Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет54/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
М2 = М1 + кіші жедел салымдар;
М3 = М2 + ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік сертификат- тары, мемлекеттік займ облигациялары.
Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдерде L деген агрегат та қолданылады, яғни:
L = M3 + қазыналық жинақ облигациялары, коммерциялық қағаздар, қыс-қа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер және т.б.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылар- дың барлық элементтерін біріктіріп ақша массасының үлкен көлемін құрайды. Ақшаның өтімділігі мен табыстылығы арасында кері байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын оның табыстылығы жоғарылай береді және өтімділігі төмендей береді, керісінше, бастапқы кіші агрегаттардың (М1) өтімділігі жоғары, ал табыстылығы мүлдем болмайды немесе төмен болып табылады.
Экономикада М1 және М2 ақша агрегаттары аса жиі қолданылады. Ақша массасының теориясын, соның ішінде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысын неоклассикалық мектептің құрамдас бір бөлігі ақшаның сандық теориясы зерттейді. Бұл теорияның негізгі өкілі, американдық экономист Ирвинг Фишер (1867-1947) мынадай теңдеуін
ұсынады:

MV = PY,


мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналымының жылдамдығы; Р – елдегі бағалардың орташа деңгейі; Y – экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Бұл теңдеуге сәйкес мынадай болжам жасалынады, яғни V мен Y тұрақты, себебі олар ұзақ мерзімді факторлармен анықталады.


2. «Несие» (кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда «сенемін» деген мағынаны білдіреді.
Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады. Несиелік келісім – бұл төлем мерзімі кешіктірілген сату-сатып алу қатынастары. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады. Несие жүйесі – бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды. Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие институттарынан құралады.
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет