Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп



бет2/11
Дата25.09.2019
өлшемі0,7 Mb.
#48859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Oқу бағдарламасы Математика Бастауыш мектеп 310316
Силлабус дисциплины «Основы высшей математики» на 2015 2016 учеб, Силлабус дисциплины «Основы высшей математики» на 2015 2016 учеб, Oқу бағдарламасы Математика Бастауыш мектеп 310316 , ашық сабақ аудан, ашық сабақ аудан, 14 практикалық сабақ

Әдебиеттер:


ОЖСӨЖ мазмұны: Оқыту жоспарларының (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) ұтымды және осал тұстары

СӨЖ мазмұны: Оқу мақсатына сәйкес күтілетін нәтижелерді анықтау

Әдебиеттер:



5 кредит сағат

2дәріс



Дәріс тақырыбы: Қысқа мерзімді жоспар

Дәріс мазмұны:

  1. Қысқа мерзімді жоспар

  2. Сабаққа негізделген оқу мақсаты 

  3. Сабақ мақсаттары

  4. Бағалау критерийлері

  5. Тілдік мақсаттар

  6. Сабақ барысы

  7. Сабақты ресурспен қамтамасыз ету.

  8. Рефлексия

Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады: - сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.

Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?

Барлық оқушылар:   Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.

Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.

Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.

Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.

Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым

Ресурстар. Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз, флипчарт, маркерлер, желім, скотч, қайшы, т.б.) көрсетпей, мазмұндық материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ мақсатына жетуге көмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек көздері, мәтіндерді (мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокөрсетілімдер, слайдтар және басқа да ақпарат көздерін жатқызуға болады. 

Мұғалімнің ең басты міндеті - өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.

Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



ОЖСӨЖ мазмұны: Саралап оқыту-әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді қолдану үдерісі

СӨЖ мазмұны: Дайын қысқа мерзімді жоспарларды талдау

Әдебиеттер:


  1. Сарбасова Қ.А., Сарбасова Қ.А. Математикадан дәстүрлі емес сабақтар. - Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2005. - 87 б. 25.

  2. Сарбасова Қ.А. Сарбасова Қ.А., Омарбекова А.И. Математика пәнінен ашық сабақтар. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №322, 14.10.2005 ж.

  3. Қысқа мерзімді жоспарлар http://smk.edu.kz

  4. Истомина Н.Б. Методика обучения математике в начальных классах. – М.,2000

  5. Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. «Бастауыш сынып мұғалімдерін математиканы оқытуға даярлау» (электронды оқулық). - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - № 207, 11 тамыз 2004 ж.

  6. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы, үшінші басылым,  «НЗМ» ДББҰ, 2012

  7. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014. – 360 бет.              

6 кредит сағат

1 Практикалық сабақ



Практикалық сабақ тақырыбы: «Математика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Практикалық сабақ мазмұны:

  • Оқулықтың құрылымы мен мазмұнымен танысу

  • Жұмыс дәптерінің мазмұнымен танысу

  • Мұұғалімге арналған нұсқаулықпен танысу

ОЖСӨЖ мазмұны: Оқыту жоспарларының (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) ұтымды және осал тұстары

СӨЖ мазмұны: Оқу мақсатына сәйкес күтілетін нәтижелерді анықтау

Әдебиеттер:



  1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқу құралы: / Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орлова, Н.В.Лебедева т.б. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,2016

  2. Оспанов Т.К. және т.б. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математикасны оқыту әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2005. - 256 б.

  3. http://smk.edu.kz

Бұл оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясымен, жоғары оқу орындарының ғалымдарымен және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп әзірлеген



Мазмұн

2. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер 14

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді 14

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар: 14

- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау; 14

- жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану; 14

- проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; 14

- оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау; 14

- оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру; 14

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту. 14

Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері: 14

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру; 14

- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту; 14

- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 14

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс; 14

- бірін-бірі оқыту; 14

- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану; 14

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру; 14

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия). 14

4.2. «Математика» пәнінің мазмұны 19

4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі 20





Түсіндірме
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады

Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады

Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

Оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізі болып табылатын тұжырымдамалық ережелер мен идеялар сурет түрінде визуалды берілді (1-қосымша). Суреттің ортасында құндылықтар мектепте берілетін білімнің мазмұндық және іс жүргізу аспектілерін анықтаудың негізгі бағыты ретінде, сонан соң кең ауқымды дағдылар мектепті бітірген кездегі нәтижелер ретінде берілген. Келесі шеңберде білім салалары білім беру мазмұнының функционалдық толыққандылығының көрсеткіші ретінде берілген. Соңғы шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.




  1. «Математика» пәнінің мақсаты мен міндеттері

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .

Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:

• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

• сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

• өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

• түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

• коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

• ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет