Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет56/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
Банк жүйесі – бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде орын алатын бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің жиынтығы.
Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда Орталық банк және коммерциялық банктер түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк. Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта- лады. Бірінші жағынан, оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде дербестілікке және тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі қызметтеріне

  • банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген монополиялық құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;

  • коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғыр- ландыруы, оларға несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;

  • экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;

  • үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау, үкіметті несиелеуде және төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет атқару жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қазақстанда Ұлттық банктің (ҰБ) құқықтық статусы, оның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Заңында» көрсетілген. Осы заңға сәйкес, ҰБ-нің мақсаты – ұлттық валюта – теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа валюталарымен салыстырғанда теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық банк жүйесін дамыту және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ал ҰБ-ң негізгі міндеттеріне экономиканың қаржы- лық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу, инфляция деңгейін бақылау және валюта бағамын тұрақтандыру жатады.
Қазақстан Республикасының ҰБ ұлттық банк жүйесінің дамуына, нығаюына және тұрақтылығына жауап беретін институт болып табылады. Ол банк жүйесінің қызметін жалпы реттейді және әрбір жекелеген банктің жағдайын қадағалап отырады, сондай-ақ банктік жүйенің қызмет етуінің ережелері мен нормаларын қалыптастырады. Банк жүйесінің тұрақтылығы қаржы нарығының қажетті инфрақұрылымын жасау есебінен қалыптасады. ҰБ банк жүйесінің тұрақтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша ресурстарымен
қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет