Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет4/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құрманбек

көпжақтылығық қыры:
– тілді оқыту пән және тілмен қолдау табады;
– пән мазмұнын меңгеру тіл сабақтарында қолдау табады;
– пәндерді кіріктіру жүзеге асырылады;
– оқытуға рефлексия жасау жүргізіледі;
қауіпсіздікті болдыратын (сапаландыру) оқу ортасы:
– жаңалыққа қарсы шығатын іс-әрекеттер және тілдік орам қолданылады;
– зерделенетін пәндік мазмұн және тілдік құрылымдар көрнекі бейнеленеді;
– тілдік қателер түзетілмейді, бірақ мұғалім тілдік құрылымның дұрыс қолданылу моделін береді;
– тілді саналы меңгертуге арналған оқу материалдардың түпнұсқасы қолданылады; – оқушының бойында тілді меңгеру туралы сана-сезім дамиды;
3) түпнұсқалық және дереккөзге жақындық:
– оқушылар сөйлеу, жазу, сонымен қатар өздерінің ауызша және жазбаша тілдік дағдыларына рефлексия жасау мүмкіндіктерін қолданады;
– оқушы өз қызығушылығын есепке ала алады;
– оқу материалы оқушының күнделікті өмірімен байланыстырылады;
– бұқаралық ақпараттық құралдарының және басқа да дереккөздердің өзекті материалдары қолданылады;
4) белсенді оқыту:
– сабақта мұғалімге қарағанда оқушылар көп сөйлейді;
– пәндік мазмұнды меңгеру және тілдік, сонымен бірге оқу дағдыларын дамыту үшін оқушылар мақсаттар мен тапсырмаларды өздері тұжырымдайды;
– оқушылар оқудың нәтижелерін және оларға қол жеткізу жолдарын сипаттайды;
– сабақ барысында жұпта және топта жұмыс істеудің тиімді болуы үшін жағдай жасалады;
– оқушылар мен мұғалім әңгімелесу және түрлі тапсырмаларды орындаудың көмегімен пәндік және тілдік материалдың мәнін түсінеді;
– мұғалімнің рөлі – сыныптағы үш процесті басқару мен мүмкіндік туғызуға жағдай жасау (оқу процесі, ынтымақтастыққа әкелетін топтағы қарым-қатынасты дамыту процесі, тұлғаның даму процесі);
5) тірек құрылым:
– білім беру процесінде мұғалім оқушының тәжірибесіне, біліміне, білігіне, пікіріне және қызығушылықтарына сүйенеді;
– сабақты жоспарлау және өткізу барысында оқушыларды оқытудың түрлері есепке алынады;
– шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға көңіл аударылады;
– оқушыға қиын жағдайларда болуына мүмкіндік беріледі және оған сол қиындықтарды жеңу үшін эмоционалдық тұрғыдан көмек көрсетіледі;
6) ынтымақтастық:
пән сабақтары, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар
– пәндік сабақтар, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар мұғалімдердің жұмыс барысындағы қарым-қатынасы және ынтымақтастығы арқылы жоспарланады;
– ата-аналар оқу процесіне оқушылардың ана тілін және мәдениетін меңгерулеріне көмектесу үшін, сонымен бірге мақсатты тілді пайдалану үшін де қатысады;
–жергілікті жердің қоғамдастығы, лауазымдық ведомстволар, жұмыс берушілер және басқа да мақсатты топтар білім беру процесіне қатыстырылады.
Оқу процесінде ағылшын тілі және жаратылыстану-ғылыми бағыты пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдарын сақтау, келесідей нәтижелер береді:
– оқушылардың ғылыми ойлауына мүмкіндік жасайды; – ғылыми-жаратылыстану танымдық әдісті кеңінен қолдану мүмкіндігін береді;
– мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулиды;
– қоршаған ортаның дәлелді байланыстарын көрсететін кез-келген мәселеге жаратылыстану ғылымдары кешеніне ортақ көзқарас қалыптастырады;
- жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын арттырады және дамытады;
– білім алушылардың информатика, физика, химия, биология пәндерінен жалпы түсініктерін қалыптастырады, есептеу, өлшеу, модельдеу, бақылау, эксперимент жүргізу, сызбалар құрастыру және т.б. білігі мен дағдыларын қалыптастырады;
– оқушылардың сенімін қалыптастырады, оқулықта берілгеннен де қиын материалдарды түсініп, зерделеуіне мүмкіндігі болады;
– оқу процесінде оқушылардың өздері құрастырған авторлық компьютерлік бағдарламаларын (кіріктіру арқылы жасалған) қолдануға мүмкіндік береді;
– оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасайды, жаратылыстану-математика бағытындағы оқу пәндерінің (информатика, физика, химия, биология) негізгі курсының бағдарламалық материалдарын неғұрлым тереңірек түсінулеріне және қабылдауларына, сонымен қатар алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қолдана білуге көмектеседі.
Оқу процесін кіріктіру арқылы ұйымдастырудың кейбір мүмкіндіктері білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін сапалы және ойдағыдай жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен бірге ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерін және ағылшын тілін кіріктіріп оқытудың нәтижесінде алынған білімді күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: пәнді және тілді кіріктіріп оқыту барысындағы басты нәтиже оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндерінен алған білімдері емес, мақсатты тілді меңгеруі (біздің жағдайымызда ағылшын тілі) болып табылады.
Аталған ұстанымдарды кіріктіріп оқытуда жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен педагогикалық технологиялар әзірленген және қолданысқа енгізілуде, солардың бірі халықаралық деңгейде танымал болған СLIL әдістемесі болып табылады. Бұл әдістің толық сипаттамасы және оны нақты оқу процесінде қолдану бойынша ұсыныстар осы оқу-әдістемелік құралдың 4-бөлімінде берілген.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет