Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы



бет11/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Жоспары:

1.Тәрбие жүйесі туралы түсінік.

2.Сынып жетекшісінің міндеттері.

3.Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3. Педагогика ЖӘбиев, С.Бабаев, А.ҚҰдиярова Алматы, Дарын, 2004

4.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002

5.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977



Тәрбие жүйесі туралы түсінік. Тәрбие көп жақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу қоғамның пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтың міндеті жанұя мектеппен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.

Дегенменде ата-аналармен жұртшылық әрекеті қадағалап, бағыт бағдар беріп, олардың бала тәрбиедегі жұмыстардың бірыңғай ұйымдастырып отыратын ол-ұстаздар тобы. Оның орталығы мектеп. Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметтің ең маңызды бағыттардың бірі-мектептің отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны әдістері мен түрлеріне қарай әдістері мен ерекшеліктері болады. Ол әрекеттердің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторға байланысты. Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу, қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болды, қазіргі отбасының ерекшеліктерімен қызметіне тенденцияларын түсіну мұғалімнің ата-аналар жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.

Мектеп балалар тәрбиесінің отбасы тәрбиесін педагогикалық қадағалаудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестік дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің және отбасының, жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыс тарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білімі беру мекемесіне қойылатын талаптардың бірі.

Белгілі педагог В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғым кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші роль атқарады.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кемітеді және дамытады, осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиім ді түрлері мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасыды. Ол жүйе жұмыстың нәтжелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беру тиіс.

Ең бірінші талап-бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы ата- аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым мұның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.

Екінші талап-мұғалімнің кәсіптік біліктілігі, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, «отбасылық педагогика» немесе «отбасы тәрбиесін жетілдіру» сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы, Мөлтек ауданда анықталған формальды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктері есепке алынады, қолайсыз отбасылармен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, Олардың өзі тәжірибелеріне педагогикалық талдау ж

Үшінші талап-педагогикалық ұжымның сынып жетекшісімен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізгі, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-налармен келіспеушілікке апарып соғады.

Төртінші талап-ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

Сынып жетекшісінің міндеттері. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арқасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.

Әртүрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, таетрлар т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер, оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасады. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық сал-дәстүрлерге сүйнеу, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.

Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

-жүйенің қалыптасуы;

ұжым іс-әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау;

-жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау мен жаңалықтарды енгізу.

Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өтйкені білім беру саласындағы қызметкер үшін іс-әрекет, басқа да саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Сынып жетекшісінің мақсатары мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының бағдарын ұстанады, сыныптағы ьтәрбие жұмысы мектептәің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.

Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т.М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан.Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған.

Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

1.Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

2.Тілдерді меңгеру.

3.Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

7. Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.

8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер т.б.).

9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.

Басқа да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес,. Мысалы, Алматы қаласындағы №132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.

Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз - мектеп бітірушінің білім мазмұнының, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, Н.Е.Щуркова келелі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

А)тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

ә)ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б)оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектес, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Еінші топ – диагностикалық міндеттер (сыныппен мжұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ – адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайырымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртінші топ – даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін талдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлекция педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:

1.Денсаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

2.Баланың өнегелілік мінез-құлықтарын қалыптастыру.

3.Баланың бойына біткен қабілеттілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.



Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндывлықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен мұғалімдеріне тәуелді.

Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әртүрлі компоненттерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Щуркова Н.Е., Сейтешев А.П. жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз-өзіне - қадір-қасиет, еңбекке – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

1.Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.

2.Өз өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.

3.Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.

4.Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.

5.Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.

6.Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.

7.Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну.

Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезіну тәрбие жұмысының басты мақсаты.

Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі құндылық сапаларын тәрбиелейді. Білімдерді терең меңгеруге, оларды өнегелілік түрде түсініп, сезінуге, оқушыларды адамгершілікке үйрету іс-әрекетті ұйымдастыру.

Пән мұғалімдерінің оқушыларды тәрбиелеуі сынып жетекшілерінің басшылығына тәуелді. Осылайша, олар сыныптағы тәрбие жүйесін жүзеге асырады. Сонымен, сынып жетекшісі дегеніміз – оқушылар тәрбиесін реттеуші мұғалім. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

Сыныпта жеке тұлғаның ұжымдық қасиеттері эстетикалық құндылықтарға, табиғатқа көзқарасы басым болады. Диагностика көрсеткіші бойынша ұжымға деген адамгершілік қатынастың деңгейі өте жоғары.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет үкіметіндегі секілді, 1934 ж. енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі -пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.

20 лекция. Сынып жетекшісі жұмысының технологиясы

Жоспары:

1.Сынып жетекшісінің қызметтері.

2.Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру.

3.Сынып жетекші жұмысының бағыты.

4.Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлауы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Мектептегi тәрбие жҰмысының теориясы мен әдiстемесi Ред. басқарған С.Қалиев және т.б. Алматы, 1999

2.Сынып жетекшiсi К.Ж.Қожахметова Алматы, 2000

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977



Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бұл тізім оның іс - әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда).

Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:

а)Баланың денсаулығын сақтау.

ә)Баланың адамгершілігін тәрбиелеу.

б)Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.

1.Сыныптың мектептегі тіршілік қызмет-әрекетін (Н.Е.Щуркова) ұйымдастыру:

-әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

-баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету;

-сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;

-мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету;

-оқушы үсті-басын ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту;

-сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;

-әрбір баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;

-әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;

-оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;

-оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

2.Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:

-балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарамқайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;

-баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті;

-баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адамның өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;

-балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік аттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет;

3.Өмірді түсінуге, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз – оқушылардың рефлекциясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.

4.Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген жеке тұлғаның қасиеттері оқу барысында сабақта да, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да қалыптасады. Оқушылардың оқу пәндерәндегі тәрбиелік материалдар да аз емес.

Қазақстан Республикасы мектептеріндегі ағарту мазмұны күннен күнге жетіліп келеді. Оны өнегелілік түрде түсініп, ұғыну –мұғалім алдында тұрған маңызды мәселе. Мұғалім оқу пәндеріндегі тәрбие мүмкіндіктерін білуі тиіс. Бұл орайда гуманитарлық саладағы пәндердің орны ерекше. Көптген мұғалімдердің сабақтың тәрбиелік міндеттерін орындау мүмкіндігі деңгейіне дейін нақтыландырып, дегенмен педагогикалық процесс барысында жүзеге асыра алмайтының ескеретін болсақ, сынып жетекшісінің жауапкершілігі арта түседі.

Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:

1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.

2.Тәрбие жүйелік сипатта болу.

3.Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.

4.Тәрбие процесі және тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуі қажет.

Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенің түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуы, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы – оларды адагершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының қалыптасуы - өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.

Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекертті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.

Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.

Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді таңдау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер:

Танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.

Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар;

1)тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);

2)шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

3)шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;

4)ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

5)жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;

6)мерекеге дайындық;

7)сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;

8)ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;

9)тәрбиелік шараларды өткізу;

10)оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мүшелерімен) бірігіп өткізілген шараларға талдау жасау;

11)оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау. Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әңгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық әңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. Мұғалімдер В.А.Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оның оқушымен әңгімесіне зор мән берген пікіріне қосылады. Ал, бір жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттің осы бір саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.

Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына өзін-өзі рухани дамыту курсын енгізу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адагершілік тәрбие беру мәселесін біршама шешуге мүмкіндік береді, бірақ ол сынып жетекшісінің жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.



Сынып жетекші жұмысының бағыты. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскене жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1.Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: Оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығызө байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2.Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдақ, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалыссы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.

3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық (пелеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Нақтылық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруға көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлауы. Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжамының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күніні, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше.

А.С.Макаренко адамдағы жақсы қаситет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын-ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге, педагогика – балгерліккеи айналар еді»-дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын-ала буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу жәнен тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруды – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттерініе түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесінің бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы /октябрят, пионер, комсомол/ жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін титізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет