Бастауыш мектепке оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің Әдіснамалық ЖӘне оқУ-Әдістемелік негіздері


Сингапурдың бастауыш мектептеріндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау



бет2/4
Дата17.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#1944
1   2   3   4

Сингапурдың бастауыш мектептеріндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау

Орта білім деңгейінде Сингапурдың саясатын «Ойлампаз мектеп, танымды ұлт» ұранымен жүреді. Бұл идея Премьер-министр Го Чон Донгтың философиясына негізделген, ол «ХХІ ғасырдағы ұлттың ауқаттылығына азаматтардың білім алуға қабілеттілігі алғышарт болады», деп сенген (1979). 2010 жылы көпшілік назарына «Сингапурдағы ойлампаз мектептер: жоғары көрсеткіштермен, күшті атқарушылармен және білімдегі сәтті реформалармен ілесетін жылдам даму: Америка Құрама Штаттарындағы PISA бойынша сабақ» атты тұсаукесерінде оқушылардың сыни және шығармашыл ойын, өмір бойында білім алуға ынтасын және елжандылықты тәрбиелеуге қабілетті мектеп жүйесінің елестері көрсетілді. Танымды Ұлт – оқуды ұлттық мәдениет ретінде ұсыну идеясы, онда креативтілік пен инновациялар әр әлеуметтік деңгейде өркендеуде» (2008). «Ойлампаз мектеп, танымды ұлт» идеясы бірқатар жыл бойында бастамалардың кең спектрін қамтиды. Бұл идея білімді оқушының қабілеттеріне және қызығушылықтарына бейімдеуге, едәуір үлкен икемділікті қамтамасыз етуге, оқушылар үшін таңдау мүмкіндігін беруге және білім құрылымын жаңадан құруға арналған. Мұғалімдер үшін кәсіби даму мен ынталандыру жаңғыртылды, онымен бірге педагогикалық білім де жаңартылды. Оқу жоспарлары мен бағалау жүйесі де олармен бірге жаңғыртуға ұшырап, жобалық жұмысқа және шығармашыл ойға екпін алды. Негізгі ресурстардың міндеттері, үш кезектес бас жоспарлардың енгізілуі өз бетінше және бірлескен оқуларға арналған жаңа түрлердің белсендендірушісі ретінде ақпараттық және коммуникациялық (қатынас) технологиялар жүйесіне байланысты қабылданды. Оқушыларға арналған едәуір кең пәндік спектр түзілді, сонымен бірге математиканың, өнердің, ғылым мен спорттың аяларында мамандандырылған түрлі мектептердің портфолиосы, оған қоса бірқатар тәуелсіз мектептер түзілді. «Бізге жастарды көтеріп, өзінің жаңа құштарлығын іздестіруге және жоғары мақсаттарға жетуге шабыттандыру үшін озық тәжірибенің жалғыз шыңы емес, тау жотасы қажет», - деді Сингапурдың бұрыңғы білім министрі Тарман Шанмугаратнам.

Әкімшілік түрінде Сингапур 4 білімділік округке бөлінген, оның әрқайсысында 7 мектеп кластерінен бар, оларды суперинтенданттар басқарады, кластерде 12-14 бастаушы және орта мектеп бар (елде барлығы 350 мектептің артық саны бар, 5млн адам тұрғындарының санында, онда 522 мың мектеп оқушысы білім алып жүр).

Кластер шеңберінде мектептер бір-бірімен жобаларға немесе мамандандыруын тереңдетуге арналған қосымша қаржыландыруды алу үшін жарысып отырады. Онымен бір уақытта жақын орналасқан мектептер спорттың құрылыстары, зертханаларды, күрделі оқу жабдығын ұтымды пайдаланудың өзіндік орталықтарын түзеді.

Кластердің суперинтенданты, әдетте оның директорлық тәжірибесі болады, мектептердің директорларын қадағалап, қаржыландыруды үйлестіріп отырады. Оған қарамастан, мектеп директорлары жеткілікті дәрежеде дербестікке ие, бұл әсіресе қызметінің нәтижесімен автономды мәртебесіне ие болған мектептерге қатысты. Ондай мектептің директорында кадрларды таңдауда, қарды қызметінде және білім беру үрдісін құруда қосымша құқықтар пайда болады [8].

Барлық мектептер Білім министрлігіне бағынған, мұғалімдер мемлекеттік қызметкерлер қатарында. Сингапурдағы Білім министрлігінің бюджеті Қорғаныс министрлігінен ауқымы бойынша екінші орында (5% ЖІӨ) және дағдарыс кездерінде оны азайтпай, адами капиталды дамыту қажеттігімен түсіндіріп, керісінше арттырып отырады. Министрлік мектептерді өзінің анағұрлым үздік нәтижелері бар салаларындағы мамандандыруын дамытуы үшін материалды (қаржылай) көтермелеп отырады. Мектеп өзінің тауашасын өз бетінше таңдап, оны дамытудың шынайылығын суперинтендант және министрлік алдында негіздейді. Бағдарламаны мақұлдаған соң, ол қосымша ресурстарды алып, осы кластерде таңғдаған бағыт бойынша үздік практикаларды дамыту орталығы болып шығады. Министрлік мамандандырылған мектептердің барлық кластерлер бойынша біртекті үйлестірілуін және әр кластерде түрлі мамандандырулардың болуын қадағалап отырады [9].

БАҚ мектептері бағытты таңдауы салдарынан, оның есептілік үлгілерінің ешбіреуі барлық мектептерге бірдей келе бермейді. Сондықтан әрбір мектеп өзінің меншікті мақсаттарын белгілеп, 9 функционалдық аймақ бойынша өзінің ілгері басуын бағалайды, олар: 5 «іске асыру мақсаттары», сонымен қатар академиялық үлгерім аясындағы төрт нәтиже. Әр алты жыл сайын Білім министрлігі мектептердің қызметін бағалау бойынша сырттай шолу жасайды. Шолулардың нәтижелерімен анықталғанындай, мектептер үшін таңдау еркіндігі мектептердің өзгерістерге жеткізуге қабілеттілігі, тиімділігі жоғары көшбасшыларын фокусты айқындалуына жетелейді.

Соңғы жылдары Сингапур бастауыш мектептегі ағынды оқытуды объектілі оқытуға алмастырды. Оған қоса, бұл жүйе оқушылар үшін орта мектеп деңгейінде және одан әрі қарай ағындар арасында көлденең қимыл үшін көбірек мүмкіндік тудырды. Сингапурдағы білім беру жүйесінің басқа бір ерекшелігі – үлгерімі төмен оқушыларға бөлінетін назар мен жұмсалатын ресурстар. Осындай көзқарастың нәтижелері әр түрлі оқушылардың білім деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді.

Сингапурдағы мектеп алды білімі балаларда 3 жасынан басталып 3 жыл бойында жлғасады: бөбектер бақшасы, бірінші және екінші жылдар (K1 және K2). Бала-бақшалардың шеңберінде балаларды бір-бірімен қарым-қатынас құруға, ана тіліне, есептеуге үйретеді. Ана тілінен өзге (қытай, малай немесе тамиль) балалар ағылшын тілін меңгереді.

Барлық бала-бақшалары жеке меншік қолында, соның ішінде діни ұйымдар немесе жеке қорлардың басқаруында.

Сингапурлық балалар үшін бастауыш мектепте білім алу 6 жасынан басталып, 2 кезеңге бөлінген, олар: негізгі (1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін) және бағдарлы (5 және 6-сыныптар). Бастауыш мектепте білім алу, әр оқушыдан түрлі шығындарды өтеу үшін 13 сингапурлық доллар көлемінде ақы алынуына қарамастан, барлығы үшін тегін және міндетті. Бастауыш мектептің негізгі кезеңіндегі бағдарламаға ағылшын тілін, ана тілін (қытай, малай, тамиль) және математиканы зерделеу, сонымен қатар, азаматтылық негіздері, сурет, музыка және дене мәдениеті сабақтарына қатысу енеді. 3-сыныптан бастап бағдарламаға жаратылыстану ғылымдары қосылады. Бастауыш мектептің негізгі сатысынан кейін (1-4 сыныптар) оқушыларға ағылшын тілін, ана тілін, математиканы және ғылымдарды зерделеу бастауыш мектептің 5-6 сыныптарында бастауыш курстан өткеніне қарап, ұсынылады. Ана тілін зерделеудің бастауыш сыныбын жоғары балдармен өткен оқушылар ана тілінің жоғары деңгейін зерделеуге құқылы.

Бастауыш мектепте оқуын аяқтауымен, оқушылар білім алудың келесі сатысына ауысу үшін қажетті Бастауыш Мектептің Бітіруші Емтихандарын (PSLE) тапсырады [10].


Англия

Балалар тек білімді ғана емес, өзінің өмір сүретін қоғамының ережелерін де жылдам, әрі қызығушылықпен қабылдайды. Өркениетті әлемде қабылданған базалық құндылықтарды неғұрлым ерте меңгерсе, оларға ол жерде бейімделу ісі соғырлым жеңіл тиеді. Англиядағы бастауыш мектепте білім алып жүрген уақытында балалар жаңа ортада өзінің адамы ретінде қабылдануы үшін, өзін-өзі қалай ұстап, қалай қатынасқа түсу керектігін түсінеді. Бағасы жетпес осындай дағдылар оларда өмір бойында сақталып қалады. Ұлыбританиядағы бастауыш білім дәстүрлі қазақстандық үлгісінен айтарлықтай ерекшеленеді. Барлығы баланың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Балалар командаларға бірігіп, бірлесіп жобаларды орындайды. Олар эксперимент жасайды, сынауларды өткізеді өзінің айқындамасын дәйектеп бекітеді және сындарлы диалог жүргізеді.

Нәтижесінде балалар оқулықтардағы тарауларды жаттап қана қоймай, құбылыстар мен заңдардың мәнін түсінеді. Мысалы, олар өз бетінше Пифагор кестесін түзеді. Одан басқа, оқуға деген осындай көзқарас бейімделу үрдісін жеңілдетеді: балалар үнемі құрдастарымен қатынаста болады, бұл дегеніміз, балалардың жылдам өзіне дос тауып, тілде тұрақты жаттығып отыратынын білдіреді.

Балалардың жетістіктерін бастауыш мектептерде бағалау (Англия мен Уэльс).

Міндетті мектеп жасындағы оқушыларды бағалауда заңмен белгіленген ресімдер Англия мен Уэльстің ұлттық білім беру бағдарламаларына және Солтүстік Ирландияның білім беру бағдарламасына қатысты. Бағалау ресімдері мұғалімдерге және оқушыларға көмек көрсетуге арналған:


  • Түзуші элементтер мұғалімдерге оқушының оқуы қалай ілгері басу керектігі туралы шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Элементтер мұғалімдерге және басқаларға олардың білімділік дамуына көмектесу үшін белгілі оқушыларды келесіде диагностикалық бағалаудың қажеттілігін анықтауға көмек көрсетеді. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқу үшін бағалау» деп аталады.

  • Қорытынды элементтер оқушылар жетістіктеріне және олардың білімдеріне, материалды түсінуіне дәллдерді ұсынады. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқуды бағалау» деген аталыммен белгілі.

  • Бағалаушы элементтер оқушылардың табыстары туралы ақпаратты ұлттық көлемде ұсынады, олар білім беру бағдарламасындағы келешектегі талпыныстардағы, ресурстардағы немесе өзгертулердегі қажеттіліктерді анықтауда қолданыла алады.

  • Ақпаратты элементтер мұғалімдерге балалардың табыстары туралы олардың ата-аналарына және мектептің табыстары туралы мектептік басқару органдарына, МОВ және қоғамға хабарлап отыруға көмектеседі (ДОН, 1989 г.).

Бастауыш мектепті аяқтаған соң оқушыларға ешқандай сертификат берілмейді.

Англия мен Уэльстегі бағалау шарттары Солтүстік Ирландиядағы бағалау шарттарынан ерекше.

Англия мен Уэльс оқушыларын бағалау (1-кесте).

1-кесте – Жинақтау кестесі: Англия мен Уэльсте негізгі бағалау шарттары заңмен белгіленген



Бағалау

Англия

Уэльс

1

2

3

Мектепке түсуінде бағалау, 4/5 жасар оқушылар.

Заңмен белгіленген негізгі бағалау (тілдік дағдылар, математикалық дағдылар мен жеке және қоғамдық дағдылар) 1998 жылғы 1 қыркүйегінен 2002 жылғы 31 тамызына дейін міндетті болған және қазір мұғалімнің оқушыны заңнмен белгіленген бақылауына алмастырылған – білімнің негізгі сатысы.

1999 жылғы қыркүйектен заңмен белгіленген тілдік дағдыларды, математикалық дағдылар мен жеке және қоғамдық дағдыларды негізгі бағалау. Оқушы мектепке қатыса бастағанынан кейін алғашқы 7 аптада өтеді.

 

Бағалаудың белгіленген жоспарларына қарсы мұғалімдерді бағалау.



Білімнің 1- сатысында бағалау, осы саты соңында балалар шамамен 7 жасқа жетеді

Ағылшын тілін, математиканы және ғылымды заңмен белгіленген бағалау құрамына енетіндері:

 


  • Оқылымды (ағылшын тілі), айтылымды (ағылшын тілі) түсінуі бойынша ұсынылған жазбаша тесттер және математика бойынша тесттер. Бұл тесттер ішкі және біршама сыртқы түрлерге жатады.

  • сыртқы түрлері оқылым (ағылшын тілі), емле (ағылшын тілі) және математика (ағылшын) бойынша сыныптағы тапсырмаларды ұсынады.

  • Мұғалімдердің ағылшын тілі, математика және ғылым бойынша жеткен мақсаттарын бағалау.

Ағылшын тілін, математиканы және ғылымды заңмен белгіленген бағалау құрамына енетіндері:

 


  • Мұғалімдер қол жеткізген мақсаттарды бағалау.

  • Уэльстік сөйлеу мектептерінде немесе сыныптарында оқушыларды мұғалімдер ағылшын тілі емес, уэльстік тіл бойынша қол жеткізген мақсаттар бойынша бағалайды.

Білімнің 2- сатысын бағалау, осы саты соңында оқушылар шамамен 11 жасқа жетеді.

Ағылшын тілін, математиканы және ғылымды заңмен белгіленген бағалау құрамына енетіндері: 

  • ағылшын тілінен (барлығы 4 оқылым, емле және шығарма (қысқа және ұзын шығарма), айтылым) математикадан

Ағылшын тілін, математиканы және ғылымды заңмен белгіленген бағалау құрамына енетіндері: 

  • ағылшын тілінен (барлығы: оқылым, емле және шығарма, айтылым), математикадан (барлығы 3 калькуляторсыз,

1-кестенің жалғасы

1

2

3




(барлығы 3 калькуляторсыз, калькулятормен, ойда шығару тесті) және ғылыми (2 тест) сырттан ұсынылған тесттер;

мұғалімдердің білімнің 2-сатысында ағылшын тілінен, математикадан және ғылымнан қол жеткізген мақсаттарды бағалауы.



калькулятормен, ойда шығару тесті) және ғылыми (2 тест) сырттан ұсынылған тесттер;

  • мұғалімнің ағылшын тілінен, математикадан және ғылымнан қол жеткізген мақсаттарын бағалауы

  • уэльс тілді мектептерде және сыныптарда оқушылар тесттерді уэльс тілінде (жазбаша және ауызша) өтеді және олар уэльс тілі бойынша жеткен мақсаттарға сәйкес мұғаліммен бағаланады.



1998 жылғы қыркүйектен 2002 жылғы тамызға дейінгі аралықта Англия мектептерінің білім алшуылары бастауыш мектептегі оқу үрдісінің басталғанындағы алғашқы 7 аптасында тілдерден, математикалық, тұлғалық және қоғамдық дағдыларын бағалаудан өтті. Мектептер білім министрлігімен ұсынылған критерийлерге сәйкес құрылып, қабылданған бағалаудың негізгі жоспарын қолданған. Бағалау бойынша негізгі жоспарлар бастауыш мектепке оқуға қабылданған кезінде әр білім алушының білімі, ұғынуы, жүріс-тұрысы мен дағдыларының деңгейлерін зерделеуге бағытталған болатын. Бұл қызметкерлерге балалардың қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыру үшін, алынған деректерге сәйкес мектеп бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік берді.

Англиядағы ұлттық білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде негізгі сатыны формалды бекіткен «Білім туралы» Заңы, сонымен қатар, негізгі бағалауды негізгі сатының бейіні тұрғысында белгілі болып отырған ұлттық жоспарға алмастыруды ұсынды. Бұл өзгеріс өз күшіне 2002 жылғы қыркүйекте енді.

Англиядағы білімнің негізгі сатысы бала 3 жасқа жеткенінде басталып, мүмкін сыныптың соңына дейін, оқушы міндетті бастауыш білімнің


1-сыныбына ауыстырылғанына дейін жалғасады.

Негізгі сатының деңгейі білім алушыларды сыныпта оқуының тұтас кезеңінде бақылауға негізделіп, әр жылдың соңында толтырылады. Бағалау негізгі сатыда білім алудың 6 аясын қамтып, мұғалімнің білім алушыларды бақылауын жалғастыруына негізделеді.

Қазіргі уақытта бағалау жүйесінің де реформасы жоспарланып отырғанына қарамастан, Уэльстегі бағалау жүйесі заңды түрде бекітілген. Алғаш рет негізгі бағалау Уэльсте 1999 жылғы қыркүйекте «Білім туралы» Заңның ереже баптарында (негізгі бағалау, Уэльс) ұсынылған. Мектептер негізгі бағалаудың тағайындалған жоспарларын ұсынылатын жоспарлар парағынан іріктеп алып, оқушылар мектепті 4/5 жасында бастауының алғашқы 7 аптасында бағаланды (ВКОПО, 1998). Мектептер балаларды бағалау нәтижелерін олардың ата-аналарымен бағалау жүргізіліп отырған семестр бойында өткізілетін кездесулерінде тақылауы керек еді. Оған қосымша, мектептер бағалау нәтижелерін МОВ-ға жіберуі тиіс, олар бұл ақпаратты бірінші қатарда ВКОПО-ға береді [11].

Мектеп алды (бала-бақшаға ұқсас) білімін аяқтаған соң, Ұлыбританияның балалары 5 жасында мектепке барады. Осы сәттен бастап міндетті білім басталады. Ол екі сатыдан құрылған: бастауыш (Primary немесе Preparatory Education) және орта білім (Secondary Education). Preparatory School балалары 11 жасына дейін оқиды. Бірінші жыл Reception (яғни, қабылдау дайындығы) деп аталады, екіншісі – 1 жыл болып саналады. Қазақстандық білім беру жүйесінен ерекше, ағылшын оқушыларының алғашқы жылы сынаққа алынбайды, оқу жылдарының есебі 6 жасынан ба сталып, бастауыш мектептің деңгейі 6-жылмен аяқталады.

Осы уақыт бойында балалар емтиханды екі рет тапсырады: екінші және алтыншы оқу жылдарында, сәйкесінше бұл түйінді (Key Stage) 1 және 2 кезеңдері. Тестілеу нәтижелері білім алушылар үлгерімінің бірыңғай ұлттық базасына енгізіледі.

4 жасында бастауыш мектепке оқуға түскенінде, оқушылар есеп жүргізумен, оқумен және жазумен тиянақты шұғылдана бастайды, бұл кезде үй тапсырмалары аптасына 1 рет беріледі. Міндетті түрде дене шынықтыру сабақтары өткізіледі, көптеген мектептерде аптасына 1 рет балалар бассейнге барады. Білім беруде басты назар білімдерді өз бетінше алу икемдеріне және оларды іс жүзінде қолдануға аударылады. Білім алушылар кітапханаларда және зертханаларда жаттығып, өз тапсырмаларын өздері есінде сақтауы тиіс. Білімдерді тексеру, әдеттегідей, жазбаша үлгіде – эссе мен жобалар түрінде өтеді. Бұл жағдайда мұғалім әдетте тек әлдебір мәселенің сұлбасын ғана белгілеп қояды, ал білім алушылар оның тақырыбын өздері тұжырымдап, материалды таңдайды.

Бастауыш мектептегі сабақтар ықыластық, ойын түрінде, барлығын бір жалпы деңгейге «тықпалаусыз» өтеді. Әр бала жеке, өзінің мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес дамиды.

Бағалау жүйесі Ұлыбританияның мемлекеттік оқу жоспарының құрамдас бөлігі болып табылып, түбегейлі сатыларымен тікелей байланыста.

Оқушылармен алынған білімдері мен дағдылары верификациясының үш межесі бар:

• оқуға түскенінде (баланың 5 жасында арнайы білімділік қажеттіліктерін анықтау үшін алғашқы деңгейін айқындау),

• 1-сатының соңында ( 6-7 жасында) және

• 2-сатының соңында, бастауыш және орта білімнің 1, 2, 3 түйінді сатыларының соңына.

Бастауыш мектепте математикадан, ағылшын тілінен, жаратылыстану ғылымдарынан, ал білім беру валлий тілінде жүретін мектептерде – валлий тілінен тесттер ұсынылады.

1-сатыда ағылшын тілі тесттерінде тестілеуге түскен білім алушыдан ауызша сөзді қабылдау, оқылым мен айтылымды ұғыну; математикадан – қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындау талап етіледі.

2-сатыдағы тілдік тест оқу, сауатты жазу, шығарма құрастыру қабілеттері; математикадан – ойда, калькулятормен есептеу дағдылары мен математикалық ой өрістету деңгейін тексеру көзделеді.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша тест ғылыми мәтінді ұғыну қабілетін қарастырады. 7 және 11 жасында өткізілетін мемлекеттік тесттер, сонымен қатар, мұғалімді және оның мемлекеттік білім беру стандартына және мектептің оқу жоспарына сәйкес қол жеткізген мақсаттарын бағалауды қарастырады. Жетуі міндетті мақсаттар мемлекеттік білім беру стандарттарында және оқу бағдарламаларында мұқият сипатталып, білім алушылардың білімдер мен дағдылардың белгіленген деңгейіне жетуін көздейді.

Пәндерді зерделеуде ілгері басуы сегіз деңгейлік шкаламен өлшенеді, бұл жағдайда мемлекеттік білім беру жоспары бастауыш мектептің соңына екіден бастап беске дейінгі аралықтағы үлгерім деңгейіне жетуді көздейді.

Әр сатының соңында мемлекеттік оқу жоспарының білімдер нормативтеріне оқушының барлығы сай келе бермейді. Статистика бойынша, оқушылардың шамамен 1/5 бастауыш мектептің соңында арнаулы білімділік бағдарламаларын қажетсінеді, олар жергілікті білім беруді басқару органдары үшін қосымша шығынды білдіреді.

4 түйінді сатысындағы қорытынды емтиханның бағалау жүйесі алдыңғыларына ұқсас және ол әріптерден құрылған: А – өте жақсы, В және С – жақсы, D және Е – қанағаттанарлық. 4 түйінді кезеңі әдетте 16 жасқа жетуімен аяқталады, сондықтан, әдеттегідей, GCSE куәлігін алу міндетті білімді аяқтағанын білдіреді. Осыдан кейін және екі жыл бойында екі-үш, кейде төрт (мысалы заңгерлік факультетке оқуға түсуде) пәннен емтихандарды тапсыру және GCSE «жоғары деңгейдегі» (GCSEA-level) куәлікті алу үшін білімді жалғастыруға болады. Осы күні GCSE орта мектепті аяқтау кезінде 16 жасар мектеп оқушыларымен тапсырылатын негізгі емтихан болып табылады.

Емтихан әр пән бойынша тапсырылып, бірнеше бөліктен құрылған: курстық жұмыс, теориялық және практикалық тапсырмалар. Емтиханды тапсыру нәтижелерімен оқушы өз біліміне баға алады (А, В, С, D, Е, F және G). G (ең кіші балл) бағасына жетпеген оқушылар аттестатталмаған деп саналып, сертификат алмайды. GCSE емтихандарының екі түрін ажыратады: GCSE (external examination) және IGCSE (International GCSE [12].

Ағылшын тәрбиесінің басты мақсаты – баланың күш-жігерін, кез-келген жағдайда өзін сабырлықпен ұстау, қиыншылықтарға төзбеу, кез-келген, ең күрделі деген жағдайлардан жол табу және әрине, ағылшын қоғамында көптеген ғасырлар бойында үйреншікті болғандай, барлық жағдайда нағыз мырзаның (джентльменнің) немесе нағыз ханымның (ледидің) мәнерлерін сақтау әдетін дамыту.

Бастауыш мектепті 11 жасында аяқтаған соң, оушылар орта (Secondary) мектепке немесе жоғары деп аталатын (High School) мектепке өтеді. Мемлекеттік мектептердің басым көпшілігінде бастауыш мектеп 11 жасында, ал жеке мектептерде – 13 жасында аяқталады, бірақ жеке мектептер мемлекеттік мектептердегідей бағдарламамен жұмыс жасайды.

Оқу барысында білім алушылар, сонымен қатар, 3 және 4-кезеңдерде емтихан тапсырады. Дәтсүрлі британдық бағдарлама бойынша төртінші кезең GCSE деп те аталады, параллельді бағдарламалар бойынша оны IGCSE, IBMYP немесе американдық High School Diploma деп атайды. Бұл кезең мектеп бағдарламасында қорытынды болып табылып, оны мектептер 16 жасында аяқтайды.

Осылайша, Ұлыбритания білімінің барлық дегейлерінде критерийлер бойынша бағалау тәжірибесі қолданыста, бұл білім алушылардың жетістіктерін объективті бағалап қана қоймай, білім алушының өзімен де, мұғаліммен де оқуда және белгіленген мақсаттарға жетуде көмек көрсету үшін шешілуге жататын қиыншылықтарды көруге мүмкіндік береді [13].



1.3 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ мысалында критериалды бағалау жүйесін енгізудің отандық тәжірибесі
Әр уақытта білім мен білікті тексерудің әр түрлі жолдары жүзеге асырылады. Жылдан жылға бағаларды қоюдың тәсілдері, түрлері, бақылау-өлшем іс –шаралардың мазмұны мен оны өткізу құрылымы, оқушыларға әсер ету шаралары, уәж ету элементтері және де басқа факторлар өзгеріп отырады.

Көп уақыт аралығында бағалау оқушылардың жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырудан тұрды және бұл тәсілдің келесі кемшіліктері бар:

- оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға түсінікті оқыту жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ;

- мұғалімдер сыныптың орташа білімін ескеріп бағытталып бағаны қояды;

- қойылған бағалар оқушылардың пән бойынша оқу бағдарламаның әр бір бөлімдері бойынша алған білім, білік, икем мен дағдыларын айқындап көрсетпейді, яғни әрбір оқушының оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;

- қорытынды бағаны қою барысында ағымдағы бағалар ескеріледі, яғни оқытудың соңғы нәтижесін бағалау объективті боламайды;

- оқушылардың оқуға деген уәждемесін тудыратын мұғаліммен олардың арасында байланыс жоқ.

Бұл мәселелерді шешу үшін «Назарбаев зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеп енгізіп отыр.

«НЗМ» ДББҰ-ның іс әрекетін ұйымдастыру 2011 жылғы 29 қарашада Қамқорлық кеңесінің шешімімен мақұлданған «НЗМ» ДБҰҰ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

«НЗМ» ДББҰ іс әрекеттерінің стратегиялық бағытының бірі ең үздік отандық және халықарарық тәжірибе кіріктірілген білім берудің жаңа базмұнын әзірлеу болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және шын бағалау жүйесі білім мазмұнының бір ажырамас бөлігі болып табылады.

«НЗМ» ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың тұтас жүйесін құрды. Ол отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін әрбір оқушыны конкурстық іріктеуден бастап мектепті бітіріп шыққанға дейін сүйемелдейді.

Зияткерлік мектептерінде оқу жетістіктерін бағалау қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау, жетістіктерді мониторингілеу жолдарымен критерийлік тәсіл негізінде жүзеге асырылады, ол оқушылар бастауыш, негізгі және жоғары мектептерді аяқтағаннан кейін жиынтық аттестаттау кезінде сырттай жиынтық бағалау жолымен оқу үдерісін бір жыл бойы және жылдар бойы қадағалауға мүмкіндік береді.

Зияткерлік мектептерде оқыту үдерісі Кіріктірілген оқыту бағдарламасы және Кембридж Университетінің сарапшыларымен бірлесіп жасалған пәндер бойынша оқыту бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, келесі 21 ғасырдың дағдыларын дамытуға бағдарланған жаңа мазмұн: алған білімді қолдана білу, ақпаратты іздестіру, өңдеу, талдау және бағалай білу дағдылары, сын тұрғысынан ойлау, эксперименталдық, зерттеу, инфокоммуникациялық дағдылар, коммуникативтік (тілдікті қоса алғанда) дағдылар, жеке және топта жұмыс істей білу [14].

«НЗМ» ДББҰде қолданылатын критериалды бағалау оқу жыл бойында оқушылардың оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін үш түрін жүзеге асырылады. Олар қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау мектептшілік бағалауды құрастырады және межелік және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы күнделікті сабақ беруде үнемі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданылады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді [15].

Оқушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері «жетті» (оқыту мақсаттары) немесе «ұмтылуда» айқындамалары түрінде тіркеледі. Әрбір сабақта баға қоймау нашар баға алудан қорқатын оқушылардың беймаза күй кешуін болдырмауға, оқудағы мақсаттарға қол жеткізуде деңгейінің өсуі үшін үнемі жұмыс жасауына, ал оқытушының оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты жоспарлауды түзетуіне мүмкіндік береді.

Ішкі жиынтық бағалау – тоқсан ішіндегі оқыту ақпараты блогын зерделеуді аяқтаған кезде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындау және тоқсандағы, оқу жылындағы жиынтық бағаны айқындау үшін қолданылады.

Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру үшін «НЗМ» ДББҰ-ның Педагогикалық өлшемдер орталығының мамандары бағалау құралдарын, олар тапсырмалардың тестілік ерекшеліктері мен жиынтығын әзірлейді. Тестілік ерекшеліктер мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қызмет көрсету және оқушыларды дайындау үшін мектептерге алдын ала берілетін пәндер мен сыныптар бөлінісінде жұмыстың құрылымымен тапсырмалар үлгілерінің сипаттамасын қамтиды. Ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары оны өткізер алдында мектептерге жіберіледі.

Оқушылардың нормативтік және ішкі жиынтық бағалау үдерісінде оқыту мақсаттарына қол жеткізу нәтижелері 30:70 пайыздық арақатынаста тоқсандағы және оқу жылындағы қорытынды бағаларды айқындау үшін пайдаланылады.

Сыртқы жиынтық бағалау оқыту сатысындағы оқу ақпараты блогын зерделеуді аяқтау кезінде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындайды және оны бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерден кейін Тәуелсіз бағалау органы жүргізеді. Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері 30% (қалыптастырушы), 40% (ішкі жиынтық) және 30% (сыртқы жиынтық бағалау) пайыздық арақатынаста бір жылдағы қорытынды бағаны айқындау үшін қолданылады. Қорытынды бағадағы сыртқы жиынтық бағалау үлесі ұлғайып отырады және 2012-13 оқу жылы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бастаған оқушылар мектепті бітірген кезде ол 100%-ға жетеді деп жоспарлап отыр.

Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға сәйкес бағалау бойынша шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді критерийлер қолданылады. Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларда (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дескрипторға сәйкес бағалау – бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.

Бағалау 4 критерий бойынша жүзеге асырылады.

Тілдік емес пәндер бойынша:



  • «Білу және түсіну»;

  • «Білімді қолдану»;

  • «Анализ, синтез, зерттеу»;

  • «Коммуникация».

Тілдік пәндер бойынша:

  • «Оқылым»;

  • «Тыңдалым»;

  • «Айтылым»;

  • «Жазылым».

Бір пәннен беретін педагогтар бір тақырыпты оқыту кезінде саны мен сапасы әртүрлі дескрипторларды қолданды, бұл сыныптар мен мектептер арасында қатарлас салыстыру жасауға мүмкіндік бермеді.

Сондықтан да, Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесіп қалыптастырушы бағалау кезінде оқыту мақсатына қол жеткізетін «табыс критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттауды жүзеге асырылды.



Табыс критерийі – бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар.

Сыртқы жиынтық бағалау үшін емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін – бағалау саласын қамтиды, соған сәйкес оқушының емтихан жұмысын қаншалықты жақсы орындағаны талқыланады.

Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дескрипторлары мен сұлбасын қамтиды. Дескрипторларда - оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы - нұсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашық бағалауға қол жеткізеді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін іске асырады – бұл бірыңғай стандартталған тәсілді жасау мақсатында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау. Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады.

Оқушылардың қалыптастырушы және жиынтық бағалауларының нәтижелерін жинақтау үшін оқыту мақсатында қол жеткізілгенін дәлелдеу ретінде оқушының портфолиосы пайдаланылады. Оған оқушының жұмысы, оны бағалау критерийлері, өзін-өзі бағалау қорытындылары, мұғалімнің пікірлері ме ұсынымдары жапсырылады. Портфолио оқушының оқудағы жетістігі туралы ата-аналармен кері байланыс жасау үшін қолданылады.

2011 – 2012 оқу жылы Зияткерлік мектептерде критериалды бағалау жүйесін апробациядан өткізудің бірінші кезеңі өтті: физика матемактикалық бағыттағы 7 сыныптарда және химия биологиялық бағыттағы 8 сыныптарда.

2011 жылғы 16 тамыздағы №9 НЗМ ДБҰҰ Басқарма шешімімен келесі құжаттар әзірленіп бекітілді:

1. «Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу тұжырымдамасы».

2. «2011/2012 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің физика математикалық бағытындағы 7 сынып және химия биологиялық бағыттағы 8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау ережесі».

Барлық мектептерде оқу жылының басында критериалды бағалау жүйесін апробациялау туралы бұйрықтар шығарылып, директор орынбасарын жауапты ретінде тағайындады [15].

Астана қ. Зияткерлік мектебінің барлық сыныптарында критериалды бағалауды апробациялау жүзгізілды, және жаңа бағалау жүйесінің барлық негізгі элементтері көрсетілген бағалау саясаты әзірленді. Астана қ. ФММде бірінші тоқсанда жүргізілген апробация қорытындысының нәтижесінде Педагогикалық кеңестің шешімімен 2 тоқсанна бастап 5 және 8 сыныптарда бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді.

Әрбір мектептің әдістемелік ұйым отырыстарында жиынтық бағалауды жүргізудің кестесі бекітілді.

Апробациялауды жүргізу барысында критериалды бағалау технологиясын жетілдіру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: халықаралық эксперттер кеңестер, семинарлар өткізді, өткізілген апробация қорытындылап, есептер дайындады, жағымды жақтары мен туындаған қиыншылықтары талданды, жаңа оқу бағдарламаларында көрсетілген күтілетін нәтижелер, оқыту мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып бағалау критерийлері пысықталды, Бағалау тұжырымдамасы мен Ережесіне өзгерістер енгізілді.

2012 – 2013 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап Зияткерлік мектептерде критериалды бағалау жүйесін апрбациялаудың екінші кезеңі басталды (2-кесте). Апробацияның бірінші кезеңі нәтижесі негізінде нормативті құжаттарға, критерийлерге және бағалау шкаласына өзгерістер енгізіліп, жаңа құжатардың түрлері енгізілді, олар: потрфолио, модерация, оқушылардың жетістіктері туралы есеп.

Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылды. Тәуелсіз халықаралық ұйыммен оқу жетістіктерінің сыртқы жиынтық бағалауы апробациядан өткізілді.

2013 – 2014 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап критериалды бағалау жүйесін енгізудің төртінш кезеңі басталды (2-кесте). Критериалды бағалау моделі оқыту 2012 жылғы Кіріктірілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылатын сыныптарда. 2012-2013 оқу жылында жүргізілген апробацияның қорытындысында нормативтік құжаттарға, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізілді.

Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтары құрылды. 11 және 12 сыныптарда сыртқы жиынтық бағалау жүргізілді.

Төртінші кезең – 2014 – 2015 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап – критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.

Беінші кезең – 2015 – 2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.

Әрбір кезеңнен кейін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, критериалды бағалау технологиясын енгізу бойынша мұғалімдерге арналған әдістемлік нұсқаулықтар жетілдіріледу.


2-кесте – Критериалды бағалау жүйесін енгізу кезеңдері


Зияткерлік мектептер

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

1

2

3

4

5

Астана қ. ФМБ НЗМ

3 -11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

7, 8, 9, 11

1, 7, 8, 9, 11, 12

1, 2, 7, 8, 9, 11, 12

1, 2, 3, 7, 8, 9, 11, 12

Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

6,7, 8, 9,11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Семей қ. ФМБ НЗМ

7, 8, 9, 11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

2-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Өскемен қ. ХББ НЗМ

7, 8, 9, 11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Ақтөбе, Шымкент қ. ФМБ НЗМ

-

7, 8, 11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Уральск қ. ФМБ НЗМ

-

7, 8,11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Павлодар қ. ХББ НЗМ

-

7, 8

7, 8, 9,11

7, 8, 9, 11,12

Қарағанды, Шымкент қ. ХББ НЗМ

-

7, 8, 11

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар

Тараз, Қызылорда, Атырау қ. НЗМ

-

7, 8

7, 8, 9,11

7, 8, 9, 11,12

Алматы қ. ФМБ НЗМ

-

-

7, 8, 9,11

7, 8, 9, 11,12

«НЗМ» ДБҰҰ оқушыларының (2012 жылғы Кіріктірілген оқу бағдарламасы негізінде оқитын сыныптардағы) оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ересежіне сәйкес қалыптастырушы, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырудың тәртібі бар және ол келесіні қамтиды:



  • Қалыптастырушы бағалау түзету функциясын атқарады. Тоқсан мен жылдық бағаны қою кезінде қалыптастырушы бағалау ескеріледі.

  • Қалыптастырушы бағалау кезінде оқу бағдарламасы мен жоспарға сәйкес табыс критерийі негізінде пән бойынша оқу мақсаттарды бағалау жүзеге асырылады.

  • Оқушының оқу мақсатына жету нәтижесі «жетті», «талпынуда» деп бағаланады.

  • Бір тоқсанда жеткен оқу мақсаттары қосылып қалыптастырушы бағалаудың балдарын санау кезінде ескеріледі.

  • Тоқсандық бағаны есептеу кезінде қалыптастырушы бағалаудың балдары ескеріледі.

  • Қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі электрондық журналда тіркеледі.

  • Дене шынықтыру пәні бойынша бағалау 1 және 7 сыныптарда критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі бойынша жүзеге асырылады. Қалған сыныптар дәстүрлі жүйеде бағаланады.

  • Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалар мен нормативтер тапсыру арқылы жүзеге асырылады, ал негізгі және жоғары мектепте жобаның кезеңдерін орындау арқылы баға қойылады.

  • «Педагогикалық өлшемдер орталығы» филиалы әдістемелік ұйымдардың басшыларымен бірлесіп ішкі жиынтық жұмыстарды және ұсынылатын формат, бағалау критерийлері, барлық параллель сыныптарға бірдей жиынтық жұмыстардың құрылымын қамтитын тестік спецификация негізінде балл қою сұлбасын әзірлейді.

  • Ішкі жиынтық жұмыстардың кестесін Зияткерлік мектептер директоры бұйрығымен бекітіледі және оқу жылының бірінші аптасында әрбір оқушымен таныстырылады. Ішкі жиынтық жұмыстары бөліп өткізілген жағдайда кестеде жұмыстың соңғы бөлігі өткізілетін күні қойылады.

  • Ішкі жиынтық жұмыстар әртүрлі болады (тестер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.б.).

  • Ішкі жиынтық жұмыс бойынша баға Кіріктірілген білім беру бағдарламасының талаптарына сай критерийлер бойынша қойылады. Балл қою критерийлері қажет болған жағдайда танысуға болатындай қолжетімді (оқушыларға, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата аналарға және т.б.).

  • Бір жылдың ішінде барлығы орындауға міндетті бір ішкі жиынтық жұмыс жүргізіледі. Ішкі жиынтық жұмыс бірнеше бөліктер тұру мүмкін және бірнеше сабақ орындауға болады, және қорытынды баға ірбңр бөлікті орындағанның нәтижесінен қалыптасады.

  • Ішкі жиынтық жұмыстары көптеген критерийлер қолдану арқылы құрастырылады. Ішкі Жиынтық жұмыстың құрылымы, бағалау критерийі және форматын бейнелетін материалдармен оқушылар таныс болу керек.

  • Бір параллель сыныптар үшін ішкі жиынтық жұмыстар бірдей шартта өткізіледу.

  • Жиынтық жұмыстарды қайтадан орындау рұқсат етілмейді.

  • Егер оқушы дәлелді себеппен өткен ішкі жиынтық жұмысына қатыспаса, онда оқушы шыққаннан кейін бір аптаның ішінде орындау қажет, және ішкі жиынтық жұмыстардың қосымша нұсқалары қолданылады.

  • Бірінші сыныптың бірінші және екінші тоқсандарында ішкі жиынтық бағалау өткізілмейді.

  • «Өнер» пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау оқушыға кешенді тапсырма беру арқылы жүзеге асырылады, және тапсырманы оқушы тоқсанның соңында тапсырады.

  • Бастауыш сыныптарда Дене шынықтыру пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау оқушының портфолиосын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Негізні және жоғарғы мектепте ішкі жиынтық бағалау жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

Назарбаев зияткерлік мектептерде тоқсандық баға мен жылдық бағаны қою үшін қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері қолданылады [16].

Тоқсандық баға қоюда қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың салмақ үлесі келесі пропорцияда берілген:

Қалыптастырушы бағалау 30%

Ішкі жиынтық бағалау 70%

Тоқсан бойындағы максималды балл саны – 60 балл.

Қалыптастырушы бағалау 30% құрайды, сәйкесінше қалыптастырушы бағалаудың максималды балы 18 балдан тұрады.

Ішкі жиынтық бағалау 70% құрайды, сәйкесінше ішкі жиынтық бағалаудың балы 42 балды құрайды.

Қалыптастырушы бағалау бойынша балдарды есептеу келесі формулаға сәйкес есептелінеді:




Балдар =

Жеткен оқу мақсатының саны18

Бағаланатын оқу мақсаттарының саны

Есепке бағаланған оқу мақсаттары ғана алынады. Жететін максималды балл саны 18 болуы мүмкін. Балдар саны бүтін емес сандар болуы да ықтимал.

Ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері балдарға келесі формула арқылы ауыстырылады:



Балдар =


Ішкі жиынтық бағалау бойынша балл42

Ішкі жиынтық бағалау бойынша

мүмкіндік максималды балл


Жететін мүмкін максималды балл саны 42. Балдар саны бүтін емес болуы ықтимал.

Екі бағалаудың түрі бойынша алынған балдар қосылып, бүтін санға дейін қысқартылады.

Жалпы балл саны A*- U бағаларына және 5-балдық шкаласы негізінде ауыстырылады (3-кесте):


3-кесте – Жалпы балл саны A*- U бағаларына және 5-балдық шкалаға ауысуы

Жалпы балл саны

Тоқсандық баға

Тоқсандық баға

54-60

A*

5

48-53

A

42-47

B

4

36-41

C

30-35

D

3

24-29

E

0-23

U

(аттестатталмаған)



2

Критериалды бағалауды қолдану оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуге және сол оқыту үдерісін қамтамасыз етуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, барлық мүдделі тараптарға оқыту нәтижелері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің 2014 жылғы қаңтарда Зияткерлік мектебі оқушылармен жүргізген он-лайн сауалнамасы жалпы алғанда оқушылардың бағалау критерийлері жүйесін дұрыс қабылдайтындарын көрсетті [17].

Мәселен:

• барлық оқушылардың 90,5% критериалды бағалауды енгізу сабақты оқытуды өзгерткенін атап өтті;

• қазақша оқитын оқушылардың 54% және орысша оқитын оқушылардың 73,3% өзін оқыту туралы ақпаратты көптеп алатын болды;

• қазақша оқитын оқушылардың 88,9% және орысша оқитын оқушылардың 85,9% сабақта ненің жақсы жүретінін және нені пысықтау керектігін біледі;

• қазақша оқитын оқушылардың 67,5% және орысша оқитын оқушылардың 62,5% бағалаудың жаңа жүйесінде өзін еркін сезінеді, бұл оларға ұнайды [17].

Сонымен, Зияткерлік мектептерінің критериалды бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжірибесі Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту кезінде қолданылатын болады.

1.4 Бастауыш мектепте оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдіснамалық негіздері
Бағалау жүйесі оқыту мәселелері диагностикасының негізгі құралы мен кері байланысты жүзеге асыру, сонымен қатар толығымен білім үдерісінің негізіне салынған ең анық қағидаларды өзіне тарту болып табылады.

Білім берудің жаңа стандарттарын әзірлеу оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесімен байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың маңызды құралдарының бірі болып табылып, білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру үшін обьективті және тиімді болу керек.

Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады.

Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді.Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді.

Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру үдерісінің жетістігі себептері бойынша бақылау-диагностикалық байланысты жүзеге асырады.

Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру үдерісін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек.

Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру үдерісі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор.Бағалау жүйесін жетілдіру қажеттігі критериалды бағалау жүйесіне қатысты көпфункционалды жүйені құруға ықпал етеді.

Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады:

Нормативтік қызмет бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты білім алушылардың жетістігін тіркейді және жекелеген оқушылардың үлгерімін, мектеп сыныптарының, олардың дайындық деңгейі мен мұғалім жұмысының сапасын қадағалайды.

Ақпараттық-диагностикалық қызмет білім алушылардың мазмұнды және эмоциялық рефлексиясын, соның ішінде ерекше қажеттіліктерін, барлық білім беру үдерісі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз етеді.Бағалау жүйесі білім беру үдерісінде нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді.

Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен игерілетіндігін, білім алушыларда сол немесе басқа да практикалық дағдының қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Осындай мүмкіндік білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруда бақылау өлшемдері белгілі бір минимумымен, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды.

Сонымен қатар міндетті минимумды есептеу нүктесі үшін алу лайықты, осындай балалар үшін нақты анықталған болу керек.

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі білім алушылардың жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері ретінде тіркеу керек, сондай ақ танымдық қызметтің түрлі салаларындағы оның жетістіктері динамикасы (ақпаратты игеру, ақпаратты өңдеу, шығармашылық және жобалық қызмет, ойды жеткізе білу және т.б.) білім беру үдерісіндегі бар мәселелер мен оқу жетістігіне шынайы сипаттама алуға мүмкіндік береді.

Бағалау жүйесі мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілері, сонымен қатар білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогикалық ұжымдары арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету керек, ол білім беру үдерісін қалыптастыруда жүйелі тәсілді қамтамасыз ете алады, яғни оның тұтастығын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезінде білім алушылардың психикасына байқап қарау, оған нұсқан келтіретін жағдаяттардан қашып, баланың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру керек.

Жоғарыда көрсетілген бағалау жүйесінің тәсілдері білім беру үдерісінің барлық қатысушылары бағалау жүйесіне құрал ретінде қарауды, жетістікпен білім алу үшін, кері байланысты жүзеге асыру үшін қажет екендігін түсінуді қамтамасыз ету керек.

Аталған ережелер бағалау жүйесінің негіздерін қалыптастыру керек және оның қызмет ету жалпы аясына бағыт береді, бір уақытта жетістік критерилеріне және әрбір нақты білім жүйесін толыққандылығына қызмет етеді.

Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері В.П. Беспальконың критериалды-бағдарланған технологиясы болып табылады [18].

Оның критериалды бағалау теориясының негізгі ережелері оқыту шарттары параметрлері әр қашанда дәстүрлі білім беру үдерісіне тіркеліп негізделеді (барлық уақыт үшін бірдей, ақпаратты беру әдістері және т.б.), тіркелмегені оқыту нәтижесі болып қалады.

Американдық психолгтар Дж. Керолла мен Б. Блум [19] әзірлеген ережелерді негізге алып, тұрақты, тіркелген параметрлер есебінде оқыту нәтижесін алып қарауға болады, В. П. Беспалько бағалау жүйесін әзірлеуге тәсілдерді өзгертуге тырысты. Бұл жағдайда американдық психологтар теориясына сәйкес, оқытудың басқа шарттарының параметрлері барлық білім алушылардың берілген критери-нәтижесіне жету үшін басқа оқу шарттарының параметрлері өзгеріп тұрады.Осындай тәсіл негізінде критериалды-бағдарланған оқытудың технологиясы әзірленді, сондай ақ толық игеру технологиясы деп атайды, білім алушылардың барлығы қажетті оқу материалын игеруге қабілетті оның шығу сәті бекіту болып табылады.

Бұл үшін білім беру стандарттарына сәйкес, белгіленген игеру критерилерін әзірлеу қажет. Барлық мектеп пәндері бойынша ұсынылған стандарттар, нақты игеру критерилерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Оқытудың критериалды-бағдарланған технологиясының тиімділігі білім алушыларға көмектесудің алуан түрі, бақылау түрі, тапсырмалардың түрленуі әрбір оқушыға оны игерусіз одан әрі тұлғаның толық оқуы мен дамуы мүмкін емес белгіленген міндетті критерилер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйесі келесідей элементерді қосады:

1. Тақырыптарды игерудің критерилері толық анықталады (сабақтар), оқытудың нақты нәтижелері тізбесінде көрсетіледі (білім беру бағдарламалары аясында игерудің белгілі деңгейімен оқыту мақсаттары);

2. Тексеру жұмыстары әзірленуде – тест, негізгі мақсаты түзету оқу тәртібінің қажеттілігін анықтаудан тұрады;

3. Оқу материалдары жекелеген фрагменттерге бөлінеді (оқу бірліктері), нәтижелері анықталады (критерилер), сондай ақ оларды оқу барысында жету керек және ағымдағы тексеру жұмыстары құрастырылады, әрбір оқу бірлігі оқу мақсатына жетуге көз жеткізуге мүмкіндік береді;

4. Оқыту тапсырмалары құрастырылады, оқытудың сәйкес әдістері таңдалады;

5. Әрбір тест тапсырмаларынан балама түзету материалдары әзірленеді.

Критериалды бағалау критерилерге негізделген, яғни бағалауды құрайды (критерилерден), олардың оқу-танымдық құзыреттілігін түрлі дамыту бағыттары бойынша жетістіктері көрініс табады.

Критериалды бағалау- бұл тәсіл оның аясында бағалау мен өзіндік бағалаудың алуан әдістері мен түрлері қолданылады.

Критериалды бағалау кезінде:

• оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;

• оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;

• мұғалім рөлінен «соңғы инстанциядағы сот» кеңес беруші, маман, тьютор рөліне көшеді.

Осындай сипатта критериалды бағалау өзіне оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алады.

Критериалды бағалау мұғалімдер үшін бірқатар қағидалы нұсқауларды ұсынады:

1. Баға көмегімен оқушының тұлғасы емес жұмысы ғана бағаланады;

2. Оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен емес үлгісімен тікелей салыстырылады (өте жақсы орындалған жұмыс бейнесімен);

3. Нақты тапсырмалардың әр түрлері қолданылады және дұрыс орындалған тапсырмалардың түрлері нақты және анық сипатталады;

4. Үлгі оқушыларға алдын -ала беріледі;

5. Баға қоюдың нақты алгоритмі әзірлену керек, ол бойынша оқушы өзі өзінің жеткен деңгейі мен өз бағасын анықтай алады. Өзіндік бағалау оқушы рефлексиясы оның жұмысын тұспалдайды.

6. Бағалау үрдісіне оқушыларды енгізу, өзіндік бағалауға өтуге ұмтылу;

7. Нені оқығаныңды бағалауға болады, сондықтан да бағалау критерилері –нақты оқу мақсаттарына жету;

8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқу пәні бойынша оқу жетістігін бағалау критерилері болып табылады және оқушылардың жекелеген жұмыстарын анықтау, нәтижелерін қортындылауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін, білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқу үдерісіне қатысушыларға танымал, ұжыммен жасалған нақты белгіленген оқушылардың оқу жетістігін салыстыруға негізделген үдеріс ретінде түсіндіріледі.

Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі басым көзқарас белгіленді. Критерийлік көзқарасқа бірінші көзқарас оқу үрлісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара-қатынасына негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді, бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.

Критерийлік бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу – ұғынуды-қолданысты-жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес бағалау шкаласына негізделген. Ең алдымен білім алушылардың икемдерін қадағалайтын осындай бағалаудың нәтижелері олардың функционалдық сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас білімдегі күтілетін нәтижелерге жетудегі және оларды бағалаудағы қажеттіліктерді толық қамтымайды.



Критерийлік бағалау білім алушылардың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.

Критерийлік бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.



1.5 Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін бастауыш мектептке енгізудің оқу-әдістемелік негіздері
2015 жылғы 25 сәуірде бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында Білім алушылардың дайындық деңгейі «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалатыны көрсетіледі.

Аталмыш құжатта бастауыш білімнің мақсаты бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:

1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;

2) сын тұрғысынан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;

2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;

4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету [20].

Осыған сәйкес, құзыреттілік тәсілдемеге негізделген бағалау технологиясын таңдауға келгенде, оқушылардың жеке дара қасиеттері мен вариативті білім алу кеңістігін дамытуды жүзеге асыруды ескерген жөн. Вариативті білім беру кеңістігі қазіргі технологиялар мен жеке оқыту траекторияларын қамтиды. Вариативтілік бұл жерде білімнің жекеленуіне және қолжетімділігіне, мақсатты жүзеге асырып және мазмұнды (мемлекеттік стандарттар аясында), қызметтердің тәсілдері мен әдістерін таңдау бойынша, оның қатысушыларының өзара жұмыс істеуіне негізделген оқыту процесінің икемділігіне бағытталған [21].

Қазіргі мектепте басым мақсат: қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсуге, өз бетімен білім алып, өзін өзі дамытуға дайын тұлғаны дамыту. Өз бетінше оқуға қол жеткізу үшін баланың өз бетінше бақылау-бағалаушылық қабілетінің болуы маңызды [22]. Яғни оның өзінің қызметін бақылауға және бағалауға дайындығы мен қабілеті, пайда болған қиындықтардың себебін анықтауы мен жоя алуы.

Бүгінгі бағалау жүйесі білім берудің оқыту парадигмасының аясында әзірленіп, білім беру процесін емес білім алу процесінің нәтижесін көрсетеді. Бұл өз кезегінде қазіргі құзыреттілік тәсілдің талаптарына сай келмейді [23].

Зияткерлік мектептерде оқыту үдерісі Кіріктірілген оқыту бағдарламасы және Кембридж университетінің срапшыларымен бірлесіп жасалған пәндер бойынша оқыту бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған. Білім берудің жаңа мазмұнын тиімді енгізу шарттарының бірі деп кезінде педагогикалық қолдау көрсету үшін әрбір оқушының оқудағы жетістіктері туралы ақпарат беретін оқушылардың дағдыларны дамыту деңгейін барабар бағалай алатын бағалау жүйесінің болуы болып табылады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру сапасын бағалау департаменті 2010 жылдан оқушылардың оқудағы жетістіктерін әзірлейді, жетілдіреді және сын тұрғысынан бағалайды. Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға сәйкес бағалау бойынша шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді критерийлер қолданылады. Критерийлер дискрипторлармен сипатталады, оларда (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болу керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дискрипторға сәйкес бағалау – бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды [24].

Бағалау 4 өлшем бойынша жүзеге асырылады. Тілдік емес пәндер бойынша «Білім және түсіну», «Білімді қолдану», «Талдау, синтез, зерттеу», «Коммуникация», өлшемдері қолданылады. Тілдік пәндер бойынша «Оқу», «Аудиттеу», «Сөйлеу», «Хат» өлшемдері қолданылады. Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесе отырып формативті бағалау кезінде оқыту мақсатына қол жеткізетін «табыс критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттау басталды. Табыс критерийлері- бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар. Оқыту мен бағалау және оқыту мақсатына қол жеткізудегі табыс критерийлері мен оны бағалау бойынша мұғалім үшін ұсынылатын қызметті қоса алғанда сынаптар мен пәндер бөлінісінде бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындалды [24].

Сыртқы жиытық бағалау үшін емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін – бағалау саласын қамтиды, соған сәйкес оқушының емтихан жұмысын қаншалықты жақсы орындағанаы талқыланады. Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дискрипторлары мен схемасын қамтиды. Дискрипторларда – оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы – нүсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашықө бағалауға қол жеткізеді. Формативті және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін жүргізеді – бұл бірыңғай стандартталған тәсілді жасау мақсатында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау. Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауды тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады [24]. Осылайша, критериалды бағалауды қолдану оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға заманауи қолдау көрсетіп және оқытудағы алға жылжуды қамтамасыз етеуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, оқыту нәтижелері бойынша ақпаратты қажетті тараптарға тапсыруға мүмкіндік береді. Мұндай бағалау жүйесі ең бірінші, балаларды тиімді оқуға уәждеу, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға және оның өсуін бақылауға бағытталған. Әзірленген крнитериалды бағалау моделі өз алдына пәнді оқытудың мақсаттары мен міңндеттерін, олардың жетістік ьдепңгейлерінің критерийлері мен сипаттамасын, критериә бойынша қойлыған баллды 5 баллдық дәстүрлі бағаға аудару шәкілін қамтиды.

Бастауыш білім стандартының негізгі қызметтерінің бірі бағалаудың шынайылығын арттыру. Бұл қызметті жүзеге асыру бағалауға критериалды-бағытталған тәсіл негізінде қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және бағалау жүйесін түбегейлі өзгерту мүмкіндігімен, шынайы өлшеу жүйелерін және оқытуды ұйымдастыру қызметінің тиімді жағын, жалпы білім жүйесін тиімді қолданумен байланысты.

Бағалауға критериалды-бағытталған тәсіл қолдану жаңа стандарт талптарында жетістікті бағалаудың шынайылығы мен анықтылығы деңгейін жоғарылатады.

Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.

Оқу жылы бойында бастауыш мектеп оқушыларының оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі жүргізіледі: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ). Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау мектепішілік бағалауды құрайды [25].

Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы күнделікті сабақ беруде үнемі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, бірақ бағалау жолдары пәндер және мазмұнынға байланысты өзгеріп отырады.

Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады.



Дағдыларды нақты бағалау біліктілігі критериалды бағалаудың маңызды аспектісі. Берілген 4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, қалыптастырушы және ішкі жиынтықтық бағалауда дағдылырдың қалыптасқанын немесе даму деңгейінің бағалауы көрсетілген [25].
4-кесте – Оқушылардың дағдысын қалыптастыру


Дағдылар

Сипаттамасы

1

2

Білу

Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру және оларды баяндау.

Түсіну

Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау немесе түсіндіре білу.

Қолдану

Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдану.

Сыни ойлау

Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу.

Анализ

Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін және/немесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.

Синтез

Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу.

Коммуникация

Басқа адамдардың қызығушылығын және көзқарастарын өз қызығушылығымен және көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау, адамдармен қарым-қатынаста болу және келісу қабілеттілігі.

Тыңдалым арқылы коммуникация

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнын түсіну және қабылдау; естігеннің негізгі мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге, фразаларға және естігені арқылы түсіну, нақты/керекті ақпаратты таңдау және түсіну;

Оқылым арқылы коммуникация

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардағы өзекті мәселелерді бөлу, ақпарат іздеудің әр түрлі стратегиясын қолдану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен

көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және қағаз түпнұсқасын қолдану.



4-кестенің жалғасы

1

2

Жазылым

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі жазбаша жұмыстарды түзету және редакциялау, жазу, жоспарлау; нағыз және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жазу біліктілігі; орфографиялық және грамматикалық қателерсіз жеткілікті сауатты жазу; қажетті стильді ұстау; әр түрлі байланыстырушы сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді абзацқа байланыстыру.

Айтылым

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану; қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя білу біліктілігі; күтпеген сұрақтарға жауап қайтару; тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін мазмұндау.

Шығармашылық

Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау.

Зерттеу

Зерттеу мақсатына сәйкес деректер және ақпараттарды жинау жолдарын дайындау.

Техника және тәсілдер

Өзара жоспарлауды, орындауды және бағалауды қоса пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдерді мен технологияны көрсету.

Әр түрлі іс-әрекетке қатысу үшін негізгі техникалық тәсілдер мен моторикалық дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы өз ойын көрсету; рухани дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану.



Рефлексия

Іс-әрекет жасауда шешім қабылдау және тұжырымды қалыптастыру, пікірлер, ойлар және оқиғалар туралы ой пікір ұсыну.

Сандық ойлаудың математикалық қабілеті

Санды қолдануды, есепті шығаруды, график, кесте және кең диапазондағы математикалық ұғымды, контексті және күнделікті жағдайда көрсетуді түсіну.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет