БАҒдарламасы өскемен қ., 2015 жыл Паспорт



бет5/8
Дата08.06.2018
өлшемі2,82 Mb.
#41491
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8


2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен

2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс


Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын жұмыс істейді.

2014 жылы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс 14448,3 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,45 есе артты.



2012-2014 жылдардағы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен табыстың өзгеру динамикасы

34 сурет

4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орнына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ өз қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.



Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы NGN жаңа заманғы желіге ауысумен Өскемен және Семей қалаларының байланысына жаңарту жүргізді.

Бірыңғай транспорттық желі орнату және «электрондық үкімет» құру бойынша іс-шараларды іске асыруға ықпал етеді.

Аймақтық желілерді жаңарту:

1. жалпы ұзындығы 333 км ішкі аймақтық ВОЛС құрылысы жүргізілуде:

-Өскемен - Таврия - 50 км;

- Семей - Шүлбі - 73 км;

- АТС-42 Семей - Курчатов – 150 км;

- Қалбатау - Шар – 60 км.

2. ВОЛС 295 км жобалау орындалды:

- Семей – Қарауыл;

- Қалбатау – Шар – Әуэзов.

3.Құрылыс жүргізілуде:

- Енрекей а. контейнер және инфрақұрылыммен АМС (Қараул ЦРРЛ үшін);

- Семей қ. Шүлбі к, NGN желісін дамыту үшін инфрақұрылымдар мен ЛКХ;

- уылдық желілерді жаңарту (9 АЕМ).

2014 жылы 5 БС CDMA 450 пайдалануға енгізілді (Красный кордон, Контрольный, Холодный ключ, Мәдиниет, Баршатас). Көкпекті ауданы Сарыбел ауылы аналогты АТС ЦАТС ауыстырылды. ВЛС (121 км.) жою және шалғай елді мекендерде телефон байланысы қызметтеріне сұранысты қанағаттандыру үшін желіден босатылған спутниктік станциялар орнатылды (Аягөз ауданы Қарабұлақ, Шағрай, Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы).

Облыстың 746 ауылдық елді мекеніне телефон орнатылды.

Ауылда CDMA - 450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 9 АЕМ - дегі ұқсас АТС абоненттері CDMA - 450 радио желісіне ауыстырылды.

Тіркелген телефон байланысының саны 2015 жылғы 01 қаңтарында 405,6 мың бірлікті құрады, соның ішінде цифрлы телефон станциясына қосылған тіркелген телефон байланысының саны 396,2 мың бірлік.

Жоғары жылдамдықты кеңауқымды қолжетімді тіркелген Интернетті қолданатын абоненттер саны 2013 жылмен салыстырғанда 12,8% (123,2 мың бірлік) артты.

Жоғары жылдамдықты кеңауқымды қолжетімді тіркелген Интернетті қолданатын абоненттер тығыздығы 9 бірлікті құрады (100 тұрғынға шаққанда), соның ішінде ауылдық жерде 5 бірлік.

Облыс аумағында Beeline, K - Cell, Activ, Dalacom, Pathword сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді, 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 99 % - ды құрайды.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1) телекоммуникация дамыған қызмет жүйесі;

2) АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;

3) интернет желісін барлық жерде тарату.

Әлсіз жақтары:

1) тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;

2) тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

3) интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;

4) ұялы байланысқа жоғары тарифтер.

Мүмкіндіктер:

1) тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс

қызметімен қамту;

2) азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-

коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;

3) АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.

Қауіптер:

1) телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;

2) азаматтық тағайындаудағы радио жиіліктің шектеулігі.



2.2.3.2. Құрылыс

Құрылыс басқа салалардан ерекшеленетін және ұйымдардың және басқармалардың ерекше формаларының құрылыс өндірісінің қажеттілігін мәжбүрлейтін ерекшеліктерге ие.

Бұл – құрылыс процессінің қатысушыларының көптүрлілігі, капиталдың қатысты баяу айналуы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Құрылыс саласын әрі қарай дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді, бұл әлеуметтік саладағы жағдайға маңызды емес.

14-кесте

мың теңге



атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

өсу қарқыны 2014/2013

Барлық құрылыс жұмыстары

118 122,6

137 495,2

145 050,5

105,5

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

82 245,5

104 425,3

116 066,2

111,1

Ағымдағы жөндеулер

20 021,9

17 156,0

11 731,0

68,4

Күрделі жөндеу

15 855,2

15 913,9

17 253,3

108,4

Статистика деректеріне сәйкес, 2014 жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 145,1 млрд.теңгені құрады, бұл алдыңғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,5 %-ға жоғары.

SWOT- саланың даму жағдайын талдау:

Мықты жақтары:



  1. ағымдағы және күрделі жөндеу көлемдерінің өсуі;

  2. тұрғын үйлер құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына деген сұранымдың тұрақты дамуы;

  3. индустриализациялау картасы аясында өндіріс салаларының дамуы және жобалардың іске асырылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. құрылыс саласы мамандарының көптеп жетіспеушілігі;

  2. қысқы айлардағы қуаттылықтың аздығына (шығындардың артуына) негіз болатын құрылыс тарапынан түсетін сұранымның жыл мезгілділігі;

  3. құрылыстың ескірген сметалық-нормативтік базасы.

Мүмкіндіктері:

  1. облыс аумағындағы басымды салаларда құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа қуаттылық құру;

  2. құрылыс жұмыстарының жыл мезгілділігіне және аумақтық орналастыруға байланысты проблеманы шешу мақсатында, жаңа және жетілдендірілген жобаларды құру есебінен өндіріс ағымдарының, құрылыс материалдарымен қамтудың, тұтынудың теңгерімді сұлбаларын әзірлеу;

  3. жыл бойы ритмді құрылысты ұйымдастыру.

Қауіптер:

  1. қысқы айларда құрылыс материалдары шығынының артуы;

  2. құрылыс саласында білікті мамандарының жеткілікті болмауы.

Тұрғын үйлер құрылысына 20,4 млрд. теңге бөлінді және жалпы ауданы 313,5 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 107,6%.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тұрғын үй қажеттілігі адамның өмір сүруінің негізгі қажеттілігі және бүкіл қоғамның басты поблемасы болып келеді және болып қала береді, ал тұрғын үй құрылысын дамыту – қоғам дамуының басымды міндеті болып қала береді. Облыс бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 17 мың адамнан астам.

2005 - 2014 жылдар кезеңінде облыс бойынша 2396002 шаршы метр тұрғын үй салынды, соның ішінде жылдар бойынша:

15 кесте





2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

ш.м.енгізілген тұрғын үй

206014

245488

194003

230117

208654

222411

240522

244010

291302

313481

өсу %




119

79

119

91

107

108

101,5

119,4

107,6

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй -2020» Бағдарламасы шеңберінде 313,481 мың шаршы метр пайдалануға берілді, 2013 жылмен салыстырғандағы өсім 7,6 %. Нақты көлем индексі-104,6%.

Дегенмен жыл қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көрсеткіш жоспардағы 320 мың шаршы метрден нақты 313,5 мың шаршы метрді құрады. Жоспарлы мәнге қол жеткізбеу 2013 жылмен салыстырғанда Курчатов (48,4%), Зырян (50,2%), Ұлан (62,8%) және Шемонаихина (83,1%) аудандарында тұрғын үйді пайдалануға берудің төмендеуіне байланысты болып отыр.

19 көппәтерлі тұрғын үй мен 82 ЖТҮ пайдалануға тапсырылды (110,81 мың ш.м. тұрғын үй, 1408 пәтер).

2015 жылы 49 көппәтерлі және 2 бірпәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, соның ішінде:

- ТҮЖБ несиелі тұрғын үй–14 үй (Өскемен қаласы – 13, Семей қаласы-1 үй);

- жалдамалы пәтер – 17 көппәтерлі және 2 бірпәтерлі тұрғын үй (14 Өскемен қаласы, 1 үйден Риддер қаласы, Глубокое, Бородулиха және Үржар аудандары);

- жас отбасы – Өскемен қаласында 6 көппәтерлі тұрғын үй;

- Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша-1 тұрғын үй (Риддер қаласындағы үй, қазіргі уақытта мемкомиссияның актісіне қол қойылуда);

- «КИК» АҚ бағыты бойынша- Семей қаласында 2 тұрғын үй;

- «Фонд недвижимости «Самрук-Казына» АҚ бағыты бойынша – Өскемен қаласында 9 үй.

SWOT- саланың даму жағдайын талдау:

Мықты жақтары:


  1. жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;

  2. тұрғын үйлер құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Әлсіз жақтары:

  1. жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

  2. қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының әлсіз дамуы;

  3. құрылыс индустриясының тиімді қалыптаспаған нарығы;

  4. халықтың экономикалық белсенді тобының негізгі бөлігінің, соның ішінде жас отбасыларының қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  2. тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту және мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті ынталандыру;

  3. апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;

  4. бірінші кезекте экономды кластағы тұрғын үй құрылысын ауқымды жүргізу мақсатында, аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту;

  5. Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстанның ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;

  6. Құрылыс индустриясын жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы, энерготиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдарын, құрылымдарды және бұйымдарды өндіруді арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті арттыру жолымен дамыту.

Қауіптер:

тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі.




2.2.3.3. Жолдар және көлік


Жолдар.

Өңір Республикадағы ең ұзын 11 835,8 км жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын алып жатыр, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 414 км (28,9 %), облыстық маңызы бар - 3 186 км (26,9 %) және аудандық маңызы бар – 5295,8 км (44,2 %).

Оның ішінде қара жамылғымен – 7090,7 км, қиыршықтаспен – 3974,53 км және топырақты жамылғысымен – 830,5км, сонымен қатар олардың үстіне 504 көпір және 6629 су өткізу құбырлары орнатылған.

16 кесте
2011-2014 жылдары жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы




Техникалық-эксплуатациялық жағдайдың өзгеру динамикасы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

км

%

км

%

км

%

эксплуатациялық жағдай бойынша

 

Жақсы

809,7

9,6

1260,2

15

1263,6

15

Қанағаттанарлық

4 938,3

58,8

4978,5

59,1

5096,7

60

Қанағаттанарлықсыз және бұзылу сатысында

2673,8

31,6

2183,1

25,9

2121,5

25

Өткізілген талдауға сәйкес 2012 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықтағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:

1) жақсы техникалық жағдайдағы жол ұзындығы 809,7км-ден 1263,8 км-ге дейін өсті, 453,9 км дейін артты;

2) қанағаттанарлық жағдайы 4938,3 км-ден 5096,7 км-ге дейін қысқартылды, немесе 158,4 км дейін азайды;

3) қанағаттанғысыз техникалық жағдайы 552,3 км-ден 2673,8 км-ге дейін 2121,5 км қысқартылды.

Күрделі және маңызды проблемалар автожол көпірлерінің және жолдардың көліктік - пайдалану жағдайы болып табылады. 2010 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда көпірлерді, жолдарды, су өткізгіш құбырларды сайманды тексеру бойынша жұмыстар өткізілген жоқ. 2010 жылы облыстық маңызы бар үш автомобиль жолдарының паспорттауы жүргізілген болаты, оның нәтижелері бойынша көпірлердің және су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайы ерекше қауіпті тудырады, 85 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және жөндеуді қажет етеді.

17 кесте
2012 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Салалық бағытты қаржыландыру, млн. тенге



2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жиыны

қаржыландыру көзі бойынша

БАРЛЫҒЫ

10 371,667

10 742,541

10 020,728

31 134,936

Республикалық бюджет

3 533,896

2 510 ,232

2 257,136

8 301,264

Облыстық бюджет

2 187,696

3 123,751

3 033,274

8 344,721

Басқа көздер

 










Қалалық / аудандық бюджеттер

4 650,075

5 108, 558

4 730,318

14 488,951



Жөнделді, км

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жиыны

жөндеу түрлері бойынша

БАРЛЫҒЫ

207

176

113,3

496,3

Құрылыс, қайта жаңарту

12

18,3

0

30,3

Күрделі жөндеу

47

44,5

40

131,5

Орташа жөндеу

148

113,2

73,3

334,5

Ағымдағы жөндеу және мазмұны

3186

3186

3186



2012 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 31,1 млрд. тенгені құрайды.

Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен қала көшелері және автомобиль жолдарының 496,3 км жөнделді, соның ішінде төмендегідей жұмыс түрлері:


  1. құрылыс, қайта жаңарту –30,3 км (6,1%);

  2. күрделі жөндеу – 131,5 км (26,5%);

  3. орташа жөндеу – 334,5 км (67,4%).

Жолдардың мерзіміне жетпей бұзылуын ұстаудың негізгі қолдаушы

факторы болып табылатын бірнеше жылға қатарынан сақталатын құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған қаржылық қаражаттың оңды өсу тенденциясында бұрынғысынша ағымдағы жөндеу мен жолдарды ұстауға қажетті қаражат бөлінбейтініне назар аудару қажет. Қаражатты шектеу нәтижесінде жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеп соғатын автомобиль жолдарын ұстау және профилактикалық жөндеу толық жүргізілмейді.

Практикалық байқау көрсеткендей, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жыл сайын орта есеппен алғанда 200 км бұзылады екен, бір жылда орта есеппен 150 км жол жөнделеді. Желі ұзындығын есепке ала отыра, қазіргі таңда қайта жаңартуды және жөндеуді талап ететін жол 5,9 км құрайды, мұны жөндеу үшін қаржыландырудың қазіргі деңгейі сақталатын болса, 25 жылдан артық уақытты қажет етеді.

Ұстау нормаларын қатаң сақтаған жағдайда ғана уақытынан бұрын бұзылу үрдісін тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта құру және қайта жаңартудан өткен телімдерге қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.

Күрделі қаржы жұмсалымын шектеу арнайы жол - құрылыс және жол-эксплуатациялық техникалардың жетіспеушілігіне әсер етеді. Ағымдағы жөндеу мен ұстау жұмыстарын орындау үшін негізгі машиналар мен механизмдердің жетіспеушілігі автожолдардың маңызына тәуелсіздігін білдіреді. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың қысқы уақытта ұстауға қамтылған ұйымдардың қарын тазалау техникалары нормативтік қажеттіліктің 48 % құрайды, 80 жыл қолданыста болғандықтан аталған техниканың 50 % астамы қанағаттанғысыз жағдайда.

Көгалдандыру бойынша орман алқаптарын механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі, бірақ жаңадан отырғызып оны баптау жұмыстары мүлдем жүрмейді.

Саланың даму жағдайын SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1) жеке өңірлер үшін жеке көліктік қатынас тек қана автожолдар болып

табылады;

2) рұқсаттама қабілетінің резервтері;

3) аралас көлік түрлері инфрақұрылымының дамығандығы.

Әлсіз жақтары:


  1. негізгі құралдардың маңызды табиғи және моральді тозуы (инфрақұрылым және жылжымалы құрамы);

  2. инновацияны және процесстерді автоматтандырудың төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

  1. мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін дамыту;

  2. автомобиль жолдарының, көпірлердің көлікті пайдалану көрсеткіштерің жақсаруы және олардың тұтыну сапасын жоғарылауы;

  3. автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;

  4. автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудан және күрделі жөндеуден кейін телімдерде жөндеуаралық мерзімдерді сақтау;

  5. автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.

Қауіптер:

  1. ішкі және сыртқы конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекелдіктер;

  2. бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

  3. бағалық тәуекелдер;

  4. заңнамалық тәуекелдер;

  5. техногендік және экологиялық тәуекелдер;

  6. кадрлық тәуекелдер;

  7. теміржол көлігінде жоғары тозудың және құралдың бұзылуының салдарынан апаттардық және техногендік қауіптердің тәуекелділігі;

  8. қолданыстағы жол -пайдалану техникасының жоғары тозуы байқалады.

Облыста теміржол, автокөлік, электр, әуе және су транспорттары дамуда.
Көлік.

2014 жылы теміржол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1654,1 млн. адам тасымалданды, бұл 2013 жылғы деңгейден сәйкесінше 3% артық. Жолаушы айналымы 21223,5 млн.жолаушы шақырымын құрады, нысаналы индикатор артығымен орындалды (20 және 21 кесте).


18 кесте
2011-2014 жылдары барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы




Жылдар

Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Электр көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Әуе көлігімен жолаушылар тасымалданды, мың адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

2011

1419,3

111,5

1408

112,8

11,3

98

19,15

115

11,05

178,8

2012

1459,8

102,9

1449,3

101,3

10,5

93,5

10,29

26,7

11,49

104

2013

1606,6

110,1

1596,9

110,2

9,7

91,7

11,50

10,5

12,09

105,2

2014

1654,1

103

1645,2

103,02

8,9

92

10,45

10,03

10,05

83,1

19 кесте


2011-2014 жылдары жолаушылар айналымының

өзгеру динамикасы




2011-2014 жылдары жолаушыларайналымының өзгеру динамикасы, жылдар

Көліктегі жолаушы ағыны (темір жол көлігін есепке алмағанда) млн. жол. км

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Автомобиль көлігімен жолаушы ағыны, млн. п. км

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Электр көлігімен жолаушы ағыны, млн. жкм.

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Әуе көлігімен жолаушы ағыны, мың жкм.

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Өзен көлігімен жолаушы ағыны

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

2011

17223,5

150

17167,1

153,4

56,4

98

16239

114,1

57,2

4,4

2012

20030,4

116,3

19977,6

112,6

52,8

93,5

4319

26,6

13,7

24

2013

21129

105,5

21080

106

48,4

91,7

-

-

27,4

2,0

2014

21223

100,4

17274

101,8

44,57

92,1

-

-

27,1

1,1

2014 жылы өзен көлігімен 10,05 мың жолаушы тасымалданды, жолаушы айналымы 27,1 мың жолаушы-км құрады.

Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2013 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 95,5 %, теміржолмен - 4,44%, әуемен - 0,0003% және өзенмен - 0,0008%.

Қазіргі уақытта облыста автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 331 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 140 - қалаішілік, 16-облысішілік, 85- облысішілік қалааралық, 52 – ауданішілік, 20-кентішілік, және 18- қалааралық маршруттар. Халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда облысты Ресей Федерациясы қалаларымен – (Өскемен, Томск, Омск, Красноярск, Новокузнецск, Барнаул, Новосібір, Змеиногорск, Кемерово, Семейден: Томск, Омск, Новосибирск, Рубцовск, Углы, Михайловка) Қытай Халық Демократиясымен (Алтай, Үрімші) қалаларымен байланысты қамтамасыз етеді.

Тұрғындарды транспорт қызметімен қанағаттандыру мақсатында 2014 жылы басқармамен «Семей – Курчатов - Астана» жаңа қалаішілік облысаралық және Первомай кенті арқылы «Өскемен - Шемонаиха» қалааралық облысішілік маршруттар, сонымен қоса «Семей - Теректі», «Семей - Үлгілімалшы» 2 қалааралық маршруттар іске қосылды.

2014 жылы өзен көлігімен 1654,1 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңінен 3 % артық, жолаушы айналымы 21223,5 млн. жолаушы -км құрады.

Дегенмен, оңды нәтижеге қарамастан облыста 754 елді мекеннің 276 тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілмеген. Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерде жолаушылар автокөлігімен қамтамасыз етілгендердің көрсеткіш үлесі жоспардағы 36% орнына 36,2% құрады.

Қалаішілік жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқару Өскемен және Семей қалаларының арнайы басқару орталықтарымен, қалааралық-автовокзал мен автостанция жүйелері арқылы жүзеге асырады.

Облыста тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан, 3 автовокзал және 20 автостанция және 12 қызмет көрсету пункті қызмет атқарады.

Сондай-ақ шешімін таппай отырған мәселердің бірі өзен көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы ағынының үлесі 0,003% және жүк 0,001%, дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол көлік кемелері мен сәйкес инфрақұрылымның жоқтығы.

20 кесте
2011-2014 жылдары барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы


Жылдар

Автомобиль көлігі,

млн. т.


Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Әуе көлігі, тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Су көлігі, мың тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Жүк тасымалдау, млн. тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

2011

417,8

127,8

28,9

88,7

273,7

107

417,8

127,7

2012

476,4

114

5,8

20,1

309,2

113

476,7

114

2013

553

16,1

-

-

355

14,8

553,4

16,1

2014

595,2

107,6

-

-

339,86

95,7

595,2

107,6

21 кесте


2011-2014 жылдарға жүк айналымының өзгеру

Динамикасы




Жылдар

Автомобиль көлігі, млн. т.

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Әуе көлігі, тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Су көлігі, мың тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Жүк тайналымы, млн. ткм

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

2011

10381,4

145

24,9

88,6

15368

86,5

10396,7

144,9

2012

11232,8

108,2

4,8

19,3

20259,4

131,8

11253

108,2

2013

13079

16,4

-

-

21312,2

50,2

13079,2

16,4

2014

14333

109,4

-

-

16479,6

77,3

14333

109,4

Жүк тасымалының жалпы көлемінде көлік түрлерінің үлес салмағы талданатын кезеңде мүлдем өзгерген жоқ. 2014 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су – 0,01 %.

2014 жылы жүк тасымалының көлемі (теміржол көлігі есебінсіз) 595,3 млн. тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 7,6 % артық, ал жүкайналымы 14333,3 млн.тонна.

Жол маңы инфрақұрылымын халықаралық транзиттік дәліздерге дамыту мақсатында Зайсан ауданында Омск – Майқапшағай трассасында қонақүй, автотұрақ және кафеден құралған жол маңы кешені ашылған, Риддер қаласында, Шемонаиха ауданында транзиттік көлік, Семей - Павлодар трассасында қонақ үй, Алматы – Өскемен трассасында Ұлан ауданында кемпинг салынған.

«Омск – Майқапшағай» - 2, «Өскемен-Семей – 1 республикалық маңызы бар жолдарда жаңа автожанармай құю станциялары іске қосылды.

Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚС, 121 тамақтану пункттері, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚС, 11 тамақтану пункттері және 1 жылыту бекеті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚО, 3 тамақтану пункттері, 1 қонақүй, 2 кемпинг қызмет етеді.

Облыстың темір жол желісінің ұзындығы 1 243,3 км құрайды, онда 24 темір жол бекеті орналасқан.

Теміржол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита-Алматы, Лениногорск-Астана (Мәскеуге дейінгі тіркелген вагонмен), Томск-Лениногорск, Семей-Қызылора, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк-Семей-Бішкек, Новосибирск-Семей-Алматы, Новосибирск-Семей-Ташкент, Павлодар-Семей-Алматы, Павлодар-Семей-Қарағанды бағыттары.

2014 жылы Тұлпар - Тальго вагондарынан құралған Алматы-Өскемен және Астана - Өскемен бағыттарында жолаушылар жүрдек поезы қатынайды.

2011 жылдан бастап «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ өндірістік шаруашылықты жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде, соның барысында 2011-2013 жылдар аралығында жолаушыларғақызмет көрсету тармақтарымен бес өндірістік ғимарат тұрғызылды, 15 вокзалға күрделі жөндеу жүргізілді. 2014 жылы Лениногор, Ақтоғай және Шар станцияларына күрделі жөндеу жүргізілді. 2014 жылы облыс ішінде жолаушылар «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор» бағыттары арқылы теміржол көлігімен тасымалданады. Бұл бағыттар тиімсіз және тасымал шығындары жыл сайын облыс бюджетінен субсидияланады. 2014 жылы 370 рейс орындалып, 119479 жолаушы тасымалданды.

2014 жылы бөлінген субсидия көлемі 288,6 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,9% артық.

1995 жылға дейін облыстың Катонқарағай, Зырян, Үлкен Нарын, Күршім, Самар, Ақжар, Тұғыл, Теректы, Бобровка, Боран, Зайсан, Карагужиха, Рахман қайнарлары, Үржар, Аягөз, Ақсуат, Қарауыл, Бестамак, Қайнар, Баршатас, Жорға, Емелтау, Жарбұлақ елді мекендерінде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болған.

Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» деңгейдегі екі әуежай уақытша сызба бойынша қызмет атқаруда – бұл Өскемен және Семей қалаларының, сонымен бірге Зайсан қаласы мен Үржар ауылында ішкіоблыстық авиажелісіне қызмет көрсететін әуежайлар.

Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Мәскеу, Санкт - Петербург, Новосібір. Анталия, Үрімші қалаларына маусымды әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалаларына.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңірдің тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыс орталығымен тұрақты әуе қатынасымен Семей қаласы, Зайсан және Үржар аудандары қамтылған. Облыстық бюджеттен субсидияланатын әуе транспортымен келесі әлеуметтік-маңызы бар авиарейстер жүзеге асырылады: «Өскемен-Зайсан», «Өскемен-Семей-Үржар». 2014 жылы 156,5 рейс орындалып, 10451 жолаушы тасымалданды. 2014 жылы тұрақты әлеуметтік-маңызды облысішілік субсидиялауға 154128 мың теңге бағытталды, бұл 2013 жылғы субсидиялаудан 4,9 % артық.

2013 жылдан бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Үржар-Алматы» ұшақ рейсі жұмыс істейді, оны субсидиялауға республика бюджетінен 94 млн.теңге бөлінді. 2014 жылға «Алматы-Үржар» ұшақ рейсін субсидиялауға 109 млн.теңге бөлінді.

Облыс орталығымен тұрақты әуе қатынасымен Семей қаласы, Зайсан және Үржар аудандары қамтылған. 2013 жылы тұрақты әлеуметтік-маңызды облысішілік субсидиялауға 146,51 млн.теңге бағытталды, бұл 2012 жылғы субсидиялаудан 5,8 % артық.

Тасымалданған жолаушылардың жылдық көрсеткіші 2013 жылға – 11,5 мың адам, бұл 2012 жыл көрсеткішінен 10,5 % артық. 2014 жылы облысішілік ұшақ рейсін субсидтауға 154,1 млн.теңге бөлінді, 2013 жылғы субсидия көлемінен 5,2% артық. 2013 жылдан бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Үржар-Алматы» ұшақ рейсі жұмыс істейді, оны субсидиялауға республика бюджетінен 94 млн.теңге бөлінді. 2014 жылға «Алматы - Үржар» ұшақ рейсін субсидиялауға 109 млн.теңге бөлінді.

Елді мекендерде жолаушылар көлігімен қамтылмағандар үлесі жоспардағы 36% нақты 36,2%. Көрсеткіштің жоспарлы мәнінің артуы Превышение планового значения показателя связано с недостаточным финансированием акиматами городов и районов области нерентабельных социально - значимых маршрутов.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1) 2008 жылдан бастап тасымалданған жолаушылар саны 15,6 % артты;

2) ішкі әуе бағыттарын қайта жандандыру, ішкі теміржол және әуе қатынастарын қаржыландыруды ұйымдастыру арқылы, көліктің барлық түрлері қызметіне облыс тұрғындарының колжеткізушілігін қамтамасыз ету.

Әлсіз жақтары:

1) заңсыз тасымалдаушылар қызметтеріне байланысты, алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі;

2) жеке аудандарда ауданішілік жолаушылар тасымалы жоқ.

Мүмкіндіктері:

1) басқа мүдделі жақтармен үйлесім және өзара іс-әрекет;

2) рұқсат құжатынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін жолаушы көлігі және автомобиль басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің тығыз ынтымақтастығы қажет.

Қауіптер:

1) макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Макроэкономикалық қатерлер орындалған жағдайында көлік қызметі сұранысының төмендеуі мүмкін, бұл өз кезегінде мақсаттық көрсеткіштерге әсер етеді;

2) бағалық қауіптер. Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.

2.2.3.4. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, су бұру, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыру салаларымен ұсынылған.

Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуы аталған қызметтерде экономика және халық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Сумен қамту.

Өңірдегі 763 елді мекеннің 332-сы орталықтандырылған сумен қамтылған: 10 қала, 3 кент және 319 ауыл (85,1%). Жергілікті көздерден сумен қамту 14,8 % тұрғынды қамтитын 428 елді мекенде жүзеге асырылады, тасымалды суды 0,1% тұрғынды қамтитын 3 елді мекен пайдаланады.

13 қала, қала типтес кенттер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97,1%-ды құрайды, қала тұрғындарының 2,9%-ы суды жергілікті көздерден алады.

Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 67,7%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 32,2 %-ы жер асты және үстіңгі көздердің суын қолданады, сонымен қатар 0,1 % тасымалданатын суды пайдаланады. 398 адам тұратын 3 елді мекенге су тасымалдау ұйымдар есебінен жүзеге асырылады.

2011-2014 жылдары қала тұрғындарының орталықтандырылған су құбырының сумен қамтамасыз етілуі 0,53 %-ға өсті және 2015 жылдың 1 қаңтарына 97,1 %-ды, ауылдарды қамту 10,9%-ға өсіп, 42,5%-ды құрады.


22 кесте

Облыс тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды қамтамасыз ету және 2011-2014 жылдардағы желілердің ұзындығы туралы ақпарат




Сумен қамтамасыз ету, %

Су құбыры желілерінің ұзындығы барлығы, км

олардан ауыстыруды қажет ететіні (стат.мәліметтер б-ша)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

барлығыкм

жалпы ұзындыққа %

қала

ауыл

қала

ауыл

қала

ауыл

96,74

36,8

96,7

39,7

97,1

42,5

3933,2

1571,6

40

Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3933,2 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 60,0% - 2361,5 км). Желілер қанағаттанғысыз жағдайда, бұған себеп су құбыры желілерінде апаттық жағдай санының артуы, желілерде су шығындарының көп мөлшері және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшерінің артуы.

«Су құбыры желілеріндегі апаттар саны» көрсеткіші жоспарлық мәні асып, 1385 жоспарымен 1414 апатты құрады.

Желілердегі апаттар мен шығындар санын азайту үшін су құбыры желілерін салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

230 су құбыры құрылғыларына қызмиет көрсету мен пайдаланумен 37 коммуналдық кәсіпорын, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады. Бүгінде пайдалануға берілген және салынған ауыз сумен қамту объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету бойынша проблемалар бар.

Сумен қамту қызметтерінің тарифтері облыс бойынша 2014 жылы текше метрі 7,24 теңгеден 294,37 теңгеге дейін түрленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген қолданыстағы 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында 2011-2013 жылдары бюджет қаражатынан – 26,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 16,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 23,6 млрд. теңге игерілді.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 69 ауылда тұратын 35 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтуға алғаш рет қол жеткізді.


23 кесте

2011-2020 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру динамикасы






2011-2014

2011

2012

2013

2014

Барлығы, млн.тенге:

26852,6

6419,8

3911,4

9190,9

7330,5

РБ

23622,5

5408,0

3326,0

8241,7

6646,7

ЖБ

3230,1

1011,8

585,4

949,2

683,7

2011-2014 жылдары іске қосылған объектілер

80

23

12

28

17

Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. 2006-2014 жылдары 148 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстары жүргізілуде, қосымша 2013-2014 жылдары 113 елді мекенде жұмыстар басталды.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1) жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

2) ауыз суға жоғары қажеттілікі;

3) сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;

4) халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 80%-ға дейін жеткізу;

5) пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1) қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;

2) сумен қамту объектілері мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, жоғалтулардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;

3) негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі жаңартудан гөрі озық қарқынмен өтуде;

4) сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;

5) инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;

6) берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың көптеген аудандарда болмауы;

7) ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

1) жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;

2) халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3) сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;

4) тиімді замануи технологияларды қолдану мүмкіндігі;

5) пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.

Қауіптер:

1) ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;

2)табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;

3) сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі;

4) халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;

5) апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.

Жылумен қамту.

Өңірде 3 аса үлкен көмір кеніші бар – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.

Облыс аумағында 5 жылу электр станциясы орналасқан – Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО, Сөгір ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2.

Облыс аумағында жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1338 км. Қуаты 100 Гкал қазандықтар саны 665 дана. Қазандықтардың негізгі бөлігі қатты отынмен жұмыс істейді, тозудың орташа шамасы 70 % құрайды. Көмірді тұтынушыға дейін тасымалдау шығыстарының ұлғаюына байланысты соңғы уақытта оның соңғы бағасы өскен. Бұл жағдай жаңа технологиялар енгізу жолымен облыс тұтынушыларының жылумен қамту әдістерін қайта қарауды талап етеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша 1226 км жылумен қамту желілерінің жалпы ұзындығынан 173 км немесе 14,1% ауыстыруды талап етеді. Жылу желілеріндегі орташа тозу 53%, нормативті шығындар 18,5% құрайды.

Жылу желілерінде апат санын азайту үшін жылу желілерінде және қазандықтарда жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылдық жөндеу жұмыстары өткізіледі. Жылумен қамтушы ұйымдарда апаттарды жою үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылған, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарын жылумен қамтуды ұсақ қазандықтар қамтамасыз етеді, олар қатты отынмен мен және электр энергиясымен жұмыс істейді. Қазандықтардың көбі қатты тозған.

Бүгінгі күні өңірде жылумен қамту желілерінің тозуы орташа алғанда 54%, соның ішінде желілір бойынша:

- жылумен қамту – 53%;

- сумен қамту – 48%;

- электрмен қамту – 60%.

нормативті шығындар желілер бойынша құрайды:

- жылумен қамту – 18,5%;

- сумен қамту – 19%;

- электрмен қамту – 11%.

Өңірде нормативтен артық шығындар жоқ.

Аталған көрсеткіштерге негізінен «Электроэнергетикасы туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) инвестициялық бағдарламаларын орындау есебінен қол жеткізілді.

Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындарымен барлығы 2013 жылы 11129,5 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, оның ішінде жылу электр станцияларымен – 4571,4 мың Гкал, қазандықтармен – 3379,4 мың Гкал. 2012 жылмен салыстырғанда өндіру 1329,5 мың Гкал көбейді, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты. Жылу энергиясын жіберу 2014 жылы 7690,3мың Гкал құрады.

2012 жылға энергияны тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне – 38%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері – 15%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктері – 21%, басқа кәсіпорындар (қайта сатушылар) – 30% болып келеді.

2010-2013 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын бостау көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты болып тұр (2010 жыл – 9794,7 мың Гкал, 2011 жыл – 9533,7 мың Гкал, 2012 жыл – 9800 мың Гкал, 2013 жыл – 7953,2 мың Гкал).

Бұдан басқа, облыста заманауй энегрия үнемдеу технологиясын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды, атап айтқанда жылу сорғыш қондырғыларынан Прапорщиков кентінің Киров ОМ ТНУ жобасы іске асырылады.

Жүргізілген талдаудың негізінде өңірдің жылумен қаму саласының дамуын ұстайтын келесі негізгі проблемалар анықталды. Жылу көздерінің, магистральді және квартал ішілік желілерінің энергетиклық және қазандық құралдарының қатты тозуының проблемалары ЖЭО құралдарының және қазандықтарының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құралдарын жңартуға және жаңалауға инвестиция көлемінің аздығымен байланысты. Семей қаласының жылу көздері қатты қауіпті тудырады. Өткен жылу кезеңінде көрсетілгендей Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесі әсіресе қаланың сол жағалау бөлігі қатты қиындықтарға душар болған. Сол жағалаудың негізгі жылу көздері ТЭО-1 және РК-1 қайта жаңғырту және жаңалау бойынша жұмыстарды міндетті және дереу жүргізуді талап етеді, өйткені аталған жылу көздерінің барлық қазандық агрегаттары өзінің қызмет ету мерзімін жойған, олардың тозу деңгейі нашар ретінде бағаланады және 70-93% құрайды.

Тарифтерді талдаған кезде, тариф тапшылығының негізгі үлесі «электроэнергия» шығын бабы бойынша қалыптасады. Өйткені, шығындар сметасына электроэнергия бойынша ескі тарифтер салынады. Электроэнергияға жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап жылу, ыстық сумен, сумен қамтамасыз ету бойынша тарифтерге жетіспеушілік қалыптаса бастайтын болады.

Бүгінгі күні қуаты 100 Гкал жылу көзі бар мемлекеттік жылумен қамту кәсіпорындары шығынды болып табылады: Семей қ. «Жылукоммунэнерго» МКК, Курчатов қ. «КМЭП» МКК, Зырян қ. «Жылу орталық» МК, Серебрянка қ. «Бұқтарма Инфрасервис» КМК, Глубокое к. «Жылуэнергия» МКК және Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын а. «Нарын» МКК.

Ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстардың кәсіпорындар үшін коммуналдық саласында дағдарыс жағдайы бойынша тағы да бір себеп ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарға қол жетпеушілік болып табылады. Нәтиже бойынша, коммуналдық кәсіпорындар қайта құру және тарифтерді елеусіз өсіруге коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері жоқ.

Ұзақ мерзімге инвестициалық және қарыз қаражатын жұмылдыру коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту есебінен кәсіпорындарға коммуналдық қызмет көрсету шығының төмендету мүмкіндігі болар еді және инвестицияның өтелімділігі, тарифтерді елеусіз өсіруге несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етілсін.

Инвестициялардың коммуналдық кешені салынған қайтаруға әсер ететін, негізгі факторлар қызмет көрсетуге тариф құру жүйесі және төлем тұтынушылардың қабілеттілігі болады.

Берілген мерзімде инвестицияны қайтару камтамасыз еталмайтын жағдайда, тұтынушылардың төлемдерін, инвестицициялық қызмет субъектілерінің көмекқаржы түрі қарастырылу керек. Оларға қатысты:


        • салықтар және бюджетке салықтың төлеу мерзімін өзгерту бойынша

қосымша жеңілдіктер;

  • бюджеттік несиелер;

  • тартылған несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

  • міндеттерді орындауды кепілмен қамтамасыз ету;

  • инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қаржыландыру үшін

көмекқаржы;

  • бюджеттік инвестициялар;

  • жерді және жылжымайтын мүлікті жалға алуға жеңілдік тәртібін

орнату;

  • энергия үнемдеу және энергия тиімді технологияларды енгізу бойынша

іс-шараларды ынталандыру.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:


  1. облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;

  2. облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;

  2. жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.

Мүмкіндіктер:

жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту болашағы.

Қауіптер:


  1. ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;

  2. бәсекелестік ортаның дамымауы;

  3. жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдық және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;

  4. жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.

Су тарту.

Өңірде орталықтандырылған су тарту 763 елді мекеннің (бұдан әрі ­ ЕМ) 43 ЕМ жұмыс істейді. Облыста барлығы 127 кәріздік сору станциясы, 21 тазарту имараттары бар. Канализациялық сору станциясының орнатылған қуаты тәулігіне 1214,5 мың текше метр. 3 ауданда тазарту тазарту имараттары жоқ.

70-жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.

Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 және 3 токсиндік сыныбының ауыр металдармен: қорғасын, мырыш, никель, темір, мышьяк, бериллий, сынаппен және т.б. ластанған суларды ағызу болып отыр.

Тазарту имараттар кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындалар түскен кезде табиғи тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдарымен балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айып салынады.

Әсіресе кіші қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдайлар қалыптасқан. Елді мекендердің тазарту имараттары қатардан шығып қалады. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 25-30%-ды құрайды.

Тазарту имараттарын сапалы пайдалану және олардың істен шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық желілерді қайта жаңарту қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2014 жылдары Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов, Зайсан қалалары, Глубокое ауданы Белоусовка кенті және Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы 19 жоба бойынша канализация жүйесін қалпына келтіру және қайта жаңартуға 7,31млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Кәріз желілерінң жалпы ұзындығы 1420,8 км, оның ішінде 475,9 км немесе 33,4% ауыстыруды қажет етеді, бұл апаттық жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен, 2013 жылы 744 апатқа қарсы 2012 жылы кәріз желілерінде 674 апат болған.

Облыс тұрғындарының су тарту қызметтерімен қамтылу деңгейі 2014 жылы 36,5%-ды құрады (кесте 24).
Кесте 24

2011-2014 жылдары облыс тұрғындарының су тарту

қызметтерімен қамтылу деңгейі








2011

2012

2013

2014

Тұрғындардың су тарту қызметтерімен қамтылу деңгейі:

%

34,1

34,2

35,2

36,5

Канализация желілерін жөндеу

км

4

8,2

52,8

18,2

Тазарту имараттарын күрделі жөндеу

шт

0

2

2

2

Су тартуға қолданыстағы тарифтер технологияларды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңарту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені тарифтың структурасы мен пайданың инвестициясы көздерінің үлесі шамалы.

Сонымен, облыс бойынша 2014 жылға канализация қызметіне тарифтер куб метр үшін 5,6 теңгеден 162,4 теңгеге дейін түрленді. Сол уақытта Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болуы керек.

Облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2014 жылы 36,5%-ды құрады.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:



  1. орталықтандырылған ауылдық елді мекендердің жалпы санынан-15,3% су тартуға көрсетілген қызметтерге тұрғындардың қолжетімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде су тарту, тазарту имараттарын салу және қайта жаңғырту қарастырылған.

Әлсіз жақтары:

80 % кәріз желілері қанағаттанғысыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктер:

су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту ғимараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қауіптер:

жобалау-сметалық құжаттамалар мен құрылысты және су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту ғимараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Газбен қамту.

Шығыс Қазақстан облысында орталық газбен қамту 6 қала және 2 кентте бар. Сұйытылған газдың негізгі үлесі Павлодар мұнай өндеуші зауытынан жеткізіледі.

Сұйылтылған газдың аккредивті жеткізушілері: «Капан» ПКФ ЖШС (Өскемен қ.), «ШҚ Газ» ЖШС (Өскемен қ.), «Ертiс трансгаз» ЖШС (Семей), «Аманат газ» ЖШС (Семей).

Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұтынушыларды төмендетілген мұнай газымен қамтамасыз ету үшін 82,8 м газ құбыры бар. Газгольдерлер саны 276 бірлікті құрайды, газ таратушы қондырғылар және халықты орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету желілері бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болып табылады. Нақты тозу 85-90% жеткізіледі. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жұміс істемейтін газ бөлетін қондырғылар мен газ құбырларына газсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Облыс бойынша барлығы 954 тұрғын үй құрылысы газдандырылған, соның ішінде 696 нысан қалалар мен 258 нысан АЕМ.

Бірнеше ГБҚ консервациялауға байланысты Өскемен және Семей қалаларында тұрғындар газдандырылған үйлерден электрплитаны пайдалануға көшкен, ал Зырян мен Серебрянка аудандарының тұрғындары толығымен электрплитаны қолдануға көшкен.

2012 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында «Сарыбұлақ – Зимунай» газ құбырын салу және пайдалануда ынтымақтастық туралы келесім жасалды (бұдан әрі – Келісім). Келісімнің 7 бабына сәйкес, Сарыбұлақ кен орнынан алынатын табиғи газдың жартысы Қазақстанның ішкі қажеттіліктері үшін жұмсалады, бұл ретте бұл жыл сайын шамамен 250 миллион текше метр табиғи газды құрайды.

Қазіргі уақытта Зайсан қ. және Зайсан ауданының 9 ауылдық елді мекенінде газ инфрақұрылымын салу бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.

Саланың дамуына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау Қазақстанның мұнайхимия зауыттарынан сұйытылған газды тұрақты бағада импорттауға мүмкіндік берді.

Әлсіз жақтары:

газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп туғызады.

Мүмкіндіктер:

Сарыбұлақ газ кенін жетілдіру Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтуға және ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге сәйкес сұйылтылған газды Шығыс Қазақстан облысының ішкі нарығына жеткізуге мүмкіндік береді.

Қауіптер:

жаңа немесе қолданыстағы орталық газбен қамту жүйелерін салу немесе қалпына келтіру іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамту деңгейін сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бермейді.
Тұрғын үй қоры

Шығыс Қазақстан облысында 5317 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, соның ішінде облыстық орталықта 1645 кондоминимум нысандары бар және Семей қаласында 1334 үйлер. Өңір аумағындағы үй құрылыстарының 90 пайыздан астамы 20 жылдан астам пайдалану мерзімі бар.

25 кесте

Үйлер саны

Пайдалану мерзімі

%

1643

50 жастан асқан

25

1352

50-40 жас

26

1055

40-30 жас

20

1040

30-20 жас

20

2014 жыл қорытындысы бойынша нормативті эксплуатациямен қамтамасыз етілген кондоминиум нысандарының арту үлесінің көрсеткіші жоспардағы 12,1% орнына 12% құрады. Өңір аумағында 5317 көппәтерлі тұрғын үйден нормативті эксплуатациямен қамтамасыз етілген 638 кондоминиум нысандары немесе 12% саналады.

Алдын ала жүргізілген зерттеу бүгінгі күні 3500 нысан жөндеуді қажет ететінін, ал 1661 тұрғын үй апаттық деп танылу үшін инструментальді зерттеуді талап ететінін көрсетті. Бір кондоминимум нысанын зерттеу құны 800 мың. теңгені құрайды. Қажетті қаржылық бекітумен республикалық деңгейде кондоминимум нысандарын инструментальді зерттеу бойынша бағдарлама әзірлеу мәселесін қарау қажет.

Содан басқа, облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер санынан 1074 үй күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді, бұл жалпы санның 20,2% құрайды (жылдық жоспарға 20%).

Тұрғын қорды пайдалануға беру және ұстауды негізінен пәтерлердің жекеменшік кооперативтері жүзеге асырады (әрі қарай ПЖК). Қазіргі уақытта өңір аумағында 371 ПЖК, соның ішінде 365 қалада және 6 ауданда жұмыс істейді.

Коммуналдық қызмет есебінің құралдарын сатып алу бойынша істер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Есеп құралдары энергия ресурстарын үнемдеуіне қарамастан оларды енгізу көп жағдайда энергия тұтынуды азайтуға әкеледі. Бұл тұтынушылар өздерінің тұтынулары туралы нақты ақпарат ала бастайтынына негізделген, және нәтижесінде тұтынушылар табиғи түрде энергия ұнемдеуге көшеді. Сондықтан барлық энергия ресурстар есебінің құралдарын орнату және есептегіш көрсеткіштер бойынша энергия ресурстарын пайдалануға есепті ұйымдастыру мәселесі энергия ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.

Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігімен «ТКШ дамыту қоры» АҚ арқылы қайтарма қаржландыру механизмін қолданумен 2014 жылдың соңына дейін тұрғын үй қорында жалпыүйлерге жылу энергиясы есебі құралын ортану бойынша Жол картасы бекітілді. Бұл бюджеттік қаражатты қайтаруға және бірыңғай техникалық саясатты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде кондоминимум нысандарын басқарудың негізгі формасы болып табылатын ПЖК қызметіндегі аса ір проблема тұрғын үйдің күрделі жөндеуін жүзеге асыру болып табылады. Мезгілсіз және толық емес көлемде жүргізілген жөндеулердің нәтижесінде ғимараттың ескіру процесі жылдамдайды. Нәтижесінде үйді ұстау адал төлеушілер – ПЖК мүшелеріне жатады.

Жүргізілген талдау ПЖК бойынша пайдалану салымдарын жинаудың орта пайызы 70-80% құрайтынын көрсетеді, шамамен пәтер иелерінің 20% пайдалану шығындарын төлемейді.

Қазіргі уақытта КСК ғимарат пайдалануға енгізу және жөндеу бойынша жұмысы бақылаусыз қалып отыр. Көбінесе ғимаратты пайдалану ережесі қадағаланбайды, ұсақ ақаулар уақтылы жойылмайды, олар жылдар бойы қомақты шығындарды талап ететін апатты жағдайларға әкеледі.

Осыған орай, кондоминиум нысандарын басқарудың баламалы басқару нысандарын құру мақсатында басқарушы компания құру мәселесі пысықталуда, оның қызметі кондоминиум нысандарын ұстау және пайдалану бойынша қызметтер сапасын және тиімділігін жоғарылатуға және кондоминиум нысандарына қызмет көрсету саласында бәсекелес орта құруға мүмкіндік береді.

Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 2011-2013 жылдары 203 көппәтерлі үй 2041,6 млн. тенге жалпы сомасына, 2014 жылы 60 термомодернизациялау элементтерімен көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүгізуге республикалық бюджеттен 589,0 млн.теңге бөлінді. 2015 жылы 11 тұрғын үйді жөндеуге 190,3 млн.теңге бөлу жоспарланған. Сонан басқа қайтарым қаражаты есебінен 75,0 млн.теңге сомасына 8 кондоминиум нысанын жөндеу жоспарланған.

Кондоминиумның ортақ мүлкін жөндеу термомодернизация элементтерін қамтиды, бұл ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қабырғаларды, үйдің шатыры мен фасадын жылылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізіледі, ағымдағы жөндеу кезінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу кезінде 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.

Жалпы кондомиум нысандарын жөндеу жобасын 2013-2015 жылдары іске асыру жөндеуді қажет ететін кондомиум нысандарын 69,7% дан 19,5% дейін азайтуға мүмкіндік береді, 2020 жылға дейін 3970 үйден 2600 жөндеу және үлесін 10% жеткізу жоспарланған.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің 10% үлесі күтіліп отыр.

Әлсіз жақтары:

кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.

Мүмкіндіктер:

көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қауіптер:

көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.

Абаттандыру.

Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы 350 орындар бар.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погон метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.

Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2010 жылдан 2014 жылға дейін 3260 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 312-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 764 мың ағаш көшеті, 325 мың погон метр бұта, 487 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.

Алайда шешілмеген проблемалар қалуда.

Көппәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40% балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді.

Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша орманды жол жиегіндегі жолақтарды құрумен жұмыстарды жалғастыру қажет.

Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты - тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Әлсіз жақтары:

аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс - шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Мүмкіндіктер:

аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.

Қауіптер:

облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.

2.2.4 Аумақтық құрылыс

Облыста 15 аудан, 4 қала (соның ішінде облыс орталығы Өскемен қ.), 244 ауылдық округтер. Қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ көптеген елді мекендер жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген. Олардың негізгі орналасулары қазіргі талаптарға сай емес.

Бас жоспарлармен, жеке құрылыс аудандарының бөлшектік жоспарлау жобаларымен, тарихи - мәдени мұраның демалу аймақтарының және ескерткіш орындарының бас жоспарларымен бекітілген елді мекендердің қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде қалмайды.

2007 - 2012 жылдар аралығында 4 облыстық маңызы бар (Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов) қалаларының, 4 аудандық маңызы бар (Шемонаиха, Шар, Аягөз, Зайсан) қалаларының, 12 аудан орталығының, 32 тірек ауылдарының, сонымен қоса негізгі рекреациялық аймақтар (Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сибина көлі, Алакөл көлі бас жоспарлары, 9 елдімекеннің қалақұрылысы кадастры, перспективалы аудандарда тұрғын үй құрылысының 21 БЖЖ жасалды (түзетілді).

2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша 300 адамнан астам тұрғындар санымен 233 елді мекенде бекітілген бас жоспарлар бар, елді мекендерде қалақұрылысы құжаттамасымен қамту 73,9% құрайды.

2013-2014 жылдар жергілікті бюджеттен бас жоспарды жасауға қаражат қарастырылмаған, Зырян және Серебрянка ауданының бас жоспарын жергілікті бюджет есебінен жасауға бөлінген қаражаттан басқа.

Зырян және Серебрянка қаласының бас жоспарлары әзірленді, бас жоспардың жобалары қалақұрылысы кеңесінің отырысында қаралып,келісілген және бекітілген тәртіппен бекітуге ұсынылды. Зырян және Серебрянка қалаларының бас жоспарын ұсыну мәселесі 2015 жылға жоспарланған.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 2082 қаулысын орындау үшін облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастрының ақпараттық жүйесі 5 қалада қабылданған болатын: Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Курчатов; 6 аудандық орталықтарда: Аягөз қ., Молодежный, Ақсуат, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай ауылдары.

Қалалар және аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жалпы құны 269,6 млн.теңгеге 23 елді мекенде базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілген.

Облыста «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі» мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалыптастырудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру және «Жеке тұлға», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік мәліметтер базасы үшін мекенжай ақпаратын, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелерді ұсыну болып табылады.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтары:

тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, зоналауды функциялау және бұл аймақтар аумағын пайдалануға шектеулік, экологиялық жағдайда жақсарту бойынша шаралар есебімен елді мекеннің, соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы дамудың негізгі проблемалары шешілуде.

Әлсіз жақтары:

бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйдің және инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының қымбаттауына әкеледі.

Қауіптер:

елді мекендердің бас жоспарлары, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобаларының келісілген тәртібінде бекітілгендегіде болмаған жер телімдерін беру және объектілер салуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынады.


2.2.4.1. Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету

Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтмасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.

Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық аумақтарда 15 аудандық орталық аурухана, 16 - ауылдық ауруханалар бар, 175 дәрігерлік амбулатория, 58 ФАП, 345 медпункт, 65 жеке жай ұстаусыз медициналық қызметкерлер бар.

Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 525 мектеп және онда 79248 бала бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.

Ауылдық аумақтарда 270 кітапхана, 283 клуб және мәдениет үйлері, 1 мұражай қызмет көрсетеді.

Облыстың 750 ауылдық елді мекенінің 312 немесе жалпы халық санынан 63,8%-ы (369359 адам) орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзындығы 8 475,5 км құрайды, оның ішінде асфальтбетондық жолдар – 251,9 шақырым, қара жамылғы – 3807,2 шақырым, қиыршық тас жамылғы – 3588,7 шақырым, топырақты – 827,7 шақырым.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру тасымалданатын суды қолданатын 1993 адамға (Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдарында) су құбырына қолжетімділікке қол жеткізді.

750 ауылдық елді мекеннің 7 (0,9%) телефон жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

16 ауылда немесе 2,1%-да электр энергиясы жоқ, оның 7-і 50 адамнан астам тұрғын санымен, 6-ы 50 адамнан аз санымен және 3 ауылда тұрғындар жоқ.

Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының, алдымен ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік - экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына бағытталған.

Облыста даму әлеуеті жоғары 46 ауыл (6%), даму әлеуеті орташа 644 ауыл (84%) және даму әлеуеті төмен 74 ауыл (10%) бар.

Ауыл тұрғындарының әл - ауқатының өсуін қамтамасыз етуге жағдай жасау және өркендетуге бағытталған мемлекет саясатын іске асыру мақсатында облыспен 31 тірек ауылдары, 11 аудан орталығы мен 244 орталық аула бойынша 2014-2018 жылдарға арналған бесжылдық мерзімге Кешенді даму жоспарлары жасалып, бекітілді. Экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, транспорттық қолжетімділікті дамыту және мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын құру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Облыста 2012 жылы басталған ауылдың тірек елді мекендерін дамытудың Кешенді жоспарын белсенді іске асыру жалғастырылуда.

Сонымен, 2012 жылы 673 жобаны іске асыруға 10,8 млрд.тенге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 5,6 млрд.теңге бағытталған.

2013 жылы 10,8 млрд.теңге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 5,5 млрд.теңге сомасына 873 жобаны іске асыру жоспарланған.

2014 жылы ауылды дамытуға 7,6 млрд. теңге, соның ішінде нақты секторға 3,5 млрд.теңге бағытталған. 510 жоба іске асырылып, 1466 жұмыс орны құрылды.

Кешенді жоспарларды іске асыру кезеңінде 2012-2014 жылдары жұмыссыздар саны барлық тірек ауылдарда 32,5% немесе 172 адамға азайды. 7082 қосымша жұмыс орны ашылған, сонын ішінде тұрақты 3944 орын. Аз қамтылған отбасылар саны 38,5% немесе 723 отбасыға азайған. Жеке кәсіпкерлер саны 52,2% немесе 442 бірлікке көбейді.

Ауыл шаруашылығы саласында ірі қара мал 31,8%, ұсақ мүйізді мал 35,5%, құс 11,6% көбейді.

17 бордақылау алаңы, 6 сою пункттері, 53 қызмет көрсету саласы нысандары (дүкен, сауда үйлері, мейманхана, кафе), 46 өндіріс цехтары қатарға енгізілді, 14 ТҚС, 9 наубайхана, 3 дәріхана ашылып, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 мектеп (300 және 600 орындық) тұрғызылып, 5 мәдениет нысаны қайта енгізілді.

2014 жылы 11 аудан орталығында 305 жобаны іске асыруға 7,4 млрд.теңге бағытталған, 195 ауылдық округ, село және кенттер орталықтарында дамыту бойынша 19,6 млрд.теңге сомасында 1150 іс – шара жүзеге асырылды.

Аудандар, ауылдар мен кенттік округтер әкімдері резервтерді талдау жұмысын жүргізуде, тірек ауылдардың нақты секторына инвестиция көлемін ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылуда.

Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады.

Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 28000 теңгеден жоғары.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азаюда. 2014 жылдың 1 қаңтарына 1953 отбасы тіркелген (2012 жылдың кезеңіне сәйкес 1443 отбасына аз), алушылар – 8079 адам (5507 адамға аз), орташа айлық мөлшері 1847 теңгені құрайды (66 теңгеге көп).

Ауылдық елді мекендер бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2014 жылғы 1 қаңтарда 11717 адамды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3% аз немесе 1639 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесінің жылдық деңгейінің 0,7%.

Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының өсуі халықтың ақшалай табысының өсуіне ықпал етеді. 2014 жылғы 9 айда халықтың жан басына шаққанда орташа ақшалай табысы 47331 теңгені құрады.

Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500 - 4000 теңгеден келеді.

Ауылда материалдық – техникалық базасының жоқтығынан бұқаралық спортты дамыту проблемасы аса маңызды болып отыр. Елді мекендердегі қолда 449 спорт залдардан 400 зал жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу жаттығуларын жүргізу үшін пайдаланылады. Тек 2,6 % спорт ғимараттары ғана барлық халықтың пайдалануы үшін қол жетімді.

Ауылды мекендегі спорт және спорт-сауықтыру имараттарының желісі олардың жеткіліксіз санымен, нашар жабдықтанумен, төмен сапамен және олардың тегізсіз орналасуымен сипатталады. Бұның салдарынан облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқу процессінде «шаңғы дайындығы», «гимнастика» сияқты тәртіптер орындалмайды немесе толық көлемде орындалмайды.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтары:

ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ - климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.

Әлсіз жақтары:

1) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін дамытудың жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы;

2) жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі;

3) ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.

Мүмкіндіктер:

1) жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды, соның ішінде ауылдық елді мекендерге тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;

2) тірек және басқа ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту.

Қауіптер:

ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.
2.2.4.2. Шекаралас өңірлер
Шекаралас аудандар-бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара міндеттерін атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Шекаралас жерлердің ерекшеліктерін шарттайтын басты факторы географиялық орналасуы болып табылады.

Облыстың шекаралас аудандарының әлеуеті мемлекеттік шекарадан өтумен, көлік шарттарымен, шекаралас өткелдердің және кеден бекетінің инфрақұрылымымен, сондай-ақ тұратын халық санымен байланысты игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен, инвестициялық климаттың ерекшеліктерімен анықталады.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,4 мың кв. км құрайды. Облыс халқы – 1393,6 мың адам, соның ішінде шекаралас аудандарда – 376,6 мың адам. Облыста 9 шекаралас аудан бар: Риддер қ., Бескарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары.

Бүгінгі күні шекаралас аудандарда халық санының азаю беталысы байқалады, осылайша соңғы үш жылда халық саны 11,1 мың адамға немесе 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 2,9 % азайған, бұл осы аудандардың дамуына кері әсер етеді.

Шекаралас аудандарда халық санының азаюының негізгі себептері: жұмыстың болмауы, тұрғындардың қалаға және жақын аудандарға көшуі, табиғи азаю, тұрмыс жағдайының болмауы болып табылады.

Шекаралас аудандарда және ауылдық елді мекендерде мынадай проблемалар бар: кейбір елді мекендерде орталық сумен қамту және канализацияның болмауы, әлсіз дамыған әлеуметтік сала мен сауда.

Сонымен қатар әлсіз дамыған нарықтық инфрақұрылым себебінен қолайсыз инвестициялық климат бар. Сондықтан инвестиция көлемі әзірге экономиканың құрылымдық өзгеруі үшін жеткіліксіз. Нәтижесінде шекаралас саудадан кірістер ұсақ және орта жеке фирмалар «әбжілдер» қолында қалып отыр.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы нысанындағы жер аумақтарымен, туристік саланы дамыту, шекаралас сауданы дамытумен байланысты шекаралас аудандардың жоғары әлеуетті дамуын ескеру қажет.

Мысалы, Риддер қ. табиғи - рекреациондық қорлармен сипатталады (Риддер қ. маңы ландшафтары).

Осы аумақта Кенді Алтайдың негізгі көрнекіліктері шоғырланған, мұнда Қазақстан турыстері ғана емес, ТМД және шет елдерінен де көп туристер келеді.

Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Алтай ботаникалық бақшасы, «Ақ-кем» турклубы құрылып, жұмыс істейді, «Ақ-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 2 тау шаңғысы базасы, 4 демалыс базасы  - «Синегорье», «Климовка», «Громотуха», «Кедровка» бар.

Катонқарағай ауданында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Күршім ауданында Марқакөл ұлттық қорығы және Марқакөл көлі бар. Тұзсыз, ағынсыз Алакөл көлі Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.

Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) және көршілес елдермен бірлескен құрылыс жүргізу шараларына және пайдалануға көңіл бөлу қажет.

Өңірде төрт шекаралас сауда аймағын құру жоспарланған. Олар Ресей мен Қытай шекараларында, «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кеден бекеттерінде орналасады, олардың басты міндеті шетел әріптестермен бизнес жүргізу, Қытай мен Ресеймен тауарайналымын ұлғайту.

ҚХР сауда - экономикалық ынтымақтастық құру және Күршім ауданы Марқакөл көлінде туристік бағыт ашу үшін қазіргі уақытта № 2535 әскери бөлімнің Теректі шекара комендатурасының Ашалы заставасы аумағында жаңа кіргізу пунктін ашу мәселесі қарастырылуда.

Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында өңірде шекаралас ынтымақ қатынастарын өзгерту қажеттігін анықтайды.

«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыстың шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 8 бағыт бойынша:шекаралас аудандар экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту; табиғат қорғау іс-шаралары мен трансшекаралық өзендерді пайдалану; туристік инфрақұрылымды дамыту; шекаралас сауданы дамыту, жұмыспен қамтуды өсіруге қолдау көрсету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша инвестиция тарту, экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қарастырады.

Іс - шаралар жоспарында қарастырылған іс - шараларды іске асыру үшін болжамды мәліметтер бойынша шамамен 49757,9 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 3948,8 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 2730,7 млн. теңге және басқа көздерден 43078,4 млн.теңге қажет. Жоспардың шеңберінде 6713 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында 2014 жылы 21765,1 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 4966,8 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 1657,2 млн.теңге және басқа көздерден 15141,1млн.теңге, 1559 жұмыс орны құрылған.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.

Әлсіз жақтары:

әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.

Мүмкіндіктер:

туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.

Қауіптер:

халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.



2.2.5. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару.

Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымын: облыстық және 19 аудандық және қалалық мәслихат аппараттары, 272 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (облыс әкімі аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкім аппараттары, 252 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 250 атқарушы орган (202 аудандар бөлімдері және 25 облыстық басқармалар) және 21 орталық органның аумақтық бөлімшелері құрайды.

Облыс әкімі аппаратының қызметі әкімдіктің қызметін тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және басқа да қолдау түрлерін қамтамасыз етуді ғана көздемейді. Қазіргі уақытта жегілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру бірінші жоспарға кіреді.

Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «е - үкіметті» құрастырушының бірі «электронды әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру басталды.

Бүгінгі күні Бірыңғай көліктік орта салынды (бұдан әрі – БКО). БКО құрамына облыс әкімінің аппараты, 21 облыстық басқарма, 19 қала, аудан әкімдіктері және 131 дербес бөлімдер қосылған. «Қазсатнет» ҰК АҚ ұлттық операторы.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстың мемлекеттік макемелерінің электронды құжатайналымы жүйесінде 3420 жұмыс орны бар (2013 жылы-1787). Ведомствоаралық және ішківедомстволық электронды құжатайналымы 2014 жылы 100% құрады, ал 2015 жылы аталған көрсеткіш сақталуда.

Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта мемлекеттік басқарманың ашықтық деңгейін көтеруді талап етеді. Облыс әкімдігімен әртүрлі басқару саласы бойынша аналитикалық көрсеткіштерді енгізу үшін мемлекеттік мекемелердің құралдар жасалып, сынақтан өткен. «Облыс әкімінің ситуациялық орталығы» АЖ құрылды, мұнда 729 пайдаланушы саналады (облыс әкімі аппаратының бапс инспекторлары, қала, аудан әкімдері, салалық басқармалар, ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлімдері). Қазіргі уақытта жүйеде 1500 астам көрсеткіштер бар.

Облыс әкімінің блогы құрылды, 2015 жылдың басына келушілер саны 10454 адам.

Облыс әкімінің сайтына қатынаушылар саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 10 463 819 адамды құрайды (2005 жылы мамыр - 2708 адам). Ай сайын сайтта 22000 адам қатынайды.

Мобильді болжам жасалды. Екі ай ішінде мобильді болжаммен жұмыс істеуге 12263 адам кірді. Облыс бойынша 80 виртуалды қабылдау. 2015 жылдың 1 қаңтарына 6697 жүгінім түсті.

2014 жылы 131 көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жергілікті атқару органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 4 767 100 қызмет соның ішінде тұрғындарды қамту Орталығымен 66110 қызмет және мемлекеттік мекемелермен 4676690, электронды үкіметтің веб-порталы арқылы 24300 қызмет көрсетілді.

131 көрсетілген қызметтің 47 «электронды үкімет» порталына шығарылды.

Өңірдің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін «Азаматтық интерактивті сұрақ алуды өзіне енгізетін, оларға ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасы туралы мемлекеттік қызмет сапасы мониторинг» электронды жүйесі енгізілді. Облыстың 5 мемлекеттік мекемесі мен 25 медициналық мекемелерінде терминалдар орнатылды. 2014 жылы жүгінімдер саны 9564 адамды құрады.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық түрдегі лицензиялары «Е-лицензирование» Мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі көмегімен электронды түрде беріледі. Жүйеге 4 басқарма қосылған.

23 рұқсат беру құжаттарын беру бойынша рұқсат беру процедураларын әрі қарай автоматтандыру мен тираждау және ГБД ЕЛ АЖ енгізу жүргізілуде.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

1) ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы;

2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар;

3) облыс әкімі сайтының мобильді болжамының жұмыс істеуі;

4) мемлекеттік мекемелерде БТЖ бар болуы;

5)электроонды құжатайналымы жүйесінің бірыңғай болуы;

6) мемлекеттік мекемелердің жекеменшік 50 сайтының бар болуы;

Әлсіз жақтары:

1) жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі;

2) жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметтер тұтынушылармен өзара іс қимылын реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

3) халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі;

4) құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы;

5) Интернет - порталда әлеуметтік талап етілген интерактивті, транзакциялық мемлекеттік қызмет санының тұрғындар қажеттілігін жаппауы;

6) мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы;


7) «Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы;

8) БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы

Мүмкіндіктері:

1) өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы;

2) «Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі;

3) мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану;

4) облыс әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие – біріңғай көліктік орта, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, сервистік және желілік құрал, резервті серверлі бөлменің бар болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингің сапасы.

Қауіптер:

1) ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі;

2) облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы;

3) халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы.


        1. Гендерлік саясат

Қазақстанның гендерлік саясатының ерекшелігі ол гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте мемлекет болып табылады, ол гендерлік даму саласында превентивті және озық шаралар қабылдайды.

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 33 қаулысымен әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия құрылған.

Комиссияның негізгі міндеті әйелдер мен ерлердің экономикалық салада тең мүмкіндіктері, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, еңбек нарқында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы қызметтерімен балалар тәрбиесі қызметтерін біріктіру, отбасы институтын нығайту, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктері, отбасыда және жұмыс орнында зорлықты жою және ерлер, әйелдер мен балаларға қатысты зорлықпен күресудің және гендерлік білім және халықты ағартушылық бойынша халықаралық тәжірибесін енгізу.

2013 жылы облыста гендерлік теңдік тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия өкілдері, Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссияның жетекші мамандары және жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттар ғылымы мен азаматтық мектеордың мүдделі тұлғалары қатысты. Шараны өткізу барысында жиналғандар еліміздің гендерлік саясатын әлемдік стандартқа жетілдіру және жақындату саласында бағдарламаны қоғамға әзірлеп, интеграциялау үшін шарттарды талқылады.

2015 жылдың басында облыста 1395,3 мың адам тұрған, оның 731,0 адамы әйелдер 52,4%. Әйелдер ерлермен қатар облыстың экономикалық қызметі саласында белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмысшылар қатарында әйелдердің үлесі 49,3%. Бұл орайда экономика қызметінің кейбір түрлерінде әйелдер көп. Осылай, жеке және бөлшек сауда саласында әйелдер салада қамтылғандардың жалпы санынан 68 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында барлық қамтылғандар санына 69,1%, тұру және тамақтану қызметінде – 74,9% білім беру – 78,5%, қаржы және сақтандыру қызметінде – 57%.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбекақысында айырмашылық сақталады. Облыс бойынша орташа алғанда ерлердің еңбекақысы әйелдерге қарағанда 22,5% жоғары.

Өнеркәсіпте, құрылыс, сауда, қаржылық қызмет және басқа қызмет салаларында әйелдердің еңбек ақысы ерлерге қарағанда 11,1-28 % төмен.

2013 жылы ерлердің жалақысы 101582 теңге болды және 2011 жылмен салыстырғанда 37% өсті, әйелдердікі 39,2 % өсті және ерлердікіне қарағанда 76,1% (77353 теңге) құрады.

Бұдан басқа, әйелдер бұрынғыша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктері төмен болып қалуда. 2014 жылы жалпы қамтылғандар санында ерлер 358,1мың адам, немесе 51,6%, әйелдер – 335,5 мың адам (48,4%). Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 18,2 мың адам немесе 49,7%.

Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат 341 депутатының 55 әйел, облыстың 75 қала және аудан әкімдері мен орынбасарларының 13 әйел, 248 аудандық маңызы бар қала ауылдық округ, кенттер әкімдері мен орынбасарларының 34 әйел.

Берілген мәліметтерге қарағанда аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өкілетті билік органдарында шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үлесі не бәрі 17,5 %, биліктің атқарушы органдарында – 14,6 %.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:



  1. атқарушы және өкілетті билік органдары басшыларының арасында әйелдердің үлесінің артуы;

  2. экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым;

  3. әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.

Әлсіз жақтары:

  1. жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,1%;

  2. әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған;

  3. ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.

Мүмкіндіктер:

әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қауіптер:


  1. әйелдердің құқықтарын қадағаламау;

  2. әйелдерді жыныстық дискриминациясы.


        1. Облыс бюджеті



Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің барлық функцияларында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.

Облыс бюджетінің көлемі 2014 жылға 271345,4 млрд. теңге құрады.

Республикалық бюджет трансферттері 2012 жылға қарсы 1,14 есе артты, соның ішінде нысаналы трансферттер - 1,27 есе, субвенция – в 1,1 есе. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 67%, меншікті кірістер үлесі – 29,5%.
2012-2014 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы

млн. теңге



35 сурет
2014 жылы экономика салаларының қол жеткізілген өсім қарқындары және облыста жүргізілген табыс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру жұмыстары арқылы меншікті табыстар өткен жылға қарағанда 9,8% өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,19 есе өсті және 271,9 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2014 жылы 2012 жылға 116,5% есе өсті.

Бюджеттің қалыптасуы түрлі аймақтарда шығындық қажеттіліктерінде айырмашылықпен шартталатын бюджеттік қызметті тұтынушылар және объективті факторларға қарай шығындық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды. «Сметалық» байламнан шығындар деңгейінің айырмашылығын шарттайтын объективті факторлар есебімен формулалық сұлба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санына қарай ағымдағы шығындарды бағалауға көшу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көліктік қол жетімділік және т.б).

Облыстың бюджеттік саясаты облыстың барлық қолға алған міндеттемелерінің толық және уақытында жүзеге асырылуы үшін қаржылық ресурстардың жұмылдырылуына және дайындалуына бағытталған, және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қосқанда облыс халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін бағдарлама.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған, және жоспарланған шығындардың негізгі басымдығы әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім беру, сонымен қатар сапалы дағдарыстан кейінгі облыс экономикасының өсіміне жағдай жасау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет