Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет9/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби
ұйғарымдық бағыты кіреді.
Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғары мектеп педагогикасының пәні: Студенттерді оқыту мен тәрбиелеу үдерісі; Болашақ мамандарды даярлау заңдылықтары; Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтары, жоғары білім алудағы арнайы проблемалар; Оқу-тәрбиелеу үдерісін тиімді ұйымдастыра білуге
қажет ЖОО-ның педагогикалық үдерісі мен оның заңдылықтары; Жоғарғы мектептегі кері байланыс.
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
- жоғары оқу орындарына дейінгі мекемелерге кәсіби бағдар беру, орта педагогикалық білім, жоғары педагогикалық білім, ЖОО- дан кейінгі білімді дамыту секілді үздіксіз педагогикалық білім тұжырымдамасының негізін жасау; - әp типтегі оқу орындарында мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелерін зерттеу арқылы оның теориясы мен әдістемесін жасау,
Студент жастарды танып-білу, болашақ мұғалім тұлғасын тәрбиелеу үрдісінің маңызы мен заңдылықтарын зерттеп, сол негізде әдістемелік ұсыныстар беру;
- оқу үрдісінің мазмұны, заңдылықтарын, олардың түрлерін, жаңа технологияларды танып- білу негізінде әдістемелік ұсыныстар беру; - XXІ ғасыр мұғалімінің моделін жасап ғылыми теориялық негіздеу; - студенттің өзін басқаруын дамыту мен болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мен тәрбиелеуге қоғамдық ұйымдардың ықпалын зерттеу, танып білу;
- жоғары оқу орындарының профессорлық- ұстаздық құрамының іс әрекетін зерттеп авторлық әдістер мен технологияларын талдап нәтижелерін жоғары мектеп ұстаздарына қойылатын талаптарды жасауда пайдалану;
- жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үрдісін басқару мәселелерін танып- білу, басқару кұрылымының тиімді формалары, әдістерін анықтау Жоғары мектеп педагогикасының қызметі:
-студент жастарды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен ұстаздарды қаруландыру;
-педагогикалық білімін практикада шығармашылық қолдануына шарт түзу; -педагог мамандарға тән білім, білік, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру;
-үздіксіз оқу мен ізденісін тоқтатқан педагогтың шәкіртіне берері жоқ деген секілді үздіксіз білім алу мен ізденіс дағдыларын нығайту; -педагогикалық қарым -қатынас орнату қағидаларын меңгерту -заман талаптарына сай педагог маман қалыптастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет