Дәріс №7. Жетекшілік стилі Стиль түсінігі



бет3/23
Дата05.09.2020
өлшемі397,97 Kb.
#77181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
стиль
1мен, 1мен, 1мен, 1мен, 1мен
Авторитарлық стиль – мұның негізі макиавеллизм деп аталады. [1]. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол "Принц" кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынды. Авторитарлық стиль (Батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді ("менің айтқаным бойынша істе").

Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.

Бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге қақың жоқ. Автократ бағыныштыларының іс-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікір алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмысбасты болады. Автократ басшылар сырттай бұйығы, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде "жұмысбастылық, іске үлкен жауапкершілік" сезіледі. Д.Браунның сипаттауынша ".. .автократ, ескірген жылу жүйесі секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдық климатқа көңіл бөлмейді".

Мұндай жетекшінің қарауындағы топ мүшелері өздерінің іс-әрекеттеріне қатысты белгісіздік жағдайда болады, және өздерінің жеке мәндеттерін ғана біледі. Жетекші қажет болса бағыныштыларын топтарға бөледі, олармен пікір алмаспайды. Мақтау және сынау кезінде тек өзінің ғана пікірін қолдайды.

Поляк психолгы Е.Старостяк авторитарлық стилді үш шағын типке бөледі:



  1. Қатаң жетекші: жетекші қатаң, бірақ әділетті, ұжымда жағдай өзгерсе де, бұрынғы қарым-қатынасты қолдайды, қызмет бабындағы сыйластықты қолдаушы, «өз орындарын білетін» қызметкерлерге жақсы қарайды.

  2. Иелік немесе қожалық: жетекшілер бағыныштыларына әкелік қамқорлық ұстанымын міндеттейді, олардың материалдық жағдайын арттыруға көп көңіл бөледі, олардың жұмыстарына тіпті жеке шаруаларына араласады. Көбінесе мұндай авториталық стиль түрін спорттық командалардың бапкерлеріне тән. Тым асыра қорғаныс пен қамқорлық бағыныштылар тарапынан агрессивті реакцияны туындатуы мүмкін. Олар тіпті «өздігінен тыныстауға» мүмкіндік бермейтін жетекшіге қарсылық танытуы мүмкін. Ал кейбіреулері мұндай қамқорлыққа үйреніп, тіпті оны сақтап қалуға тырысады, себебі олар «запрограмированный» болады. Нәтижесінде мұндай стиль бағыныштыларының іскерлік және қоғамдық белсенділігін төмендетіп, олардың өздігінен өмір сүру қабілетінен айырады.

  3. Дәйкесіз (тиянақсыз): бұл икемсіз, жинақы емес, озбыр жетекші. Ол өзінің құдыреттілігін көрсеткенмен, өз-өзіне сенімсіз болып келеді. Мұндай жетекшілер бәрін білетін дербес қызметкерге қарағанда, өзіне сөзсіз бағынатын әлсіз адамдарды жақтайды. Ұсақ тиіскіш, бірақ мәмілеге келуге дайын болады, себбебі сәтсіздік жағдайында жауапкершіліктен кетуге дайын тұрады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет