Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны



бет16/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылап-зерттеуге болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелілік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта орталық нүкте сияқты , педагогтың барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы , педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады.

Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі: оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын өолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.

Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы түрінде бұл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады.:

1.Мұғалім белгілеген саьақтың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабақтың қандай түрі таңдалады.

2.Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен әдістері қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.

3.Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбилеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.

4.Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған; оқытуда даралық әдіс қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.

5.Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.

6.Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.

Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:

1.Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.

2.Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекі құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.

3.Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде жұпты құралатыны белгілі.

4.Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрынғы нәтижелері.

Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар-сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі.
33 лекция. Оқыту әдістеріне сипаттама

Жоспары:

1.Оқыту әдістемесіне түсінік және оны классификациялау.

2.Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.

3.Оқыту әдістерін таңдау.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Әдістерді оқыту және классификациясы туралы ұғым. Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.

И.П.Подласый әдістерді классификациялауды негіздеуді білім көзінен (практика, көрнектілік, сөз) қарастырады. Ол мәдени прогресс негізінен кітапты және келесі он жылдықта бейне таспамен бірлескен жаңаша компьютерлік жүйе негізін жаңа ақпараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П.Подласый әдісті бес топқа бөлді:

а)практикалық, іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;

б)көрнекілік, иллюстратция, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;

в)сөздік, түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұқбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;

г)кітаппен жұмыс әдісі, оқу, жаттау, реферировать, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу;

д)бейне таспа әдісі, көру оқыту, «электронды мұғалім» бақылаушы мен жаттығу, бақылау.

Ю.К.Банский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

1топ Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдістері.

Олар: а)оқытудың сөздік әдісі: (әңгіме, оқыту лекциясы, сұхбат);

б)оқытудың көрнектілік әдісі: иллюстрациялау әдісі (плакаттар, карталар, тақтадағы педагогикалық сурет, картиналар ғалымдар портреттері т.б.), демонстратциялау әдісі (приборлар мен жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық құралдар, препораттар). Оқу киносын демонстратциялау әдісі, оқу теледидарын пайдалану әдісі.

в)практикалық оқыту әдісі (жазба, жаттығу, лабароториялық жұмыс, шеберханадағы еңбек тапсырмасы, өндірістік оқу цехтары, оқушылар бригадасы, дыбысты жазу және дыбыстап көрсету аппаратурасы мен жұмыс, оқу машинасы мен сабақ өткізу, репетирот және тренажер машинасы т.б.);

г)индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдісі;

д)репродуктивтік және оқытудың проблемалы-ізденіс әдісі;

е)мұғалімнің басшылығымен және өздік жұмыс әдістері.

2 топ Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.

Оларға: а)оқушылардың танымдылық қызығушылығын қалыптастыру әдісі.

б)оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістері;

в)танымдылық ойындар;

г)оқыту дискуссиясы;

д)өмір ситуацияларын талдау әдісі;

е)білім сапасын көтеру ситуацияларын жасау;

ж)білімнің қоғамдық қажеттілігін түсіндіру;

з)білімді игерудің қажеттілік әдісі;

и)оқытудағы талап қою әдісі;

к)оқытудағы мадақтау мен жазалау әдісі.

3 топ Оқытудағы өзіндік бақылау және бақылау әдістері:

а)оқытуда бақылау әдістері;

б)жазба жұмыстарында бақылауц әдістері;

в)лабораториялық бақылау әдістері;

г)машина мен бақылау әдіс;

д)өздік бақылау әдісі.



Г.И.Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін көрсетеді: ақпараттық-дамыту (мұғалімінің ауысша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс); эрвистикалық (іздену) оқыту әдістері (эвристикалық әңгіме, диспут, лабораториялық жұмыс, зерттеу әдісі); білімді-білік және дағдыны жетілдіру мен бекітуді оқыту әдістері; жаттығу (үлгі жұмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар, варианььы жаттығулар), практикалық жұмыс (жеке дара, топтық, ұжымдық, шығармашылықтық).

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациял ауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қортындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тауарлар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тауарлардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттар мен баяндама өздігінен даярлау); эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экускурсияларда, іс-тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабороториялық сабақ, іс-әтжірибелік жұмыс); жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпысынта білімді игеру және білім, білк, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалар мен әдістік оқыту байланысы); оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі). Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдық деңгей белсенділігі, бірлескен оқу формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданыды. Олар М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.А.Сорокин, Н.Ф.Талызына, В.Ф.Паламарчук т.б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенгді және белсен.ді емес деп бөліп қарауға болады. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қодданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі «белсенді»» болады, ал біліксіз мұғалімнің қолына «белсенсіз» болуы мүмкін. Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсіби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны. Оқыту әдістерінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көпобраздық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын анықтап алу керек.

Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін «білім беру» оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық жағдайда пәндік-оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады.



1.Баяндау. Мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші жаңа материалды игеру оқушыны дайындау, екінші берілген мазмұнды баяндау, үшінші оқытуды аяқтау бөлімі.

2.Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижеде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерінде шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістер мен қатар қолдану керек. Әңгіме оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескеру керек.

3.Лекция. Ауызша әдістен айырмашылығы; оқу материалының логикалық мазмұндалуы; ақпарат ағымының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстарды өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті деңгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.



4.Дискуссиялық оқыту. Бұл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсетеді.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көзқарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметті оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмиұнда және формаларды айындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.



5.Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің біріне айналады. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.

Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыру керек. Оқушы кітаптағы тексті қанша рет оқып шыққанын санамау керек. Ол оқығанын мазмұндап толық түсіндіріп бере білу білігін меңгеруі дұрыс. Сондықтан уақытты белсенді түрде зейінді қалыптастыруды талап етеді.



6.Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

7.Иллюстрация. Демонстрация әдісі иллюятрация әдісімен тығыз байланысты: заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде олардың процестегі және құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. екеуі де кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.

8.Бейне әдіс, Білімді игертіп қана қоймайды, оны қабылдауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейіндегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.

Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы дамыған білігімен, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылап жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету.

9.Жаттығу. Жаттығу – ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білікпен дағдыны игеруде және олардың көтеру мақсатында орындалады.

Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Коментарияланған жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекетті негізінде материалдар жақсы қабылданады.



10.Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру. Оны қабылдауда уақыт пен педагогикалық күш-қуатты көп қажет етпейді.

11.Практикалық әдіс. Бес этапқа бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.

а)мұғалімнің түсіндіруі жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә)көрсету (инструктаж);

б)жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі;

в)жұмысты әркімнің өзі орындауы;

г)бақылау оқушылардың жұмысы тексеріліп бағаланады. Орындау сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я.Голант).



12.Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар – оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арннайы ситуациялар құру. Негізгі мәні танымдық қызметті стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталсақ болсақ математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрінде, тақырыптық наборлармен ойындар «Конструктор», «Шеберлер», «Жас маман» т.б.

13. Программалық оқыту әдісі. Программалап оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалы программалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінедің (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарламада тармақталған комбинациядақұрылған.

14.Білімді беруді бақылау

а)Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.

б)Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.

в)Лабороториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс-тәжірибелер өткізуде, эксперементалды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.

г)Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.

д)Текістік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.

е)Өздік бақылау-жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.

15.Ситуациялық әдіс барлық әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшеленеді.

Бұл әдісті педагог-психологтар мақсатқа жетуді жылдам орындауына жекелеген әдістің төңірегінде шеше алмаған жағдайда қолданады. Педагог осы шешімнен шығатын, себеп-салдарды алдын ала болжап білуі тиіс.



Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көп түрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымындық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі, индикативті қолдануда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зертеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке, арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерекшелігін оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.
34 лекция. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері

Жоспары:

1.Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.

2.Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

3.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000

4.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешеілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысында қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесіндеобъективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектеседі. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып, осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игертудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрнежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды,; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелік жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, досиық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді топтарының жұмысы. Ұжымдық танымдық іс-әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді.Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы боцынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тындалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі.

Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, тавратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің , әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады.Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар. Мысалы, мұғалімге көрнекі құралдар дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетеньдер, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал-жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.

Оқушының біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистенттер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.Ассистенттер көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді және т.с.с.

Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс-әрекеттерінің барысына, сыныптық, мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдық оқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір педагогикалық талаптарды орындағанда белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің педагогикалық тұрғыда жетекшілік етуі. Сонымен бірге белсенді оқушылар мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктері екенін көрсетуі керек; бедсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет