«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығын көрсетіңіз



бет42/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығын көрсетіңіз

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.



  1. Тәуелсіз Қазақстанда этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюын көрсетіңіз

Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.


1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден, Тәжікстаннан 50 мыңға жуық қазақ елге оралды. 1991-1995-жылдардың арасында республикадан кеткендердің саны келгендерден 1 млн.-ға жуық және жыл сайын өсіп отырды. Осы жылдары Қазақсанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса, кеткендері 32210,3-тен асып кетті. Кетушілердің ұлттық-этникалық құрамы жағынан көбі орыстар – 52,3%, украиндар – 7,2%, белорусьтар – 1,4 %. Алыс шетелге кетушілердің құрамында немістер – 78%, орыстар – 13%, украиндар – 3%, еврейлер мен гректер – әрқайсысы – 1%-дан.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. 2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын - ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы (56,5%) – қалалықтар және 6453,5 мыңы (43,5%) – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 113,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне, 33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.
2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546, соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.
Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қарағандағы түнгі сағат 24:00-де 16004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8%-ды құрап, республика халқының саны – 1022,9 мың адамға өскен. Қала халқының саны 8639,1 мың, ауыл халқы 7365,7 мың адамға сәйкес келген. Атап айтқанда, қала халқы 2,3%-ға, ауыл халқы 12,7%-ға көбейген. Ерлер саны 7722,8 мың, әйелдер саны 8282,0 мың адамға жеткен. Он жыл бұрынғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 507,1 мың, әйелдер саны 515,8 мың адамға өскен. 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 ер адамнан келсе, 2009 жылғы санақ бойынша ол 932-ні көрсетті. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мың адамды құрады. 2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын - ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы (56,5%) – қалалықтар және 6453,5 мыңы (43,5%) – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 113,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне, 33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.
2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546, соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.
«Нұрлы көш» бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні Үкімет қаулысымен бекітіліп, үшжылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Аталған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағының қолайсыз аудандарында тұратын тұрғындарды басқа аймақтарға қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет