Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет57/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
Коммерциялық банктер. Бастапқыда коммерциялық банктердің қызметі тек саудада ғана орын алды. Ал қазір «коммерциялық» тер- мині банктің іскерлік сипатын білдіреді және ол пайда табуға ұмтыла отырып, экономиканың барлық салаларына қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымды- лығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға бағытталған несиелік институттар. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сату- сатып алу, сенім бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес беру, жал операцияларын жүргізу сияқты қаржылық-несиелік операциялардың үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке (мемлекеттік емес) банктер ретінде сипатталады. Батыстың қазіргі заманауи банк- тері операциялардың 250 жуық түрлерін орындайды. Коммерциялық банктердің мемлекеттік банктерден басты айырмашылығы болып оларда ақша басып шығаруға деген құқығының болмауы табылады.
Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың үлкен көлемін іске асыратын әмбебап банктер, және бір немесе бірнеше банктік операцияларды орындайтын мамандандырылған банктер (мысалы, жинақ банкі).
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып табылады. Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер инновациялық, инвестициялық, есептік, жинақтық, ипотекалық, депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық, сыртқы саудалық, ауыл шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді.
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалық, тұтынушы- лық, коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратыла-ды. Сондай-ақ территориялық мамандануы бойынша банктер аймақтық, аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді.
Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық банктер акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді.
Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп көрсетіледі: активтік және пассивтік операциялар, банктік қызмет көрсетулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет