Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет17/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
Ұсыным қисығы
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.




P S1 S S2




S1


S
S2



Q
Ұсыным өзгерістері

Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.


3. Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.


Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.



P




D тауар артықшылығы S

E


P1 тепе-теңдік нүктесі



S
Тауар тапшылығы D

Q1 Q
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.
Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.
Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.
4. Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.
Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.
Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.
сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі
Баға бойынша сұраныс икемділігі = -------------------------------------------------------------
бағаның пайыздық өзгерісі
Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

  • икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;

  • бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;

  • икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;

  • өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;

  • өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни EDp =0;

Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
Сұранылатын тауар көлеміндегі пайыздық өзгеріс
Баға бойынша қиылысымды сұраныс =------------------------------------------------------------------
Басқа тауардың көлеміндегі пайыздық өзгеріс
Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:

  • оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;

  • теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;

  • нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет