БАҒдарламасы өскемен қ., 2015 жыл Паспорт



бет2/8
Дата08.06.2018
өлшемі2,82 Mb.
#41491
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8


2. Ағымдағы жағдайды талдау

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауларын орындау үшін әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында бекітілген негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған және облыстың барлық өңірлерінің тең дәрежеде дамуы, өсім нүктесін қалыптастыру үшін жүргізіліп отырған саясаттын логикалық жалғасы болып табылады. Құжат облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және қалыпты дамуы есебінен әртараптандыру және бәсекелестікті жоғарылату арқылы экономиканың өсімін қалыптастыруға бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Бәсекелестікті жоғарылату стратегиясының, экономика салаларын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттардың негізгі пайымдаулары жинақталған.

Даму бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.

Шығыс Қазақстан облысы ұлттық жүйеде жетекші өңірлердің бірі болу үшін нақты бәсекелестік артықшылықтары бар. Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына: ұтымды географиялық орналасу, тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі үшін минералды шикізаттың айтарлықтай қоры, түсті металлургия мен металл өндеуде айтарлықтай технологиялық әлеует, орман және энергетика ресурстары, жоғары білікті мамандар, жұмыссыздықтың салыстырмалы түрде төмен деңгейі, туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей рекреациялық жағдайлар бар.

Бәсекелестік артықшылықтар, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптер есебімен Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму кезінде халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты әртараптандыру және барлық салаларда бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігі арқылы экономиканы дамытуды қамтамасыз ету, сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану есебінен облысты әлеуметтік саласы мен әлеуметтік демографиялық дамыту, табиғи кешеннің қалпына келу әлеуетін сақтау және облыс тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің қолайлы жағдайларын жасау үшін қоршаған ортаны сауықтыру болып табылады.

2.1. Табиғи-экономикалық әлеует

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік - шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. 1997 жылы облыс аумағына Семей облысы қосылды. Облыс аумағы - 283,3 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының 10,2%).

Ресей Федерациясының екі өңірімен, Қазақстанның үш облысымен және Қытаймен шекаралас:

солтүстігінде – Алтай аймағы және Алтай Республикасымен,

шығыста – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен,

оңтүстікте – Қазақстанның Алматы облысымен,

батыста – Қазақстанның Қарағанды облысымен,

солтүстік-шығыста – Қазақстанның Павлодар облысымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы.

Облыста: 19 әкiмшiлiк - аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 754 - ден аса кенттер мен ауылдар, 244 ауылдық және кенттік округтер бар.

Табиғи - климаттық тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақстан теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау тайгасы ландшафттары қатар орналасқан.

Облыс аумағы су ресурстарына бай, жерінен 800 өзен ағып өтеді, олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыры өзінің көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да таулы өзендері бар Ертіс өзені болып табылады. Облыста Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы болып табылады.

Облыс климаты шұғыл континентальды, ауа температурасының тәулік, маусым және орташа жылдық ауытқуларының үлкен амплитудасы бар.

Өңір аумағының шамамен 30% ормандар алып жатыр, онда Қазақстанның іскер ағаш қорының 70% шоғырланған.

Облыста минералды-шикізат ресурстарының айтарлықтай қорлары бар және оның ең басты байлығы – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек және асыл металдары бар полиметалл кендері, тас көмір кен орындары бар, сондай-ақ, алтынның және сирек кездесетін металдардың, цемент өндіру үшін шикізат, шыны қождары қорлары, тақта тас пен цеолиттің айтарлықтай шоғырлары бар.

Пайдалы қазбалардың бай кен орындарының болуы облыс экономикасының өсіміне жағдай жасайды. Экономиканың негiзгi саласы түстi металлургия болып табылады, ол облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің шамамен 60% үлесін құрайды.

Облыста кен және мыс концентраттарын өндіру 37,3% артты. 846,9 мың тонна мыс-мырыш кендері өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 47,7% артық. Өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түрінде 144654 кг күміс шығарылып, 41,1% артты. Сонымен бірге, мыс - мырыш кенін өндіру 43,5% төмендеді (437,9 мың тоннаға).

Өңірде сондай - ақ, машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.

Энергетикалық кешен үш суэнергетикалық (Өскемен, Шүлбі СЭС және Риддер қаласындағы СЭС каскады) және төрт жылу станцияларымен (Өскемен, Семей, Лениногор, Сөгір ЖЭО) ұсынылған.

Облыстың көлік кешені байланыстың барлық түрлерін қамтиды: автомобиль, темір жол, су, әуе жолдары.

Өңірде республикада ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары жүйесі бар – 11 835,8 шақырым.

Ішкі автомобиль жолдарының қатты жамылғысы бар жолдарының барлық жол ұзындығынан үлесі 60% (7 090,7 км).

Өңір аумағы бойынша бір Омск -Майқапшағай магистральды автокөлік дәлізі өтеді.

Өңірде біршама тармақталған темір жол бар: Защита ст. - Алматы, Алматы - Аягөз - Шар - Семей - Локоть (Ресей Федерациясы), Шар - Өскемен - Шемонаиха - Локоть (Ресей Федерациясы), Өскемен - Риддер, Өскемен - Зырян, Семей - Курчатов - Ақсу - Павлодар.

Өзен кеме жолдарымен жолаушылар және жүк тасымалын өзен көлiгiнiң үш кәсiпорны жүзеге асырады, екі жүк кемежайы жұмыс істейді.

Өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму жағдайы нақты сектор, сондай - ақ әлеуметтік сала және инфрақұрылым кешенінің оң даму динамикасымен сипатталады.

Өңір туристік мүмкіндіктері бойынша тартымды және перспективалы болып табылады. Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақ бар: Бұқтырма жағалауы, Сибина көлі, Алакөл көлі, Катонқарағай, Глубокое ауданы, Риддер, Өскемен қаласының маңы.

Облыс аумағында қазіргі уақытта 60 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 329 орналасу орны, біржолғы сыйымдылығымен 20993 төсек-орынға 163 демалыс аймағы, 34 шипажай-сауықтыру объектісі, 11 ерекше қорғалатын табиғи аумақ тіркелген. Өңірде инновациялық инфрақұрылым құрылған және: технопарк пен индустриялдық аймақтар жұмыс істейді.

Облыста 2012 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсім беталысының 1,3 есеге өскені байқалады, жұмыссыздық деңгейі осы кезеңде 0,1% төмендеп, 20,2 мың жұмыс орнын ашу есебінен 4,9% құрады (республикалық деңгейден 0,1% жоғары).

Өңір экономикасының дамуындағы позитивті беталыстар оның құрылымында бар жылжуларға әкелген жоқ, сондықтан әліде шикізаттық бағдары бар. Түсті металлургияда жоғары қосымша құнмен сипатталатын төртінші және бесінші ауысу жоқ. Өндірілген өнімнің энергия сыйымдылығы жоғары және бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар салыстырмалы түрде әртараптандырылудың төмен деңгейінде, ол әлемдік қаржы дағдарысында айқын көрініс тапты.

Өңірдің экологиялық проблемалары тізбесінде бір ғаламдық, алты ұлттық және екі локальды проблемалар айқындалған.

Өсіп келе жатқан энергия тапшылығында табиғи монополиялардың базалық субъектілері бойынша жоғары нормативтен тыс және нормативті техникалық шығындар байқалады.

Жекелеген елді мекендерде инфрақұрылымдық әлеуеттің салыстырмалы жоғары деңгейдегі айырмашылық деңгейі байқалады.
2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1 Экономикалық даму

2.2.1.1. Өңірлік макроэкономика


2014 жылға Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2013 жылға 8% немесе 165,3 млрд. теңге өсіммен 2237,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8% жетті, дегенмен өңдеу өнеркәсібінің негізгі слалары: металлургия, машина жасау, металға жатпайтын минералды өнім өндірісі көлемінің болмашы өсуіне байланысты 2014 жылға көзделген жоспар (жоспар 107,6%), орындалмады.


2011-2013 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру

динамикасы



(трлн. теңге)

1 сурет


ЖӨӨ көлемі 2014 жылы 7,9% өсіп 1604,5 мың теңгені құрады.

ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 есе (170,3 млрд. теңге), ауылшаруашылығы -1,5 есе (71,4 млрд.теңгеге), бөлшек және жеке сауда – 1,2 есе (78,4 млрд.теңгеге), құрылыс – 1,3 есе (33,5 млрд.теңгеге), көлік және байланыс –1,6 есе (79,4 млрд.теңгеге), басқа қызмет түрлері – 33,2% (300 млрд. теңге).

2014 жылда облыста ЖӨӨ үлес салмағы ішкі өңірлік өнімнің жалпы көлемінің (бұдан әрі ІӨӨ) 5,8% құрады. Төмендеу шкаласы бойынша облысымыз Алматы (20,7%) және Астана қалалары (10,2%), Атырау (10,4%), Қарағанды (7,7%) және Оңтүстік Қазақстан (6,1%) облыстарынан кейінгі 6 орынды иеленеді.
1 кесте

Облыс бойынша 2012-2014 жылдары

ЖӨӨ өзгеру динамикасы



Атаулары

2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

млрд. теңге

1

ЖӨӨ көлемі, млрд.тенге

1624,3

1819,5

2072,4

2237,7

2

Өнеркәсіп

471,8

518,8

548,9

642,1

3

Сауда

267,8

265,7

296,6

346,4

4

Ауыл шаруашылығы

122,6

169,9

194,1

194,0

5

Көлік және байланыс

114,6

155,8

191,2

193,9

6

Құрылыс

84,0

83,5

104,7

117,5

7

басқа

904,3

515,6

566,9

604,3

Кеден статистикасы мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 3263,7 млн. АҚШ доллары, соның ішінде экспорт көлемі – 1961,5 млн. АҚШ доллары, импорт – 1302,3млн. АҚШ доллары.

2014 жылы тұрғындардың жан басына шаққанда орташа номиналды ақшалай кірісі 60191 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 108,3% артты, дегенмен көрсеткіш жоспарлы мәніне жеткен жоқ (жоспар 114,5%).

Көрсеткішті орындау үшін 2015 жылы барлық экономика мен әлеуметтік саланы дамытумен байланысты шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.

1 тоқсан қорытындысы бойынша облыс бойынша жұмысшылардың орташа номиналды жалақысы 96361 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,2%, соның ішінде ірі және орташа кәсіпорындарда 106125 теңгеге немесе 8,4% артты.

Жыл қорытындсы бойынша номиналды ақшалай кірістер көрсеткіштерін орындау күтілуде.

Инфляция деңгейін сипаттайтын облыс бойынша тұтыну бағасының индексі 2014 жылдың қорытындысыбойынша 107,4% құрады.

Азық-түлік емес тауарларға (108,5%) бағаның өсуі инфляция деңгейіне ең көп үлес қосты, сонымен қоса азық-түлік тобындағы тауарларға (107,5%) және тұрғындар үшін көрсетілетін қызметтерге (106,2%) бағаның өсуі тіркелген.

2015 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 1395,3 мың адамды (8,0% Қазақстан тұрғындары) құрады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс бойынша тұрғындар санының 2,6 мың адамға төмендеуі байқалады.

Сонымен бірге 2014 жылға табиғи өсім нәтижесінде тұрғындардың өсуі 9373 адамды құрады.

Қаңтар - желтоқсан айларында 2013 жылдың сәйкес мерзімімен 3,2% өсіммен 23903 нәресте дүниеге келді. Талдау маусымында 14530 адам қайтыс болды, немесе 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанға қатысы бойынша 5,9% төмендеді.

Миграциялық ауысу нәтижесінде талдау маусымында облыстан 38776 көшіп кетіп, облысқа 30656 көшіп келген. Ішкіоблыстық миграция есебімен 15501 адам кетіп, 7381 адам көшіп келген.

Нәтижесінде миграция сальдосы артып, 8210 адамды құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарына өңірде екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалы жұмыс атқарған.

Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің көлемі 2014 жылы 367,5 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты (2012 жылы 250,6 млрд. теңге).

Несиелер бойынша негізгі қарыздар 2012 жылға 78 млрд. теңгеге немесе 1,25 есеге өсті және 384,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өткен берешек 1,4 есе өсті және 40,4 млрд. теңгені құрады.



Заңды және жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 209,3 млрд. теңгеге жетіп, 43 млрд. теңгеге ұлғайды, 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артты.


2 сурет
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы көлемінің төмендеуі байқалады.

3 сурет


Экспорт пен импорт құрылымы тұрақты құрылымға ие. Алайда 2014 жылы химия және оған байланысты өнеркәсіп салаларында (20,9%), ағаш, ағаш материалдары (68,6%), тоқыма мен тоқыма бұйымдары (39,1%), құрылыс материалдары (38,6%), металл және одан жасалған бұйымдар (1,6%), машина, құрал-жабдықтар, көлік, приборлар мен аппараттар (на 24,3%) өнім экспортының көлемі қысқарған, бұл импорт бойынша ұқсас өнімдердің өсіміне әкелді.

2012 жылы тауар экспорты көлемі 3831,1 млн.АҚШ долларын, 2013 жылы – 2075,6 млн.АҚШ долларын, 2014 жылы – 1961,5 млн.АҚШ долларын құрады, республикада экспорт көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 4,8 %, 3,2 % және 2,7 % сәйкес.

Экспорт құрылымында қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімдері орташа 66,8 % (кен, концентрат, сирек топырақты, түсті және қымбат металдар, қышқылдар, жарылғыш заттар т.б.), ауыл шаруашылығы – 3,4% (бидай, ұн, жарма, балық өнімдері, күнбағыс майы және басқалар), құрылыс – 0,1% (цемент, асбестоцемент бұйымдары, кірпіш және басқалар) және басқа тауарлар – 29,7% құрайды.

Экспорттың жалпы құрылымында республика бойынша облыс үлесінің өзгеруі, сондай-ақ жылдар бойынша экспортталатын тауарлар құрылымы көлемінің өзгеруі негізінен сыртқы нарықтағы конъюктураға байланысты.

Сонымен қатар, осы саладағы негізгі проблема көптеген тауарлардың бәсекеге қабілеттігінің төмендігі (түсті металлургия өнімдерінен басқа) болып табылады, осыған орай экспорт көлемі 2011 жылдың қорытындысы бойынша нақты секторда шығарылатын өнім көлемінен 33% аспайды.

2.2.1.2 Өнеркәсіп

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өндірісі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі шоғырландырылған.

2014 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1098,1 млрд. теңгеге тауар өндірді, бұл қолданыстағы бағада 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10% есе көп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда 1,7 есеге көбейді. 2014 жылы өндірістің табиғи көлем индексі 100,2% құрады, бұл республикалық көрсеткіш деңгейінде.

Алайда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Өнеркәсіп өнімінің НКИ» нысаналы индикаторы тау - кен өндіру өнеркәсібі (86,6%), суменқамту, канализация жүйесі 96,6% саласы бойынша натуралды мәндегі өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты орындалған жоқ (жоспар 105,0%, факт 100,2%).

Аталған сала бойынша индикаторларды орындау үшін ауызсуды, 8,2%, қайталама шикізатты - на 0,7% натуралды мәндегі өндіріс көлемін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

2012-2014 жылдардағы нақты көлем индексі және өнеркәсіп



өнімдерін өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

4 сурет


Таукен өнеркәсібінің негізін 101 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 10 орта кәсіпорын, 84 шағын кәсіпорын және 7 ірі кәсіпорын құрайды.

2014 жылы тау кен өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің үлесі 9,3% құрайды.

Таукен өнеркәсібінде және карьерлер өндірісінде өндіріс 102,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 6,3 % артық, табиғи көлем индексі 86,6% құрайды.

2012-2014 жылдардағы таукен өнеркәсібіндегі нақты



көлем индексі өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

5 сурет


Саладағы ақшалай және натуралды мәндегі өндіріс көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда азаюы металдардың әлем нарықтарындағы түсті металдарға баға мен сұраныстың өзгеруімен, сонымен қоса өндірілетін рудалар қорының азаюымен шартталған.

Өңірдің минералды - шикізат кешенінің перспективті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздестіру - бағалау жұмысын өткізуді талап етеді.

Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібіне келесі кіші салалар кіреді: металлургиялық өнеркәсіп (саладағы үлес салмағы 54%), машина жасау (23,8%), азық-түлік өнімдерін өндіру (9%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (құрылыс материалдары) (5,8%), химиялық өнекәсіп (2,6%), басқа өңдеу өнеркәсібі саласында (4,8%).

Өңдеу өнеркәсібінде 818 кәсіпорын, соның ішінде 110 ірі және орта және 708 шағын кәсіпорын қамтылған.

Өңдеу өнеркәсібінің облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесі 83,1% құрайды.

2013 жылға өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында: металлургия 0,4%, машина жасау 2,1%, металға жатпайтын минералды өнімдер 0,8% көлемінің шамалы артуына байланысты, 2014 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш орындалмады (жоспардағы- 83,5%).
2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі нақты

көлем индексі өндіру көлемінің өзгеру динамикасы



6 сурет.


Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний зауыты» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ болып табылады.

2014 жылы өңдеу өнеркәсібінде 912,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл 2013 жылдың деңгейіне 10,2% артық. Өндеу өнеркәсібінің ТКИ 101,3% құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Өндеу өнеркәсібінің өнімін өндіру НКИ» (жоспар 103,0%) көрсеткішінің жоспарлы көрсеткішіне жетпеу, өңдеу өнеркәсібінде натуралды мәндегі өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің 2008 жылмен салыстырғанда 2,2 есе, ал 2013 жылға қарағанда 16,5%-ға өсуі байқалады және бір адамға шаққанда 59,5 мың АҚШ долларын құрайды.

Көрсеткіштерді орындау үшін жеңіл өнеркәсіпте 20%, химия өнеркәсібінде 37,5%, металлургияда 11,8%, машина жасауда 19,6% барлық түрдегі өнімдердің өндірісін ұлғайту қарастырылған.



Өңдеу өнеркәсібінде экспорт өнімінің өсімі жоспардағы 120% нақты 90,8%. Жоспардың орындалумауы әлем нарығында түсті металға бағаның төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, ресей рублінің төмендеуі салдарынан қазақстандағы автомобиль нарығы біршама экономикалық шығынға ұшырады. Үлкен баға инерциясын ескере отырып, РФ мен ҚР арасында жаңа және ұсталған автокөліктерге бағалық айырмашылық қалыптасты, бұл Қазақстан автонарығының бәсекеге қабылеттілігін жоғалтады.
2012-2014 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі өнім өндірісі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

7 сурет.
Металлургия өнеркәсібінде 2014 жылы 492,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2013 жылға қарағанда 12,9% артық. Металлургия өндірісінің өнімі соңғы бес жылда 1,8 есеге көбейді. Табиғи көлем индексі 2014 жылы жоспардағы 100% орнына 100,4% құрады.

Тазартылған күміс 39,1%, Доре балқымасындағы алтын 24,3%, өңделмеген қорғасын 37,6% өндірісінің артуына байланысты көрсеткіш орындалды.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында облыстың металлургия кәсіпорындарының өнім өндірісі көлемдеріне және әлем нарығында негізгі түсті және асыл бұйымдарға бағаның өзгеруіне ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Машина жасау кешені өңірдегі динамикалық дамып келе жатқан өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде машина жасау өнімін шығаратын 68 астам шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді. Барлық кәсіпорындар типінің өнеркәсіп өндірісі құрылымында 13 ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы артады, олардың машина жасау көлеміндегі үлесі 84% артық.

Өңдеу өнеркәсібінде машина жасаудың үлес салмағы 23,8% құрайды.

2014 жылға өндіріс көлемі 217,1 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 13,9% артық. Машина жасау саласында өндірістің нақты көлем индексі жоспардағы 103,2% орнына 102,1% құрайды.

Машина жасау өндірісі саласында «Азия Авто» АҚ автокөлік шығару 7%, «Daewoo Bus Kazakstan» ЖШС автобустар шығару 71% төмендеуі есебінен НКИ көрсеткіші 1,1% орындалған жоқ.

Ресей рублінің құлдырауына байланысты, қазақстандық автокөліктер салмақты экономикалық шығынды бастап кешірді. Үлкен баға инерциясын ескере келе, қазақстандық автонарықта бәсекеге қабілеттілікті төмендететін РФ мен ҚР арасында жаңа және ұсталған автокөліктерге тиісті баға айырмашылығы туындады.

Ақшалай мәнерде өнім өндіру көлемі «Машзавод» ЖШС 75%, «Гидросталь» ЖШС 46%,  «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ 13,1%,  «Георгиевка насостық жабдықтар зауыты» ЖШС 64% ұлғайтылды.

Кіші саланың қарқынды өсуімен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар бар:

1) өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі (43-80%);

2) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектелген номенклатура және өнімнің ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;

3) қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы;

4) саланың төмен инвестициялық тартымдылығы және кәсіпорындардағы айналым қаражатының тапшылығы;

5) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінің айрылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік - эксперименталды база, сынақ өткізу және техникалық бақылау орталығы);

6) жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық бұйымдар өндірісіндегі төмен үлес.

Құрылыс материалдарын өндірумен 69 жуық ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімнің үлкен ассортиментін өндіреді: цемент, керамикалық, силикат және шлактан жасалған кірпіш, асбоцемент бұйымдары, шифер, тауар бетоны, бетоннан жинақталған құрылыс құрылымдары, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмассадан жасалған құбырлар, метал жабынғыш, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдарын, құрғақ қоспалар, лак және бояу материалдарын және т.б. өндіру бойынша өндіріс орын алды.

Алайда, жергілікті тауарөндірушілердің құрылыс материалдарына қажеттілігінің төмен деңгейіне байланысты кәсіпорынның жүктеу күштілігі орташа – 66,2% құрайды.

Құрылыс индустриясы және жер пайдалану кәсіпорындарын «Қолжетімді тұрғын үй 2020», тұрғын үй құрылысы, «Ақбұлақ», бағдарламаларына қатысуға тарту есебінен ТКШ модернизациялау кәсіпорындар саласында жүктеу пайызын ұлғайту және олардың қызметін тұрақтандыру жоспарланған.

Аталған кіші салаларға мынадай проблемалар тән: өндірістің жоғары энергия сыйымдылығы, негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі, өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны.

2012-2014 жылдардағы басқа метал емес минералды

өнім көлемі мен нақты көлем индексінің көлемі



8 сурет.
2014 жылы басқа металды емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 53,2 млрд. теңгеге жетті, бұл 2013 жылғыдан 1,3% артық. 2013 жылға қарағанда НКИ 100,8% құрады.

Керамикалық кірпіш 20,6%, тауарлы бетон 17,4%, плитка және асбоцемент бұйымдары өндірісінің 58% төмендеуі есебінен төмендеу орын алды.

ҚР Агенттігінің шұғыл статистикалық мәліметтері бойынша басқа метал емес минералды өнімдерді өндіруде еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге, ал 2013 жылы 1,4 есеге артып, адам басына шаққанда 43,7 мың АҚШ долларын құрады. Көрсеткіш орындалып, жоспардағы 200,1% орнына 267,8% құрады.

2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 3,5 млрд.теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 20,3% ұлғайды. Жеңіл өнеркәсіпте НКИ 119,2% құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштен 13,9% артық құрады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман шикізатын дайындайтын ағаш дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдеу үшін өндіріс әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көп бөлігі арамен кесу материалдарын ағаш дайындау тұрғын үй құрылысына арналған бөренелер, терезе және есікке арналған блоктар, жиһаз өндіруге мамандандырылған шағын бизнес субъектілері болып табылады.

2002 жылдан бастап қолданыстағы орман ресурстарының шикізат базасы тиімді пайдаланылмайды, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаттары орташа алғанда 20-40 % жұмыс істейді. Орман өнеркәсібі кешенінің жалпы ішкі өнімдегі орта әлемдік үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін орман өнеркәсібі кешенінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4,7% жеткен. Бүгінгі күні осы көрсеткіш тек қана 0,2% құрайды.

Ағашты өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 2014 жылы 5,1 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 97,5% құрады.



2012-2014 жылдардағы арналған ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің динамикасы

9 сурет
Кіші саланың проблемалық мәселелері:

1) төмен тауарлы және отын сүрегін кәдеге жарату бойынша өндірістің болмауы;

2) кеден аумағында сыртқы экономикалық қызметке, барлық ағаш тұқымдас өнімдерінің экспорты мен реэкспортына тыйым салу.

Тамақ өнімдерін, соның ішінде сусындар өндірумен 198 жұмыс істейтін, соның ішінде 26 ірі және орта кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.

Салада 2014 жылға 82,2 млрд.теңге сомасына немесе 93,5% тауарлы өнім өндірілді, нақты көлем индексі 105,3% құрады.

2012-2014 жылдарға тамақ өнімдерінің, соның ішінде сусындардың табиғи



көлем индексі және өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы

10 сурет.

Механизациялаудың төмен деңгейі мен өндіріс үрдісін автоматтандыру саланың негізгі мәселесі болып табылады, сала кәсіпорындары бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейтін істен шыққан және моральды түрде ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарықтандырылған.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 2,6% құрайды.

Толығымен алғанда, соңғы бес жылда химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2 есеге ұлғайды. 2014 жылы нақты көлем индексі 287,1% құрады.

Химия өнеркәсібінде өнім өндірумен таукен өндіру мен металлургия өнеркәсібінде негізгі өнім өндіретін 19 жұмыс істеп тұрған мекеме, соның ішінде 4 ірі және орта кәсіпорындар айналысады.

2014 жылы кіші салада 23,7 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 37,6% артық.


2012 - 2014 жылдарға химия өнеркәсібінде нақты

көлем индексі мен өндіріс көлемінің көлемі



11 сурет.

Бұл саланы дербес сала ретінде дамыту үшін облыста жеткілікті ресурстық база әлеуеті жоқ (мұнайхимиялық кіші сала жоқ).

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірумен 5 жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады.

2014 жылы фармацевтикалық өнеркәсіпте 1242,7 млн.теңге сомасына немесе 96,4% тауарлы өнім өндірілді, өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 162 % құрады.

Бәсекеге қабілетті өндіріс құру, шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту үшін Қазақстанның Индустриаландыру картасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 658,2 млрд.теңгеге 76 жоба енгізілген, оның ішінде 2010-2014жж. 221,2 млрд.теңгеге 46 инвестициялық жоба іске асырылды. 6 мың жұмыс орны ашылды.

2014 жылы 23,6 млрд.теңгеге жоспарланған 11 жобаның 10 инвестициялық жобасы іске асырылды. 728 жұмыс орны ашылды.

1. Қуаттылығы жылына 10 млн. дана кірпіш зауытының құрылысы («ABS групп» ЖШС) – 304 млн.теңге;

2. Зайсан қаласында темірбетон зауытын жаңалау мен ұлғайту (II-кезек) «СМУ-Шығыс» ЖШС («СМУ-Шығыс» ЖШС) – 411 млн.теңге;

3. Тишинск кенішінің төменгі жиегінде кен денелерін дамыту («Казцинк» ЖШС) – 2855 млн.теңге;

4. «ЕЛІМ-АЙ КӨКПЕКТІ» агроөнеркәсіптік кешені («Елім-ай Көкпекті»ЖШС) – 2622 млн. теңге;

5. «Алтын шығару фабрикасының құрылысы» («КЭМП Восток» ЖШС) – 796 млн. теңге;

6. Мал шаруашылығы кешенін қайта құру («Средигорненский» ЖШС) – 197,6 млн. теңге;

7. «Өнеркәсіптік арматура өндіру бойынша зауыт құрылысы» («Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты») – 2366,5 млн.теңге;

8. Шет ел селекциясынан жалпы басы 1000 бас ІҚР асыл тұқымды репродуктор құру («Әмір» ШҚ)-707,5 млн.теңге;

9. Титан слябтарын шығару бойынша жаңа зауыт құрылысы («ПОСУК Титаниум» ЖШС (POSUK Titanium) – 12552 млн. теңге;

10. Үржар ауданында пластикалық құбырларды шығару («Бәтуа» ЖШС) – 745,3 млн.теңге.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту, тұрғындардың шоғырлануы и капиталын ынталандыру үшін жағдай жасау мақсатында, Зырян ауданындағы Зырян және Серебрянка, Риддер және Курчатов моноқалаларына нысаналы мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін алты «зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның ішінде Курчатов және Серебрянк қаласында бір жобадан, Зырян және Риддер қалаларында-екі жобадан.

Алты жоспарланған жобадан 3 жоба іске асырылу сатысында:

1. Зырян қаласында алтын және күміс шығарумен техногендік шикізатты өңдеу бойынша фабрика құрылысы;

2. Зырян қаласында суэнергетикалық кешеннің құрылысы;

3. Риддер қаласында тау-кен өндіретін кәсіпорынды әртараптандыру.

Құжаттарды рәсімдеу мен басқа процедураларды өту сатысында 3 жоба бар:

1.Курчатов қаласында кесек әк өндірісін ашу;

2. Риддер қаласында ағаштан жасалатын бұйымдар өндірісін ұйымдастыру;

3.Серебрянка қаласында ротоқалыптау тәсілімен іші қуыс бұйымдарды өндіру.

Бағдарламаның жоспарланған нысаналы индикаторлары мен моноқалаларды дамытудың Кешенді жоспарына жетуге «зәкірлік» жобалар іске асыру сатысында болғандықтан, әсер еткен жоқ.

Әлемдік тоқырау құбылыстарының нәтижесінде Риддер моноқаласында қалақұрастырушы кәсіпорын «Казцинк» ЖШС шығарылатын негізгі өнімдерге баға мен қажеттілік төмендеді. Аталған жағдай өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынын төмендетуге әкеліп соқты, 2014 жылы Риддер қаласының өнеркәсіп өнімінің көлемі 2013 жылға 7% өсіммен 84,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 85,8%.

Курчатов қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылға 16% өсіммен 2,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98%. Зырян және Серебрянка қалалары бойынша ресми статистикалық есеп жүргізілмейді, өнеркәсіп өндірісінің көлемі Зырян қаласы әкімдігінің өкілетті органдарының есептеу жолымен анықталады.

Сонымен, 2014 жылы Зырян қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылға 23% өсіммен 14,1 млрд. теңгені, Серебрянка қаласы -2,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылдың деңгейіне сәйкес.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) меншікті материалдық шикізат базасының болуы;

2) шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;

3) әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;

4) шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;

5) бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;

6) ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);

7) өндіріс әлеуетінің болуы;

8) түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі.

Әлсіз жақтары:

1) бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;

2) пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;

3) шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;

4) еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

5) ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;

6) білікті мамандардың тапшылығы;

7) технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;

8) айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

1) метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту;

2) тау-кен-металлургиялық кешенінің дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады;

3) жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;

4) Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді;

5) ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.

Қауіптер:

1) тау-кен-металлургиялық кешенінің өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

2) машина, құралдар, механизмдер, импорттың көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;

3) тауар кендерін селективті өндіру және метал сынықтарының экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;

4) Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

5) шикізат ресурстарына бағаның құлауы.



Электрмен қамтамасыз ету.


Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (18,1%), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (24,9%), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (29,7%), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (17,7%), «Согра ЖЭО» ЖШС (5,2%), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,7%) және «Риддер ЖЭО» (3,3%) электр энергиясы өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы соңғы 3 жылда өндіру көлемі барлығы 8,08%-ға, ал тұтыну көлемі – 0,38%-ға азайғанын көрсетті.


2012-2014 жылдардағы электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы

12 сурет


Энергия үнемдеуші саясатты енгізу мақсатында облыстық мәслихат сессиясында (2012 жылғы 17 сәуірде) 2015 жылға дейінгі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату жоспары әзірленді және бекітілді.

2012-2013 жылдары келесі жұмыстар атқарылды:

1) «Өскемен ГЭС» ЖШС фин технологиясы бойынша техникалық сумен қамту және нөсерлі ағындарды тазарту ғимараттары жүйесі бар градирна құрылысын жүргізді. Бұл кешен Шығыс Қазақстан облысында алғашқы және жалғыз болып табылады. Электр энергиясын өндіру 145 млн.кВтс/жыл ұлғайды;

2) «Согра ЖЭО» ЖШС 50 МВт турбоагрегат пайдалануға енгізілді. Өндіру 113 717 060 кВт сағ ұлғайды;

3) «Риддер ЖЭО» 1-ші және 2-ші буысытқышты ауыстырумен №1 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді;

4) Бұқтырма ГЭС «Казцинк» ЖШС № 1 гидроагрегатқа күрделі жөндеу жүргізді, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстырумен ОРУ-220 қайта жаңартылды;

5) электр энергиясы тапшылығын азайту үшін «AES Өскемен ТЭЦ» АҚ №№ 9,10,11 турбиналары қызмет ету мерзімін ұлғайту және ұзарту іс-шараларын қарастыратын турбиндік жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бағдарламасы әзірленді;

6) Өскемен СЭС № 1 гироагрегаттың қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді;

7) Шүлбі СЭС қорғаулардың қайта құру және жаңғырту, цифрлық реттегіш ауыстыруымен автоматика жүйесі және № 1 гидроагрегатты басқару аяқталды, 2 сатының бумен қатты қыздыру және ауамен ысыту ауыстыруымен № 5 ст. қазанға күрделі жөндеу жасалды;

8) Риддер ЖЭО жыл сайын турбиналардың біреуіне күрделі жөндеу жасалды.

2013 жылға табиғи монополиялар субъектілерімен инвестициялық бағдарламаларды орындау талдауы, табиғи монополиялар субъектілерінің үлкен бөлігі толық көлемде Инвестициялық бағдарламалардың көрсеткішін орындайды деп көрсетеді.

АЕS компаниясы 2013 жылы инвестициялық бағдарламаларды 9,86 млрд.теңге жалпы сомаға, нақты – 9,93 млрд. теңгеге бекітті.

Соңғы жылдары инвестиция салудың өсу беталысының байқалғанына қарамастан, облыс энергетикасына инвестиция салудың жалпы көлемі энергия объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшін қажетті тиісті инвестиция көлемінің тек 10%-ын ғана құрағандығын айту қажет.

Осының салдарынан бүгінде энергетикалық жабдықтардың тозу дәрежесі өте жоғары: СЭС бойынша – 30-50%; ЖЭО бойынша – 50-65 %.

Электр станциялардың негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутация аппаратураларының жартысына жуығы пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген және істен апаттық шығу сатысында тұр.

Тозуы 60%-ды құрайтын өңірлік электр желілері өте нашар жағдайда тұр. Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 34548,10 км құрайды.




Электр беру желісінің жалпы ұзақтығы

өлшем бірлігі

саны

ВЛ-220 кВ

км

143,8

ВЛ-110 кВ

км

4 771,45

ВЛ-35 кВ

км

4 320,02

ВЛ-10 кВ

км

12 016,09

ВЛ-6 кВ

км

878,89

ВЛ-0,4 кВ

км

10 697,09

КЛ-6-10 кВ

км

1 028,87

КЛ-0,4 кВ

км

691,90

Барлығы ВЛ, КЛ

км

34 548,10

«110 кВ және төмен таратушы электр желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі сұлбалары» іс-шараларын іске асыру жоспарына сәйкес, 110 кВ және төмен таратушы электр желілерін жаңадан салудың және жаңғыртудың жалпы күрделі қаржы жұмсалымы 103,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 11 млрд. теңгеден кем емес көлемдегі инвестицияны жыл сайын салу дегенді тұспалдайды.



Сонымен бірге облыс шегінен 2012 жылы 848,1 млн. кВт сағат электр энергиясы алынды, ол біршама жоғары бағамен сатып алынған.

«ШҚ АЭК» АҚ өңірлік электр жүйелерінің аса қанағаттанғысыз техникалық жағдайы жүйелердегі жоғарғы деңгейлі техникалық шығындарды өршітеді – 460 млн. кВт/сағат немесе тасымалданатын электр энергиясы мөлшерінен 12 %. Техникалық шығындарды сатып алуға жұмсалған шығындар (900 млн.теңге шамасында) тариф есебінен жабылады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 6 740, 90 кВт/сағатты құрады, электр қуатын тұтыну көлемі – 8 203,70 кВт/сағат. Энергияның баламалы көздерін қолдану үлесі жалпы энергия тұтыну көлемінде пайыздық арақатынаста 2013 жылы 7,58 % құрады. 2013 жылда аталған ЖЭК нысандарымен 54,8 млн. кВт/сағат өндірілді, бұл барлық өңір электроэнергиясын тұтынудан 0,67% құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы 2015 жылға дейін энергияға тапшы болып қалуда. Энергия тапшылығын облыс қажеттілігін толығымен жабу мүмкіндігін беретін және энергоөтімді болып табылатын Солтүстік энергетикалық аймақ есебінен жабу қарастырылған. ШҚО мен Қазақстан ЕЭЖ байланыстыратын өткізу қабілеті апаттық жағдайда да (Рубцовск - Өскемен ВЛ 500 кВ сөндірген уақытта) электрэнергиясының тапшылығын жабу үшін қажетті көлемде электр энергиясының транзитін қамтамасыз етеді.

Жаңа жұмыс істеп тұрған қуатты енгізу болмаған жағдайда, облыстың қолданыстағы электрстанцияларының барлық жайғастырылған қуатты қолданумен (1270 МВт), тапшылық 2015жылы – 320 МВт, 2020жылы – 510 МВт, 2025жылы – 770 МВт деңгейін құрауы мүмкін, бұл облыста Қазақстан ЕЭЖ-250 энергия жүйесімен байланыстыратын қолданыстағы желілердің апаттық жағдайда өткізу қабілеттілігін арттырады (Рубцовск-Өскемен ВЛ 500 кВ сөндірген уақытта).

Энерготапшы Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларын қалыпты және апаттық жағдайдан соң электрменжабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында (2009-2010жж. ОЗП облыс бойынша 1276 МВт жоғарғы электр жүктемесінде қуаттылық тапшылығы 190 МВт – 15% құрады), облыстың транзиттен Ресей ЕЭЖЖ электр желілеріне Шығыс аймағын Қазақстанның ЕЭЖ индустрия және жаңа технологиялар Министрлігімен байланысты күшейту жолымен электрменқамту тәуекелділік мәселесін шешу үшін «ВЛ 500 кВ Экібастұз - Шүлбі СЭС–Өскемен құрылысы» жобасын орындау жоспарлануда:



  1. ВЛ 500 кВ Экібастұз - Шүлбі СЭС (550км) құрылысы;

  2. ВЛ 500 кВ Шүлбі СЭС–Өскемен (150 км) құрылысы;

  3. ОРУ 500 кВ ШСЭС құрылысы;

  4. ОРУ 500 ПС 1150 кВ Экібастұз кеңейту;

  5. ОРУ 500 ПС 500 кВ Өскемен кеңейту.

Аталған жоба перспективада Бұлақ СЭС-контрреттегішін енгізуде Шүлбі СЭС толық қуатын беруді қамтамасыз етеді.

2014 жылы областа 7 855 млн. кВтс электр эенргиясы өндіріліп, 7 394 млн. кВтс желіге жіберілді, қажеттілік 8 201 млн. кВтс құрады.

Өңірде энергия тапшылығы байқалады, шешу үшін 2014 жылы ВЛ-500 кВ Экібастұз – Семей - Өскемен құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталды, бұл Солтүстіктен Шығысқа қарай транзитті кеңейтуге рұқсат береді.

Сонымен қатар, электр энергиясын өңірлік өңдеуді кеңейту мақсатында Тұрғұсын СЭС құрылысы мен Өскемен ЖЭО турбогенераторын орнату іске асырылуда.



Электрпайдаланудың жалпы көлемдегі жаңартылған энергия көздерінің үлесінің кеңейту көрсеткіші жоспарлы маңызға жетіп, жалпы энергияны пайдаланудың жалпы көлемінің 0,64% құрады. Қолданыстағы баламалы энергия көздерінен өндірілген электрэнергиясының саны 0,053 млн.кВт.сағ.

Шығыс Қазақстан облысы жаңарған энергия көздерінің үлкен әлеуетіне ие.



Жел энергетикасы.

Жасалған зерттеулерге сәйкес республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жел энергетикасын дамыту үшін Шығыс Қазақстан төмен тартымды. Облыстың 2-3 аудандарының телімдерінде ЖЭС құрылысына бірнеше мақсаттылықтар туралы ғана аталады.

Жел энергетикасын дамытуға басты кедергі құрылысқа жоғары жинақ күрделі шығындар және электроэнергияға жоғары тариф болып табылады. Алайда, энергия таратқыштарға бағаның үнемі өсімі, басым қуаттылықты жаңғыртуға және жаңартуға инвестиция тарту жағдайында дәстүрлі көздерден және жел электростанциясынан электрэнергияға баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

Қазақстанда жел энергетикасын пайдалану перспективалары Бірлескен Ұлттар ұйымы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» жобасының аясында қарастырылған болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша жел электростанциясын салу үшін перспективалы алаңдар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қуаты 75 МВт ЖЭС орнатуға Жарма алаңы анықталды, ол Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылды мекенінен екі километрде орналасқан, биіктігі теңіз деңгейінен 607 м, Қараш тауында.

Солтүстік кент метеостанция мәліметтері және институтта бар мәліметтер бойынша желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,6 м/сек. ЖЭС құрылысына арналған алаң бос, құрылыс жоқ, ауылшаруашылық өндірісі үшін пайдаланылмайды, ЖЭС әрі қарай дамыту перспективасына мүмкіндік береді.

2009 жылы «Spain Consulting» ЖШС қазақстан-испан компаниясы Ұлан ауданы Тайынты ауылында жел электростанциясының құрылысы бойынша жоба бастама етілді.

Аталған кезеңде жоба Goldwind компаниясы өндірген 16 жел генераторларын орнатуды көздейді. Бұл қозғалтқыштардың әр қайсысы 24 МВт толық қуаттылық кезінде 1,5 МВт номиналды қуаттылығына ие, Жел электростанциясы шамамен жылына 62 640 000 кВт*сағ өндіреді.

Шығыс Қазақстан облысында Тайынты алаңы жақсы жел әлеуетіне ие, осы орайда турбинаның бекітілген қуатын пайдалану коэффициенті тәртіппен 33,9 % құрайды. ЖЭС электроэнергия өндіру жақын аудандардың электроэнергиясында тұтыну бөлігін жабу үшін жеткілікті, сондай-ақ жартылай жылу қысымымен жабылған. Құралдарды жеткізу бағыты белгілі және қиыншылық тудырмайды, ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу қолжетімді, телім ЖЭС құрылысы кезінде турбиналар үшін фундаменттер жайластыру үшін қиыншылықтар тудырмайды.

Қазіргі уақытта жоба бастаушысымен жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.


Гидроэнергетика.

Қазіргі уақытта Қазақстанның өндірушілік қуаттылық құрылымында ГЭС үлесі 12% құрайды, бұл Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) 20-30% тәуліктік максимумына жететін пиктік қысымдарды жабу үшін жеткіліксіз. Жаңа ГЭС құрылысы Шығыс Қазақстанның ғана емес сонымен қатар елдің барлық бірыңғай энергия жүйесінің қысымының артушы пиктік бөлігін жабуға жәрдем көрсетеді.

Облыстың су қоры шағын және ірі ГЭС құрылысы бойынша кең мүмкіндіктерді көрсетеді. Кейбір бағалар бойынша облыстың әлеуетті гидроэнерго ресурстары 61,3 млрд. кВт*с құрайды, оның ішінде техникалық мүмкін пайдалану үшін шамамен 20 млрд. кВт*сағ.

Шағын ГЭС және шағын плотинасы жоқ ГЭС электроэнергия өндірісінің төмен өзіндік құнына ие, сондай-ақ басқа энергия көздерімен салыстырғанда қоршаған ортаға аз қысым көрсетеді.

ГЭС каскадтарының құрылысы құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей қуаттылықтың кезеңдік енгізуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірінші агрегаттарды енгізуді және электроэнергияны алуды жылдамдатады, бұл сондай-ақ қор беру және капиал салу тиімділігін арттырады.

Облыстың Зырян, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында шағын ГЭС құрылысы бойынша уәкілетті мүмкіндіктер бар, олар 30-60 жылдары шағын ГЭС жұмысы есебінен өзінің электроэнергиядағы қажеттілігінің жартысын жабатын және олар қуатты энергия көздерін қолданысқа енгізу есебімен облысты орталық электрмен қамту жүйесі кезеңінде бұзылған болатын.



Күн энергетикасы.

Облыстың географиялық орналасуының солтүстік ендігіне қарамастан күн энергетикасының ресурстары тұрақты және жағымды климатикалық жағдайдың арқасында тиімді болып табылады. Өскемен қаласында гелиоэлектростанция үшін қажетті түйін және құралдар шығаратын жағдайы бар өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан.

Гелиоэлектростанция орналастыруға тиімді аудандар – Тарбағатай және Аягөз аудандары.

Облыста шағын қуатты күн панельдерінен шаруашылық субъектілерді электрлендіру мысалдары бар.

«Казатомпром» Қазақстан ұлттық атом компаниясы Астана қаласында күн батарейлерін өндіру зауытының құрылысына кіріседі, зауыттың металлургиялық кешені Өскемен қаласында орналасатын болады.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) арзан электр энергиясымен жабдықтаушы су электр станцияларымен өндірілетін электр энергияның жоғары үлесі (2012 жылы өндірілген жалпы көлемнің 74 %);

2) кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

3) жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ, жел энергиясының әлеуеті – 10 млрд. кВт.сағаттан астам;

4) электр энергия экспортының мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің бар болуы;

5) отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорының бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1) генерациялаушы жабдықтың парктік ресурстарын едәуір өндірілуін, ол қолданыстағы электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндігін шектейді (жабдықтың 60 % астам тозуы);

2) электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (~50-65%);

3) жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

4) энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен электр көздерін жеткізуге тәуелділік.

Мүмкіндіктер:

1) облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне жаңа энергетикалық қуаттылықтар енгізу есебінен жету;

2) облыстың энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

3) электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.

Қауіптер:

1) мүмкіндігі бар және орнатылған қуаттылықтар арасындағы қуаттылық ажырауының ұлғаюы;

2) облыс электр энергиясының Солтүстік энергетикалық саланың энергия көздері жұмысының тұрақтылығына тәуелділігі;

3) едәуір тозудың кесірінен облыс тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені

Облыс экономикасын дамытуда агроөнеркәсіптік кешен маңызды рөл атқарады. Онда біршама экономика әлеуеті топтасқан. Оның дамуы облыстың және республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды айқындайды. Облыс ішіндегі жалпы өнімнің 8%-дан 10%-ға дейін аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген.

2 кесте


Табиғи көлем индексінің 2012-2014 жылдардағы серпіні

Көрсеткіштер/жылдар

2012

2013

2014

Нақты көлем индексі


106,2

108,4

102,3

оның ішінде өсімдік шаруашылығы


111,3

117

97,9

мал шаруашылығы


103

102,9

105,4

2011-2014 жылдарда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін нақты тұрақтандыру және арттыру ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 237,2 ден 294 млрд. теңгеге немесе 127% артты.

Ауылшаруашылығының өндіріс өнімі жоспардағы 103% нақты 102,3%. құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімі НКИ, соның ішінде ара - райының қолайсыздығынан бидай өндірісі өнімі көлемінің төмендеуіне байланысты көрсеткіш орындалмады.

Мал шаруашылығы саласы серпінді дамып отыр, ауылшаруашылығының жалпы өнім құрылымында 60% иеленеді.

Облыстың мал шаруашылығы оның көпсалалы сипатымен ерекшеленеді. Табиғи - климаттық жағдайлар мен шаруашылық қызметі тәуекелділігіне байланысты облыста сүт және етті мал шаруашылығы, шошқа, жылқы, құс, марал, бұғы, ара және түйе шаруашылықтары айтарлықтай дамуда. Марал, бұғы шаруашылықтары және панты өндіруді дамыту бойынша облыс республикада монополист болып табылады.

Соғы үш жылда ІРМ 2,3%, құс 4,4%, жылқы 5,7%, марал басы 2,8% өсті. Сонымен бірге, осы кезеңде қой мен ешкі басы 1,2%, шошқа 25,7%

қысқарды.

Жалпы табын құрылымында асыл тұқымды ІҚМ үлес салмағы 7,9%, қой мен ешкі 10,7%, жылқы– 9,5%, марал- 78,6%, ара – 12,5% құрайды.

Соңғы 3 жылда асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны 120 бірлікке артып, 238 құрады.

Қолданылған шаралар нәтижесінде 2014 облыста 285 бордақылау алаңы мен 57 тауарлы-сүт фермалары құрылып, жұмыс істеуде.

Соңғы 3 жылда мал шаруашылығының жалпы өнімі 147,1 теңгеден 178,4 млрд. теңгеге артты. Мал шаруашылығының нақты көлем индексі 105,4% құрады.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберіндеетті мал шаруашылығының әлеуетін арттыру және етті экспорттау үшін облыста асыл тұқымды репродукторлар саны 2014 жылы 8 бірлікке жеткізілді, Катонқарағай ауданында (Әмір ШҚ) Ангус және Лимузин тұқымды мал өсіретін 1000 басқа арналған репродуктор құрылды.

2014 жылы облыс бойынша 1696 ет тұқымды шет ел малдары сатып алынды, соның ішінде «КазАгро» ҰБХ АҚ есебінен-1026 бас, ал қалғаны өз қаражаттары есебінен.

Сүтті мал шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін облыста 2015 жылы қазіргі заманғы жаңа тауарлы - сүт фермасының құрылысы мен жұмыс істеп тұрғанын қайта құру бойынша шаралар көзделуде. Өндірісті кеңейту облыстың 37 ТСФ жүзеге асырылады, соның ішінде 9 шаруашылықта ТСФ құрылысы жоспарлануда.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында мал басын арттыру мақсатында 1526 бас жылқы сатып алынды.

АӨК өнімін өндіру көлемін үдеуіне инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бағытты жұмыстар себепші болды.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша облыс Республикада алдынғы орындарды иеленуде. 2014 жылы облыс Республикада сүт өндіруден бірінші, ет өндіруден - екінші орынды иеленді.

2012-2014 жылдарда мал шаруашылығы өнімін өндіру

көлемінің өзгеру серпіні


13 сурет
Сүтті мал шаруашылығы облыстың ірі қалалары төңірегінде орналасқан сүт белдеулеріне кіретін 6 аудан шаруашылықтарында барынша дамыған.

Қалған аудандарда аз тауарлы өндіріс басым, оның 62% тұрғындар шарушылығында топтастырылған. Бұл аудандарда сүт өңдеу нашар дамыған.

Сүтті мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға жақсы ұйымдастырылған селекциялық асыл тұқымдық жұмыс ықпал етеді.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа облыста омарта, панты өндіретін бұғы шаруашылығы бар. Аталған мал шаруашылығының салалары белгілі бір деңгейде сақталып отыр. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 9,4-9,7 мың басты құрайды. Пантылы бұғы шаруашылығымен облыстың 6 аймағы айналысады.

Бал арасы ұяларының саны тұрақты емес, өйткені аралар инфекциялық ауруларға ұшырағыш, бұл тұрақтылыққа айрықша әсер етеді. Бал арасы ұяларының тұрақтылығына, сондай-ақ жағымсыз ауа-райы жағдайлары да әсер етеді.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың көптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша алынған өнім өндірісі мал шаруашылығы өнімінде облыс тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, тауарлы сүт фермалары, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, ірі және құнарлы жем дайындау ықпал етті.

2012–2014 жылдары мал шаруашылығын дамытудың

негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

3 кесте


Көрсеткіштер атауы

2012 ж

% алдағы жылға

2013 ж

% алдағы жылға

2014 ж

% алдағы жылға

Мал басы (мың бас):



















ІҚМ

740,2

100,9

769,3

103,9

786,8

102,3

қой мен ешкі

2196,4

100,1

2207,2

100,5

2207,2

100

Жылқы

216

104,4

233,7

108,2

246,9

105,6

Шошқа

93,5

94,8

85,2

91,1

63,3

74,3

Марал

10

106,4

9,6

96

9,7

101

Құс

2954,3

110,2

3277

110,9

3752,9

114,5

Мал басының өнімділігі:



















1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

2199

100,8

2141

97,4

2212

103,3

1 қойдан қырқылған жүн, кг

2,3

100

2,2

96

2,3

104,5

100 аналықтан алынған төл:



















бұзау, бас

84

98,8

83

99

82

98,8

қозы, бас

93

101

88

95

93

105,7

құлын, бас

80

98,8

73

91,3

82

112,3

торай, бас

1128

102,5

758

67,2

588

77,6

Өнім өндіру, мың тонна



















ет тірі салмақта

224,3

104,5

224,3

100

238,8

106,5

ет, барлығы сойылған салмақта

130,9

106,6

130,6

99,8

129,4

99

с.і.: сиыр еті

56,3

96,9

56,4

100,2

52,2

93

қой еті

23,3

103,1

24,2

103,8

23,1

95,5

Шошқа еті

10,8

109

6,3

58,3

6,1

97

Сүт

740,1

102,3

757,2

102,3

775,7

102,4

Жұмыртқа, млн. дана

135,7

77,3

144,1

106,2

154,4

106,9

жүн, тонна

4683,9

97,5

4855,1

103,6

4928,1

101,5

Ветеринарлық - профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толық орындалып отыр.

Облыстың өсімдік шаруашылығы саласының үлесіне ауылшаруашылығы жалпы өнім көлемінің 40% келеді. Өсімдік өнімі 6 егіншілік аумақта өндіріледі.

Саланы жүргізу негізінен богарлы егіншілік негізінде жүзеге асырылады, оның таралуы дәнді және дәнді бұршақ дақылдары өнімін алды.

Ауылшаруашылығының барлық санаттарының себу алаңдары құрылымында негізгі үлесі дәнді (43,2%) және майлы (30,5%) дақылдарға келеді, сонымен қатар дәнді дақылдардың себу алаңдары құрылымында бидай 65,5% алады. Қалған үлесі жемшөп (24,3%), картоп (1,8%) және жалпы бақшалық дақылдарға (0,2%) келеді.

Облыс республикада негізгі майлы дақыл күнбағыс өндіруші болып табылады. Республикада күнбағыс өндірісінің жалпы көлемінің 60% астамы біздің облыста өндіріледі.

Өсімдік шаруашылығында егістіктерді кеңейту шаралары жүргізілді. 2014 жылы ауылшаруашылық жерлерінің жалпы аумағы 10273,9 мың га немесе жалпы жер аумағының 36% құрады.

Ауылшаруашылық жерлердің жалпы құрылымында егістіктің үлесі 13,3%, немесе 1371,1 мың га, көпжылдық көшеттер – 2,2 мың га (0,02%), тың жерлер – 85,4 мың га (0,8%), шабындықтар – 446,3 мың га (4,3%), жайылым жерлер – 8220 мың га (80%).

Ауылшаруашылығы агроқұрылымдарына бекітілген ауылшаруашылық мақсаттағы қолданыстағы егістік жерлер мен тыңайған жерлерге жүргізілген талдауға сәйкес егіс алаңы 2012 жылмен салыстырғанда 49,9 мың гектарға артты.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында ауылшаруашылығы дақылдарының себу алаңдары 104,1 мың гектарға немесе 8,5% артты.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 43,2% құрайды, бұл 571,4 мың га құрайды.

Майлы дақылдардың егіс алқаптары 403,7 мың га құрайды, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты күнбағыстың өнімділігі облыстың әр ауданында 7,7 цен/гектардан 8,1 цен/гектарға дейінгі аралықта болады.

2014 жылы күнбағыс дәнінің тазартылғаннан кейінгі салмақтағы көлемі 374,3 мың тонна, яғни 2012 жылғы деңгейден 5,4%-ға жоғары. Облыста өндірілетін күнбағыс дәнінің көлемі халықтың күнбағыс майына сұранысын толық қамтамасыз етеді, өнімнің біршама бөлігі өңделген күйде облыстан тысқары жерлерге қайта өңделген түрінде сатылады.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшерінің арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Облыстың егістік құрылымында күнбағыстың үлесі 2011 жылы 34%-дан 2014 жылы 30% дейін өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуына әкеліп соқты. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Облыста рапс, сафлор, қытай бұршақ сияқты майлы дақылдар өсіріледі. Алайда олардың дәнінің құрамында майдың аздығына байланысты облыста аталған дақылдар кең ауқымда пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығында жеткілікті мал азығының қорын құру мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі артып келеді. Талдау жасалып отырған кезең ішінде облыс бойынша мал азықтық дақылдар аумағы 18% артты және 310,4 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру жұмыстары басталып, жалғасуда. Егер 2012 жылы ылғалресурстарынсақтау технологиясы 348 мың гектарда қолданылған болса, аталған технология 2014 жылы 437,9 мың гектарда қолданылды.

Облыс аудандарында су пайдаланушылардың 6 кооперативі құрылды. Тіркеуде тұрған 200,7 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 2014 жылы 90 мың гектары пайдаланылды, ал 110 мың га суармалы жер пайдаланылмайды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және тиімді мерзім ішінде жүргізу үшін облыстың диқандарына субсидия ретінде қаржылай көмек көрсетіледі. 2014 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген субсидия көлемі 11 млрд.теңгеден артық болды.

3 жылдық кезеңде өсімдік шаруашылығы үшін ең қолайлысы 2013 жыл болды.

2014 жылы облыс бойынша дәнді дақылдардың шығымдылығы 13ц/га, картоп – 191,1 ц/га, көкөніс – 260,6 ц/га құрады. Бұл облыстың ауылшаруашылық тауарын өндірушілеріне 713,4 мың тоннадан астам астық дақылын, 458,5 мың тонна картоп және 242,8 мың тонна көкөніс, 278,4 мың тонна күнбағыс алуға мүмкіндік берді.

Минералды тыңайтқыштар жеткілікті көлемде болмағандықтан, облыста химияландыру деңгейі төмен. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету минималды қажеттіліктің 10% құрайды.



4 кесте

2012 – 2014 жылдары өсімдік шаруашылығын



негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2012ж.

% алдыңғы жылға

2013ж.

% алдыңғы жылға

2014 ж.

% алдыңғы жылға

Егістік көлемі, мың га

1217,6

103,4

1294,3

106,3

1321,7

102,1

а) дәнді дақылдар

543,4

104,4

552,2

101,6

571,4

103,5

б) күнбағыс

360,2

89,5

384,4

106,7

379,5

99

в) мал азығы дақылдары

262,6

124,9

297

113

310,4

104,5

г) картоп

23,6

97,5

24

101,7

24,1

100,4

д) көкөніс

8,8

98,9

9

102,3

9,3

103,3

Суармалы егістік

205

95,6

205,2

100,1

200,7

98

с.і. тұрақты суармалы жер

80

105,8

85

106,2

90

105,8

А/ш дақылдарының орташа шығымдылығы



















дақылдар, цен/га



















а) дәнді дақылдар

11

103,7

14,7

133,6

13

93

б) күнбағыс

7,7

142,6

8,1

105,2

7,8

96

В) картоп

167,7

107,2

184,1

109,7

191,1

103,8

г) көкөніс

251,4

109

252,8

100,6

260,6

103,1

Өнім өндіру, мың тонна



















Астық

580,9

107,4

816,8

140,6

713,4

87

Күнбағыс

264,7

125,5

308,8

116,6

278,4

90,2

Картоп

393,8

105,1

442

112,2

458,5

103,7

Көкөніс

219,7

108,3

228,2

103,8

242,8

106,4

Бақша дақылдары

51,5

112,9

76,4

148,3

75,7

99

Облыста тұқым шаруашылығының дамуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұқым шаруашылықтарының саны 28-ден 37 бірлікке дейін өсті.

Облыстың бірегей тұқым өндірушілері 32628 тонна дәнді дақылдар тұқымын, 2750 тонна күнбағыс тұқымын, 54 тонна көпжылдық шөп, 142 тонна біржылдық шөп және 3940 тонна картоп тұқымын өндірді.

Облыс халқын ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы 2 жылыжай салынып, пайдалануға берілді.

Жалпы қуаты 93,6 мың тонна 116 көкөніс қоймасы.

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Ауылшаруашылығы өнімдерінің НКИ» индикаторы және «Өсімдік шаруашылығы НКИ» көрсеткіші жоспардағы 101,5 нақты 97,9% құрады. Орындалмау себебі келеңсіз климаттық жағдай (атмосфералық ылғалдың жетіспеушілігі) мен 2013 жылмен салыстырғанда дәнді дақылды өндіру көлемінің төмендеуінен болды.

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігінің өсімі жоспардағы 6,7% нақты 19% орындалды, өсімдік өнімі өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты көрсеткіш орындалмады.

Ауылшаруашылығының негізгі түрлері бойынша жалпы облыс тұрғындарының қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілген.

Аталған индикаторды орындау үшін 2015 жылы келесі қарастырылған:

- ауылшаруашылығы дақылдарының себу алаңдарын 2015 жылы 1329 мың га ұлғайту;

-себу алаңдарын оңтайландыру бойынша іс - шаралар қабылдау. Ылғалқорларынсақтау технологиясын қолданумен алаңдарды ұлғайту (450 мың га дейін);

-суармалы жерлердің тиімділігін арттыру (95 мың га дейін), машина-трактор паркін жаңарту, тұқым шаруашылығын дамыту;

- жаңа технологияларды кең пайдаланумен өндірісті әртараптандыру;

-ауылшаруашылығы дақылдарының жоғарыөнімді сұрыпты өндіруді кеңінен пайдалану;

-агротехникалық шараларды сақтау, саланың тиімділігін арттыру.

АӨК техникалық жарықтандырудың сапалы өсуі үшін 3 жылда құны 15,3 млрд.теңгеге 1843 мың бірліктен астам техника сатып алынды.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:



  1. өндірістік әлеуеттің болуы;

  2. ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы;

  3. облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтардың тозуы;

  3. суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

  4. асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

  5. мал азығының жеткіліксіздігі;

  6. ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтардың жеткілікті дамымауы;

  8. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

  9. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің төмендігі;

  10. АӨК-де білікті кадрлардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

  1. агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін толық пайдалану;

  2. бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

  3. техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

  4. ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамытуда көзделген шараларды іске асыру (ТСФ, мал сою алаңдарын және т.б.салу);

  6. ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

Қауіптер:

  1. құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

  2. кепілдік мүліктің болмауына байланысты инвестиция тартудағы қиындықтар;

  3. малдарда аса қауіпті аурулардың шығуы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген

отырысының қорытындылары бойынша Елбасы берген тапсырмаларды орындау үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы бұйрығымен ауылшаруашылығы өнімінің нақты түрін өндіру үшін ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша ұсынылған өңірлерді мамандандыру сызбасы бекітілді. Сызбада табиғи-климаттық жағдайлар, өңірдің өткізу рыногының болуы және даму әлеуеті ескерілген.

Аталған сызба АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін

көтеруге бағытталған. Осыған байланысты Сызбада көзделмеген ауылшаруашылық өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтату қажет.

Ауылшаруашылық өнімі өндірісін Сызбаға сәйкес субсидиялауға кезең-кезеңмен көшу 2017 жылдан 2019 жылдар аралығында субсидиялау Сызбаға 50% сәйкес келтіруді көздейді, ал 2020 жылдан бастап ауылшаруашылық өндірісін субсидиялау Сызбаға толық сәйкес келетін болады.


2.2.1.4 Туризм

Өңір туристік мүмкіншіліктері жағынан бірегей. Географиялық және саясат ерекшелігі арқасында, ол түбегейлі аумақта қол жетімсіз және экологиялық таза күйінде қалды. Шығыс Қазақстан аумағы бай табиғи жер бедерлерімен ерекшеленеді: шөлімен, қырларымен, тайгасымен, биік тауларымен, көп өзендері және көлдерімен.

Алтай - Саян экологиялық аймақтың бөлігі болып табылатын Қазақстан Алтайының аумағы ерекше көңілге лайық. Өзінің бірегей жер бедеріне және биологиялық әртүрлілігі арқасында, аталған өңір «WWF Living Planet» Халықаралық Ұйым анықтаған екі жүз (200) басым глобалды экологиялық аймақтарға кіреді.

Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге болады:

1) экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында);

2) мәдени – танымдық (Семей қ., Абай және Ұлан аудандары);

3) емдеу - сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары);

4) жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында);

5) тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.).

6) ауыл туризмі (Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласы);

Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының шебер - жоспарын бекіту негізінде (2013 жылғы 7 қарашадағы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің № 350 бұйрығы) облыста туристік саланы дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы жасалды, оған жалпы құны 3,9 млрд.теңгеге жол бойындағы сервис, тау-шаңғы кешендері, мейрамхана, қонақжай үйлерінің құрылысы мен жаңартуды қосқанда 44 инвестициялық жоба енгізілген.

Туристік саланы дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру барысында жаңадан 15 мың жұмыс орнын құруға, қосымша 10 мың төсек - орынды енгізуге мүмкіндік береді.

Туристік қызметтердің әлемдік нарықтарында облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту мақсатында, жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имидждік іс - шаралар өткізіледі, халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға қатыстырылады, бірнеше тілде жарнама-ақпараттық өнімдер шығарылады, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары және туроператор өкілдері үшін тарихи орындар бойынша (Абай ауданында-«Жидебай - Бөрілі» Абай атындағы мұражай Үйі, Тарбағатай ауданында «Ырғызбай ата» ескерткіші) ақпараттық турлар өткізіледі.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туризм кадрларының болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сондай-ақ туризм саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты.

Туристік кадрларды дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқыту семинарлары, курстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысында «Туризм» мамандығы бойынша 4 жоғары оқу орындары және 5 колледж «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығын және туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, сонымен қатар «Гидтер – экскурсия жетекшісі» мамандығы бойынша оқулар жүргізіледі.

Қызмет көрсететін саладағы төмен сапа, туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкеледі. Сонымен қатар ауылды аудандардың жергілікті тұрғындары экономикалық пайда көрмейді және туризмнің дамуына қызығушылық білдірмейді.

Осыған байланысты, туристерге қызмет көрсету және ауыл туризмін дамыту үшін қонақ үйлерді, кәдесый өнімдерін, азық-түлік сату және т.б. арқылы жергілікті тұрғындарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2013 жылы қолөнершілерге және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында облыс 5 ірі халықаралық туристік көрме мен биржаға қатысты, шетелдік, респубилкалық және облыстық ақпарат құралдарына ақпараттық турлар өткізілді.

Туризмнің басым түрі, тұрақты дамудың факторы, экологиялық туризмді дамыту мақсатында, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық бағыттар және соқпақтар, туристерді тарту мақсатында облыстың мәдени, тарихи, табиғи әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін трансшекаралық бағыттар әзірленіп, бекітілген.

2014 жылы Евростатқа енуге байланысты туризм индустриясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сонымен туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың кіріс жиынтығын арттыру индикаторы ауыстырылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орнында көрсетілген қызмет көлемі 3 677,8 млн.теңгені құрады.

Ішкі және кіреберіс туризміне келушілер санын арттыру көрсеткіштері орталастыру орнында қызмет көрсетілгендер саны индикаторына ауыстырылды: резиденттер және резиденттер емес. 2014 жылы резиденттерге жатпайтындар саны 19,3 мың адамды, резиденттер – 433,8 мың адамды құрады.

Орналастыру орнының саны көрсеткіші енгізілді. Облыста 2014 жылы 331 орналастыру орны жұмыс істейді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туризмге келушілер санының жалпы артуынан жоспарлы мәндер жоспардағы 2,5% нақты 1,18% және кіреберіс туризмі жоспардағы 1,6% орындалмады, арту1,02% құрады.

Бүгінгі күнде облыстың барлық өңірлері 2017 жылға дейінгі туризмнің Жол картасын әзірледі, мұнда 2017 жылға дейінгі аралықта туристік саланы дамытудың басты бағыттары анықталған. Басым бағыттар 2020 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамыту Жол картасына енгізілген.

Сондай-ақ, облыста 2014 жылы «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕЖ бағдарламасы шеңберінде Еуропалық одақпен келісіліп, ауыл туризмі дамитын жобаның пилоттық аумақтары: Риддер қаласы, Күршім және Катонқарағай аудандары анықталған «Алтын Алтай- өңір дамуы үшін байлық» жобасын іске асыру басталды.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1)облыстың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2)жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;

3) отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;

4)туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени - танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмі.

Әлсіз жақтары:

1) орналастыру объектілерінің, яғни қонақ үйлерінің, пансионаттардың, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар сауықтыру - курорт мекемелерінің материалдық базасы тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады;

2) туристер үшін туризм масштабтары, түрлері, орналасу орындарының сапасы және оларды ұсыну халықаралық стандарттарға сай келмейді;

3) туристік объектілер немесе бағыттардың соңында туристерді тікелей шектелген орындарды орналастыру жағдайының болмауы;

4) экскурсия объектілері жағдайының нашарлығы – қолайлы қарау алаңдарының, ақпарат қалқандарының, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың, демалыс базаларының болмауы;

5) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;

6) шалғайдағы аудандарда бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жедел көмек көрсетуге арналған сенімді мобильді байланыс үшін қаражат пен мүмкіншіліктің болмауы;

7) білікті басқару және қызмет көрсетететін қызметкерлердің болмауы;

8) өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

9) туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

10) Катонқарағай және Күршім аудандарындағы трансшекаралық бағыттардың даму проблемасы (шекара маңы зонасына рұқсатнама рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы);

11) рекрециялық зоналардың экологиялық жағдайы проблемасы (антропогендік жүктеме, жағажай зоналарының бұзылуы).

Мүмкіндіктер:

1) туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

2) қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

3) кіреберіс және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту;

4) шебер - жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.

Қауіптер:

1) саланың тоқырауы;

2) қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілер мен ресурстарды жоғалту қаупі;

3) туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;

4) кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;

5) әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіспеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы;

6) туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі;

7) бұқаралық және балалар - жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.

2.2.1.5. Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінгі күні аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәландырады.

Облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша 2013 жылмен салыстырғанда 98 бірлікке ұлғайып, 5857 кәсіпорынды құрады, бұл 101,7% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 108,1%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарған өнімдері (тауарлар, қызметтер) 2014 жылда 556,7 млрд. теңге немесе 2013 жылдың сәйкес мерзімінен 98,7% құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 104%) құрады.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 2013 жылғы деңгейде қалып 14,6% құрады, сонымен қоса жылдық қарастырылған жоспар (22%) көрсеткішті есептеу методикасының өзгеруіне байланысты орындалған жоқ. Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнес көрсеткіштері бұрын жалпы өңірлік өнімге шағын және орта бизнес өнімін жалпы өндіруге қатысты есептелетін. 2014 жылы көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлеміне шағын және орта бизнес өніміне жалпы қосылған құнға қатысты есептеледі. Осыған байланысты көрсеткіш орындалған жоқ.

Шағын және орта бизнесте қамтылғандар саны 2014 жылда 221344 адам немесе 2013 жылмен салыстырғанда 102,5% (орташа республикалық көрсеткіш – 103,7%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2014 жылғы қаңтар - желтоқсанда түскен салық көлемі 96,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жыл деңгейінен 8,1% немесе 7,3 млрд.теңгеге артық, соның ішінде жергілікті бюджетке осы салық төлеушілерден 30,7 млрд.теңге аударылды, бұл 2013 жылға қарағанда 109,9% немесе 2,7 млрд.теңгеге артық.

2015 жылдың басына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 77423 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалардың үлесі 5857 бірлік (7,6%), 306 (0,4%) – орта кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлер -59537 бірлік (76,9%) және шаруа қожалықтар -11723 бірл, (15,1%) құрады.



14 сурет


2013 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 0,9 %-ға, осы салада қамтылғандар саны 2,5 %-ға азайды.

6 кесте


Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің

2012-2014 жылдардағы динамикасы




Көрсеткіштер атауы

Жылдар

2012

2013

2014

Белсенді субъектілер саны, бірлік

69442

78111

77423

Өнім шығару, млрд. теңге

464,3

536,7

556,7

Барлық жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам.

231,1

241,7

221,3

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылай қолдау мақсатында басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыс кәсіпкерлеріне екінші деңгейдегі банктер берген кредиттерді субсидиялау қамтамасыз етілді.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға 1698,7 млн. теңге бөлінді.

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары шеңберінде 63,5 млрд.теңге сомасына кредиттердің пайыздық мөлшерлемерін субсидиялауға жеке кәсіпкерлік субъектісінің 404 өтінімі мақұлданды.

Ағымдағы жылы өңірлік үйлестіру кеңесімен 23,2 млрд.теңге несиелердің жалпы құнымен 190 өтінім мақұлданда. 2014 жылға 1445,5 млн.теңге сомасында субсидиялауға қарастырылған қаражат толығымен игерілді.

Несие бойынша кепілдеме ұсынуға 39 тапсырыс қолдау тапты. Аталған бағытта 86 млн.теңге қарастырылып, 100% игерілді.

Бастауыш кәсіпкерлерге бизнестің инновациялық дамуына гранттар ұсынуға 25 млн.теңге қарастырылып, толық көлемде игерілді.

2014 жылы РКС жетпеген өндірістік ифрақұрылымын шығаруға 8 кәсіпкерлік қызметтің нысандары бойынша 1,6 млрд.теңге сомасында өтінім мақұлданды.

Облыс кәсіпкерлері үшін кеңестер, соның ішінде қала мен аудандарға көшпелі семинарлар, презентациялар, екінші деңгейлі банктің басшыларымен кездесулер, әлеуетті қатысушылармен жеке кеңестер өткізіледі.

Дамудың оң серпініне қарамастан шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер проблемалық болып қалуда:

салық салу кезінде оның даму деңгейі, қызмет түрі және құрылу уақытының деңгейіне байланысты саралау әдістемесінің болмауы;

кепілдік қамсызданудың болмауынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы, яғни бизнес ашуға ниет білдірген азаматтардың бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

бизнес қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің көп болуы;

екінші деңгейлі банктерде сыйақы мөлшерлемелерінің жоғары болуы және оны қайтару тетігінің жетілмеуі.

Сыртқы факторлар: шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылай-кредиттік қолдаудың серпінді дамуы, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдық нысандарының болуы (бизнес - орталықтар, консалтингтік фирмалар, қоғамдық бірлестіктер), сарапшы кеңестер қызметі, шикізат көздеріне және басқа табиғи ресурстарға жақын орналасу.

Ішкі факторлар: Меншікті айналым қаражатының жеткіліксіздігі, жаңа кәсіпорындар құру кезінде старттық капитал құру проблемасы, және қаржы-кредит ресурстарының жеткіліксіз қолжетімділігі сұартылған кредит сомасына кепіл мөлшерінің жетпеуі немесе мүлде болмауы, банктер сарапшыларының кепіл мүлікті төмен бағалауы, жоғары пайыздық мөлшер факторларымен шартталған.

Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және тәжірибелік дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша төмендегідей іс - шаралар көрсетіледі.

1. Қаржылық лизингті несиелеу мен келісімшарт бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау.

2014 жылы аталған мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 49 жобасы бойынша 30,8 млн.теңге сомасында қаражат игерілді.

2. Шағын несиелеу.

Өткен жылы аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 237,7 млн.теңге бөлініп, игерілді, 84 соңғы қарыз алушылар шағын несие алды.

3. Жаңа өндіріс құруға гранттар.

2014 жылы республикалық бюджет есебінен 14 жоба бойынша жалпы сомасы 34 млн.теңгеге грант көмегі көрсетілді.

Сонымен бірге, моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсетілуде. Осы мақсаттарға барлық моноқалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді, бизнес - инкубаторлар қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қолданылуда.

Іс - шараны іске асыру нәтижесінде белсенді қызмет ететін кәсіпкерлер санын арттыру жоспарланған. Дегенмен, Риддер қаласындағы «Казцинк» ЖШС қалақұраушы кәсіпорындармен белсенді ынтымақтасатын кәсіпкерлік субъектілеріне кризистік құбылыстар әсер етуде. Қорытындысында 2014 жылда Риддер қаласында жұмыс істеп тұрған белсенді кәсіпорындар саны 33 бірлікке қысқартылып, 176 бірлікті құрады.

Белсенді қызмет ететін кәсіпкерлер саны Зырян қаласында 17 бірлікке өсіммен, 135 бірлікті, Курчатов қаласында 4 бірлікке өсіммен 35 бірлікті, Серебрянка қаласында 2013 жылдың деңгейінде 19 бірлікті құрады.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;

2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды.

Әлсіз жақтары:

1) меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

2) кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы.

Мүмкіндіктері:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық - несиелік қолдаудың дамуы;

2) кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай құру үшін «сервистік орталық» құру;

3) рұқсат құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді (процедураларды) қысқарту.

Қауіптер:

1) қаржы-несие ресурстарына қолжетімділіктің аздығы, бұл кепілдік мөлшерінің несиенің сұралған сомасын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі немесе оның мүлдем болмауы, банк сарапшыларымен кепілдік мүліктің бағалау құнын төмендетуі сияқты факторлармен негізделеді;

2) кепілдік болмағанда нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.


2.2.1.6. Сауда

Аймақта 10837 сауда объектілері (жеке сауда дүкендерінің желісі, палаткалар, дүңгіршектер) қызмет етеді, оның ішінде 10896 орынға 81 сауда орны бар. Облыстағы сауда кәсіпорындарының саны 2013 жылы 2012 жылғы деңгейде қалды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2014 жылы 563,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 16,3% көп және көтерме тауар айналымының көлемі 2014 жылы – 690,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 9,5% көп.

Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.


Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2012-2014 жылдардағы

динамикасы



15 сурет
2014 жылдың қорытындысы бойынша НКИ жоспардағы 106%-дың 108,2%-ын құрады. Сатудың негізгі үлесі жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың тауарайналымына келеді (70,2%).

2014 жылы 620 азық - түлік жәрмеңкесі өткізіліп, 2,3 млрд.теңгенің өнімі іске асырылды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні аймаққа және бүкіл республикаға сауданың даму бағыттарын анық пайымдаудың жоқ болуы тән, ал ішкі сауда апатты дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік қайта құруларды, заңнамалық базаларды жетілдіруді, үдемелі дамудың механизмін дайындауды қажет ететіні анық.

Тұтыну нарығын дамытудың оң бағыттарының бірі сауда кәсіпорындарын ірілендіру мен мамандандыру, сауданың дүкендік нысанына біртіндеп көшумен байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

Облыста сауданы дамыту үшін бірқатар шаралар жасалуда, соның ішінде сауда саласында қызмет көрсету сапасын жоғарылату және бөлшек сауда көлемін ұлғайту мақсатында қалада, сондай-ақ ауылда ірі мамандандырылған сауда нысандарын ашу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:


  1. сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

  2. сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;

  3. ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

2) бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылар.

Әлсіз жақтары:

1) сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;

2) айналым қаражатының тапшылығы;

3) кәсіби-техникалық білім жүйесінің төмендігі, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша.

Мүмкіндіктері:

1) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

2) ішкі нарықты тұтыныс тауарларымен толықтыру.

Қауіптер:

1) азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

2) өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі.


2.2.1.7 Өңіраралық ынтымақтастық
Шығыс Қазақстан облысында 2010-2013 жылдары қол жеткізілген өнеркәсіп өнімі әлем нарығында экономикалық өрлеу маусымында өнеркәсіп өніміне сұраныс пен бағаның артуына әсер еткен ішкі факторларға себепші болған.

Дегенмен, әлемдегі экономикалық тоқырау өңір дамуына кері әсерін тигізді, облыс өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі, жұмыс орындарының қысқаруы, инвестициялық белсенділік пен тауарайналымының төмендеу мәселелерімен түйісті.

Қазақстанның көрші облыстары мен басқа мемлекеттермен облыстың тауарайналымының көлемі мен құрылымы өңірдің экономикалық дамуында проблемалық саланы айқындайды:

- өңдеу секторы өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

-  негізгі қорлардың жоғары тозуы және ескірген технологияларды қолдану;

-  айналым қаражатының жетіспеушілігі мен төмен пайыздық мөлшермен «үлкен» несиелерге қолжетімсіздік.

Жоғарыда аталған дәлелдер аталған секторға бір жағынан мардымсыз инвестициялар салдары болып табылатын, облыстың өңдеу өнеркәсібінде төменгі бәсекеге қабілеттілік туралы айтады. 2012 жылдан бастап облыстың өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға жыл сайын инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Сонымен 2012 жылы көрсеткіш 25,3%, 2013 жылы – 18,5%, 2014 жылы–17,2% төмендеді.

Осы жағдайларда сыртқы нарыққа өнім жеткізуді арттыру, өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті өнімдерді қажетті жағдайда арттыру үшін тоқырауға қарсы іс - шараларды қолдану болып табылады. Осы мақсаттарға тоқырауға қарсы іс - шаралардың құралдарының бірі негізінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарымен өңіраралық ынтымақтастық бойынша шаралар Жоспары қабылданды.

Шаралар Жоспарының негізгі тапсырмасы өнеркәсіп өндірісін кеңейту, төрт облыс арасында тауар мен көрсетілетін қызметтерді қолдану және жергілікті қамтуды ұлғайту болып табылады.

Интеграциялық үдерістерді дамыту индикаторына Қазақстан Республикасындағы құндық мәнердегі өнеркәсіп өнімін жөнелту, сонымен бірге көтерме сауда құрылымы бойынша статистикалық есептілік қызмет етеді.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның ішкі нарығына өнеркәсіп өнімінің жөнелту көлемі 2013 жылдың деңгейіне 17% өсіммен 631,9 млрд. теңгені құрады. Жөнелтілген өнімнің жалпы көлемдегі еліміздің ішкі нарығындағы өнімге үлесі 2013 жылдың деңгейіне 2,6% өсіммен 63,3% құрады.

Осыған байланысты көтерме сауда көлемі бойынша 2014 жылға нақты статистикалық есептілік 2015 жылдың шілде айында жарияланатын болады, Шығыс Қазақстан облысының басқа облыстармен көтерма сауда құрылымына талдауы 2013 жылдың мәліметтері негізінде жүргізілген.

Шығыс Қазақстан облысының талдау маусымында әртүрлі көздерден 72,3 млрд.теңгеден астам сомаға тауарлар сатып алынған, соның ішінде:

- басқа облыстың заңды тұлға - резиденттерінен жалпы көлемнің 9,2 млрд. теңгесі немесе 12,7%;

- басқа облыстың заңды тұлға - резиденттерінен 33,1 млрд. теңгесі немесе 45,8%.

Жоғарыда белгіленгендей, Шығыс Қазақстан облысы резидент-кәсіпорындардан 39,2 млрд.теңгеден астам сомаға көтерме сауда бойынша тауарлар сатып алды. Тауарлардың үлкен көлемі Алматы қаласының кәсіпорындарынан 17,6 млрд.теңге сомасында сатып алынды, бұл резиденттерден сатып алынған тауар көлемінің 44,9% құрайды. Алматы - 4,1 млрд. теңгеге (үлесі – 10,4%), Павлодар – 2,7 млрд. теңгеге (6,9%), Қарағанды – 83,9 млн. теңгеге (2,1%) облыстарының кәсіпорындарынан тауар сатып алынды.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысын негізгі тауармен жабдықтаушылар Оңтүстік Қазақстан облысы 3,2 млрд.теңге (үлесі – 8,1%), Солтүстік Қазақстан облысы – 1,5 млрд.теңге (3,8%) тауар көлемімен резидент-кәсіпорындары болып табылады.

Өңіраралық ынтымақтастық бойынша шаралар Жоспарын іске асырушы облыстар алдында интеграциялық үдерістер нәтижесінде жергілікті қамту есебінен облыстың резидент емес заңды тұлғаларынан тауарларды көтере сатып алу көлемін азайту тапсырмасы тұр.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) облыстың тиімді географиялық орналасуы, дамыған өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі;

2) Қазақстанның басқа өңірлеріне барлық транспорт түрлерімен ішкі және сыртқы жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беретін транспорттық инфрақұрылымның дамуы.



Әлсіз жақтары:

1) өнімнің, қызметтердің бәсекеге қабілеттелігінің жетіспеушілігі, негізгі қорлардың тозуы мен өндірістік технологиялық деңгейінің жетіспеуі.

2) Қазақстанның басқа өңірлеріне облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының тауар өнімдерін жөнелту бойынша жыл ағымында статистикалық мәліметтердің болмауы, кәсіпорындарға көмек көрсету бойынша талдау жүргізіп, дер мерзімінде шаралар қолдануға рұқсат бермейді.

Мүмкіндіктер:

1) аумақ транспорттың барлық түрлерімен тасымалдау үшін жайлы транспорттық - логистикалық орталықта орналасқан;

2) облыс өндірушілерінің өндірістік қуаттылықты толықтай жүктемеуі.

Қауіптер:

1) Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы санаттарынан өнеркәсіп саласында бәсекенің бар болуы;

2) облыстың өңдеу өнеркәсібінің жеткіліксіз дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет