ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары


«АИТВ таралуы» индикаторы (ДСӘДМ)



бет10/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

4.05. «АИТВ таралуы» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 1 орын

4.06. «Бизнеске АИТВ/ЖИТС орта мерзімді ықпалы» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 100 орын



АИТВ/ЖИТС-пен ауыратындардың ретровирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілуін арттыру

желтоқсан,

2017-2018 жылдар



ДСӘДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2016 жылдан бастап АРВ-препараттарды сатып алу ЮНИСЕФ арқылы жүзеге асырылады.

АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды (бұдан әрі - АӨА) антиретровирустық терапиямен қамту есеп кезеңінде 77% (14432 адамнан 11078) құрады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес ҚР ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың және емдеудің хаттамалары қайта қаралды (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясымен ересектерде - 2017 жылғы 12 мамырдағы №21 хаттамасымен; балаларда- 2017 жылғы 29 маусымдағы - №24 хаттамасымен –мақұлданды).




Ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

  • ақпараттық-білім беру материалдарын шығару;



  • АИТВ/ЖИТС алдын алу, диагностилау және емдеу мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың хабардарлығын арттыру бөлігінде жүргізу

1 тоқсан,

2016-2018 жылдар
тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар


ДСӘДМ
ДСӘДМ, МӨЗ

(келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)


Орындалуда

АИТВ/ЖИТС-ның инфекциясының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізу мақсатында АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша 177 183 дана ақпараттық түсіндіру материалдары шығарылды.

Ағымдағы кезеңде «Қазақстанда - АИТВ-инфекциясы жоқ!» жадынамасын таратумен 3680 бизнес басшылары қамтылды. 9889 жадынама таратылды, 6677 ақпараттық хат бағытталды. ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында өңірлік Кәсіпкерлер палаталарымен жұмыстар жүргізілді: барлық өңірлерде ортақ жұмыс жоспарлары келісілді, 94 кездесу мен дөңгелек үстелдер өткізілді, 144 ақпараттық хат жіберілді. АИТВ/ЖИТС бойынша 52 материал Өңірлік Кәсіпкерлер палаталарының сайттарында, 125 материал Палата кеңселерінің ақпараттық стендтерінде орналастырылды.




АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен ведоствоаралық өзара іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:

1) БАҚ-та жариялау, дөңгелек үстелдер, тренингтер, пресс-конференциялар өткізу;


2) ҮЕҰ-да мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша биснес-құрылымдардың хабардарлығын арттыру мақсатымен орналастыру.

қаңтар,


2017-2019 жылдар
желтоқсан,

2016-2018 жылдар


ДСӘДМ, БҒМ

ДСӘДМ


Орындалуда

АИТВ-инфекциясының профилактикасының мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында БАҚ-да жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы кезеңде 160 баспасөз релизі жарияланды; 29 пресс- конференция өткізілді; 232 телебағдарламада; 222 радиобағдарламада қатысты; ақпараттық агенттіктерде 241 материал орналастырылды, 4744 материал - электрондық БАҚ-та орналастырылды; баспа басылымдарында 631 мақала жарияланды. ҚР ДСМ сайтында 6 материал орналастырылды. 2017 жылдың 15 қарашадан 15 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Кампания өткізілді. Кампания шеңберінде халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 55 пресс – релиз, 23 пресс-конференция, 60 дөңгелек үстел, жиналыстар, кездесулер, халыққа және жастарға 281 акция , 243 МСАК ұйымдарында және ЖТИС орталықтарсында ашық есік күні, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде 99 іс-шара өткізілді. Барлығы әр түрлі мерекелермен 399 051 адам қамтылды, АИТВ-инфекциясына тестілеуден 11 858 адам өтті. Сауалнамамен 55 718 адам қамтылды. 517 баннерлер мен плакаттар орналастырылды. Телеарналарда 107 хабар, радиода – 56 хабар өткізілді. Видеороликтердің - 472 627, аудиороликтердің – 108 968 трансляциясы жүргізілді. Баспасөз және интернет басылымдарында 171 мақала шығарылды.899 стендтер мен денсаулық сақтау бұрыштары безендірілді.

АИТВ/ЖИТС-ның профилактикасы бойынша бизнес- құрылымдардың хабардарлығын арттыру мақсатында ҮЕМ-мен жұмысқа қатысты. ЖИТС-ның профилактикасы бойынша бизнес- құрылымдардың хабардарлығын арттыру мақсатында ЖИТС Республикалық орталығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палаталарымен бірлесе отырып, 2017-2018 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері жөнінде бизнес құрылымдардың хабардарлығын арттыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ұлттық Палата сайтында АИТВ-инфекциясы бойынша ЖБҚИ көрсеткіштері туралы ақпарат орналастырылған.

Әлеуметтік жобаларды әртүрлі өңірлерде жүзеге асыру» АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, мәселелері бизнес – құрылымның хабардар болуын жоғарылату мақсатында Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жөніндегі қатысты

2017 жылы «Стигманы төмендету, сырқаттанушылықты төмендету және Қазақстанда АИТВ/ЖИТС, туберкулездің бизнеске әсер етуі – Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштері жақсарту мақсатында АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, емдеу туралы халықтың, соның ішінде бизнес – құрылымның хабардар болуын жоғарылату» тақырыбындағы 12 000,0 мың теңге құрайтын әлеуметтік жобаны (бұдан әрі – Жоба) 2017 жылғы 3 тамыздан 2017 жылғы 20 қарашаға дейінгі уақытта «Медициналық қызметкерлерді құқықтық қолдау» Республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Жобаның шеңберінде АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу, емдеу туралы халықтың, 14 облыстық орталықтарында, Алматы, Астана қалаларында, соның ішінде бизнес – құрылымның хабардар болуын жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Жобаның шеңберінде АИТВ/ЖИТС, туберкулездің алдын алу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді:

1) Қазақстанда АИТВ-инфекциясы мен туберкулездің бизнеске ықпалы бойынша бизнес қоғамдастықтардың өкілдерін қамти отырып, 572 семинар өткізілді;

2) «Атамекен» республикалық телеарнасында «Туберкулез: заңдық және құқықтық жауапкершілік», «АИТВ-инфекциясы және заңнама» тақырыбында ток-шоу өткізілді;

3) республикалық арналарда телевизиялық сөз сөйлеу өткізілді;

4) республикалық баспасөз басылымдарына 19 мақала жарияланды;

5) Астана қаласында немесе Алматы қаласында баспасөз-конференциясын өткізілді;

6) базарларда, авто жанармай құю станцияларында, сауда үйлерде ақпараттық-білім беру (20 000шт.) буклеттер, (20 000шт.) үнпарақтар таратылды;

7) интернет-басылымдарда 100 ақпараттық материалды орналастырылды;

8) 14 облыстық орталықтарында, Алматы, Астана қалаларында 16 билборд орналастырылды;

9) АИТВ-инфекциясы және туберкулез мәселелері бойынша дөңгелек үстел (Ақтөбе, Алматы және Астан ққ.) өткізілді;

10) жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 5 034 адамға сауалнама жүргізілді.




Өткізілген бағалау әдіснамасын және зерттеліп жатқан респонденттерді таңдауды, сонымен қатар қойылатын сұрақтардың қолжетімділігі мен мәніне (түсініктігіне) дәйектілігі сауалнамаларды зерделеулі қамтамасыз ету

2017 жылғы қаңтар


ДСӘДМ

Орындалды

Өткізілетін бағалаудың әдіснамасы зерттелді, ол респонденттерді тікелей сұрау және оған баға беру кіреді.

Респонденттер фирмадағы Басты орындаушы директор лауазымының немесе кез-келген бес басқарушы лауазымның атқаруы керек. Үлгі шағын және ірі компаниялардың тең бөліктерінен тұруы тиіс және ЖІӨ салымы қырынан (ауыл шаруашылығы, өндірістік және басқа қызметтер) бойынша экономиканың құрылымын көрсетеді.

Бизнес-құрылымдарды іріктеу кездейсоқ іріктеу (рандомизацияланған).

Сауалнамада көрсетілген сұрақтар түсінікті және жауап беру үшін анық және қол жетімді.

1-бағандағы (+) бағалауы бизнеске елеулі әсер етуді және 7-бағандағы бағалау Сіздің бизнесіңізге кері әсер етпейтіндігін көрсетеді.



4.07. «Балалар өлім-жітімі» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш -71 орын



БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру жәнежәне білім беруді ана сүтімен тамақтандыру және бала күтімі бөлігінде қоғам мен ҮЕҰ-ны тарту қамтамасыз ету

шілде, желтоқсан,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2017 жылдың қорытындысы бойынша 4683 Денсаулық сақтау мектебі жұмыс істейді, соның ішінде 478 отбасын жоспарлау бойынша, 435 бала тууға дайындау бойынша, 413 жас ана мектептері, онда семинар-тренингтер, интерактивті тренингтер, консультациялар, жас ата-аналарға сауалнама, ата-аналар, жүкті әйелдер, жас аналар үшін дәрістер, «Емшекпен емізудің психологиялық аспектілері», «Нәрестелер мен жас балалардың қоректендіру», «Емшекпен емізудің пайдасы» және т.б. тақырыбында дәрістер өткізілді. Салауатты өмір сүру салтының әр түрлі тұрғысы бойынша, салауатты тамақтану және физикалық белсенділік бойынша аудио-видеороликтердің демонстрациясы жүргізілуде. «Емшекпен емізу» видеоролигі жүргізілуде. Бала тууға дайындау мектебінде «Серіктестік босану, босанудың 1 және 2 мерзіміндегі позалар, позы в 1-ой и 2-ой период родов, басануда өзін –өзі жансыздандыру» тақырыбында сабақтар өткізілуде.

Денсаулық сақтау мектептерінде пациенттердің репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасыны жоспарлау, емшекпен емізуді қолдау, мінез-құлықтық тәуекелдердің факторлары (темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі қолдану) бойынша, Күнделік берумен өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, денсаулығына жауапкершілік бойынша оқытулар жүргізілуде.

Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелерде, балаға арналған медициналық ұйымдарда, МСАК-тарда Ашық есік күнінде ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-оқыту материалдарын берумен профильді мамандардың консультациясы өткізіледі.





Халықаралық стандарттар енгізу (бала жасы ауруларын интеграцияланған түрде жүргізу, тиімді перинаталдық күтім)

шілде, желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ДСӘДМ, ҰЭМ


Орындалуда

Республикада дәлелді медицинаға, жүкті әйелдерді, босанған, жас босанған әйелдерді хабардар етуге негізделген, отбасы мүшелерінің белсенді қатысуымен диагностикалық және профилактикалық процедураларды қолдануды қамтитын үнемді, қолжетімді, тиімді халықаралық технологияларды (балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау, тиімді перинаталдық күтім және т.б.) енгізу жалғасуда.

Еліміздің барлық 16 аймағында БЖАЫҚ (балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау) тиімді перинаталдық көмекті енгізу бойынша өңірлік оқу орталықтары және тиімді перинаталдық көмек бойынша 16 үйлестіруші жұмыс істейді.

Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау бойынша еліміздің барлық 16 аймағында медицина қызметкерлері оқытылды. 2017 жылдың 11 айында 642 педиатр, 1019 жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, 357 фельдшер, 1429 мейірбикелер оқытылды.

Ақтөбе облысының әкімдігі және ЮНФПА арасындағы ынтымақтастық аясында 2017 жылдың 12-17 маусымы аралығында «Тиімді перинаталдық күтім және көмек» тақырыбында босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін ұйымдардың негізгі қызметкерлеріне арналған 6 күндік курс өткізіліп, 20 медицина қызметкері оқытылды.

Шекарамаңы аймақтарында 2017 жылғы 17 сәуірден бастап 31 мамыр аралығында «Жоғары технологиялар күні» жобасы іске асырылды.

2017 жылы резидентура бағдарламасы бойынша 8 балалар хирургы даярлықтар өтті. 86 маманды ҚР-да, 8 маманды шетелде оқытылды. Шетелдік мамандарды тарту арқылы 75 маман оқытылды («Онкологиялық/гематологиялық ауруларға шалдыққан балаларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша 50 маман, «Неонатологиядағы анестезия және қарқынды емдеудің заманауи технологиялары» тақырыбында 25 маман).

2017 жылғы маусым және қазан айларында «Ерте жастағы балалардың денсаулығы, дамуы және оларды қорғау мүддесі үшін серіктестік қалыптастыру және отбасына қолдау көрсету мақсатында патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделіне өтуге МСАК қызметкерлерін даярлау» тақырыбында тренинг өткізілді, 16 облыстық үйлестіріші оқытылды. БЖАЫҚ бойынша базалық білімді, оқыту әдістемесін және бапкерлік дағдыларды меңгерген ұлттық бапкерлер командасы дайындалды.





Балалар жарақаттанушылығынан, оқыс жағдайлардан болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша шаралар жоспары іске асыру (5 жасқа дейінгі балалардың әрбір бесінші өлімінің себебі)



шілде, желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ДСӘДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Қазақстан Республикасында 2016-2017 жылдарға арналған балалық жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан өлімді төмендету және балалық жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес профилактикалық мектептердің отбасылық жоспарлау кабинеттерінде және салауатты балалар кабинеттерінде үйде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережесін сақтау және бала жарақаттарының алдын алу дағдылары, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөлікке тасымалдау кезінде балаларға қатысты шектеулерді қолдану жөнінде 59 182 пациент оқытылды, оның ішінде бала тууға дайындау мектебінде -102 161, жас ана мектебінде - 14855, дені сау бала мектебінде- 22439 және отбасын жоспарлау мектебінде – 13697 пациент оқытылды.

Жас аналардың мектептерінде, перзентханаларда жүкті әйелдер мен жас аналарды үйде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережесіне сәйкестендіруге және жарақаттанудың алдын алуға, соның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөлікке тасымалдау кезінде балаларға қатысты шектеулерді қолдануға үйрету үшін сабақтар өткізілуде, 1511 жүкті әйел, 3205 ата-ана қамтылды.

Жүкті әйелдер мен жас аналармен акушерлік ұйымдарында келесі іс-шаралар өткізілді:

1. Жаңа туған нәрестелерді күту туралы және туылған нәрестелердің жарақаттардың алдын-алу туралы әңгімелер босанған әйелдердің әрқайсысымен әңгіме өткізіліп, «Қуан сәби» буклеттері беріледі.

2. Аналар мен нәрестелерде жарақаттанудың алдын алу бойынша акушерлік қызмет жұмысына мониторинг жүргізу.

3. Медициналық мекемелерде нәрестелерде күйіп қалудың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылданды.

4. Бөлмелерде қажетті температуралық режим қамтамасыз етіледі, оның ішінде жаңа туылған нәрестелер бөлімшелерінде.

5. Бөлім балаларға жылыту үшін қажетті медициналық жабдықпен жабдықталған, оның ішінде: кювездер, жылытатын сәулелі шамдар, жылытылатын кереуеттермен.

6. Бала тууға жәрдемдесу қызметін, жаңа туған нәрестелерге күтім жасау сапасын бақылау.

7. Перзентханалардың, аналар мен сәбилердің жарақаттануының алдын алу бойынша бөлімдердің медициналық қызметкерлерімен сабақтар.

8. Жаңа туған нәрестелерде жарақаттану пайда болған жағдайда медициналық қызметкерлердің жұмыс істеу алгоритмдері әзірленіп, жұмыс орындарында қолданылған.

9. Сапалы нұсқаулық, перзентханада, балалар бөліміне жаңадан қабылданған қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу.

10. Жаңа туғаннан кейінгі кезеңдегі балалардың денсаулығы туралы ата-аналарға уақтылы хабардар ету.

11. Бала туу әдісін жетілдіру үшін перзентхананың орташа медициналық қызметкерлерімен тәжірибелік жаттығулар өткізілуде.

2017 жылы 10 оқу семинары өткізілді, 39 мақала жарияланды, 2 радиобайланыс, 3 телехабарлар таратылды, 224 көрсетілім көрсетілді, сондай-ақ, білім беру ұйымдарында және басқа да мекемелерде 197 дәріс өткізілді.

Әртүрлі жарақаттануда стационарға дейінгі көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілді.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.



4.08. «Орташа өмір сүрудің ұзақтығы, жас» индикаторы (ДСӘДМ, МСМ, ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 89 орын



Жоғары технологиялық радиациялық онкология орталықтарын құрылуды қамтамасыз етун: Семей қаласының Өңірлік онкологиялық диспансері базасында ядролық медицина орталығын салуды аяқтау (Семей қ. ПЭТ-орталығы)


желтоқсан,

2017-2019 жылдар



Щығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ДСӘДМ

Орындалуда.

Орталықты салу кезінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сұйық радиоактивті қалдықтарды (бұдан әрі - СРҚ жүйесі) жинау және сақтау жүйесін орнатуға қатысты радиациялық қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуына жол берді.

Осыған байланысты, 2015 жылдан бастап, бас мердігер («Иртышгэсстрой» ЖШС) және қосалқы мердігер («Медтехника» АҚ) арасында сотта іс қарау өтті, оның қорытындысы бойынша 2017 жылдың 9 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық сотымен «Медтехника» АҚ-ның СРҚ жүйесін бөлшектеу туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 22 қарашада ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша кассациялық алқасының шешімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы прокурорының СРҚ жүйесін жеткізу және орнату бойынша қосалқы мердігерлік шартты тану туралы талаптарын қанағаттандыру кезінде ол жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ведомстволардың лауазымды тұлғаларына қатысты немқұрайлылық фактілері бойынша (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлімі) тергеу шараларын жалғастыруда.

Техникалық тексеріду өткізумен, егжей-тегжейлі ақау актісін жасау және нысанның құрылысын аяқтау бойынша жұмыстың көлемін анықтаумен Орталықты эксплуатацияға енгізу үшін кезең-кезеңмен шараларды анықтау мақсатында Басқарма

Орталық құрылысын аяқтау бойынша Жол картасын әзірледі, ол Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде қаралуда.




Екі өңірде созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу. Сынақтан өткізу нәтижелерін ескере отырып, 3 облысқа пилоттық жобаны тарату

желтоқсан,

2016-2019 жылдар



ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2017 жылдың басында Бағдарлама 7 өңірдің 23 медициналық ұйымында жүзеге асырылды (2013 жылдың бірінші сатысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысындағы 7 емханада, 2016 жылдан бастап Астана, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 16 медициналық ұйымдарда жүзеге асырылды).

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ауруларды басқару бағдарламасы(бұдан әрі - АББ) Қазақстанның барлық 16 аймағында 53 медициналық ұйымда жүзеге асырылуда.

АББ-ті енгізу үшін 6991 науқаспен келісімге қол қойылды, оның ішінде 3103 артериялық гипертониямен (АГ), созылмалы жүрек жетіспеушілігімен (СЖЖ) 1051 және 2 типті қант диабеті (ҚД) бар 2837 науқас.



  1. АББ-ға қатысатын науқастардың 100% өзін-өзі басқаруға оқытумен қамьылған, қан қысымын және антигипертензивті препараттарды үнемі қабылдау дағды ларға ие.



Денсаулықты нығайту мәселелері бойынша халықтың ақпараттаннуын арттыру. Халықты салауатты тамақтану және физикалық белсендік туралы (БАҚ, ҮЕҰ).

2016 жылғы 4 тоқсан

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалды

«Физикалық белсенділікке жәрдемдесу» бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы 15 184 адамды қамтумен 95 спорттық іс-шара өткізілді.



Медициналық ұйымдар ҮЕҰ-мен бірлесіп, 2016 жылы мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс (шылым шегу,алкоголь, психикалық белсенді заттарды тұтыну, мінез-құлықтың қауіпті формалары, төмен физикалық белсенділік)жүргізді.БұлСӨС бойынша57 094 адамды қамтумен өткізілген 397 іс-шара



Халықаралық стандарттарды енгізуді(бала жасы ауруларын интеграцияланған түрде жүргізу, тиімді перинаталдық күтім) қамтамасыз ету

шілде, желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ДСӘДМ

Орындалуда

Республикада үнемді, қолжетімді тиімді халықаралық технологияларды енгізу жалғасуда (балалық шақтағы балаларды ықпалдастыра емдеу, тиімді перинаталдық күтім және т.б.), ол дәлелді медицинаға негізделген диагностикалық және профилактикалық емшараларды қолдануды, жүкті, босанатын және босанған әйелдерді ақпараттандыруды, отбасы мүшелерінің белсенді қатысуын қамтиды.

Елдің барлық 16 өңірде балалық шақтағы балаларды ықпалдастыра емдеудің тиімді перинаталдық көмегін енгізу бойынша өңірлік оқыту орталықтары жұмыс істейді, тиімді перинаталдық көмек жөніндегі 16 үйлестіруші жұмыс істейді.

Балалық шақтағы балаларды ықпалдастыра емдеу бойынша елдің барлық 16 өңірінде медицина қызметкерлері оқытылды. 2017 жылдың 6 айында 558 педиатр, 871 жалпы практика дәрігері, 268 фельдшер, 936 астам медицина қызметкері оқытылды.

11-17 сәуірде БҰҰ бірлескен жобасын енгізу шеңберінде Маңғыстау облысының Ақтау қаласының негізгі босандыру ұйымдарында тиімді перинаталдық күтуді (ТПК) енгізу мониторингі жүргізілді. 3-8 маусымда БҰҰ бірлескен жобасын енгізу шеңберінде Маңғыстау облысында антеналды күту (АНК) бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары жүргізілді. 2017 жылғы 30 қаңтардан бастап 3 ақпан аралығында АБҰҒО 10 қатысушыға «Тиімді күту және жаңа туған нәрестелергеді күту» тақырыбында сертификат берумен Ақтау қаласында, ментор м.ғ.д., профессор Т.К. Чувакова семинар өткізді.

АГПҒО дәрігерлердің және ЖМК біліктілігін арттырудың 20 циклын өткізді, барлығы 209 маман оқытылды. Соның ішінде республиканың 12 өңірінен курсанттармен БА 12 өтті және ОҚО 5 генетик дәрігерге арналған қайта даярлаудың 1 циклы өтті. Алматы қаласында және Алматы облысында орта медицина қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттырудың 3 циклі өткізілді, 112 тыңдаушы оқытылды, соның ішінде ТПК – 10 тыңдаушы оқытылды. Соның ішінде тараз және Өскемен қалаларында (2 рет) 3 көшпелі цикл жүргізілді, барлығы 34 курсант оқытылды. 9 өңірде жоспардан тыс ана шығыны жағдайларын талдаумен «Акушерия және гинекологиядағы қиын жағдайлар» тақырыбы бойынша 12 көшпелі мастер-класс өткізілді, 85 маман сертификат алды.

Ақтөбе облысы әкімдігі мен ЮНФПА арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылғы 12-17 маусым аралығында облыстың босандыру ұйымдарының негізгі қызметкерлеріне арналған «Тиімді периниталдық күту және көмек» 6 күндік курс өткізілді, 20 медицина қызметкері оқытылды.Осы бағытта жұмыс жалғасуда.




Инсульт орталықтары желісін дамытуды қамтамасыз ету. 28 инсульт орталығын құру

желтоқсан,

2018-2020 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ДСӘДМ

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет