«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады



бет2/5
Дата29.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#12713
1   2   3   4   5

Оңтүстік Қазақстанның шөлдерінде де әсіресе ағынсыз көлдердің жайылмалар мен дельталарында шөлдер көптеп кездеседі. Бұдан басқа шөлдердегі кең ойыстарда Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және т.б ең ірі көлдер орналасқан. Көлдердің басым бөлігінің абсолют биіктігі 100-350м, Орталықаша тереңдігі әдетте екі метрден аспайды, максимум тереңдігі 4-8м-45м дейін.


Көлдердегі судың жалпы көлемі 190км3 жетеді. Көлдердің ойыстары әртүрлі генетикалық топтарға жатады. Оны көлдердің көлемі, жағалау сызығы, режимі, тереңдігі, гидрохимиялық ерекшеліктерінің әртүрлі болуынан көруге болады. Қазаншұңқырлар генезисінің әртүрлі болуы эндогендік факторларға қазіргі тектоникалық қозғалыстар, жер сілкіну, жыныстардың литологиясы сонымен қатар экзогендік өзен эрозиясы, жел, иұз, карст, суффозия, гравитациялық процестер болып табылады. Қазақстанда дельталық және жайылмалық көлдер көп. Тек Іле өзенінің дельтасында ғана он бір мыңға жуық көл бар. Суының алмасу жағдайы бойынша Қазақстан территориясында ағынды және ағынсыз көлдер кездеседі. Көлдердің қоректенуінде негізгі рөлді көктем кезіндегі жер үсті ағындары атқарады. Бұл кезде көл суының деңгейі 0,2-6 м/сек дейін көтеріледі. Екінші орын көлдегі қар мен мұздықтардың қоры және жауын шашын алады. Қазаншұңқырлары терең көлдер грунт суларымен қоректенеді.

1936-1940 жылдары су аз кезеңдерде Солтүстік Қазақстанның 70% дейін көлдері құрғап қалған. Көлдердің термиялық режимі табиғат жағдайының ендік зоналдылығына байланысты. Көлдерде солтүстік өңірде мұз қарашаның басында қатса, оңтүстікте бір ай кейін қатады. Солтүстік көлдерде мұздың Орталықаша көпжылдық қалыңдығы 120-140см, оңтүстікте 70-60см. Мамырдың су температурасы 10-150С құрайды. Маусым, тамыз айларының Орталықаша айлық температурасы 18-220С. Судың қатты жылынуы (28-300C) шілденің аяғы мен тамыздың басында байқалады. Қыркүйекте температура 9-140С төмендейді, қазанда 2-60 С, қарашада 0С төмен болады. Суларды тұздылығы бойынша тұщы (1 промиллеге дейін), ащылау (1-25 промилле), ащы (25-50 промилле) және тұзды (50 промилледен жоғары) деп бөледі. Осы аталған категориялардың барлығы да елдің көлдерінің суларында кездеседі.

Қазақстан көлдері үшін судың келесі химиялық класстары тән: гидрокарбонатты Алтай, Сауыр және Тянь Шань; сульфатты Бетпақдала, Мойынқұм, Сырдария маңы Қызылқұм шөлдерінде; хлоридті Ертістің құрғақ далалық сол жақ жағалауы, Қазақтың ұсақ шоқысы. Көлдердің 87% сульфитті классқа, 10% гидрокарбонатты, 3% хлоридті.

Көл суларында микроэлементтердің құрамы келесі ретпен сипатталады: бром, фтор, бор, йод, молибден, мырыш, марганец, темір, қорғасын, кобальт, мыс, никель.

Судың тұздылығы артқан сайын металдардың концентрациясы төмендейді, ал фтор, бром, йод және бордың мөлшері артады. Еріген заттардың құрамы жоғары болуына байланысты жазық көлдердің суының мөлдірлігі 0,1-3м болса, таулы көлдердің мөлдірлігі 5-15м асады. Көлдердің суының түсі көгілдір жасылдан сарғылт қоңырға дейін өзгеріп отырады. Қазақстандағы ең тұзды таулы ағынсыз көл Тұзкөл ( абс.биіктігі 2000м). Ол Алматы облысының шығысында Сарыжал поселкісіне 35км жерде Қаратау және Елшінбұйрық тауларының етегіндегі Теген ойысында орналасқан. Оның тұздылығы жыл мезгілдеріне байланысты 52-242 промиллеге дейін өзгеріп отырады. Қазақстан территориясында өнеркәсіп және ауыл шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көптеген жасанды көлдер, су қоймалары тұрғызылды. Олардың жалпы саны 4000 асады. Жалпы ауданы 10000км2 , көлемі 95 км3 . Оның ішінде 22 су қоймасының сиымдылығы  100млн м3 . Су қоймаларындағы судың 92% гидрокарбонатты класқа жатады.

7 дәріс тақырыбы: Қазақстан табиғатындағы топырақтар



Сабақтың жоспары:

  1. Жазық аудандардың топырақтары

  2. Таулы аудандардың топырақтары


1. Жазық аудандарының топырақтары. Табиғи зоналарға сәйкес қазақстанның жазық бөлігінде топырақтың бірнеше негізгі типтері бар: қара, қызғылт, қоңыр, сұр қоңыр және солтүстік күлгін топырақтар. Бұдан басқа азональды топырақтар кездеседі: сор,сОрталықаң,солот. Сонымен қатар интразональды топырақтар да кең тараған. Олар негізінен өзен аңғарындағы шалғынды топырақ түрінде кездеседі. Азональды және интразональды топырақтар Қазақстанның барлық табиғи зоналарында аралдар ретінде шашылып орналасқан.

Қара топырақ. Қазақстанның солтүстік бөлігін алып жатыр. ( Республика жер қорының 7,2% алып жатыр. Қара топырақ типтері бірнеше подтиптерге бөлінеді: Орталықаша гумусты (кәдімгі қара топырақ), Орталықаша гумусты сОрталықаңды, аз гумусты (оңтүстік қара топырақ) және аз гумусты сОрталықаң. Кәдімгі қара топырақтың жоғарғы қабатының түсі қара болады, гумустың құрамы 6-8% құрайды. Бұл топырақтар суарылмайтын егістік жағдайында ең жақсы жыртуға жарамды жерлер болып табылады. Гумустылығы аз қара топырақтар бұрынғы Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облысының оңтүстік ауданын алып жатыр. Олардың гумус құрамы 4-7%. қалыңдығы 40-50 см. Қызғылт топырақтар Қазақтың ұсақ шоқысының, Каспий маңы ойпаты, Тұран төрткүл елі және т.б.таралған. Шамамен 48°с.е.бойынша тараған. Республика жер қорының 37% құрайды. Күңгірт және ашық қызғылт болып бөлінеді. Түсі қоңыр немесе қызғылт болады. Күңгірт қызыл топырақтың гумус құрамы 3-4,5%. қалыңдығы 35-45 см. Ашық қызғылт топырақтар күңгірт қызғылт топырақтан оңтүстікке қарай біршама құрғақ аудандарға тән. Олардың гумус құрамы 2-3%, қалыңдығы 25-30 см. Ашық қызғылт топырақтар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Қоңыр және сұр қоңыр топырақтар 2 зонаға тән: шөлейт шөл зоналарының солтүстік бөлігі. Олардың ауданы Қазақстанның жер қорының 32% құрайды. Бұл топырақтар климаттың өте құрғақ жағдайында қалыптасқандықтан гумус құрамы өте аз. Қоңыр топырақтар ашық қызғылт топырақтарға оңтүстіктен келіп қосылады және олардан түсі бойынша ерекшеленеді. Гумус құрамы 2% шамасында, бұл топырақтар сОрталықаң болып келеді. Сұр қоңыр топырақтар 10-20 см тереңдікте тығыз қоңыр қабаттың және гипс қабаттың болуымен ерекшеленеді. Бұл топырақтар жайылым ретінде пайдаланылады.



2. Таулы топырақтың топырақтары. Таулы топырақтың түрлері: таулы орманды, таулы шалғынды, таулы тундралы. Ең төменгі топырақ белдеуі ашық күлгін болады. Олар оңтүстік Қазақстанның аласа тауалды жазықтарында кездеседі. Олардың гумус құрамы 0,7-1,5%,карбонатты қабаты 15-20см тереңдікте жатыр. Лессті тауалды облысында осыған ұқсас күлгін топырақтар дамиды, оар ашық күлгіннен гумустың көп болуымен ерекшеленеді (3-3,5%).

Таулы қызғылт топырақтар. Атмосфералық жауын-шашына 300-400мм асатын аудандарда кездеседі. Бұл топырақтың түсі қоңыр, гумусқабатының қалыңдығы 35-40см, гумустың құрамы 3,5-4,5%.

Таулы қара топырақтар. Әдетте әр түрлі шөптесін бұталы далаларда және қызғылт топырақтың үстінде кездеседі. Олардың гумус қабаты 60-70см. Таулы қара топырақтар жыртуға ең қолайлы жерлерге жатады.

Таулы орманды (сұр түсті) топырақтар. Тянь -Шань, Жоңғар Алатауының солтүстік экспозициялардың беткейлері бойынша жапырақты және шыршалы орманның астында дамиды. Гумустың құрамы 4-6%. Алтайда көктерек, қайың ормандарының астында сұр топырақтар, ал пихталы, кедрлі тайганың астында таулы күлгін топырақтар орналасқан.

Республикада кең тараған топырақтың бірі- таулы шалғынды. Олар өзінің сырт көрінісі бойынша таулы қара топыраққа ұқсас, бірақ оларда карбонат қабаты болмайды және өте тереңде орналасқан. Таулы шалғынды топырақтың жоғарғы қабатында биік шөптесін шалғынның астында гумустың құрамы 15-20%, ал альпілік шалғынныңастында 10-12%.

Таулы тундралы топырақтар. Таулы тундралы топырақтың қалыңдығы өте аз 30-40см және торфқа бай болады.



11Рл Кәдімгі қара топырақ

Оңтүстік қара топырақ
Күңгірт қызғылт топырақ
Ашық қызғылт топырақ

Қоңыр топырақ


Сұр топырақ

8 дәріс тақырыбы: Өсімдік жамылғысы, өсімдіктердің зерттелу тарихы


Сабақтың жоспары:

1. Қазақстан өсімдіктер флорасының зерттелу тарихы

2. Қазақстан өсімдік жамылғысының зоналық таралуы

1. Қазақстан жерінің өсімдіктер байлығы туралы ғылыми мәліметтері жоқтың қасы еді. Қазақ жеріндегі орман-тоғайдың табиғи байлығы сол аймақтағы рудың әкімшілік меншігінде болып есептелінді де, олар өздерінің керегіне қарай пайдаланып отырды. Ағашты отқа жағу, үй, қора-қопсылар жасау орман-тоғай алқаптарына онша зиян келтіре қойған емес. Бірақ Қазақстаи жеріндегі ормандар қорына тасқын, өрт сияқты апаттар өте зор зиян келтіріп отырды. Соның салдарынан орман-тоғайлардың көлемі азайып, сапасы төмендеп, сиреп кетті.

Орыстың география қоғамы мен оның мүше ғалымдары қазақ жерінде өскен өсімдіктерді зерттеуге көп күш те, қаржы да жұмсағаны белгілі. Сол зерттеулер өзінің маңызын күні бүгінге дейін жоймағанын тарихтан көруге болады. 1912 жылы Шығыс Қазақстан өлкесін зерттеген Б. А. Келлер де оның өсімдіктерін жан-жақты сипаттап, картаға түсірді. 1913 жылы В. Крюгер Ертіс бойымен жүріп отырып, жолында кездескен өімдіктердің түрлерін жазып кетті. Ал бұлардан көп бұрын 1856 жылы қазақ жерінің өсімдіктерін тұңғыш рет зерттеп, әрі жан-жақты ботаникалық талдау жасаған және өзі көрген өсімдік байлығын жазып калдырған қазақтың тұңғыш ғалымы Шокан Уәлиханов еді.

Шоқанның айтқанын дәлелдей түсетін одан кейінгі зерттеушілердің қалдырған бірнеше еңбектері бар. Мысалы, 1912 жылы Шығыс Казақстанның есімдіктерін зерттей жүріп Марқакөлдегі қалың орман-тоғайлы алқаптарға академик Б. А. Келлер кез болады. Оны ол қызыға жазады. Ол кезде ит тұмсығы өтпейтін ну орман ағаштары өскенін айтады. Осы уақытта ол жердегі жағдайлар басқаша. Тарихи материалдарға қарағанда, біздің қазақ елінін барлық өзендері мен көлдерінің бойлары қалың орман-тоғай, қамыс-құрақ және басқадай пайдалы өсімдіктерге бай болған. Шығыстан Солтүстікке, одан Орталықалық Қазақстанның Целиноград қаласына дейін сыңсыған орман мен тоғайлар бір-бірімен ұласып жатқан. Орал, Жайық, Арыс, Іле, Кеңгір, Сарысу, Нұра өзендерінің жағалаулары қалың тал мен қамысқа толы болған.

Олардың араларында жабайы аңдар мен құстар, әсіресе кейінгі кезде тұқымы жойылып кеткен жолбарыстар мен жабайы шошқалар да кеп мекендегені байқалады.

Қазіргі кезде ғылымның дамуы көптеген бағыттардың пайда болуымен сипатталынады. Биогеоценоздағы өнімділік процесстердің заңдылықтарын білу негізінде өсімдік және топырақ жамылғысының биосфералық функциясын сақтауға мүмкіндік туады. Биогеоценоз компоненттерінің өзара әрекеттесуін зерттеуді, тереңдетудегі маңызды рөлді-ботаник, топырақтанушы, биолог және географ, сонымен қатар өзге де көптеген мамандар атқарады.

Соның ішінде негізгі, өзінің қажеттілігін дәлелдеген, көптеген фундаментальды сұрақтарға жауап берген - «Өсімдік-топырақ» жүйесіндегі процесстердің алмасуын оқу міндеттемесі болып табылады.

2. Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.

Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғғалдың Орталықаша жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн ( республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі , Терістіктегі Ресей жерінде.

Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір провинциясында кездесетін кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара топырағы.

Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сОрталықаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4,3%-алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары –кәдімгі Орталықагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық Орталықа есеппен он жылда бір рет қайталанады.

Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сОрталықаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр.

Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. БҰл аймақта Павлодар облысының көп жері , Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан.

Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сОрталықаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына Орталықаша есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды.

Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер: Баялыш –алабұта тұқымдасының сараң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40-100 см, ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тақыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.

Жусан –күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер не шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде –шөл, шөлейт далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1,5-2 м барады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді. Шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіріп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілде-қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі –тұқымша, жусанның 17 түрі-сирек кездесетін эндемик түрге жатады. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі дәрмененің ерекше мәні бар. Жусан-құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуын, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік.

Изен –алабұта тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық бұталық өсімдік. Жер шарына кең тараған 30-ға жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Сор, сОрталықаң, тасты, шөлдерде өседі. Сабағының биіктігі 10-100 см, гүлдері гүлжапырақсыз, қосжынысты, 5 мүшелі, 2-4 тен топтасып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты .Аталығы-бесеу Қазақстанда кең тараған түрі-кәдімгі изен. Қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10-75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташық. Тұқымы –сопақша дән. Изен бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 гектардан 6,2-9,8 ц пішен түседі. Гүлдеген кезде құрамында 8,4-17,5 процент протеин, 24,2-37,9 процент жасұнық, 3,5-4,3 процент май болады. Жемісі мен тұқымында 34,9 процент протеин, 8,2 процент май, 16,3 процент жасұнық бар Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға, отынға пайдаланылады. Изеннің кейбір түрлері әлемдік өсімдік ретінде өсіріледі.

Ақ таспа –бұршақ тұқымдасының таспа туысына жататын бұта. Сирек кездесетін өсімдік. Қазақстанда Каспий, Арал маңында, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм өңірлерінде Балқаш –Алакөл ойысында Іле Алатауындағы құмды және құмды сазды жерлерді, бұталар арасында өседі. Биіктігі 60-100 см, жапырағы ұзынша келген 1-2 жұптан тұрады, ұзындығы 2-5 см. Гүлі қызғылт түсті, дәні қоңыр. Сәуір-маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Ақ таспа өте пайдалы өсімдік. Сәуір айында оның құрамында 26,1 протеин, 5 процент май, 12 процент күл, 18 процент клетчатка болады. Ақ таспа-құнарлы мал азығы 1 га алқаптан 3,3 ц шөп жинауға болады. Өзен жағалауларын бекітіп, құм тоқтату үшін де өсіріледі. Ақ таспаны жазғытұрым және жаздың басында мал сүйсініп жейді.

Қылша – қылша тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар. Қазақстанда Балқаш Алакөл ойысында , Қаратау сілемесінде, Жетісу, Теріскей, Іле Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар. Биіктігі 2-7 см-ден 1-8 м-ге дейін жетеді. Сабағы бұтақты, жапырағы қабыршақ не жіп пішінді. Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады, аналығы 1-3 бүрлі. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс салады. Жемісі сары, қызыл түсті, шырынды жидек, етті миуа, құрамында С витамині бар, жеуге жарамды. Қылшадан дәрілік зат эфедрин, алколоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар бар. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша (кузмич шөбі), қырықбуын қылша, қызыл тамырлы қылша түрлері жатады.

Қоянсүйек – бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұталар, кейде ағаштар. Қазақстанда 6 түрі өседі. Ең көп тараған түрі –ақшыл қоянсүйек, биіктігі 30-150 см. Жапырақтарының сағақтары жапырақшаларымен бірдей, ұшы тікенекті, қосалқы жапырақтары үшкір, ұсақ, көбінесе қурап түсіп қалады. Жапырақтары дара, ұзынша, сопақ ұзындығы 10-25 мм, ені 4-10 мм, екі беті де жібектей жұмсақ, аппақ, қалың түкті. Гүлі қара күлгін, гүлшоғыры қоңырқай сары түсті. Мамырда гүлдеп, маусы-шілдеде жеміс салады. Бұршағы ұзынша 18-20 мм, тықыр, кейде түкті болады. Қоянсүйекті гүл әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі. Сондай-ақ құм тоқтату үшін пайдаланылады.

Еркек шөп - астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында өседі. Биіктігі 25-70 см, сабағы түкті, кейде жылтыр, жіңішке жапырағы таспа тәрізді. 10 түкті гүлі болады. Гүлшоғыры-масақ, жемісі сопақша дәнек. Маусы айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Еркек шөп құнарлы мал азығы, оны басқа өсімдіктермен қосып егеді. Масақ салған соң жылына бір рет оралады. 3-4 жылдан соң өсімдігі жақсара түседі. 100 кг пішенінде 48,7 процент азық өнімдері, 3,3-4,1 кг сіңімді протеин бар, бір гектардан 12-20 ц пішін, 40-50 ц көк шөп, 3-4 ц тұқым алынады.

Теріскен – алабұта тұқымдасының бір туысы, бұта не шала бұта. Жапырақтары жалпақ, жасбұталары, жапырақтары түкті. Гүлі ұсақ, бір үйлі, аталық гүлі масақ тәрізді гүл шоғырларына, аналық гүлі жапырақ қолтығына шоғырлана орналасқан. Тұқымы ұсақ, Азия, Европада, Африканың солтүстік бөлігінде, Солтүстік Америкада таралған 1, бұдан ТМД-да 3, оның ішінде Қазақстанда екі түрі бар. Мүйіз теріскен биіктігі 40-100 см бұта не шала бұта. Далалық аймақта, тасты, тастақты беткейлерде, шөл жерлердегі суы тарылып қалатын өзен орналасуында және сОрталықаң жерлерде өседі. Эведсмон теріскені биіктігі 60-120 см, шала бұта, құмды шөл, шөлейт жерлерде өседі. Теріскеннің бұл екі түрі де шөлді жерлерде орынға пайдаланылады, түйе жейді.

Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатұандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу- таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.

Тау етегіндегі шөлді-далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың Орталықаша мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары-күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

Тау етегі шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі.

Орталықаша-таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы – далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін түседі. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі.

Биік таулы-шалғынды және шалғынды далалы белдеу-биік таулы аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа райы Орталықа таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері Орталықа таулы аймақтан аздау. Топырақтары-биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар.Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар және мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі.

Алтай мен Тарбағатайдың, Алатау мен Баянның тауларында өскен көк балауса шалғынға көктемде арықтап барған малдар бір айдың ішінде тез қоңданып, семіріп кетеді. Қазақ даласының боз кеделі жусан, тарлау, изен және тағы баска шөптеріне жайылған малдардың еті мен майының күштілігін айтсаңшы. Химиялық анализдерден өткізгенімізде табиғи өсімдіктердің химиялық құрамы суармалы жерде өскен шөптерден әлдеқайда артық еке нін көрсетті.

9дәріс тақырыбы: Жануарлар дүниесі


Сабақтың жоспары:

  1. Жануарлардың зерттеу тарихы.

  2. Жануарлар әлемінің қалыптасуының негізгі факторлары.

1. ХVIII ғасыр Орталықасында Қазақстан териториясында жануарлар дүниесін, зерттеу басталды ( П.И. Рычков, Г.И.Гиллейн, П.С.Паллас ) ХХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында зоологиялық зерттеулер негізінен сүтқоректілерге, құстарға, бауырымен жорғалаушыларға арналды. П.С.Паллас (1818ж.) алғаш рет жыртқыштардың 28 түрін, құстардың бірнеше ондаған түрлерін сипаттады. Жетісудың сүтқоректілері мен құстарды зерттеуде зоолог, саяхатшы Н.А.Северцов үлкен еңбек атқарған. Бұл зерттеудің нәтижелері оның <түркістан өлкесіне саяхат> монографиясында жазылды. П.П.Сушкиннің <Орталықа қырғыз даласының құстары> (Орал облысының Торғай және Шығыс бөліктері) кітап. Бұл үлкен маңызға ие. Қазақстан жануарлар дүниесін кешенді жоспарлы зерттеу ХХ ғасырдың 30-40 ж. ж. және 50-70ж. ж. жарқын көрініс берді. Осы кезеңде зоогеография < Қазақстаның жануарлар әлемі>, <Жетісудың сүтқоректілері> < Қазақстанның жыртқыштары>, (В.Н.Шнитников) <қазақстаның жануарлар әлемі> (Формозов), <Қазақстанның географиясы> ( Афанасьев).

Қазақстан жануарларын зерттеуде ҚазКССР-ң Ғылым академиясының зоолоргия институтының ғалымдарының жүргізген зерттеулері маңызды оқиға болды. Зерттеулер нәтижесінде көп томдық <Қазақстанның құстар монографиясы>, 5томдық <Қазақстанның балықтары>, 4 томдық <Қазақстанның сүтқоректілері>, <Қызыл кітабы> 4 баспасы жарық көрді.

2. Қазір Қазақстанның фаунасында орман және аңшылық шаруашылығының мәліметтері бойынеша омыртқалы жануарлардың 835 түрі, құстардың 396 түрі ел теритоорисында ұя салады. Ал қалғандары қыстауға ұшыпкетеді. Сүтқоректілердің 107 түрі оның ішінде 47 түрі ауланады, бауырымен жорғалаушылар, омыртқасыздардың100 мыңға, өзендер мен су айдындарында150 балық түрі мекен етеді.

Қазақстанда құстардың, қосмекенділердің, жәндіктердің эндемек түрлері мекн етеді. Қазақстанда көкөніс дақылдары мен дәнді дақылдарға зиян келтіретіндерден 611түрі, оңтүстікте шегірткенің 800 түрі, жапырақ битінің 150 түрі, совоктың 442 түрі белгілі. Картоптың жауы болып есептеледі. Шегіртке туралы алғашқы мәліметтер 1864 жылы табылған. Осы жылы аэиаттық шегірткелер Алматы облысының териториясында жайылымдықтарды, егістіктерді жойып жіберді. Шөлейттер мен шөлдерде адамдар мен жануарлар үшін өте қауіпті өрмекшілер, қарақұрт, сарышаян, тарантул мекен етеді.

Дала және шөл зонасында қосмекнділер мен жер құрттары сан жағынан аз болғанымен, терісі қалың жануарлар басым болып келеді. Кемірушілер дала және шөлді сүтқоректілердің нгегізгі массасын құрайды. Олардың сурки, суслик, песчанки, полевки, қосаяқтылар т.б

Қыс мезгілі жануарлары үшін қолайлы болып саналады. Себебі олар суыққа төзімді. Ал кішкентай жануарлар көптеген кемірушілер ұйқыға кетеді.(сурки, сушки, тушканчики). Климаттың континентігіне байланысты сүтқоректілердің ішінде қысқы ұйқыға кететін түрлері басым.

10 дәріс тақырыбы: Табиғат зоналары



Сабақтың жоспары:

  1. Қоңыржай белдеуінің дала ландшафттық зонасы

  2. Қоңыржай белдеуінің шөлейт ландшафттық зонасы

  3. Қоңыржай белдеуінің шөл ландшафттық зонасы

1. Дала зонасы Қазақстан территориясының 29% алып жатыр. Сондықтан шекаралары өте иреленег болып келеді. Оңтүстік шекарасы Мұғалжарға дейін, Торғай төрткүлінің солтүстік бөлігі, шығысқа қарай Теңіз-Қорғалжын көлдерінің оңтүстік жағалауы 50-510с.е..

Жер бедері.

Дала зонасының өзіндік ерекшелігі жазықтың басым болуы. Дала зонасының Зауралье үстіртінің шығыс жағындағы, Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігі, Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстігі енеді. Дала зонасында өзен аңғарлары, сайлар мен жыралар, ірі және ұсақ ойыстар, көл қазан шұңқырлары және т.б. жақсы дамыған. Жер бедері әр түрлі болуы далалы ауданының климаттық және топырақтық, гидрологиялық ерекшеліктеріне ықпал етеді. Мәселен, Қазақтың ұсақ шоқысы ауа массасының циркуляциясына әсер етеді. Осыдан ауа райы режимі, жауын-шашын мөлшері өзгереді. Ұсақ шоқы территториясында бұлтты күндер көп болады. Сондықтан құрғақшылық сирек байқалады.

Батыс Сібір ойпаты.

Батыс Сібір кең акуммулятивті жазықтық болып табылады. Сондықтан, бұл жердегі абсолюттік енуі солтүстікте - 100, оңтүстікте – 200 метр. Батыс Сібір ойпаты ағынсыз ойпаттар көп. Ойпанның жер бедерінің өзіндік ерекшелігі шағын ойыстардың кең таралуы, яғни диаметрі 100-ден 500-800 м дейін. Кей жерлерде жал тәрізді рельефтері кездеседі. Ені 1 км, ұзындығы 10-15 км дейін жетеді. Өзннің аңғарында құмды,аралдық массивтер көп. Олар Ертіс өзенінің аңғары жағында кең таралған.

Оралалды үстірті.

Батыс Сібір ойпаты Оралға дейін біртіндеп Оралалды үстіртіне айналады. Қазақстанның территориясына оның шығыс бөлігі кіреді. Рельефі жонды-төбелі, кей жерлерде сатыланып келеді. Абсолюттік биіктігі батысында – 280, шығысында – 220-240 м. Үстірт Тобыл өзенінің аңғарымен тілімденген. Көлдер аз.

Торғай төрткүлелі.

Орал және Қазақ ұсақ щоқысы арасында Торғай төрткүлені орналасқан. Оның палеозой кристалдық фундаменті өте тереңде жатыр. Оның үстінгі бөлігі мезозой-кайназой жыныстары жауып жатыр. Торғай төрткүлені жер бедері бойынша әр келкі. Мұнда Торғай үстірті және Торғай қолаты бөлінеді. Торғай алды жазығы Торғай елінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Абсолюттік биіктігі 220-230 м. Жазықты 2 ірі құмды массиві (Аманқарағай, Қазанбасы) ерекшелінеді. Торғай алды жазығының оңтүстігіне қарай Торғай үстірті орналасқан. Ол жазықтан жағалауы тік емес, бірақ биік саты арқылы бөлініп тұрады.

Торғай қолаты ең ірі эрозиялық-тектоникалық ойыс, ені – 15-30 метр, ұзындығы – 100-ген, тереңдігі – 150 метр.

Қазақтың ұсақ шоқысы (солтүстік бөлігі ғана). Жер бедері бойынша қыраттар, қазаншұнқырлыр, шоқы аралық төмен түскен жерлер бөлінеді. Шоқы аралық төмен түскен жерлер ұсақ шоқының 50% алып жатыр және жер игеруге қолайлы болып саналады. Абсолюттік биіктігі – 300-400 м. Жекелеген таулы массивтер Көкшетау, Имантау, Қарқаралы және т.б. (1000 метрге дейін). Беткейлері тік.

Климаты.

Дала зонасы орманды даламен салыстырғанда жылуының мөлшері артады, атмосфераның жылдық мөлшері азаяды және климаттың континентальдығы артады. Далалы аудандар құрғақ, шұғыл континентальды климат. Булану жаз мезгілінде атмосфералық жауын-шашыннан 3-7 есеге асып түседі. Климаттың континентальдығы жазға қарай артады, себебі Сібір антициклонының әсері басым. Барков өсінен оңтүстікке қарай орналасқан Қазақстан далаларында антициклондық ауа райы тән. Дала зонасында атмосфералық жауын-шашын 200-300 мм-ге дейін. Мұнда 60%-ы шілдеде. Орталықаша тәулік температурасы 100С жоғары. Температураның сумасы 20000 23000-қа дейін. Өніп-өсу кезеңі 170-180 күн. Дала зонасы климатының теріс жақтары ылғалдылықтың тұрақсыздығы және жеткіліксіздігі, топырақтың қатуы немесе тонуы.

Сулары. Өзендер.

Дала зонасының өзен жүйелері Ертіс өзен бассейініне жатады. Атмосфералық жауын-шашыннан буланудың көп болғанына байланысты өзендердің суы аз. Өзендер негізінен еріген қар суымен қоректенеді. Көптеген өзендер Сілеті, Шідерті, Түнтік т.б. өзендерінің суларын Ертіске дейін жеткізбейді. Сібір жазғының оңтүстік-батыс ағынсыз көлдерге құяды. Ертіске дейін тек Есіл мен Тобыл өзендері жетеді және жыл бойы суы сақталады. Негізгі артериясы болып табылады. Ертіс өзенінде Бұқтырма және Өскемен су қоймасында СЭС жұмыс жасайды. Судың лайлылығы 105-160 г\м3. Ертісте мұз қату 140-190 күн тұрады. Көктемгі мұз қату 5-8 күн. 3км га жерді суландыруға болады.

Көлдер.

Ауданы 1 км2асатын көлдер бірнеше жүзге жетеді. Көлдер мөлшері бойынша, қоректену режимі бойынша әр түрлі. Теңігіз-Қорғалжын, Қарасор, Сілеті, Теңіз және Құсмұрын т.б. Тұзды көлдер Сілетітеңіз, ауданы 985 км2, Теңіз көлінің ауданы 1500 км2.



Дала зонасында грунттық сулар тереңде орналасады 10-20 метр және менералданған болып келеді. Сайларда, жыраларда, ойыстарда шығып жатыр. Ұсақ шоқы территориясында құмды жарықшақты сулар кең таралған. Дала зонасының пластық сулары тұзды болып келеді.

Жануарлар әлемі.

Жануарлар дүниесі орманды далаға қарағанда шөлейт зонасына жақын. Мұнда Қазақстанның дала дала типті жануарлары көп: үлкен борсық, суыр, дала тышқаны, т.б.. Орманды дала зонасының жануарлары: орман тышқаны, қоян. Ал шөлді зонаның жануарлар түріне: үлкен қосаяқ, көртышқан. Орманды дала зонасының типтес жануарлары бұталарда, қарағайлы ормандарда, өзен жағалауларында, тоғайларда мекен етеді.

Өсімдіктерден: боз, бетеге, тырса, лессинг, боз басым.

2. Шөлейт зонасы дала мен шөл аралығындағы өтпелі зона. Ол батыста кең жолақты болса, шығысқа қарай тарыла түседі. Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстігін және Торғай төрткүленінің Орталықа бөлігін, Каспий ойпатының Орталықа бөлігін алып жатыр. Солтүстік шығыс 510с.е., оңтүстік шекарасы 47-480с.е. аралығында орналасқан. Шөлейт зонасының өзіндік ерекшелігі оның ландшафтының әр түрлілігі. Шөлейт зонасына құрғақ және шұғыл континентті климат тән. Топырағы ашық қызғылт және қоңыр, гумысы кедей, төмен түскен участкілерде сорлар мен сОрталықаңдар көп. Бетегелі жусан өсімдіктер өседі.

Жер бедері.

Каспий маңы ойпаты тұсындағы шөлейт зонасы аздап толқынды, жазық болып келеді. Абсолюттік биіктігі 150-160 мерт, шөлейт зонасы тұсындағы Қазақ шоқысының биіктігі 350-400 метр. Жекелеген қырлар мен аласа таулардың биіктігі Шыңғыстау, Қызылрай 800 м жетеді.

Климаты.


Күн радиациясы мөлшерінің көп болуымен, атмосфералық жауын-шашынның аздығымен ерекшелінгеді. Солтүстік аудандарда жаз мезгілінде булану 10-15 есеге артады. Күн сәулесінің Орталықаша түсу ұзақтығы 2600 сағ.жылына. Орталықаша жылдық температурасы батыста +6-80С, шығыста +3-50С. Өсіп-өну ұзақтығы 180-200 күн батыста, Орталықалықта және шығыста 170-190 күн. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 280 мм аспайды. Шөлге қарай 150 мм. Жылдың жылы мезгілінде жауын-шашын көп, мамыр-маусым айларында жауын-шашын мөлшрінің максимум мөлшері түседі. Қаңтардағы Орталықаша температура батыста – 120С, шығыста – 200С. Шілденің Орталықаша температурасы шығыста +18-220С, батыста +23-250С.

Ішкі сулары.

Шөлейт зонасының өзендері гидрографиялық жағынан ішкі ағынсыз облысына жатады. Өзендер желісі аз және суының аздығымен ерекшелінеді. Ірі өзендері Сарысу, Аягөз, Торғай, Ойыл, Сағыс, Жайық және Жем.

Жайық өзені негізінен қар суымен қоректенеді. Тасуы сәуірдің Орталықасында басталады. Суы 7 метрге дейін көтеріледі. Тасу кезінде ағыстың жылдамдығы 8 км-ге дейін жетеді. Суы өте лайлы. Қарашаның екінші жартысынан бастап Жайық өзенің мұз басады. Мұздан сәуірдің Орталықасында босайды. Орал және Атырау қалаларының арасында өзен кемесі жүзеді. Өзенде балықтың 50-ден астам түрі бар.

Жем (Ембі) Оралдан кейін екінші үлкен өзен. Басым бөлігі шөлейт зонасынан ағып өтеді. Ұзындығы 647 км. Жем өзені бастауын Мұғалжардағы бұлақтардан алады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Жемнің аңғарында сорлар, қалдық көлдер өте көп. Өзеннің суы Каспийге көктем мезгілінде жетеді. Ал жаз мезгілінде су азайып, құм басып кетеді.

Көлдер.


Көлдер әсіресе Торғай төрткүленінде көп. Ең ірісі Шалқартеңіз 1800 км2. Қазір оның суы кеуіп сорға айналған. Суы өте тұзды, ішуге жарамсыз. Қазақстан шөлейтіндегі ең ірі көл Зайсан. Өзі аттас қазақшұңқырда 368 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Ағынды көл, Ертіс өзені ағып шығады. Қыста қатады. Ертіс өзеніңде Бұқтырма СЭС салынуына байланысты көлдің суы су қоймасымен қосылып жатыр. Шөлейт зонасы көлдерінің негізгі ерекшелігі: таяз болуы, көктем кезінде су деңгейінің тез көтерілуімен және тез түсуімен, жаз мезгілінде шағын көлдердің кеуіп қалуымен. Бірқатар көлдерде, мәселен, Индер, Өзен, Еділ, Жайық және т.б ас тұзының үлкен мөлшері және минералдық, емдік балшықтар бар.

Жер асты сулары.

Дала зонасына қарағанда терең орналасып, көбінесе тұзды болып келеді. Мысалы, Жайық және Жем өзені аралығындағы негізгі су көзі 100-120 тереңдікте артезиан сулары болып табылады. Торғай төрткүленіңде 100 метр биіктікте менирализация дірежесі және қысымы жоғары артезиан бассейіндері табылған.

Топырағы, өсімдік жамылғысы.

Зонаның топырағы ақшыл қызғылт. Қарашіріктің құрамы 2-3 %. Қарашірінді қабаты 20-30см. Ылғалдану мөлшері жеткіліксіз болғандықтан саздауытты болып келеді және тұздың жинақталу процессі жүреді. Зонаның басым бөлігінде сОрталықаңды қызғылт топырақтар басым. Зонаның оңтүстік шеткі аймағында қоңыр топырақ кездеседі.

Өсімдік қауымдастығы бетегелі жусады және жусанды солянчактар тобы түрлерінен тұрады. Шығыс және қызыл бетегесі кездеседі. Көктемде эферлер және эфемерондар өседі. Тұзды топырақтар мен сОрталықаңдарда қара жусан, сұр жусан, көкбек өседі. Өзен аңғарларында итмұрын, қараған, тасжірек өседі. Сонымен қатар жүзгүн және теріскен.

Жануарлары.

Дала және шөл жануарлары мекен етеді. Үлкен қосаяқ, құйрығы жуан қосаяқ, суыр, қалқанқұлақ кірпі, көртышқан, сайгак өмір сүреді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ.

3. Шөл зонасы шөлейт зонасынан оңтүстікке қарай орналасқан барлық жазық территорияны алып жатыр. Оңтүстіктен солтүстікке дейін 900 км-ге, шығыстан батысқа қарай 1200 км-ге созылады. Шөл зонасы республика аумағының 44%-ын алып жатыр. Солтүстік шекарасы 47°-48° солтүстік ендік аралығында өтеді. Шөл зонасы жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, буланушылықтың көптігімен, тәуліктік жылдық температураның күрт ауытқуымен, тұрақты жер үсті су ағыстарының болмауымен, температураның беткі қабатының тұздылығымен, өсімдік қауымдастығының аздығымен ерешеленеді. Ірі өзендердің аңғарларында жазиралар орналасқан. Бұл жерлерде егіншілік жақсы дамыған. Қазақстанның шөл зонасында жер бедерінің ерекшелігіне байланысты шөлдің бірнеше типі болады:

1. құмды


2. сазды

3. тасты


4. сор

5. лесс тәрізді сазды

Құмды шөлдер. Каспий теңізінен Тянь-Шань, Жетісу Алатауына дейінгі аумақта орналасқан Нарын, Арал маңы Қарақұм, Мойынқұм, Сары-Атырау, т.б. жатады. Құмды жер бедерінің Қазақстанда бірнеше түрлері кездеседі. Кең таралғандары: қырқылы (барханды төмпешікті құмдар). Қырқалы құмдардың ұзындығы бірнеше км –ге жетеді, ал биіктігі 50-70 м. Параллельді жатқан қырқалардың ара қашықтығы 10 м – 2 км одан да жоғары болады.

Сазды тасты шөлдер. Бетпақдала үстіртімен үстіртте кездеседі. Сазды бөліктер яғни тақырлар құмды шөлдердің ішінде де кездеседі. Тақырлар бұрынғы ірі өзендердің әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Құмды, сазды шөгінділерден құралған кең алқапты аллювиалды жазықтарда пайда болады. Тақырлардың сазды беткі бөлігі су өткізбейді. Сондықтан шөлдегі жауын-шашын кезінде таяз көлдерге айналады. 1-2 күннен кейін көл кеуіп, оның табаны тілімделіп қалады. Тақырлар тіршілігі жоқ шөлдердің бір түрі.

Сорлы шөлдер. Мұнда суы аз тұзды көлдер көп. Жаз мезгілінде кеуіп қалған кезде сорларға айналады. Сорлар сазды тасты шөлдермен араласып кетеді. Сорлар уақытша шалшықтармен көлдердің орнында жақсы дамиды. Тұздардың көп мөлшері шоғырланады. Тақырлардан айырмашылығы сорларда өсімдік өседі.

Тасты шөлдер(гаммада). Гаммадалар таулы жоталардың жазықтарында пайда болады. Тасты шөлдер төрткүл елдерде жиі кездеседі. Орталықалық Қазақстанның шөлдерінде тасты шоқылар өте көп кездеседі. Жалпы көрінісі бойынша барлық гаммадалар қара шөлдер. Себебі, олардың беткі бөлігі жалаңаш болғандықтан, күнге күйіп, қара түске айналады.

Тасты шөлдер жауын және еріген қар суын жақсы сіңіреді, тереңге кетеді, сондықтан өсімдіктің тамырына жеткіліксіз болады.



Лесс тәрізді сазды шөлдер. Қазақстанның оңтүстік, солтүстігінде адырлар деп атайды, яғни шөгінді лесс тәрізді жыныстардан пайда болады, төбелі тауларды білдіреді.

Климаты. Шөлді зонаның өзіне тән ерекшелігі- құрғақшылық. 100-200 мм жауын-шашын. Жауынды күннің саны жылына 50-70 күн, дала зонасына қарағанда 2 есе аз, булану жауын-шашыннан 10-12 есе көп. Орталықаша температура тәулігіне 10°-тан жоғары. Күн суммасы өте жоғары 4000-4500°С. Жыл бойы ашық күндер көп. Вегетациялық кезең 220-240 күн.

Жаз. Температурасы өте жоғары болуымен, кейде 40-45° болады. Шілдеде солтүстігінде 23-25°, оңтүстігінде 30°. Жаз ауа райының тұрақтылығымен сипатталады. Жаздың ұзақтығы 150-170 күн. Атмосфералық жауын-шашынның 20-25% түседі.

Қыс. Қараша наурыздың соңы. Ең суық- қаңтар -5-15°, кейде -20°. Қыста түсетін жауын-шашын мөлшері 30-65°. Қар жамылғысының қалыңдығы 5-10 см. Жату ұзақтығы солтүстігінде 120, оңтүстігінде 35.

Көктем. Ұзаққа созылмайды, 1 айдан аспайды. Температураның тез көтерілуімен және ауа райының тұрақтылығымен сипатталады. Жауын-шашын 15-28.

Күз 2 ай, 1-ші жартысы- қыркүйек құрғақ, ашық және тылсым ауа райымен ерекшеленеді, ал 2-ші жартысы- қазанда жауын-шашын кезеңі басталады.

Ішкі сулары. Өзендер. Шөл зонасының өзіндік ерекшелігі оның ағынсыз болуы. Шөл арқылы ағын өзендер өзінің бастауын биік таулардан алады. Транзиттік өзендер (Сырдария, Іле, Қаратал, Шу) 100 км дейін ағып, барлық жерге ылғал әкеледі. Шөлдерге транзиттік өзендердің суы біртіндеп азаяды, буланады.

Балқаш бассейіннің ең үлкен өзені Іле өзені, суының 80% әкеледі. Іле өзені 2 өзеннің қосылуынан Күмбез және Текес пайда болды. Аралас қорғану типі. Су тасуы шілде-тамыз. Балықтары сазан, окунь.

Қапшағай СЭС, су қоймасы бар.

Шу- ірі халық шаруашылығында өте маңызды. Екі өзеннің қосылуынан пайда болды: Джузоннарг және Қошқар.

Жер асты сулары. Өте терең орналасқан жарықшалы сулары кең тараған, шөлдегі құдықтың суының дәмі ащы, тұзды. Тек мал суарымы үшін жарамды. Шөлді зоналарда тұщы және тұздылығының аз суының ірі бассейндері табылған. Өте тереңде жатады, температурасы +90°, өте жоғары.

11 дәріс тақырыбы: Физикалық-географиялық аудандастыру


Сабақтың жоспары:

  1. Физикалық географиялық аудандастыру тарихы және принциптері

  2. Физикалық географиялық аудандатырудың негізгі таксономиялық бірліктері

1. Физикалық-географиялық аудандастыру физикалық-географияның маңызды проблеманың бірі болып табылады.

Физикалық-географиялық аудандастыру – бұл табиғатты аудандастыру аумақтық физикалық-геогафиялық. Кешеннің бөліну жүйесі олар индивидуальдығымен және территорияның бір тұтастығымен ерекшелінеді Қазақстанның территорияның физикалық-географиялықрафиялық аудандастыру мәселелеріне көптеген енбектер арналған олардың ішіндегі ең алғашқылардың бірі Орталықа Азия кешенді физикалық-географиялық. Аудандастыруға талпыныс жасаған Л. С. Бергті айтуға болады. Оның еңбегі Сібір және Түркістанда Ландшафтық морфологиялық облыстарға бөлу тәрбиесі шыққан. Физикалық-географиялық. аудандастыру. Мәселелерін аудандар енбектер кенестік географиялар кенесіне тиесілі. Олар КСРО территориясының және Қазақстан территориясының аудандастырылуының көптеген сызбаларын ұсынғанын атап айтатын болсақ В.А. Федерович, Н.А. Гвоздетский, үкен үлес қосқан Чупахин болып табылады. Бұл мәселені ол өзінің «Қазақстанның табиғи аудандастырылуы» еңбегінде қарастырған, В.А. Чупахин таулы территориялардың физикалық-географиялық аудандаструдың теориялық сұрақтарына ерекше мән берген. Ол Қазақстанмен Орталықа Азиямен аудандастыру методикасының негізін жасаған, ол енбегін Орталықа Азия мен Қазақстанның биіктік зоналық геожүйелер деп аталады.

2. Физикалық-географиялық аудандастырудың негізгі токсономиялық бірлігі ел, облыс, провинция, аймақ болып табылады.

Физикалық-географиялық ел-азоналық аудандардың біршама кең тараған бірлігі болудың негізгі критерийлері. Морфоқұрлымның біртұтастығы және Қазақстанның тектоникалық қозғалыстардың басым тенденциялары. Макро рельефтің жалпы белгіері(ойпаттар, тау жүйелері) Климаттық ерекшеліктері ендік зоналық құрлымы (таб. Зоналық саны,таулы сипаты,табиғатының арнайы индуалдық белгілері) Физикалық-географиялық ел азоналық белгілері бойынша физикалық-географиялық зоналық географиялық облысқа бөледі.

Физикалық географиялық облыс-бір уақытта қалыптасатын ландшафтарда пайда болу жағын бір уақытқа келеді. Физикалық геогеографиялық облыс әр түрлі табиғат зоналық бөліктерін қамтуы мүмкін.

Таулы территорияларды физикалық географиялық аудандастыру кезінде бірқатар мәселелері болады. Оларды аудандастырудың негізгі биіктік белдеулік типі бойынша жүргізеді. Әр түрлі табиғат зонада неменсе бірнеше зона түйіскен таулы территория биіктік белдеулер бірнеше типі бойынша сипатталады. Таулардың тектоникалық орографиялық бөліктері физикалық географиялық елдер мен облыстар негізгі азоналық принциптер бойынша, ал провинциялар зоналық принцип бойынша бөлінеді.

Қазақстан территориясында 7ел 17облыс 44пров-ға бөлінеді.

Физикалық геогеографиялық аудандастырудың схемасы



Облыс

зона

подзона

провинция

ТТК

ЖАЗЫҚТЫ ТЕРРИТОРИЯЛАР

Батыс Сібір елі

  1. Тобыл Ертіс жазығы

Орм.дала




Есілдік

Орманды дала сосновые бары

дала

Қоңыр құрғақ

Қостанайлық

Қоңыр дала

Арбасарлық

Орталықалық Қазақстан елі

  1. Солт. Төменгі таулы қыраттар жазықтар

дала

Қоңыржай құрғақ қарағайлы орман

Кокшетаулық

Әрт бозды дала

Қоңыржай құрғақ

Атбасарлық

  1. Орталық. Төменргі таулы үсақ шоқысы жазықтар

Дала

Құрғақ сала

Теніз сары сулық

Қара таулы таулары

Қарағ. Құрғақ дала

Қаракөл баянауылдық

шөлейт




Үлоы таулық

Чертово к.

Шыңғыстық

  1. Оңт. жазықтық

шөлді

Солт. шөлді

Солт. Балқаш алды

Солт. Балқаш алды шөлі

Тұран елі

5.Торғай үстіртті жазықтары

Дала

Құрғақ дала

Солт. Торғай




шөлейтті




Оңт. Тоғай

6.Маңғыстау Үстіртті жазықты

шөлді

Орталық. шөлді

Манғыстаулық

Маңғыстау шөлдері

Үстіртті

7.Арал сырты : Сырдария ойпатты жазықтары

Шөлді

Солт. Шөлді

Сырдариялық

Кіші Борсық құмдары



Солт. Арал маңы

Тпа0 дала

Шығ. Арал маңы

Қызылқұмдық

Қалыптастық жазықты арал

8.Ш.Тұран үстіртті жазықтары

Шөлді

Солт. Шөлді

Батпақдала

Батпақдала шөлі

Оңт. шөлді

Мойынқұм

Шығыс Еуропа елі

9.Сырт Үстіртті жазықтар

далалы

Құрғақ далалы

Оңт. Сырт




10.Орал сырты :Үстірті







Хобдындық




11.Каспий маңы жазықтары

Далалық

Құрғақ далалы

Орал-електік




Шөлейтті




Узень-Ембілік

шөлді




Солт. Касп.маңы

ТАУЛЫ ТЕРРИТОРИЯЛАР

Орал елі

12. оңт.орал таулы

дала

Мұғалжарлық

Мұғалжарлы

Мұғалжар таулары

13.Таулы Алтай аласа жоғарғы таулы

дала

Алтайлы

Қалба аласа т. Кенді Алтай оңт.Алтай

Қалба Алтай

Орталықалық Азия елі

14.Сауыр –Тарбағатай аласа биік таулары

шөлейтті

Сауыр-Тарбағатай

Тарбағатайлық

Сауыр жота

Маңырақ-Сауырлық

Зайсан аралық жазықтары

15. қазақ жоңғарлық аласа биік таулары

шөлді

Жоңғарлы

Жоңғарлы

Жоңғар Алатауы

Барлық майлықтық

Барлық майлықтық

алакөлдік

алакөлдік

16. солтүстік Тянь-Шаньдық аласа биік таулар

шөлді

Солт. Т-Ш

Шу-Ілелік

Шу-Іле таулары

Кетмендік

Қырғыздық

Іле таулары

Ілелік жерлер

17.батыс Тянь-Шаньдық аласа биік иаулар

шөлді

Батыс Тянь-Шань

Талас тауы




Қаратау тауы

12 дәріс тақырыбы: Экологиялық жағдайы


Сабақтың жоспары:

  1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы

  2. Балқаш көлінің экологиялық ахуалы

  3. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы


1. Арал теңізі - Қазақстанның інжу -маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өндейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.



1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын -соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.



Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13 -20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орталықа Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе - тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орталықа Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі - жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орталықа Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше гылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:.

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

  5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтың болашақ алдындағы борышы.

2. Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Су айдынының ауданы — 501 мың км2, ұзындығы — 605 км, ені - 974 км аралығында. Балқаш - Алакөл су бассейнінде шамамен 52600 өзен мен уақытша су объектілері бар және 24000 астам көл және жасанды су объектілері бар. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу езендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің Орталықа ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуыда.

Іпе - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.



Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. "Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазаң, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын - мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. І999 жылы "Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы" атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.



Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын - сонды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

3. Каспий теңізі - жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі - 380 мың км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196 - 435 км аралықты қамтиды. Солтүстік - шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік - батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы Орталықасы. Мұнда "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі - бекіре түқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10 - 12 млн-ға жетеді.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820 - 1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 % - ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.

Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе - теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940 - 1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 % - ға, Жайықтан 24 % - ға, ал Теректен 60 % - ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3 - ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң - тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай - газ кешені, жүздеген елді.мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән Орталықақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында "Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау" тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестің мақсаты - Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз экожүесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

13 дәріс тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы


Сабақтың жоспары:

  1. Географиялық орны

  2. Геологиялық құрылысы, жер бедері

  3. Климаты, ішкі сулары

1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жағынан Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Шығыс Еуропа жазығы – аса ірі жазықтардың бірі. Бүкіл Еуропа бөлігінің шығысын алып жатқандықтан, мұны Шығыс Еуропа жазығы деп атайды. Бұл аймақ Мұғалжармен, Үстіртпен, Оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Қазақстандық Шығыс Еуропа жазығына Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті және Каспий маңы ойпаты жатады.

Қазақстан аумағына бұл үлкен жазықтың оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды үстірті атты географиялық аудандардан тұрады. Бәрінің тұғыры палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Олардың беті палеозой, мезозой, кайназой шөгінділерімен жабылған. Судан босап, ақырындап көтеріліп, осы күнгі қалпына келген. Континентті даму тұсында әрбір ауданның өзіндік жер бедері, топырағы мен өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Орал алды үстірті жоғарғы бор дәуірінен кейін, ал Жалпы Сырт палеоген теңізінің тартылуынан кейін қалыптасқан. Каспий маңы ойпаты соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана босаған. Бұл жерлердің теңіз бетінен жоғарылығы 300 метр шамасында, ауа алмасуы жағдайының ұқсастығы, солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі осы жерлерде континентті құрғақ климаттың орнығуына себеп болған.

2. Жалпы Сырт – Оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат. Қыраттың жер бедері Жайық өзеніне оң жақтан кеп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь және т.б. өзендердің арналарымен тілімденген. Қыраттың қазақстандық бөлігі, негізінен, бірімен –бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150 м) оңтүстікке қарай (60-70 м) ылдилап, аласара береді.

Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс беті 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік батысқа қарай аласырады (100-150м).

Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті Каспий теңізінің аралығына орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат – жекелеген жоталар мен өзен бойларында қақ, сорлар, құмды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті – теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұңда тұз күмбездері ұшырайды, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар (Деркөл, Көшім, Үлкенөзен және Кішіөзен, Шежін бірінші және екішні Шежін, Шідерті, Жымпиты, Қалдығайты және т.б.) ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көдер де бар. Каспий маңы ойпаты бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. Өткен ғасырдың 70 жылдарының өзінде Доссор мен Мақат мұнай кеніштері орналасқан Тентек соры су астында жатқан. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан 30 жылдары ғана босаған. Теңіз табаны судан біртіндеп босап, құрғап, ойпатқа айналған. Жер асты сулары тұщыланған. Ойпаттың қазіргі жер бедерінің пішіні, топырағы мен өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Алайда ойпаттың оңтүстігінде 60 мың км2 жерді алып жатқан құмды аймақ (Қарақұм) бар. Жел бұл өлкенің жастығына қарамай, жер бетін құрғатып, өсімдігі сирек шөлге айналдырған. Ондағы құм төбелерді бэр төбешіктері деп атайды.

Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы казбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі.

3. Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың Орталықаша температурасы солтүстігінде -15°С, оңтүстігінде -8°С. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40°С-ка дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады. Жазы ыстық, капырык, шілденің Орталықаша температурасы 22°-24°С. Аңызғак желдер жиі соғады. Жауын-шашынның Орталықаша мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.

Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері - Жайық, Ойыл, Жем. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік беткейінен басталып, Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300-500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондаған км-ге жайылып, кең жайылымдар мен ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайлар, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

Ойыл (ұзындығы 800 км) - Жайық өзенінің бір саласы. Ол да Орал тауынан басталып, Жайыққа құйған. Кейінгі жылдары шаруашылыққа суын көбірек пайдаланудан жазда арнасы құрғап, Жайыққа жетпей қалып жүр. Негізінен, қар суымен қоректенеді. Суы егістікке, жайылымға пайдаланылады.

Жем (ұзындығы 712 м) Мұғалжар тауының батыс беткейінен бастау алады. Каспий теңізіне құяды. Соңғы жылдары ол да теңізге 50-60 км жетпей тартылып калады. Қар суымен қоректенеді.

Көлдердің ең үлкені - Каспий теңізі. Ол аумағының үлкендігіне байланысты теңіз деп аталады. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстанға көлдің солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай.

Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігінің табиғи кешені дала, щөлейт және шөл зоналары айқын бөлінеді. Әрбір зона өзіне тән өсімдік және жануарлар әлемімен ерекшелінеді.

Жазықтың Жалпы Сырт және Орал алды қыраты шекарасы – бұл перисті және қызғылт ақселеу далалары. Каспийдің солтүстігіне қарай жусанды дала орналасқан. Мұнда типчак, перие ақселеуі және т.б. Ағаштардан аққайың, үйеңкі, дала акациясы, товолга өседі.

Каспий маңы ойпаты мен Орал алды солтүстік бөлігінде шөлейт зонасы өтеді. Шөлейттің негізгі топырағы – ақшыл қоңыр. Өсімдік жамылғысы дала дәндері мен жусаннан, сонымен қатар сОрталықанды өсімдік топтарынан тұрады.

Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде шөл зонасы жатыр. Сор және сОрталықанды топырақтар басым. Өсімдік жамылғысы жусан және сОрталықанды түрлерден тұрады. Құмды шөлдерде жүзкүн, құмды акация, теріскен, үлкен қара сексеуіл өседі.

Жануалар әлеміне еуропалық фауна үлкен әсерін тигізеді. Каспийдің солтүстігінде батыс түрлермен (орман суыры, қара сасықкүзен, жанат, су егеуқұйрығы) қатар, қазақ далаларына ғана тән жануарлар да кездеседі. Каспий теңізі бекіре, севрюг балығына өте бай. Каспий теңізінің бағалы жануары каспий итбалығы болып саналады. Теңіз жағалауларын өте көп құс түрлері мекендейді. Шөл, шөлейттерде джейран, түлкі, қалқанқұлақ кірпі, тышқан, қосаяқ тіршілік етеді.

Мұнай кең орындарының жаппай игерілетін аудандарда экологиялық проблемалар орын алады. Бұл проблемаларды шешу үшін мұнай және газ өңдеу технологияларын жетілдіріп, судың және ауаның ластануы, ақаба суларды тазарту және пайдалану мәселесін шешу. Орман алқаптарын кеңейту, егіншілікке жарамды жерлерді тазартып, шөлейт жерлердің өсімдік жамылғысын жақсарту.

14 дәріс тақырыбы: Оңтүстік Орал таулы аймағы
Сабақтың жоспары:


  1. Географиялық орны

  2. Пайдалы қазбалары

  3. Климаты, су қоры

  4. Өсімдіктері мен жануарлары

1. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, Орталықаша биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657м),  Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.

2. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да,Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктаскарбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.

3. Мұғалжар тауының қойнауы никелькобальтхромитмыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде ХромиттауНикельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.

4. Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның Орталықаша мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (ЖемЫрғызОрТобылТалды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.

5. Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеукөдежусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терекқайыңемен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. СОрталықаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу,көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкенқоянқарсаққасқыртүлкісарышұнақаламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққуқазүйрек, қырда безгелдек кездеседі.

15 дәріс тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы


Сабақтың жоспары:

1 Географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.

2. Климаты, өзендері мен көлдері

3 Өсімдіктері мен жануарлары


1. Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.

Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде - 100 м. Солтүстік Қазақ жазығы палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптаскан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңкырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі.

Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді. Олар - Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл-Обағанның жазық даласы, Есіл-Ертіс даласы және Ертіс-құлынды жазығы.

Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзенінің екі жағын жағалай, Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық сазды жыныстардан түзілген, бетін континенттік, әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топыракты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары негізінен қайың мен теректен тұрады.

'Тобыл-Обағанның жазық даласы батысында Орал Сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке карай аласарады. Жазық саздардан түзілген. Оның бетін (неогеннің және плиоцен) жыныстары жапқан. Оның аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз. Оның ең үлкені – Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жері қара топырақты, шалғынды.

'Есіл - Ертіс даласы Есіл - қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының Орталықасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзіліп, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені – Шағалалытеңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағында жазық даланың бетінде ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км-ге, биіктігі 15 м-ге жететін үлкен жалды-қырқа жатыр.

Ертіс - Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қара коңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзенінің жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Бірінші (сОрталықаң топырақты) және екінші террас өзен деңгейінен 4 - б-дан 15-18 м-ге дейін биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 20-25 км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м, негізінен сол жақ жағалауға орналасқан. Ол катпарлы, ұсақ шоқылы өлкемен жалғасады. Бұл беткей ұсак қиыршық, құмтасты болып келеді. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны (биіктігі 40-45 м) құрайды. Ол құмайт топырақты аллювийлік жазык, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар. Олардың ең үлкені - Жалаулы, Шүрексор көлдері. Жағаның екінші, үшінші террасаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге күйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан. Қазір бұл көлге Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілетітеңіз көліне Сілеті өзені құяды.
Солтүстік Қазақ жазығында пайдалы қазба байлықтары аз емес. Соколов-Сарыбай, қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудный қаласында байыту комбинаты жұмыс істейді. Әйет, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің мол қоры табылған. Хромит, боксит, кобальт кендері барланған. Құрылыс материалдарының да қоры мол

2. Бұл өлкенің климаты континенттігімен көзге түседі. Орталықа Азияның ыстық ауасы еркін енеді. Жауын-шашынның 60%-ына жуығы (350 мм) жаз айларында жауады. Шілденің Орталықаша температурасы 18°- 20°С, қаңтарда -17°-19°С. Арасында -30°-35°С-тык аязды күндер жиі болып тұрады. Қар қалың түседі, Орталықаша қалыңдығы 30-50 см-ге жетеді.

Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені - Ертіс. Обьтың сол саласы қытайдағы Монғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейіндегі мұздықтардан басталады. Ертіс өзенінің Солтүстік қазақ жазығында ағысы баяу. Омбы қаласына дейінгі 1000 км-ден астам бөлігінде Ертіске бірде-бір сала құймайды. Тобыл өзені құятын тұстан бастап Ертістің суы молайып, өзен арнасы бірнеше тармаққа бөлінеді. Омбы каласы тұсында өзен аңғарының ені 6 - 8 км болса, Тобылдан сағасына дейін онан да кеңейіп, 20-35 км-ге жетеді. Ертістің төменгі ағысындағы басты салалары: сол жағынан - Тобыл, Есіл, Вагай, Қоңды, оң жағынан - Омь, Тарта, Демьянка келіп құяды.

Есіл (Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 км-ден астам) - Сарыарқаның солтүстігіндегі Нияз тауынан басталып, Ертіске құяды. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Қыста қатады. Көктемде қатты тасиды. Арнасынан шығып, жағалауында кең жайылымдар жасайды. Жағасында бас қаламыз Астана орналасқан.

Тобыл (Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 800 км) оңтүстік Орал тауларынан басталып, Қазакстан жерін басып өтіп, Ертіске Ресей жерінде құяды. Суын шаруашылыққа пайдаланады. Шағын өзендерден Үй, Тоғызақ, Әйетп, Обаған, Шағалалы, Сілегпі, Өлеңті, Шідерті және т.б. жатады. Олардың көпшілігі қар суымен коректенеді де, жазда құрғап калады. Көктемде тасиды. Кейбірі Ертіске және оның салаларына құяды. Бұл өлкеде Құсмүрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Қызылқақ, Теке және т.б. ұсақ көлдер көп. Олардың сулары ащы келеді.

Солтүстік Қазақ жазығы орманды дала мен дала зоналарына кіреді. Топырақ жамылғысы оңтүстік кара топырақ пен лесс тәріздес саздың үстіне түзілген күңгірт қызыл-қоңыр топырақтан, бозды, бетегелі шөптесін өсімдіктерден тұрады. Қарабас пен қылтықсыз арпабас, ашық жасыл шатыр гүлді сәбізшөп жәнө басқа гүлдер өседі. Өзен аңғарларындағы аллювийлі cop мен сОрталықаң топырақта cop шөп, ылғалды шөптесін аралас қалың қамыс кездеседі. Орманды жерлер Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Онда ауданы кішілеу, далалық орман типі басым. Қайың мен көктерек шоқ-шоқ боп өсіп тұрады.

Жануарлар дүниесі де орман мен дала зонасын мекендейтін жануарлар түрлеріне ұқсас. Бұлан, елік, қоян, қарсақ, дала күзені, қасқыр, түлкі мекендейді, кемірушілерден сұр тышқан, дала ала қоржыны, аламан, саршұнақ сияқты түрлер тараған. Тундра жануарларының түрлері (тундра ақ кекілігі, өгіз шағала) кездеседі. Өткен ғасырларда Ертіс, Есіл өзендері аңғарын құндыз жайлаған, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай ормандарында таяу араға дейін аю болған. Қазір олар жоқ, ауып кеткен. Соңғы жылдары Бұландар мен Сібір еліктері де көзге сирек түседі. Өзендер мен көлдерде Солтүстік Америкадан әкелінген ондатр жерсіндірілген. Өлке сулы, нулы болғандықтан, құстар көп мекендейді. Су айдындарында аққу, қаз, үйрек, шағала ұшып-қонады. Далада тырна, дуадақ, бүркіт кездеседі. Орманды далаларда кәдімгі сарыторғай, қараторғай, шұбар шымшық сияқты еуропалық түрлер мен ақ құр, сұр құр, ақ тұмсық қарға, тоқылдақ, сұңқар, күйкентай және т.б. құстар ұя салады. Орман шетінде, далаларда бөдене, бұлдырық, безгелдек, шәукілдек ұшады. Қысқа қарай сұр және ақ кекіліктер келеді.

Табиғаты әсем, аң-жануарларға бай өлкенің табиғи ландшафтысын сақтау мақсатында түрлі қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Соның бірі - Наурызым қорығы. Бұл қорық 1959 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Солтүстік қазақ жазығы республиканың егіншілік дамыған аймақтарына жатады. Оның бірқатар жері тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде игерілген. Бірақ даланың сусыз өлкесі үнемі мол өнім бере бермейді. Орманды даладан басқа жерінде ылғал аз. Жылдық ылғалдың тапшылығы, топырақтың желдің әсерімен құрғауы, шаңды борандар жел эрозиясын туғызуда. Бұл - ауданның жер байлығын сақтау үшін белгілі шаралар қолданудың қажеттігін меңзейді.

16 дәріс тақырыбы: Қазақтың қатпарлы даласы


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет