Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар


Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
4.
Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы.
Қоғамның жеке мүшелері тіл арқылы бір-бірімен байланысады. Қоғамдық ой-сананың
дамуы, ілгерілеуі үшін тілдің атқаратын қызметі зор. Көркем әдебиеттің негізгі
құралы – тіл. Тіл мен сөйлеу. Тілдің қоғамдық функциялары. Ауызекі сөйлеу тілі.
Әдеби көркем тіл. Тілдің стилистикалық ерекшеліктері. Сөз-халық қазынасы.Тіл, сөз
жайын тексеретін ғылым түрлері (тіл білімі, стилистика, көркем сөз теориясы) әдеби
шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Сөздердің тура және бұрма
мағыналары. Шығарма тіліндегі жалпы қолданыстан тыс лексика.Көркем шығарма
мәтіні. Филологиядағы, мәдениеттану мен семиотика ғылымдарындағы мәтін туралы
тұжырымдар. Тілдің бейнелеушілік қасиеті. Әдеби тіл – жай тіл емес, көркем тіл, сұлу
сөз. Тіл мен ойдың арақатынасы.Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік.
Поэтикалық синтаксис. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері.
Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Көркем тілдің интонациялық-
синтаксистік мәнерлілігі.
Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Кез-келген жазушы өз ойын
көрікті қылып жеткізуге тырысады. Сол үшінде тіл байлылығын қолданады.Тіл
байлығы ссөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Мазмұнды шығарма – халыққа
қажетті шығарма. Тіл байлылығына мыналар жатады: Полисемия (сөздердің көп
мағыналылығы), синоним, омоним, антоним, архаизм, неологизм, фразеологизм,
диалектизм; дыбыс қайталаулар (ассонанс, аллитерация); әсірелеу (гипербола,
литота); перифраз, эвфемизм, табу; эпитет және теңеу; троп немесе құбылту және
оның түрлері; фигура немесе айшықтау және оның түрлері. Тіл байлылығының
көркем шығармада атқаратын рөлі. А.Байтұрсынұлының т.б. ғалымдардың көркем тіл
туралы пікірлері.
5. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар.
Көркем әдебиет не өлең не қара сөзбен
жазылады. Өлең мен қара сөз образ арқылы жасалады. Оқырманның ой-сезіміне сурет
арқылы әсер етеді. Өмір құбылысын әдеби образдардың көмегімен танытып, тәлім-
тәрбие береді. Көркем қара сөзден өлеңнің ерекшелігі-ұйқасында. Драмалық
шығармалар өлең және қара сөзбен жазылады. Поэзия мен прозаның
айырмашылығы. Өлеңнің жүйелері (метрикалық, силлабикалық, тоникалық). Өлең
жүйелерінің шығу тарихы. Орыс поэзиясындағы силлабо-тоникалық өлең жүйелерінің
түрлері туралы түсінік. (ямб, хорей, дактиль, амфибрахий, анапест т.б.). Қазақ
поэзиясының күллі дамуы және қалыптасуы. Буын мәселесі-қазақ өлеңінің құрылысын
7


байыптаудағы басты мәселе. Қазақ өлеңіне тамаша реформа жасаған ақын-Абай. Өлең
құрылысы. Қазақ-орыс өлеңдерінің өлшемдері. Ырғақ туралы тісінік. Ырғақ және оның
өлең жүйесінде атқаратын қызметі. Өлең пішіні және схема туралы түсініктер.
Өлең өлшемдері.
Өлең құрылымын ажыратудың жолдары. Поэзиялық
шығармадағы ең үлкен бірлік – шумақ. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге
негізделуі. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түрлері.
Қазақ өлеңінің буын сандарының сәйкесу жолдары. Он бір буынды өлең. Жеті
буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының
үндестігі. Өлең ұйқасы. Ұйқас және оның түрлері (қара өлең, шұбыртпалы, ерікті,
кезекті, шалыс, егіз, аралас, осы күнгі ерікті). Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Ұйқас
пен ойдың бірлікте болу принциптері. Ұйқас қуалаушылықтың өлең мазмұнына
тигізер әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет