Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


лекция. Жанұя тәрбиесінің негіздері



бет12/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


21 лекция. Жанұя тәрбиесінің негіздері

Жоспары:

1.Жанұя – тәрбие факторы.

2. Жанұя тәрбиесінің мазмұны.

3.Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4. Мектептегi тәрбие жҰмысының теориясы мен әдiстемесi Ред. басқарған С.Қалиев және т.б. Алматы, 1999

Жанұя-тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманға жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейі жоғары болуы.

Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Жанұя-болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Жанұя тәрбиесінің қоғамдық жәнемемлекеттік тәрбиеге қарағандаартықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқұыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйретеді. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орныңа жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкелді.

Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.

Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуге кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана және бала ғана болады.

Жанұя тәрбиесінің проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесін әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.

Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.

Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық этоизмі тууы мүмкін.

Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырыу.

Олайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінің есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр, ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.

Жанұя тәрбиесінің мазмұны. Жанұя - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Жанұяда адамаралық қатынастар негізіқаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Жаұяда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешеіліп жатқан көптеген проблемадар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Ата қазақ басынан талай «ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның» кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны белгілі.

Дүние ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар есіне салу жанұялық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.

Қаншалықты жанұя болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Жанұядағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, жанұялық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды тұлға дайындау – жаұя міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт- бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сан-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.

1.Балалар мен жастардың жанұядағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.

2. Жаұядағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын білімдермен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.

3.Жанұядағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес азаматтық мораль құндылықтары – сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу.

4.Жаұядағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарының дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.

5. Жанұядағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге жанұядан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл-дерті «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз «күнде той» өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам басқан сайын дәлелдеп отыр.

Ата-аналар міндетіндегі жанұялық тәрбие – балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да паврасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.



Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция маңызды негізгі құжат. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған Конвенцияда.

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау жұптыққығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.

Конвенция, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланаң жанұя мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болады. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

1.Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қомқорлығының аясында.

2.Балаларды қорғау мен тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.

3.Кемелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

ҚР Конституциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және жанұя туралы» заңда (17. 12. 1998ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиелеуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республиасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
22 лекция. Отбасының тұтас педагогикалық процесін ұйымдастыру

Жоспары:

1.Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.

2.Жанұяның тәрбиесіне сипаттама.

3.Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. Жанұя тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.Ф.Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.

Жанұяның тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.

Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы рөлін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсаты адамгершілік бағыттарын; баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.

Ата-ананың жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.

Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін өте маңызы зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатынасы әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темпераменнт ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілк және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Жанұяның тәрбиесіне негізгі сипаттама. Жанұядағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі – оқушы тәрбиесіндегі жанұя мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады.

Педагогикалық процестің сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, ортада, төмен).

Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыласы бар.

Балалр белсенді, дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай жанұяларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланың мектептегі жағдайы да жанұяда рекін талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуға қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Жанұяларда бірігіп істелікген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу – күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік-жауапкершілігін түсінеді. (Ата-аналар жанұя айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орның түсінеді.

Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде өз әдістерін қолданады (насихат әңғгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Жанұядағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады, жанұя сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтардың болуы.

Жанұяның тәрбие жұмысын зерттеуді ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық қатарлар) зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдісті қолданғанда алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.

Жанұя жайлы алғашқы мәліметтерді «Менің жанұям», «Біздің жанұядағы демалыс күні», «Менің үйдегі міндеттерім», «Оқушымың жанұядағы бір күн» атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық көзқарасы, жанұяның рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.

Шығармадағы жанұя туралы мәліметтерді ата-анадан (ата-аналар жиналысында өткізілген) сұрақ-жауап арқылы алынған материалдармен салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екі әдісті (шығарма мен сұрақ-жауапты) оқушылар мен ата-анадан объективті ақпарат алу үшін бір уақытта өткізу керек. ЖЖетістіктер мен кемшіліктердің себептері айқындалып, мектеп пен жанұяның бірлескен қызмет-әрекетінің болжамы анықталады.

Жанұя – іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Жанұяның сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғаліммен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтің өте маңызды қасиеті – бақылағыштығы.

Жанұя мүшелерінің ара қатынасы мәселелерін анықтаудың аталған әдістерін басқа тағы бір жолы «Менің жанұямның суреті» әдісті сәби және жасөспірім жаста өткізу тиімді. Оқушыларға «Өз жанұяңның суретін сал», «Өз арманындағы жанұяның суретін сал» деген тапсырмалар беріледі. Бұл әдістің, артықшылығы сонда – балалар өз суреттерінде жанұя мүшелерінің ара қатынасы туралы ақпаратты өз бетінше, өз қалауы мен бейнелей алады. Алайда оның объективтілігі күмән келтіруі мүмкін, оған бірнеше себеп бар: көзбен көру-моторлық сипаттың жетіспеуі (бала адамдардың суретін сала алмай, сондықтан өз жанұясын салудан бастап тартады), кейде бала өзінің қалауларын, тілектерін шындық, ақиқат ретінде беруге тырысады (жанұяда жоқ мүшенің суретін салады – оның ата-анасы ажырасқан). Сондықтан «Жанұя суреті» арқылы алынған ақпаратты басқа да әдістермен толықтыру қажет.

Осы ұсынылып отырған жанұяның диагностикасының әдістері мұғалімге объективті ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып жанұяларының ұжымы ретінде жанұяның тәрбиелік сипатын қарастыруға, оқушылардың жанұяларымен жұмысында әдетте кездесетін мәселелерді табуға, ата-аналарға бала тәрбиесін жетілдірудің белгілі бір жақтарын түзетуге көмектесуге мүмкіндік береді.

Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық). Ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтар құрылуы мүмкін.

Дұрыс және жөнді қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.

Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары – оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекеттеріне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үсдіксіз ынтымақтастық әрекет.

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).

Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің – одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді.

Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да ,жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.

Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.

Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консулыациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консулыациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дере жұмыс жиі қолданылады.

Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашан теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С.Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрынғы қалпында қалады», - дейді А.С.Макаренко.

Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қарастырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.

Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.

Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттермен анықталады. Сынп жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет