Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


палатасы, оның мақсаты мен міндеттері



бет19/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160
палатасы, оның мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылады.
3. Ұлттық палатаның міндеттері:
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
57-бап. Ұлттық палатаның жүйесі
1. Қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға өздерінің сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы үшін аккредиттеуден өтуге тиіс.
2. Ұлттық палата жүйесіне:
1) республикалық деңгейде:
Ұлттық палата;
Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары);
2) аумақтық деңгейде:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
3) қалалық және аудандық деңгейлерде:
тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары;
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері;
6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
58-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
1. Ұлттық палатаның қызметі:
1) дербестік;
2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы;
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беру, жауапкершілік;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
6) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
7) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі;
8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
9) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
2. Ұлттық палата, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.
Міндетті мүше болуға негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға міндетті түрде мүше болу қағидаты қолданылады.
59-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
1. Егер осы Кодексте және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.
2. Ұлттық палатаның мүшелері:
1) Ұлттық палата тарапынан кәсіби қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салулармен өтініш жасауға және Ұлттық палатаға берілген өкілеттіктер шегінде уәжді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық палатаны басқаруға қатысуға;
5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтерді алуға;
7) Ұлттық палата жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Ұлттық палатаның мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті.
4. Ұлттық палата мүшелерінің құқықтары тең.
5. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес.
6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
60-бап. Ұлттық палатаның құзыреті
Ұлттық палата осы Кодексте, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
61-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет