Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы



бет3/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құрманбек

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарының әдістемесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістерін іріктеу, тиімді түрлерін ұсыну.
-жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы мен ғылыми интеграциялық сипатына талдама жасау;
-жаратылыс заңдылықтарының жалпы мазмұны мен бірлігін мазмұндап талдау жасау;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістерін жинақтау, іріктеу;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдары әдіскерлер мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 23 бет


1 Жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы және тұтастану сабақтастық теориясының негіздемесі
1.1 Ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері

Оқу-әдістемелік құралының бұл бөлімінде педагогикалық кіріктіру теориясының кейбір ғылыми ережелерін/әзірлемелерді қарастыруды жөн көрдік, оқытудағы кіріктіру деген ең жалпылама түрінде келесі түсініктерді қарастырады:


– ғылымдардың арасындағы байланысты жүзеге асыратын пәнаралық байланыстарды дамыту және тереңдету;
– әртүрлі пәндерді келісе оқытудан оларды өзара терең байланыста оқытуға көшу.
Алдымен кіріктіріп оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық. Кіріктіріп оқыту дегеніміз::
біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады [3];
екіншіден, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады;
үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды [4].
Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері және тәсілдері бойынша пайдаланы кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсету мүмкіндігі болады.
Кіріктіріп оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу бағдарламалары және оқулықтардың аясын кеңейтетін, әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылаужәне тәжірибе, салыстыру, талдау және жинақтау, сонымен бірге компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.
Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік беретін оқу процесін кіріктіруді құрастыру, келесі мүмкіндіктерге жағдай жасайды:
1) пәнішілік байланыстан көппәндік байланыстарға өту білім алушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан басқаларға көшірулеріне, оқу процесін толығырақ түсінулеріне және әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік береді;
пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың көлемін ұлғайту, мектеп оқушысының ойлау әрекетін белсендендіреді және оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді және жақындатады;
кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік береді;
кіріктіру метаппәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың ақпараттық көлемін ұлғайтады;
кіріктіру білім алушылардың түрлі пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын қалыптастыра отырып және оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып, нақты бақылауларды дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді;
кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге көмектеседі, оқушылардың білім алу үшін көп күш жұмсауларын жеңілдетеді және шаршағыштықты болдырмайды, ынталандыру құралы болып табылады.;
оқу материалдарын кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін өмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды. Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, өмірге мейірімді, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады [5].
Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын тең мөлшерде біріктіруді қарастырады.
Екінші негізгі ұғым – кіріктірілген сабақ – бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ:
– мақсатқа әртүрлі пәннен алынған білімді біріктіру барысындаға ғана оның жетуге болады;
– зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және шешуге бағытталған;
- әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзiмен гармониялық үйлестірген және тәжірибеге бағытталған.
Кіріктірілген сабақта оқушылар әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана отырып, оқиғалар мен құбылыстарды мүлдем жаңаша түсіне отырып терең және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді жинақтау, бір пәннен алынған білімді басқа пәнде қолдану білігін қалыптастыру мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді біріктіруге және оқушылардың пәнге қызығушылығын белсендендіруге көмектеседі Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі сабақтардан келесі сипаттамалар арқылы ерекшеленеді:
– оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы;
– өзара логикалық шарттастығы, кіріктірілетін пәндер материалының сабақтың әр кезеңіндегі өзара байланыстылығы;
– сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымдылығы.
Жалпы алғанда кіріктіріп оқытудың негізінде өзіндік ерекшеліктері бар кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр:
арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни, егер ол арнайы ұйымдастырылмаған болса ол мүлде болмау мүмкін немесе ол ортақ мақсаты жоқ жеке сабақтарға бөлінуі мүмкін; мақсат қойылуы мүмкін, мысалы,
а) оқылатын тақырыптың мәнін тереңірек қарастыру;
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
в) тақырып бойынша оқылатын сұрақтарды тұтас, жинақтап қабылдау;
г) оқу уақытын үнемдеу және т.б.);
түрлі пәндерден алынған білімді кеңінен қолдану, яғни пән аралық байланысты мазмұндық деңгейде жүзеге асыру.
Жалпы алғанда кіріктірілген сабақтар уақытты үнемдеуге, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырумен қатар, түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының негізі болып:
танымдылық көзқарас тұрғысынан түпнұсқалық оқу материалын кеңінен қолдану ұстанымы;
оқыту процесінде мұғалімге белсенді демеу және көмек көрсету ұстанымы;
екінші немесе шет тілді өнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы;
көпмәдениеттілік ұстанымы;
жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы;
6) оқытудың тұрақтылығы ұстанымы [6].
Аталған ұстанымдардың бірінші, түпнұсқалылық, ақпараттың толықтылығы және когнетивті жүктеменің нақты деңгейі оқу материалдарына қойылатын негізгі талаптар екенін білдіреді. Бұл түпнұсқалық интерактивті материалдар тек жоғары уәждемелік әлеуетпен ғана емес, жасанды тілдік орта құру үшін негіз ретінде және жоғары деңгейлі қиын тапсырмалар әзірлеумен де қолданылуы мүмкін екенін көрсетумен де байланысты. Мұғалім осы ұстанымға байланысты екінші тілді, яғни мақсатты тілді белсенді қолданады (біздің жағдайда – ағылшын тілін), ол оқушылар үшін «тілдік модель» ретінде жүреді;
екінші ұстаным қойылған мақсатқа жету үшін оқушы мұғалім тарапынан қажетті көмек алу тиіс екенін білдіреді. Оқушының басқа тілді құзыреттілігінің қалыптасуына қарай, мұғалім тарапынан көрсетілетін көмектің көлемі мен қарқыны біртіндеп азаяды. Аталған ұстанымды қолдану мақсатты тілде таныс емес материалдың мазмұнын оқу барысында когнитивті және лингвистикалық жүктемені қысқартуға мүмкіндік береді. Мұғалім ұсынатын тапсырмалар, қойылған міндеттерді оқушының орындай алуы үшін белгілі түсініктемелермен толықтырылып отыруы тиіс. Сонымен бірге екінші немесе шет тілін меңгеру үшін ерекше қажетті тілдік қызметтің төрт түріне де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) үлкен назар аударылады.
үшінші ұстаным, проблемалық оқыту әдістемелік тәсілдердің көптеген түрін ұсынатынын көрсетеді және түпнұсқалық коммуникацияны сабақ аясында белсенді пайдалануға бағытталған, себебі екінші немесе шет тілдеріне оқыту коммуникативтік мақсаттардың және қарым-қатынастың маңызды жағдайларының болуы барысында неғұрлым жетістікті жүзеге асады. Проблемалық оқытудың негізгі сипаттамаларының бірі – «бос орын» ұстанымын пайдалану болып табылады. Бұған байланысты түпнұсқалық коммуникация нақты коммуникативтік кемшіліктер болған жағдайда ғана орын алады. Мұғалімдер бұл әдісті түпнұсқалық коммуникация жағдаяттарын жасау үшін қолдануларына болады, өйткені бұндай тапсырмалар орындау барысында оқушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды;
төртінші ұстаным кіріктіріп оқыту әдісі тақырыптарды түрлі мәдениет жағынан қарастыруға мүмкіндік беруімен байланысты. Ол әртүрлі мәдениет иелерінің көптеген мәселелерді қабылдануының арасындағы айырмашылықты ескереді;
бесінші ұстаным ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі – заманауи ақпараттық қоғамдағы жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында когнитивті процестердің және педагогикалық мақсаттардың тізімі төмен деңгейлі когнитивті процестерден неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті процестерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай принципі бойынша берілген. Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда? қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. Сонымен бірге неғұрлым ауыр талдау және бағалау дағдыларын дамытатын сұрақтар да қосу қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі тілдік құрылымдарды пайдалануды қарастыратын, неге? қалай? қалайша? сөздерінен басталатын сұрақтарды жатқызуға болады. Контенттің, ойлаудың және тілдің өзара әрекеттесуі, ойлаудың күрделі процестерін тұжырымдау қабілеті ана тілінде де, оқылатын екінші және шет тілінде де жүйелі дамыту мен жаттықтыруды талап етеді;
алтыншы ұстаным, оқытудың тұрақты мәнімен анықталады, оны келесідей түсіндіруге болады: мұғалім оқыту процесі барысында оқушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау және білім алу қабілеттерінің белсенді екеніне, сонымен қатар сабақ барысында немқұрайлықтан белсенділікке өткендіктеріне көзі жетуі тиіс. Бұл жерде тұрақты оқыту бірінші дәрежелі маңызға ие болады, себебі мұғалім пәннің мазмұнын оқуға да, сонымен бірге екінші немесе шет тілін оқуға жағдай жасайды. Тілді білу ерекшелігі пәннің мазмұнын зерделеудің құралы болып табылады. Тіл оқу бағдарламасына кіріктірілген жағдайда оқушылардың назары арнайы мәтіндердің мазмұнымен қатар, пән бойынша қажетті терминдерді меңгеруге де аударылады, ал тақырыптық материалды талқылау мүмкіндігі болу үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып контексінде тілді қолданудың маңыздылығын арттырады.
Аталған ұстанымдарды сақтау барысында тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл оқушының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді.
Осылайша шет тілін және тілдік емес пәнді бір мезетте оқу білім беру мақсаттарына жетуге арналған қосымша құрал болып табылады және шет тілі мен тілдік емес пәнді оқуда тиімді жағдайларға ие болады.
Әрине, оқудың мұндай түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен ауыстыра алмайды, бірақ оны айтарлықтай дәрежеде толықтыра алады. Сондықтан да пән бойынша оқу материалы оқушылардың ана тіліндегі пәндік білім деңгейінен сәл төмен күрделілік деңгейінде іріктеліп алынуы тиіс. Оқу материалдарын таңдау пәннің құрылымы мен ерекшелігіне байланысты болады. Сонымен бірге мәтінді өңдеу бойынша тапсырмалар оқушыларды түсіну процесіне жұмылдыру, мәтіннің басты ойын талқылау және тексеру арқылы, пәннің мазмұнына назар аударумен құрастырылуы тиіс. Тапсырмалар лингвистикалық форманың ерекшеліктерін көрсетуі, оларды құрастыру білігін жетілдіруі, оқушылардың өз бетінше және шығармашылық іс-әрекеттерін бақылауға, бағалауға және ынталандыруға жағдай жасауы тиіс. Барлық тапсырмалар ең алдымен коммуникативтік, яғни шет тілінде жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет