Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет6/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
Бөлек тамақтану концепциясы. Бөлек тамақтану концепциясын алғаш ашқан америка диетологы Герберт Шелтон. Оның жүйесі тағамдық өнімдердің үйлесімділігі мен үйлесімсіздігін реттейді. Ең басты асқазандағы астың қорытылуы қарастырылады және тамақтағы басқа заттардың өзара байланысы мен олардың ас қорыту жолындағы сіңуі назарға алынбайды. Шелтоннның концепциясына сәйкес, ақуызды және крахмалды тағамдарды бір мезетте жеуге болмайды – ет, балық, жұмыртқа, сыр, сүт, сүзбе нанмен, ұнды өнімдермен және ботқалармен үйлесімді емес. Бұл, ақуыз қышқыл ортада асқазаннын төменгі бөлігінде қорытылуымен, ал крахмал болса асқазанның жоғарғы бөлігінде сілекей ферменті арқылы сілті ортада қорытылуымен түсіндіріледі. Қышқыл ортада сілекей ферментерінің белсенділігі төмендейді және крахмалды қорыту тоқталады. Қышқыл өнімдерді ақуызды және крахмалды тағаммен үйлестіруге болмайды, себебі Г. Шелтонның жақтастарының пайымдауынша, асқазанның пепсины бұзады. Нәтижесінде ақуызды тамақ шіриді, крахмал сіңбейді. Бөлек тамақтану жақтастары құмшекерді және тәтті жеміс – жидектерді барлық тамақтардан бөлек жеу қажеттігін ұсынады. Аталған концепция диетологтарының пікірі бойынша механикалық ұғым басым. Тағам асқазанда кем дегенде бірнеше сағат ұсталады. Сондықтан тамақтанудың алдында немесе соңында нені жеудің ешқандай маңызы жоқ. Ғылыми қорытындылаудан бұрын халықтың пайымдауынша ет пен көкөністі, ботқа мен майды бірге жеу үйлесімді деп саналған. Тамақтанудың әртүрлілік қағидасы әрбір тамақ қабылдауда сақталынуы қажет.
Бөлек тамақтану жүйесіндегі маңызды нәрсе – тамақты аз мөлшерде жеу және де көп мөлшерде жеміс – жидекті, көкөністі, сүтті қолдану.
Қан тобы бойынша тамақтану
Қан тобы бойынша тамақтану әдісін америка дәрігері Питер Д'Адамо жасады. Оның теориясына сәйкес тағамның сіңімділігі, оны ағзаның тиімді пайдалануы адамның генетикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда оның қан тобымен. Иммундық және асқорыту жүйесі қызметінің қалыпты жұмыс істеуі үшін адам қан тобына сәйкес тамақтануы тиіс, яғни ежелгі кезде ата-бабаларымыздың тамақтануы бойынша. Рационнан қанға үйлесімсіз заттарды алып тастау ағзаның ластануын төмендетеді, ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады, арықтауға әсер етеді. «Бөгде» өнімдерді қабылдау ағзаның ластануына және майдың жылдам жиналуына әкеп соғады.
Қан тобы бойынша тамақтану теориясы дәрігерлер арасында үлкен пікір талас тудырды, ол осы кезеңге дейін тоқтаған жоқ. Питер Д'Адамо әдісінің негізінде соңғы уақытта кеңінен қолданылып жүрген қан тобы бойынша диеталар жетілдірілді. Питер Д'Адамо бойынша адамдар қан тобы бойынша қалай тамақтануы қажет?
Бірінші қан тобының тамақтануы
1 қан тобының (0) адамдары «аңшылар» деп аталады, олардың тамақтануының негізін жануар ақуыздары құрауы тиіс, ал наннан, макарон және сүт өнімдерінен олар бас тартуы тиіс.
1 қан тобы (0) – ең ежелгі және кең тарағаны деп саналады. Бірінші қан тобының адамдары – асқорыту жолы тұрақты, иммундық жүйесі өте белсенді, жаңа диеталарға нашар бейімделетін ет тұтынушылар. Сүт өнімдері мен астыққа «аңшылардың» асқорыту жолы үйренбеген.
Өте пайдалы өнімдер: майсыз ет (қой, сиыр еті), лосось балығы, треска, шортан, зәйтүн майы, грех жаңғағы, асқабақ дәндері, қызылша, инжир.
Пайдалануды шектеу қажет өнімдер: сүт өнімдер, сырлар, сүзбе, майлы ет, әсіресе шошқа еті, макарон және басқада ұн өнімдері, картоп, құлпынай, мандариндер, апельсиндер, қауын, авокадо, жүгері және арахис майы, маслиналар.
Салмақты көтеруге әсер ететін өнімдер: бидай, жүгері, бұршақ, үрме бұршақ, капуста, түсті капуста.
Салмақты түсіруге әсер ететін өнімдер: қызыл ет, бауыр, теңіз өнімдері.
Екінші қан тобының тамақтануы
2 қан тобы (А) өкілдеріне – «жерөңдеушілерге» - вегетариандық тамақтану ұсынылады.
2 қан тобы (А) адамдардың жер өңдеуге өтуіне байланысты пайда болды. Екінші қан тобындағылардың асқазан жолы сезімтал вегетариандар. Оларға экологиялық таза тағам қажет. Екінші қан тобының адамдарына рационнан етті алып тастауы қажет: егер «аңшылар» ағзасынан ет отынға ұқсас жағылса, «жер өңдеушілердің» ағзасында олар майға айналады. Сонымен қатар сүт тағамдары да нашар сіңеді. Есесіне «жер өңдеушілер» май мөлшері төмен әртүрлі табиғи тағамдарды, көкөністерді және жармаларды пайдаланады.
Өте пайдалы өнімдер: теңіз өнімдері аз мөлшерде, соя, үрме бұршақ, бұршақтар, қарақұмық, күріш, артишок, топинамбур, өсімдік майлары, соя өнімдері, көкөністер мен ананастар.
Пайдалануды шектеу қажет өнімдер: бидай наны, картоп, абрикос, клюква, кетчуп, майонез. Рационнан ет және ет өнімдерін алып тастау қажет.
Салмақты көтеруге әсер ететін өнімдер: ет, сүт өнімдері, бұршақ, бидай.
Салмақты түсіруге әсер ететін өнімдер: өсімдік майлары, соя өнімдері, көкөністер, ананастар.
Үшінші қан тобының тамақтануы
3 қан тобы (В) климаты катаң аймақтарға адамдардың қоныс аударуы нәтижесінде пайда болды. Сондықтан үшінші қан тобындағыларды Д'Адамо «көшпенділер» деп атады. Олардың иммундық жүйесі күшті және олар 1 және 2 топқа қарағанда тамақтану өнімдерін еркін таңдай алады. «Көшпенділер» - негізінен сүтті тұтынушылар. Фигура мен жақсы көңіл күйді сақтауға физикалық және ақыл ой белсенділігін үйлестіру көмектеседі. асқазан жолы сезімтал вегетариандар. Оларға экологиялық таза тағам қажет
Үшінші қан тобының адамдарына соя, тауық еті, күнбағыс майы, помидор мен анарлар қарсы көрсетілген, ал барлық сүт өнімдері, балық, қой еті, қоян еті және зығыр майы өте пайдалы.
Өте пайдалы өнімдер: қой еті, қоян еті, скумбрия, треска, камбала, ешкі сүтінен сырлар, зәйтүн майы, сұлы жармасы, күріш, петрушка, ақ капуста, ананастар, қараөріктер.
Пайдалануды шектеу қажет өнімдер: үйрек еті, тауық еті, сиыр еті, шошқа еті, жүрек, креветкалар, анчоус, омар, угорь, күнбағыс, арахис және жүгері майы, қарақұмық, қарабидай наны, томаттар, анарлар, құрма.
Салмақты көтеруге әсер ететін өнімдер: жүгері, чечевица, арахис, қарақұмық, күнжіт дәндері.
Салмақты түсіруге әсер ететін өнімдер: қызыл ет, бауыр, ливер, майлылығы төмен сүт өнімдері, жасыл көкөністер, жұмыртқа.
Төртінші қан тобының тамақтануы
4 қан тобы (АВ) басқа топтардың араласуы нәтижесінде мың жыл бұрын пайда болды. Осыған байланысты оларды «жаңа адамдар» деп атайды. Төртінші қан тобының адамдары қоршаған орта мен тамақтанудың өзгерісіне жылдам әсер етеді. Олардың асқорыту жолы сезімтал және тым толеранттық иммундық жүйе дамыған. Өзіңді формада ұстаудың жақсы әдісі – ақыл ой жұмысын жеңіл физикалық белсенділікпен ұштастыру.
Төртінші қан тобындағылардың тамақтану негізін майсыз сүт қышқылды өнімдер, қой еті, бұғы еті, көкөністер мен жемістер құрауы тиіс.
Артық килограммдарды жинауға аралас тұқымқуалаушылық әсер етеді. Төртінші қан тобындағылардың артық салмақты тастауы үшін етті тұтынуды шектеу қажет, оны көкөністермен үйлестіру қажет. В тобының мұрасы – бұршаққа, жүгеріге, қарақұмыққа және күнжітке негативты инсулиндік реакциясы. А тобының мұрасы - ол чечевица мен арахистың ағзаға жақсы сіңуі. АВ-ның адамдарына бидай жақсы сіңеді.
Өте пайдалы өнімдер: қой еті, үндік еті, треска, скумбрия, сүт қышқылды өнімдер, жүгері майы, сұлы жармасы, бидай наны, капуста, клюква, ананастар.
Пайдалануды шектеу қажет өнімдер: сиыр еті, бекон, қаз еті, камбала, краб, лосось, толық құнды сүт, зәйтүн майы, асқабақ дәндері, бұршақтар, қарақұмық, шалқан, авокадо, банандар, анарлар.
Салмақты көтеруге әсер ететін өнімдер: қызыл ет, бұршақ, жүгері, қарақұмық, бидай.
Салмақты түсіруге әсер ететін өнімдер: теңіз өнімдері (консервіленген, кептірілген, ысталған және қақталғаннан басқалары), соя, сүт өнімдері, жасыл көкөністер, ананастар.
Жоғарыда сипатталған өнімдер әрбір қан тобы бойынша тамақтануға тән. Бірақ әрбірі өзінің жеке ерекшеліктеріне ие. Сондықтан тамақтану өнімдерін таңдауда, қан тобы бойынша диеталарды таңдауда тек жалпы ұсыныстарды ғана есепке алумен қатар ең бірінші – ежелгі бабаларымыздың тегі мен қан тобын есепке алу қажет.
Дәрігерлер қан тобы бойынша тамақтанудың қаншалықты тиімділігі туралы белгілі бір шешімге келген жоқ, бірақ диетологтардың басым бөлігі бұл теорияның өмір сүруге құқығы бар деп санайды. Кез келген созылмалы аурулармен ауыратын адамдардың қан тобы бойынша тамақтануын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, ақырын қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет