Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау



бет18/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау. Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болуы керек, бұл талдаунегізінде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде жемісті екенін біле алады, ұйымдастыру шараларын жетілдіріп немесе оған уақытқа, бала жасына, оқиғалар мен жағдайларға байланысты түзетулер енгізе алады. Педагогикалық талдау – тәрбиенің мәндік элементтерін бағалап талдау.

Тәрбиелік процесті бақылау ең алдымен, оқу процесінің барысында жүзеге асырылады; өйткені негізгі тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің , секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.

Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі. Оқушы тәрбиелілігі – оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижелілігін анықтау – оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындау деген сөз.

Тәрбие нәтижелерін бағалау мәселесінде оларды өлшеу амал-тәсілдерін іздестіру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелілігін бағалау негізі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір формасында көрінген қандай да бір сипаттавмалық немесе өзекті қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердің даму деңгейін, белгілі мағынада, баланың тәрбиелілігінің көрсеткіші деп есептеуге болады.

Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістері ретінде бақылап қарауды, әңгіме-сұхбатты, оқушылардың әртүрлі құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестіні есептеуге болады.
37 лекция. Білім беру технологиялары

Жоспары:

1.Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.

2.Оқытудың әдеттегі дәстүрлі технологиясы.

3.Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

4.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Жаңаша оқыту талаптары Н.НҰрахметов ҚМ., ғ1/97 13-18 б.

2.Педагогикалық қарым-қатынас А.Жұнiсова ҚМ., ғ9 /1999

3.Тәрбие ұрдiсi және уақыт талабыС.Қалиев ҚМ., ғ7,8 /1998 58-61 б.

4.МҰғалiм мен оқушы қарым-қатынас технологиясы А.Жұнiсова ҚМ., ғ4 /2001 26-29 б.

5.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977



Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар. Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізумен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдаң 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда юолды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын-ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.

Әлеуметтік технология деп, онда бастапқы соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өөгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік теһхнология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын-ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді. Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікті енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделеген және ол оқытуда технологиялық жабдықтарды қолданумен байланысты. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабрикаттарды өндеудің, жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті-практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, маханикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданағн құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың әдеттегі дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп алдымен ХVІІ ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақтық ұйымдастыру деп түсінеді.

Дәстүрлі класс-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасы мен жұмыс істеу; сабақ оқытудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание) мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер-бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.

Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан емес өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларында, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

1.Иллюстративті-түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурциялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материаллын көрнекті түрде көрсетеді.

2.Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.), сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».

Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар.

ХХ ғасырдың 80-шы жылдары Россияда жаңашыл-мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болады.

СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс-сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жаққан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі белсенділікке қалыптастыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.

Жаңашыл-педагогтар И.П.Волков творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.

Дистанционалдық білім беру жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолддануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.



Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы. Ұстазды дайындауды технологиясындағы тек қана теориялық білімдердің белгілі бір деңгейін ғана емес, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы нақтылы практикалық міндеттерді шешуде өзінің кәсіби іс-әрекетінің объектісін өзгертуге алаған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеледі.

Педагогиялық процесс дегеніміз «ұстаз-оқушылар» жүйе жағдайының алмасуы. Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болды-ұстаз тұлғасы оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу-тәрбиелеу іс-әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, демек, біртұтас педагогикалық, процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.




Л38.Тақырыбы: Қазіргі оқыту технологиялары

Жоспары:

1.Д амыта оқыту технологиясы.

2.Түрлі деңгейде оқыту технологиясы.

3.Программалық оқыту технологиясы.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Проблемді және модульді оқыту технологиясы.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Жаңаша оқыту талаптары Н.НҰрахметов ҚМ., ғ1/97 13-18 б.

5.МҰғалiм мен оқушы қарым-қатынас технологиясы А.Жұнiсова ҚМ., ғ4 /2001 26-29 б.



Дамыту оқу технологиясы – мектеп тәжірибесіне енген аса танымалы оқу іс-әрекеті (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.

Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, балалығына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос – жарандарымен ақылдаса жүріп шешуі мүмкін. Бұл пікірге дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу – және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған.

Зерттеулер нәтижесінде (Л.В.Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғарлы деңгейлі қиыншылықта жүргізу принциптерін ұстану басты талап. Егер алдынан рухани сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.

Дамытушы технология идеяларының қаотарына сондай-ақ оқу қызметінің әр қилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға ынталандыру идеясыда. Яғни баланың өз әрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу-іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін өзінше байқап, тануы.

Дамыта оқыту идеясы бұл күнді еліміздің мұғалімдері арасындағы кең қолданымда. Алайда бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір толасты болып жүр. Себебі, оқушылардың барлығы қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды.

Түрлі деңгейде оқыту технологиясы. Түрлі деңгейде оқыту технологиясы - әрбір оқушының жақын даму аймағының кең өріс алуына септігін тигізеді. Оның пайда болуының себебі: дәстүрлі сынып-сабақтық жүйе бағдарламасы мен әдістемесінің баланың барлығының толық қанды даму әрекетінің болмауынан еді.

Түрлі деңгейде оқыту технологиясы – түрлі білім аймақтары, нұсқалары бойынша бөлінген топтардың даму деңгейлері негізінде бөлініп қарастырады.

Мұнда дифференциалды оқытудың үш нұсқасы берілген:

1)Алдын-ала жасалатын сараптама қорытындысы бойынша оқушыларды түрлі деңгейде бағдарлама арқылы сыныптарға бөледі.

2)сынып ішінде оқушылардың қызығуы мен қалауы бойынша пән түрлері тереңдетіліп оқытылады.

3)мұғалім не ата-ананың ұсынысы бойынша, оқушының өзін-өзі тану, анықтау мақсатында мектеп ішінде кәсіптік білім ала-алады.

Дифференциалды:

-оқушының таным іс-әрекетін арттырады

-қалауы бойынша оқу метериаланы игереді

-өзіндік жұмыс жасауға дағдыланады

-оқу материалын игеру барысындаа өзін-өзі қадағалайды.

Бұл технология юойынша білім алу барысында оқушы өзі іздеруге, талаптануға мәжбүр. Және алған білімін сабақ үстінде тест арқылы тексеріп, қадағалайды.



Программалық оқыту технологиясы. Проблема оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс ісс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшин, М.М.Махмудов т.б.) Жалпы түрінде роблемді технология сипаты келесідей: оқушы білімді дайын күйінде ұсындай, оқушылар алдында міндет қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс тәсілдерін табуға ынталандыру. Ал оқушылар мұғалімнің тікелй басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам жасайды, оның шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, нәтижелерін талқылайды пікір жүргізеді, дәлелдейді.

Проблемді оқу технологиясының тиімділігі оқушыларға текң қажетті білім, ептілік және дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуаты мен берік білім қалыптастырға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді.

Кемшілігі: жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Проблемді және модульді оқыту технологиясы. Модельді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологиясының мәні оқушы моделімен жұмыс істеу барысында нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім көмегімен) жетеді. (П.Юцявичене, Т.И.Шамова) модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын біріктірген түйін, топ.

Модуль құрамы:

-әрекеттің мақсаттық жоспары

-ақпарат қоры

-дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауға, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдесуі.

Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолдануы ықтимал.



39 лекция. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

2.Білім берудің ұйымдастыру жүйесі.

3.Білім берудің мемлекеттік стандарттары.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.ҚР-ның ”Бiлiм туралы” заң баптары бойынша тұсiндiрмелерi мен оны жұзеге асыру жөнiндегi негiзгi қҰжаттар Астана, 2000

5.ҚР-ның ұздiксiз бiлiм беру жұйесiндегi кешендiк тәрбие бағдарламасы Алматы, Қазақстан, 2000



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Білім беру жүйесі өз барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығында елдегі сауатсыздық жойылып, жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізілді. ХХ ғасырддың 60-жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағының тәжірибесін сақтап қалу тиімді, ол ұлттық негіздегі білім беру жүйесі, осы тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру саласында оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктер де болады. Әсіресе, Білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедагогикалық құндылықтарды ескермеу, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң әрі біркелкі болуы т.б.

Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынған. 1992 ж., 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

1. Қ.Р. азаматтары білім алуға тең құқылы.

2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.

3. Білімнің зайырлылығы.

4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың дамократиялық бағытта болуы.

8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұсынуы керек.

9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

10. Оқушыларды кәсіптік бағытта бейімдеу.

11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 (7) жас аралығында дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады.

Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

Қ.Р. білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншікгіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалады:

-оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;

-отан сүйгіштік пен азаматтыққа өз Отаны, Қ.Р. деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін сыйлауға, конститутцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;

-республикалық қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;

-білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өзі билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен дамократияландыру ісін кеңейту;

-еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;

-жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;

-білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу.

Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:

-мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;

-жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады;

-гимназия негізі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;

-лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды, жүзеге асырады;

-колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді.

Педагогикалық қызметкерлер оқушылар мен тәрбиелеушілердің арнайы стандарт деңгейінен төмен емес білім мен дағды, білік ауын қамтамасыз етуге, оқушылар мен тәрбиелеушілердің жеке шығармашылық бейімділіктерін дамытуға, олардың беделіне нұсқау келтірмеуге, педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті. Педагогикалық қызметкерлерді олардың келісімінсіз басқа жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиелеушілерді оқу-тәрбие жүйесінен тыс жұмыстарға міндеттеуге тыйым салынады.



Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

-білім алушылардың мүмкінділіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

-нәтижесінде дұрыс мөлшерлеу;

-білім беру салаларының, және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

-жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

-мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

-тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету;

Қ.Р. білім берудің мемлекеттік стандарттары вариативті (өзгеше) оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:

-таңдаған сабағы бойынша: бірінші сыныптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына үш сағат;

-факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

-кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат;

-қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат;

-таңдауы бойынша курстар: 10-11сыныптарға аптасына 5 сағат.


40 лекция. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Жоспары:

1.Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.

2.Орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары.

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2. ҚР-ның ”Бiлiм туралы” заң баптары бойынша тұсiндiрмелерi мен оны жұзеге асыру жөнiндегi негiзгi қҰжаттар Астана, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Білім беру жүйесін әрі дамытудың негізгі факторлары. Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып атбылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:

-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

-жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

-бастауыш және орта кәсіптік білім: орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;

-жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.

Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын; оқушы жастарды сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауда күшейту; мұғалімдердің жалақысын көтеру арқылы әлеуметтік ролі мен беделін жоғарлату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет