Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет12/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
Өзін-өзі тәрбиелеу - өз мінез құлқына өзі баға бере алуды, оны эталон ретіндегі мінез құлықпен салыстыра білушілікті қалыптастыруды көздейді. Мұның барысында адам өзін-өзі тәрбиелеуші субьект өз бақытын өзі жасаушы ретінде көрінеді.
Әлеуметтік орта - қоғамның жағдайы, мемлекеттік құрылыс, өндірістіқ, қоғамдық қатынастар, қоғамдағы әртүрлі мекемелер қызметі
3.Педагогика ғылымының жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының салалары: жалпы педагогика, салыстырмалы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, арнаулы немесе корекциялық педагогика, жеке пәндер әдістемесі, әлеуметтік педагогика,еңбекпен түзету педагогикасы, этнопедагогика және т.б. жатады.(сызба-1).
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Педагог ғалымдар мектеп педагогикасынан бала бақша жасындағы педагогиканы бөліп қарастырады, оның, себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ескеріледі.
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының даму, қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру дидактикасының салалары, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі, баланың мектеп алдындағы дамуының халықаралық стандарттары, мектепке дейінгі тәрбиемен айналыса-тын мамандарды кәсіптік даярлаудың теориясы мен практикасы бар.
Жоғары мектеп педагогикасы педагогика ғылымдары жүйесінде ерекше орын алады. Оның дамуы бірнеше себептерге байланысты. Олардың арасында – ғылыми әлеуметтің себеп болуы. Болашақ мамандарды ғылым докторлары, профессорлар, академиктер, ғылыми теорияның авторлары, тұжырымдамаларды жазып даярлаушылар, өздерінің арнаулы салаларында инновациялық технологияларды жасаушылар сияқты жоғары біліктілердің өкілдері оқытады. Бірақ олардың көпшілігі жоғары білімнің жаңа дидактикалық жазылымдарын құрастыруға, студенттерді оқытудың әдістемелерін жасауға қатысады. Бұл инновациялық жазылымдар студенттердің қатысуымен ұйымдастырылады. Көптеген дидактикалық жазылымдар жоғары оқу орындарында мектеп пен оқу орындарының мұқтажын ескере отырып жасалынады. Нәтижесінде университеттік, институттық танымдық еңбектің әдістемесі мектептегі оқу үрдісіне көшіріліп, оны жаңартудың құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет