Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Кәсіби – техникалық білім беру педагогикасы



бет13/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
Кәсіби – техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы – пәндері, олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеру бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Арнаулы педагогика- (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия), дене дамуында кейбір ауытқушылықтары (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.
Әскери педагогика- әртүрлі дәоежедегі әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Әлеуметтік педагогика- мазмұнына балалар мен ересектердің мектептен тыс алатын білімі саласындағы теориялық және қолданбалы жазылымдары
енеді. Соңғы уақытта көп бағдарлы білімдік-тәрбиелік мекемелер беретін “екінші білім” түсінігі енуде. Балалар мен жастар клубтарда, жас техниктер станция ларында, халық шығармашылығы үйлерінде, спорттық базаларда, музыка және театр шығармашылығы студияларында өздерінің шығармашылық қажет тіліктерін қанағаттандыруға, бос уақыттың пайдалы түрлерімен шұғылдануға қажетті, оның ішінде кәсіптік білім алуға мүмкіндіктер табады. Ғылыми зерттеулердің негізінде балалар мен ересектердің мектептен тыс жұмыспен қамтамасыз етілуі тиімді дамуға мүмкіндік алып, қоғамның мәдениетін көтерудің көзіне айналып отыр.
Еңбекпен түзету педагогикасы- қылмысқа тартылған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзушылық мәселелер зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы- психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу – тәрбие процесінен қол үзіп, ұзақ уақыт емделетін ауру балаларға білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет