Барлығы – 180сағат



бет14/29
Дата09.11.2016
өлшемі2,48 Mb.
#1323
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Дәрістің мазмұны


1. Психодиагностика туралы түсінік

2. Психодиагностиканың міндеттері мен құрылымы

3. Психодиагностиканың психологияның салаларымен байланысы

Мақсаты: Психодиагностика және оның әдіснамалық негізі жөнінде жалпы сипаттама беру, түсінік қалыптастыру.

Психодиагностика термині ол психикалық диагноз қоюды және оны анықтауды қарастырады. «Психодиагностика» терминін ең алғаш 1921 жылы ғылымға енгізген

Г. Роршах. Ол психодиагностикалық зерттеу процесін «диагностикалық тест арқылы қабылдауға негіздеген». Психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеумен байланысты түсіндіріліп, психологиялық тестілеу терминіне синоним ретінде қолданылады. Бұл аталған термин адамның психологиялық жағдайын толық кәсіби түрде шешуді көздейді.Сонымен қатар адамның психологиялық жағдайының, қасиетінің қандай да болмасын белгісін анықтайды. Р.Хейстің анықтауынша, психодиагностиканың пайда болуы психометриялық бағдарланған дәстүрлі тесттерге қарама-қайшы келетін және тұлғаның тұтас бейнесін кең ашуға бағытталған проективтік ыңғайлардың дамуымен байланысты. Танымал сөздікте: «Психодиагностика – тұлғаны бағалауды жүргізудің ғылыми негізі мен практикасы немесе клиникалық психологияның құралдары арқылы психикалық ауытқушылықтарды зерттеу». Психодиагностика саласында көптеген еңбектер жазылды, олар: «Психологиялық тестілеу» (Анастази), «Психологиялық тестілеудің мәні», «Психологиялық тестілеудің теориясы мен практикасы», т.б. Психодиагностика терминін бір жақты қарауға болмайды.Оның мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. 1) Психодиагностика түсінігі арнайы психологияның білім аймағына ене отырып, практикада психодиагностикалық әр түрлі құралдарды қолданып отырады әрі бірнеше сұрақтарға жауап береді. 2) Психодиагностикалық зерттеулер психолог қызметінің іс-әрекетінен көрінеді.Бұл психологтың күнделікті практикалық жағдайынан байқалады.Яғни психолог өзінің іс-әрекетінде психодиагностика қызметін ұйымдастырады.Психодиагностика жұмысын жасау үшін психолог ең алдымен алдын-ала кәсіби дайындықта болуы қажет.Біртіндеп психодиагностика әдістерін меңгере отырып жұмыстану керек.Психолог ғылыми негізде және практикалық түрде психодиагностика негіздерін жақсы меңгеру қажет.Бұл психолог қызметінің сапалы,мазмұнды болуына көмегін тигізеді.Психодиагностиканың өзі жалпы психологияның аймағына ене отырып,бірнеше ғылым саласымен тығыз байланысты.Диагноз анықтау дегенді білдіреді.Психодиагностика деген сөз психология саласында екі мағынада қолданылады.Оның бірі психологиялық білімді зерттеу жұмыстарын орындаса,екіншісі психикалық білімді практика жүзінде қолданады.

1960 жылдың соңынан бастап психологиялық диагностика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл салаға көп үлес қосқан Б.Г. Ананьев. Оның анықтауынша, «психодиагностика - тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, процестерінің, күйлері мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтайды, күрделі мінез-құлықты құрайтын құрылымдық ерекшеліктерді зерттейді, әртүрлі стимулятор, стрессор, фрустратор және күрделі ситуациялар әсер еткен кездегі адамның күйін бейнелейді, адамзаттың даму потенциалын айқындайды». Ресейлік монографиялардың бірінде психологиялық диагностикаға мынадай анықтама беріледі: «психодиагностика дегеніміз - адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілері бойынша классификациялау әдістері туралы пән»(Гуревич, 1981) Е.А. Климовтың ойынша, психодиагностика дегеніміз - адамдармен жұмыс жасау кезінде тез психологиялық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер туралы ғылым. Психодиагностиканың мақсаты – «әлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу». А.А. Бодалев пен В.В. Столиннің психодиагностика бойынша шығарған кітабында мынадай мәлімет беріледі: «психодиагностика дегеніміз – психологиялық диагноз қоюдың практикасы мен ғылымы». А.Г. Шмелевтің «Психодиагностика негіздері» кітабында психодиагностика пәні туралы мынадай анықтама берілген: адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін пайдалану мен өңдеу туралы ғылым.Осында психодиагностика пәні туралы анықтамаларды саралай келе, біз мынадай қорытынды жасаймыз:

Психодиагностика – бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау құралдарын, принциптерін, теориясын өңдеумен айналысады.

Психология ғылымының бір саласы психодиагностика болып табылады. Ол негізгі мәселелерді шешу үшін өзіндік міндеттер қамтиды.

Психодиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.


  1. Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма-қол белгілеу.

  2. Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау.

  3. Қажет болған жағдайда адамның психологиялық және мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.

  4. Әртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.

Осы жіктелініп көрсетілген 4 міндетті практикалық психодиагностикада шешіледі.

Бұлар жүргізілетін зерттеудің мақсатына байланысты комплексті түрде немесе жекелей

алынады.

Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кәсіби шебер, іскерлікті қажет етеді, себебі әрбір адам психологтан көмек бағыт сұрайды. Диагностика жұмысын жүргізуде психодиагностиканың әлеуметтік этикалық талаптарын басшылыққа алады. Белгілі бір талаптарды орындауда психолог психодиагностиканың принциптерін басшылыққа алады.



  1. Құпияны сақтау принципі, яғни психодиагностиканың нәтижесін таратпау. Бұл принцип әсіресе кәмелеттік жасқа жетпеген адаммен байланысты болып келеді. Егер де кәмелеттік жасқа жетпеген балалар жоғары сынып оқушылары болатын болса, бұл балалармен жүргізілетін психодиагностика нәтижесі ата-ансына немесе асырап күтуші адамдарына айтылады. Мұнда рухани моральдық жауапкершілік ескеріледі. Психодиагностиканы жүргізуде зерттеушінің аты-жөні дәл нақты көрсетілмейді.

  2. Ғылими-негізділік принципі – бұл принцип нақты ғылыми-негізділікті, үміт пен сенімділікті талап етеді.

  3. Қорытындының объективті принципі – бұл тест қорытындысының ғылыми негізде болуын қалайды. әрбір жүргізілген зерттеудің нақты және сенімді қорытындысы болуы шарт.

  4. Зияндылық тигізбеу принципі, психодиагностика қорытындысы адамның жеке тұлғасына ешқандай зияндылық тигізбеуі тиіс.

  5. Ұсынылған нұсқаудың тиімділік принципі - әрбір адамға немесе топқа берілген психодиагностика нұсқауы пайдалы болуы тиіс, әрі түсінікті болуы шарт.

Бұл аталған принциптің барлығы психодиагностика нәтижесін зерттеуде басшылыққа алуы тиіс

Психодиагностиканың көп жылғы дамуында психологиялық әдістемелерді қолданудың өзіндік сфералары пайда болды және бұлар жалпы психодиагностиканың басқа да салаларының пайда болуына әкелді. Жеке-психологиялық ерекшеліктер туралы ғылымның қалыптасу кезеңінде интеллект пен тұлғаны зерттеу әдістемелеріне қызығушылық туындап отырған кезде білім беру психодиагностикасы мен клиникалық психодиагностика атты салалары бөлініп шықты. Білім беру психодиагностикасында әртүрлі психологиялық әдістемелер кең қолданылып, психометриялық талаптарға жауап беретін тесттер тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін бағалап қана қоймай, оқу материалын игерудің тиімділігін өлшеу үшін (үлгерім тесттері) де қолданылады. Клиникалық психодиагностика – науқастың психикалық және соматикалық ауруларының пайда болуы мен жүру барысына әсер ететін жеке-психологиялық ерекшеліктерді (тұлғаның құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері, ауруына деген қарым-қатынасы, психологиялық қорғаныс механизмдері, т.б.) зерттеуге бағытталады. Клиникалық және білім беру психодиагностика салалрында да кең зерттеулер жүргізілген. Бұл аталған салалардан басқа кәсіби психодиагностиканы бөліп көрсетуге болады, диагностикалық әдістемелерді пайдалану арқылы кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл салалар жалпы психодиагностиканың принциптеріне бағына отырып, оның дамуына үлкен әсер етеді.

Психодиагностикамен байланысты психология салалары мынадай:

1.Жалпы психология.

2.Салыстырмалы психология.

3.Даму психологиясы.

4 Психология бойынша практикум.

5.Мамандық таңдау.

Психологиялық диагностиканың негізгі қарастыратын мәселелері адамның психологиялық жағдайын,қажетін және тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.Оларға біріншіден ақыл-ой дағдыларын анықтау,екіншіден танымдық іс-әрекеттің ерекшелігін анықтау,үшіншіден ішкі жағдайлардың мазмұнын анықтау,төртіншіден жеке тұлғаның ерекшелігін анықтау болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Психодиагностика термині нені білдіреді?

  2. Психодиагшностика терминін ғылымға енгізген кім?

  3. Психологияның психодиагностика саласына анықтама беріңіз?

  4. Психодиагностиканың міндеттерін атаңыз?

  5. Зерттеуде қандай принциптер ұстанылуы керек?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

2 дәріс



Тақырып: Психодиагностика және зерттеудің аралас бағыттары

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет