысқаша атауы*

Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)

2710 11 110 0-

Жеңіл дистиллияттар және өнімдер

123,3

2710 11 900 0

2710 19 110 0-

2710 19 290 0



Орташа дистиллияттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; өзге де мақсаттар үшін







2710 19 310 0-

2710 19 490 0***



Ауыр дистиллияттар: газойлдар




2710 19 510 0**-

2710 19 550 0



Ауыр дистиллияттар: сұйық отын




2710 19 610 0-

2710 19 690 0****



Ауыр дистиллияттар: сұйық отын

82,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет