Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Орта білім беру жүйесінің дамытудың тенденциялары



бет19/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Орта білім беру жүйесінің дамытудың тенденциялары.

Білім жүйесін жетілдірудің жаңа түрлері ақпараттық қоғамға сәйкес жүргізілуі керек. Дәстүрлі білім беру жеке адамды тек құрал ретінде пайдаланады. Бұл орайда, педагогикалық үрдіс оқушы жастардың өзіндік даму сапасына бағытталады, білім мазмұнының негізгі бөлігі жеке тәжірибелерден құралады. Мұндай тәжірибелерді игеру, пәндік білімдерег емес, жеке басының көзқарасы мен өмірлік құүндылықтары негізіне сүйенеді. Кейбір гимназиялардың жоғары басқыштарда жеке оқуға рұқсат берілген, жеке оқытудың оқу жоспарлары оқушының қалаған пәні бойынша өзін қатыстыру арқылы жасалады.

Жоғарыда айтылған мәселелер Қ.Р.білім беру жүйесінің даму тенденцияларын айқындауға:

-білім беру философиясын жаңартуға;

-оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен білім беру ісін ақпараттандыруға;

-мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіруге;

-білімнің ғылымен байланыста болуына;

-білімнің идеологияландырылмауына;

-оқу орындарын бітірушілерге жоғары талап қоюға;

-оқу орындарының түрлерін көбейтуге;

-білімді қаржыландыруға мемлекеттік және басқа да табыс көздерін жұмылдыруға көмектеседі.

Әлемдегі білім беру жүйесіндегі ауқымды өзгерістер, елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктері, дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.


41 лекция. Мектептің оқу тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару

Жоспары:

1.«Мектепті басқару мен басшылық ету» ұғымының мәні мен оның негізгі принциптері.

2.Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметі.

3.Педагог кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика Ю.К.Бабанский Москва, Просвещение,1983

2.Педагогика Б.Т.Лихачев М., Прометей Юрат, 1988

3.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

4. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

5.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000



«Мектептегі басқару мен басшылық ету» ұғымының мәні және оның негізгі принциптері. Қізіргі заман мектебі-күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекеттік, мектеп алдында тұрған жылы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылым мен социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдында өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретінде мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарушылық кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы басқару білімнің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А.Файольдің еңбектерін атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негізіне айналған.

Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектепті басқарудың (Э.Г.Костяшкин, Ю.А.Конаржевский, В.П.Стрезикозин, П.Б.Худоминский, Т.И.Шамова, Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова, т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П.Раченко, Ж.Б.Умирбекова, Г.Т.Хайруллин, т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К.Бабанский, Л.И.Гусев, В.И.Журавлев, В.И.Загвязинский, Б.А.Койшибаев, В.В.Краевский, Г.Л.Лукпанов, М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Л.С.Коробкова, Ш.Т.Таубаев, В.П.Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С.Сухобский, А.С.Писқұнов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық; кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А.Альмухамбетов, т.б.) жұмыстар жүргізіледі.

«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген «адам-адам» жүйесіне орын бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады-педагогикалық процесс субъектіні басқару.

Осылайша, педагогикалық басқару-практикалық іс-әрекет, ол-тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мен дамыту.

Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басшылық етуі бойынша қызметтері. Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының, Білім беру Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиі ынтығы мен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық, кадрлардың іс-әрекетін реттейді. Төменде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген.

Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбте жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері:

-кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығынажол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;

-оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;

-оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;

-оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдармен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау;

-Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен уставына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықтау мен нақтыландыру;

-ата-аналар қоғамдастығы органдарының, жұмысын ұйымдастыруоларға басшылық жасау;

-жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату;

-мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, оқушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау;

-мектептің қазіргі заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

-мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;

-мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.



Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы. Әдістемелік жұмыс-ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген, әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруге (педагогтардың кәсіби өзі-өзіне білім беруді, өзін-өзі тәрбиелеуді, өзін-өзі жетілдіруді басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеруге бағытталған өзара байланыты шаралардың, қызметтердің жүйсі.

Мұғалімдерді мезгіл аттестациялау олардың әдістемелік деңгейінің өсуінің шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы. Аттестация мақсатты-білім беру қызметкерлерінің кәсіби, мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын дифференцирлік бағалаудың тиімді жүйесін құру. Мұғалімдер аттестациясы педагогикалық еңбектің нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасының сараптамалық бағасы негізінде жүргізіледі.

Аттестация нәтижесінде мұғалімге белгілі бір категория беріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық білім алуы және ұстаздық іс-әрекеті де ескеріледі.

42 лекция. Мектептің педагогикалық кеңесі – мектепішілік басқарудың алқалы органы

Жоспары:

1.Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны.

2.Педагогикалық кеңесті дайындық пен өткізу әдістемесі.

3.Педагогикалық кеңестің жұмысын, жиналыстың тақырыбын жоспарлау.



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Педагогика Б.Т.Лихачев М., Прометей Юрат, 1988

Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны. Ұстаздар ұжымына жалпы оқу-тәрбие жұмыстарымен бірауызды, тату түрде айналысып жүрген бір оқу, тәрбие орнының қызметкерлері жатады. Ұстаздар ұжымының ұйымшыл, бірізділікте, бірауызды болуына мына жағдайлар керек:

а)Ұжымдыұжымның мүддесін түсінетін абыройлы, қалаулы, білгір азаматтардың басқаруы.

б)Оның ұжымның жақсы дәстүрлерін жалғастырып жаңа дәстүрлерді енгізе білуі.

в)Ұжымда жас ұстаздар мен тәжірибелі ұстаздардың арасында дұрыс қарым-қатынас орнатылып, қарт ұстаздар кеңесші, жетекші, ал жас ұстаздар әр нәрсенің ұйқысы болып, үлкендердің айтқан ақыл-кеңесін өкпесіз қабылдап, өздері үлкендерге теориялық жаңалықтарды жеткізіп, іс жүзінде асыратын жағдайда болу. Ұстаздар бірізділік танытса, одан ұжының ұтары мол.

Әрине бұл айтқанның орындалуы көп жағдайда мектеп басқарушыларына байланысты. Мектеп директоры – ұстаздардың ұстазы.

Мектеп директоры таза, әділ, ілкімді, демократ болуы керек. Себебі көп нәрсе басшыға байланысты.

Ұстаздар ұжымының ең жоғары жүгіну орны-педагогикалық кеңес. Оны мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңес жылына 4-5 рет отырыс жасап, оқу-тәрбие процесі туралы мәселелер қарайды: тоқсандық қорытындылар, оқу жылының басталуы мен аяқталуы т.б. Педагогикалық кеңестің хатшылығына хаттама жазатын бір ұстазды тағайындайды. Педагогикалық кеңестің құжаттары хатшының қолымен толтырылып сақталады.

Педагогикалық кеңесте бүкіл педагогикалық кеңестің мүшелері (ұстаздар, тәрбиешілер, дәрігер, кітапханашы,ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп басшылары) есеп беруге тиіс. Керек жағдайда мектеп директоры да есеп береді, мектептегі тексерудің қорытындысы, жаңа бағдарламаны талқылау т.б. мәселелер де қаралуы мүмкін.



Педагогикалық кеңесті дайындық пен өткізу әдістемесі. Мектептегі ұжымдарды басқару жүйесі әртүрлі: ұстаздар ұжымы, шәкірттер ұжымы, ата-аналар ұжымы, қоғамдық ұйымдар, топтар, пән ұстаздарының құрылымдары т.б. болып бөлініп кете береді. Бірақ осылардың бәрін үлкен үш топқа бөлуге болады:

а)Мектепті ұжымдық баасқаруға ата-аналар, ұстаздар, шәкірттердің үлкен кеңесі жатады.

б)Мектепті лауазымды басқаруға директор және оның көмекшілері жатады.

в)Жалпы ұстаздар кеңесі және қоғамдық ұйымдар мен топтар жатады.

Мектепті ұжымдық басқарудың ең жоғарғы орны үлкен кеңес. Себебі ол жалпы ұстаздар, жоғарғы сынып оқушылары және ата-аналар өкілдерінің конференциясында мектепті жүйелі басқару үшін үлкен кеңес мүшелерін сайлайды. Үлкен кеңес мүшелері ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер өкілдерінен, әрқайсысы үштен бір есебінен сайланады. Кеңестің төрағалығы білімді, педагогикалық сауатты, беделді ата-ананың біреуіне жүктеледі.

Үлкен кеңес-қоғамдық басқару орны. Мұнда үш топтың ең үлкен жанашырлары біріккен: ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Олар педагогикалық кеңестің, ата-аналар комитетінің, және шәкірттердің өзін-өзі басқару орындарының өкілдері. Сондықтан олар сол ұйымдардың атынан сөйлейді, мәселе шешеді, іске араласады. Педагогикалық кеңестің, ата-аналар комитетінің, шәкірттер ұжымына тән құрылымдары, атқаратын қызметтері бар.

а)Педагогикалық кеңес.

б)Ата-аналар комитетіне келетін болсақ, ол сыныптық, бүкіл мектептік ата-аналар комитетіне болып бөлінеді.

в)Оқушылар сыныптардан, бастауыш, негізгі, жоғарғы мектептерді құрайды. «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан» т.б. ұйымдардан тұрады.

Үлкен кеңестің атқаратын қызметтері:

а)Мектеп конференциясысының (мектеп басқаруының ең жоғарғы орны) шешімдерінің орындалуын бақылайды.

б)Мектептің оқу жоспарын және қалаған бағытын бекітеді.

в)Мектептің заңды тұлғасы ретінде мектеп директорымен бірге ұжымның мүддесін құрайды.

г)Мектептің ырғақты жұмыс істеуін қадағалап, мүмкіндік жжасайды.

д)Мектептегі ұстаздарды аттестациядан өткізуге қатысады.

е)Кадрларды іріктеуге араласады.

ж)Қоғамдық орындардан түскен ұсыныс-тілектерді талдап қорытынды шығарады.

з)Мектепті қаржыландыруға, материалдық базасын жақсартуға, қаржыны үнемдеуге қатысады.

и)Мектеп директорынан бастап барлық ұстаздардың есебін тыңдап қорытынды жасайды.

к)Ұстаздардың мүдделерін қорғап, басшылардың орынсыз қудалауына жол бермейді.

Жалпы мектеп жұмысын басқару үлкен кеңеске берілген көптеген мәселелер аудандық немесе қалалық оқу білім департаменттері арқылы шешіледі. Кей жерлерде аудандық немесе қалалық департаменттің қызметін тікелей облыстық білім депарментті басқарады. Облыстық білім беру департаменті тиісті құжат, нұсқау, ұсыныс берумен шектеледі. Облыстық департамент Республикалық білім беру департаментінің арасындағы байланыс қызметін атқарады.

43 лекция. Мектептің (сыныптың) оқу-тәрбие процесін диагностикалау - басқару негізі.

Жоспары:

1.Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диагностикасының мәні.

2.Педагогикалық ақпараттар.

3. Негізгі сипаттамалар (ауыспалы) және педагогикалық процестің көрсеткіштері.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

4.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000

5.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002



Басқару негізі ретінде-педагогикалық процесс диагностикасының мәні. Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы кезеңдер нәтижелері әр қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде сактептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.

Білімнің қай саласында болмасын, еңбек проценсі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқалады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Сондықтан да педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.

«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.). Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсемкіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.

Педагогикалық диагностика соңғы он жылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімдерді басқару ұстанымы қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық оқу-тәрбие процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрект нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: «сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогткалық процесс жағдайы себеп-*салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін айқындау.» (В.К.Омарова).



Педагогикалық ақпараттар. Басқару нысаны туралы мәлімет – мектептің (сыныптың) педагогикалық процесінде, отбасында қашанда әрқилы. Сол себепті ақпараттардың педагогикалық мәнін екінші кезекті не оған қатысты жақтардан бөле білу қажет. Педагогикалық ақпараттар – басқару нысаны туралы әрқилы мәліметтерден шектеу. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар, олар мына төмендегідей:

-ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық, тоқсандық) перспективті жоспарлаудың негізін құруы тиіс;

-ақпарат мұғалімге жекеленген оқушылармен, сынып ұжымымен, жұмыс жүргізудің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудыруы қажет;

-ақпарат оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын сұрыптаудың негізін салуға лайық болдуы шарт;

-ақпарат мсұғалімді іс-әрекеттің қандай түрін оқушылармен ұйымдастыру керектігіне және ол іс-әрекет оқушыларды неге үйрететінін түсінуге жетелеуі тиіс;

-ақпарат әрбір мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі керек.

Бұл жағдайлар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өндеуге мүмкіндік туады. Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:

1.Бастапқы ақпарат, ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі (сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.

2.Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргіілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

3.Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен, оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету т.б.).

Мынаны түсінген абзал: ақпарат сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сондықтан ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. Сонымен педагогикалық ақпарат дегеніміз – үйренілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.



Негізгі сипаттамалар (ауыспалы) және педагогикалық процестің көрсеткіштері. Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын (ауыспалы) талдау материалдары менолардың көрсеткіштері: оқушылардың үлгерімі, оқушылар коллективінің қалыптасқандығы, оқушылардың қоғамдық (әлеуметтәк) белсенділігі, оқушылар отбасының әлеуметтік психологиялық портреті, психологиялық ұжымның жәй-күйі (Н.Д.Хмель).

Педагогикалық процестің аталған бес сипттамасының (ауыспалы) әрқайсысының бірқатар көрсеткіштері бар, олардың негізгілері төмендегідей:

1.»Оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы; (оқубағдарламасының бөлімі, тақырыбы бойынша); оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.

2.» Оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамасының көрсеткіштеріне мыналар жатады: сынптағы сайланңан және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оңашаланған» балалар пайызы, теріс тәрбие алған балалар пайызы; қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.

Бұл сипаттама бойынша материалдарды талдау сынып ұжымы ішіндегі тұлға аралық қатынастар, белсенділердің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол ашады,. Тәжірибе көрсеткендей, ұжым неғұрлымұйымшыл болса, соғұрлым ондағы формальді емес көшбасшылардың сәйкестік пайызы жоғары, «ешкіммен араласпайтын» балалар аз болады, демек, «қиын балалар» да аз.

3.Оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі сипаттамасының аөрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы, өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы ; міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік, т.б.); есеп беру түрі және қоғамдық міндеттің орындалуы туралы есеп беруді кім қабылдайтыны (мұғалім, сынып жетекшісі, сынып, сынып белсенділері).

Бұл сипаттама көрсеткіштерін «оқушылардың үлгерімі», «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамаларымен өзара байланыста зерттегенде анықталады: қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі де «үлгерім» сипаттамасының барлық көрсеткіштері де жоғары болады.

4. «Оқущылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері. Отбасы құрамы (толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы (кітап оқуы, көңіл көтеруі, бос уақытын өткізу түрі); толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.

Мұғалім осы мағлұматтың бәрін білуі тиіс, өйткені, мектептің педагогикалық ұжымы отбасының педагогикалық процесімен өзара тығыз байланысты. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мақсаттарысәйкес келеді, себебі, отбасы – қоғамның кішкентай «ұясы, бірақ отбасы мен мектептің міндеттері үнемі үйлесе бермейді, оның үстіне, ата-аналардың бәрінің мамандығы педагог болмауы мүмкін. Сондықтан, мектептің педагогикалық процесі отбасының педагогикалық процесіне оң ықпал етуі қажет. Аталған сипаттаманың жорғарыдағы барлық көрсеткіштері бойынша, жағымды нәтиже алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек.

5. «Педагогикалық ұжымның жағдайы» сипаттамасының көрсеткіштері: мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін осы заманға лайық ұға білуі: педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалптастыру әдістемесін білу: педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; оқушының отбасымен жұмыс істеуге дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайындық, мұғалімнің өздігімен білім алу жұмысы.

Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары (ауыспалы)бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, оқушы әрекетінің өнімін зерттеуді, сауалдаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды, бақылауды, әңгімелесуді, социометрлік талдауды, әртүрлі диагностикалық карталар толтыруды, тестілерді, т.с.с. кешенді түрде пайдалану қажет. Педагогикалық зерттеу әдістерімен алынған мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни, уақыт жағынан бөлек нәтижелерді (үлгірімнің диагностикалық «кесіңнділер», сыныптағы жылына екі реттік социометриялық зерттеулер, т.б.) салыстыру керек. Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті әр түрлі кезеңдерде жөнге келтіруге, сондай-ақ, мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарының барлық түрлерін түзетуге негіз болып табылады. Педагогикалық процестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтар ұжымы оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.

Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қазіргі деңгейінің лебізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады. Ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестиің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды (ауыспалы) және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқару мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын салалы етуге жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет