ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет12/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

Орындалуда

Министрлікпен толтырылған сауалнамалар Статистика Комитетіне жіберілді (2017 жылы 26 маусымда № 2850-4-4401/09-5).

(ТжКБ студенттері контингенттері: 9 сынып базасында – 298057 чел., 11 сынып базасында -191109 чел.).




Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

ТжКБ оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша барлығы 100,8 мың адам, оның ішінде республикалық бюджет есебінген 21,3 мың адам, жергілікті бюджет есебінен 79,5 мың адам қабылданды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда ТжКБ кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі - 24,8 мың орынға ұлғайды (2016-2017 оқу жылы – 76 мың адам).




ЮНИСЭФ-тің өңірлік бөлімшесінің TransMonEE деректер базасын толтыру

қыркүйек,

2016-2018 жылдар



БҒМ, ҰЭМ

Орындалуда

TransMONEE деректер қорына енгізілген балалар мен әйелдер жағдайлары бойынша ақпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне хатпен жолданды (№ 4498-07-9084/07-4 от 30. 09. 2016 г.).





Мектепке 10 күн ішінде келмеген балаларды есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Жергілікті атқарушы органдар берген ақпаратқа сәйкес, 2017-2018 оқу жылының басында 10 және одан да көп күн мектепке бармаған 175 оқушы анықталды,, бұл жалпы санының 0,005% құрайды.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 175 оқушының 38 қайта оқу процесіне қайтарылды (сабаққа бармаған 22 %-дан астамы). Ағымдағы жылдың 10 қазанындағы жағдай бойынша, 137 оқушы мектепке бармауын жалғастыруда.

Балалардың сабаққа қатыспауының басты дәлелсіз себептері: 73 - кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың басқа аймақтарға және елден тыс жерге көшуі (сабақты өткізуді жалғастыратын жалпы саннан 53,3 %), 24 - іздеуге жарияланған балалар (сабақты өткізуді жалғастыратын жалпы саннан 17,5 %) , 21 - сабақ оқығысы келмейтіндер (сабақты өткізетін жалпы саннан 15,3 % ), 7 - тергеу барысында жүргендер (5,1 %). Отбасылардың (толық емес) қиын қаржылық жағдайына байланысты 4 оқушы (2,9 %) сабаққа бармайды.

Сонымен қатар, діни себептер бойынша 2 кәмелетке толмаған балалар анықталды.

Оқушылардың сабаққа себепсіз келмеуінің өзге себептеріне бірыңғай қыңырлығына, құжатты қалпына келтіруге байланысты (6 балалардың (4,37 %) сабақты өткізу жағдайлары)





Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Бүгінгі таңда республиканың 1636 елді мекенінде мектеп жоқ, онда мектеп жасындағы 26 742 бала тұрады, олардың 26 063 (97,5%-ы) тасымалмен қамтылған, 22 819 бала мектепке, мектептен үйлеріне жеткізіледі, 3244 бала мектеп жанындағы интернаттарда тұрады, 109 бала (0,4%-ы) туыстарының үйінде (ата-аналар қалауымен), 214 бала (0,8%) –пәтерде тұрады, 356 бала (1,3%) өздігінен қатынайды.

Балаларды мектепке және кері тасымалдауды ұйымдастыру үшін 804 автобус пайдаланылады, оның ішінде 69 автобус 2017 жылы берілген. 2017 жылы балаларды тасымалдау үшін жаңа автокөлікке қажеттілік 159 бірлікті құрайды.

Анықтама үшін:

Оқушыларды мектепке және ауылдық жерлерге тегін тасымалдауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1 тармағымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі.




«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын енгізуді қамтамасыз ету

2017 жылғы қыркүйек


БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2017-2018 оқу жылынан «Баршаға арналған арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыру басталды.

Жоба шеңберінде барлық ниет білдірушілерді оқыту жергілікті бюджет есебінен және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) арқылы жұмыс біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады.

Жоба келесі бағыттар бойынша іске асырылуда:

Біріншіден: жергілікті бюджет есебінен жұмыс біліктіліктер бойынша кадрлар даярлау. Кадрлар даярлаудың басым бағыттары анықталған. Бұлар – сервис және қызмет көрсету мамандықтары, техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық мамандықтары. Оқу мерзімі мамандықтың күрделілігіне байланысты 1-ден 3 жылға дейін.

Жоба қатысушылары оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеген 9-11-сынып бітірушілері, өмірдің қиын жағдайына тап болғандар және аз қамтылған отбасылар мүшелері, сондай-ақ, өзге санаттарға жататын азаматтар. Жоба қатысушыларына стипендия және тегін жол жүру, бір реттік ыстық тамақ ретінде мемлекеттік қолдау қарастырылған.

Жоба шеңберінде 21301 адам оқуға қабылданды.

Екіншіден: Бағдарлама шеңберінде жұмысшы біліктіліктері бойынша қысқамерзімді курстарда оқу арқылы тегін техникалық және кәсіптік білім алуға болады.

Аталған Бағдарламада басым тәртіппен бірнеше жыл бойы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі болмаған , біліктіліксіз жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастар, мектеп бітірушілері, сондай-ақ, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады.

Үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына, білім беру ұйымдарына, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына, ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімдігіне хабарласа алады. Бағдарлама қатысушылары стипендия, бірреттік ыстық тамақпен және жеңілдікпен жолда жүрумен қамтамасыз етіледі.





Ұлттық білім беру деректер базасы статистикалық базасын ЮНЕСКО сауалнамаларын үгдестіруді ескере отырып жетілдіруді қамтамасыз ету

2017 жылғы 1-2 тоқсан

БҒМ, ҰЭМ


Орындалды

Ұлттық көрсеткіштер жылда ұсынылатын ЮНЕСКО-ның сауалнамасында сұралатын көрсеткіштермен өзектендірілген. Барлық жаңартылған көрсеткіштер әкімшілік деректер формаларында қарастырылған. Жаңартылған формаларды бекіту туралы бұйрықтың жобасы (ҚР БҒМ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №570 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу) мүдделі органдармен келусуде.



5.02. «Жоғары білім берумен қамту (жалпы)» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 64 орын



Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын еңбек нарығының талаптарына сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз ету

2017–2018 жылғы

2-3 тоқсан



БҒМ, ОМО

Орындалуда

Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру экономика салаларының өтінімдеріне негізделеді, өңірлік қажеттілік пен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын және т.б. стратегиялық құжаттарды қамтамасыз етуді ескереді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысымен бекітілген.

Соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті.

Атап айтатын болсақ, бакалавриат деңгейіне 37932 грант, магистратураға – 10004 орын, PhD докторантураға – 1285 орын бөлінді.

Бұл өткен оқу жылындағы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда бакалавриатта 6 мыңнан астам грантқа, магистратурада – 2,5 мыңнан астам орынға, ал PhD докторантурада екі есеге өсті.





«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - Серпін әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау

2017–2018 жылғы

2-3 тоқсан



БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)

Орындалуда

ТжКБ бойынша

Сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына оқыту арқылы еңбек күші мол өңірлер жастарының еңбек күші жеткіліксіз өңірлерге оқу көші-қонын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруда.

2014-2016 жылдары Жоба бойынша 3250 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді (2014-2015 оқу жылы - 1000, 2015-2016 оқу жылы – 1200, 2016-2017 оқу жылы – 1050).

2017-2018 оқу жылына 6 өңірдің (Ақмола облысы – 210, Шығыс Қазақстан облысы - 210, Батыс Қазақстан облысы - 25, Қостанай облысы - 25, Павлодар облысы - 200, Солтүстік Қазақстан облысы - 50) 22 колледжіне 30 мамандық бойынша 720 орынға нысаналы мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.



ЖЖООКБД бойынша

Қазіргі таңда «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республиканың 9 облысының (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) 22 ЖОО-да іске асырылуда.

2014 жыл мен 2017 жылдар аралығында жобаның аясында студенттерді оқытуға мемлекеттік тапсырыс көлемі 13 005 грант (педмамандықтар – 5100 грант, техникалық – 6615 грант, ауыл шаруашылық ғылымдары – 990 грант, денсаулық саулық сақтау – 100 грант, ветеринария – 200 грант) бөлінді.

2017-2018 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс көлемі 3793 грант бөлінді және 24 ЖОО-ға, соның ішінде 19 мемлекеттік және 5 жеке меншік ЖОО орналастырылды.

2016-2017 оқу жылында жоба аясында оқитын контингент 8 573 адамды құрады, бірінші түлектер 2018 жылы күтіледі. Оқыту педагогикалық, техникалық, ветеринарлық, медициналық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Жалпы алғанда, аталмыш жоба жастардың, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққандардың арасында үлкен қызығушылық тудырады, және бұл олардың кәсіби жетілуіне іс жүзінде әлеуметтік саты бола алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бойынша оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түскен кезде қабылдау квоталарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түскен кезде қабылдау квоталарының мөлшері, ауыл жастары үшін 10% құрайды.




Қазақстандық ЖОО-лардың шетелде алға жылжуын, оның ішінде оқу үшін құжаттар қабылдау офистерін ашу

4 тоқсан,

2016–2018 жылдар



ЖОО-лар (келісім бойынша)

Орындалуда

Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ –мен «Қазақстан білім беру күндері» көрмесі өткізілді.

Тәжікстан Республикасында (2017 жылы 15-16 мамыр, Душанбе), Қырғызстан Республикасындағы (2017 жылдың 17-18 мамыр, Бішкек қаласы), Тәжікстан Республикасында (22 және 2017 жылғы 23 мамыр Ташкент қ.), Үндістан Республикасы (2017 жылғы 24 және 25 қазан, Нью- Дели), Түрікменстан (2017 жылғы 13 және 14 қараша, Ашхабад), Қытай Халық Республикасында (11 және 12 желтоқсан, Шанхай; 2017 жылғы 14 және 15 желтоқсан, Бейжің қ.).

Көрменің негізгі мақсаты - жоғары білім беруді интернационализациялау және отандық білім берудің экспорттық әлеуетін арттыру.

Бұл көрмелерге Қазақстан Республикасының 55 жоғары оқу орны қатысты. Ең белсендісі - Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «ҚДСЖМ» Қазақстандық ммедицина университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Халықаралық бизнес университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және басқалар. Көрмелерге 10 мыңнан астам адам қатысты.

Бүгінгі таңда келісім аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау офисі Моңғолияда ашылған.





Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және кешенді тестілеуді (КТ) қайта тапсыруды (ҰБТ мен КТ-ны қайтадан тапсырып өтпеген тұлғалар үшін, күндізгі оқыту нысаны бойынша бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін оқуға қабылдау) енгізу бойынша шаралар қабылдау

желтоқсан,

2016–2018 жылдар



БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)


Орындалуда

Атқарылуда Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру орындарына оқуға қабылдаудың Типтік бағдарламасының 6 және 7 пунктеріне сәйкес (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 19 қаңтарындағы № 111 Қаулысымен бекітілген) Типтік ережелер пунктінде көрсетілген өту балын жинай алмаған, нәтижесінің күші жойылған қатысушылар үшін және ҰБТ мен КТ-ға қатыспағандар үшін жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ мен КТ ақылы түрде қайтара өткізіледі. Жоғарыда көрсетілген Типтік бағдарламаның 8 пунктіне сәйкес ҰБТ мен КТ нәтижелері бойынша Типтік бағдарламаның 6 және 7 пунктерінде көрсетілгендей өту балын жинай алмағандар жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне ақылы түрде қабылданады. Осы аталғандар үшін жоғары оқу орнында бірінші академиялық кезеңді аяқтағаннан кейін ҰБТ мен КТ қайтара өткізіледі. Типтік бағдарламаның 43 пункітінде көрсетілгендей өту балын жинай алмағандар жоғары оқу орнынан шығарылады. Осылайша, 2017 жылы ЖОО-ға түсу үшін ақылы түрде 21 тамыздан 24 тамызға дейін ЖОО-лар негізінде 43 пунктте қайтара тестілеу жүргізілді. Қайтара тест тапсыру үшін 52631 адам өтініш жазды, оның ішінде 31853 (60,52 %) қазақ тілінде, 16195 (39,48 %) орыс тілінде. Олардың ішінде 33549 (63,7%) өтініш ТжКБ негізінде жаңа форматта өту үшін жазылды.

Барлығы 48048 адам қатысты, ал 2016 жылы 41699 қатысқан болатын. 5 пән бойынша орташа балл 65,81% -ды құрады. ТжКБ негізінде жаңа форматта 2 пән бойынша 21,41%-ды құрады. Жалпы алғанда өту деңгейін еңсергендер - 21078 (41,82%) адам, ал 2016 жылы 15332 адам (36,77%).




Жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін SAT, ACT және басқа әдістемелерді қоса отырып жетілдіру

2017 жылғы желтоқсан


БҒМ, ҰЭМ

Орындалуда

2017 жылы жоғарғы оқу орындарында білім беру бағдарламаларын іске асыратын Типтік ережелеріне (2012 жылдың 19 қаңтарында № 111 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген) өзгертулер енгізілген, басты ерекшелігі –БҰТ форматы, құрылысы мен тест сұрақтары SAT методологиясы негізінде қарастырылды.





11 сынып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім базасында оқитын студенттер контингентінің статистикалық мәліметтерін халықаралық талаптарға сәйкес толтыруды қамтамасыз ету

2 тоқсан,

2017-2018 жылдар




БҒМ, ҰЭМ

Орындалуда

СтатистикакомитетіменҚРБҒМ-нің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 264 бірлескенбұйрығынасәйкесМинистрлікбілімберужүйесініңәкімшілікдеректерінжылсайынұсынады.

2017 жылы 26 маусымда Министрлікпен толтырылған сауалнамалар Статистика Комитетіне жіберілді.




Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі статистикалық базасын ЮНЕСКО сауалнамалары деректерін сәйкестендіру жетілдіру

2017 жылғы 1-2 тоқсан


БҒМ, ҰЭМ

Орындалуда

Контингент туралы мәліметтер ЮНЕСКО-ның 7 нысаны бойынша ұсынылады. Олар білім деңгейі, білім салалары, жынысы, ОПҚ жұмыспен қамтылу деңгейі және білім беру ұйымының түрі бойынша. Сонымен бірге халықаралаық білім жіктеуінің стандарттарына сәйкес үшінші оқуға алған рт түскендер туралы контингенті бойынша есеп жинау енгізілді.



5.03. «Білім беру жүйесінің сапасы» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 77 орын



Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын:

  1. - жоғары оқу мекемелерінде медиа-жоспар әзірлеу және бекіту;



- білім беру жүйесі іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу («Болашақ» жастар форумын, «WorldSkills» ұлттық және халықаралық чемпионаттарын, «Бизнес-диалог әрітестерге кәсіптік білім беру» форумын, «Мектепке жол» акциясын, «Таза сессия» республикалық кампаниясын, «Таңшолпан» республикалық конкурсы және т.б.) бөлігінде жүрігзу

желтоқсан,

2016-2018 жылдар


2-4 тоқсан

2016-2018 жылдар


БҒМ


БҒМ


Орындалды

Медиа-жоспарлар ЖОО-мен даярланып бекітілген.

ЖОО-ларда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» Мақаласы қағидаларын түсіндіру бойынша баспасөз және электронды БАҚ-та ғалымдардың мақалаларын, пікірлерін, комментарийлерін орналастыру жөнінде Медиа-жоспарлар әзірленді.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының барлық кафедраларында Мақала талқыланды, студенттерге дәрістер оқылды. 2017 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында Мақала қағидаларын түсіндіру бойынша 500 –ден астам шаралар өткізілді: конференциялар (70), дәрістер (95), семинарлар (68), дөңгелек үстелдер (77), кураторлық сағаттар (94); кітап көрмесі (65); басқа (экскурсиялар, сапарлар және т.б.) – 45. Сонымен қатар, ЖОО-мен есеп дайындаған кезде фотоесеппен және басылмдардың көшірмелері ұсынылды.

«Таза сессия» Республикалық кампания 2018 жылдың 1-ші тоқсанында өткізіледі. Кампания барлық Қазақстанның өңірлері бойынша өткізілетін болады. Ақпарат www. zhasotan.kz сайтында және әлеуметтік желдерінде жарияланатын болады.

2017 жылғы 22 ақпаннан бастап 2017 жылғы 1 сәуірге дейін Холдинг Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен және білім басқармаларымен бірлесе отырып, 30 құзыреттілік бойынша аймақтық чемпионаттар өткізді.

2017 жылы облыстық чемпионаттарда 2000-нан астам колледж студенттері және 400-ден астам білім беру және бизнес жүйесінен мамандар қатысты.

Ұлттық чемпионаттың құзыреттіліктердің саны 30-ға жетті, байқаушылардың саны 221 адам болды.

WSK ұлттық чемпионатының аясында «Кәсіби мамандар мен жұмыс күшін дамыту агенттігі» (Worldskills Russia) өкілдері елдің 16 аймағынан 81 мамандарды 30 құзыреттілікке арналған WorldSkills халықаралық стандарттарына үйретті.

WSK 2017 ұлттық чемпионатының жеңімпаздары 15-19 мамыр аралығында Краснодар қаласында өткен «Жас мамандар» V ұлттық чемпионатының финалына қатысты.

«Жас мамандар» Ұлттық Чемпионатының V финалына қатысу нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 күміс және 14 қола медальді жеңіп алды.

2017 жылғы 25 тамызда Дүниежүзілік Скилл Евразияның макроөңірлік ынтымақтастығын құру туралы Астана декларациясына қол қойылды. Бастамашылар Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Дүниежүзілік Скиллинг ұлттық операторлары болды.

2017 жылғы 14-19 қазан аралығында Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірлігі) 44-ші Әлем чемпионатында Әлем чемпионаты өтті. Чемпионат құрылыс, өндіріс және машина жасау, көлік және логистика, әлеуметтік қызметтер, шығармашылық және дизайн технологиялары және ақпараттық технологиялар сияқты жұмыс мамандықтарының кең ауқымын қамтитын 51 құзыреттілік бойынша өткізілді. 77 ел чемпионатына қатысып, 1300 қатысушы.

Қазақстан Республикасының командасы 23 шеберлікке қатысты. 23 сарапшы мен 25 қатысушы қатысты.

ҚР командасы командалық жарыста 24 орынға иеленді, 23 мамандық бойынша 14270 ұпай жинады. Командалық жарыстың көшбасшылары: Ресей (49 құзырет бойынша 35461 ұпай), Бразилия (49 құзырет үшін 34 901) және Қытай (47 құзыретте 34,103 ұпай).

Аймақтық және Ұлттық WSK чемпионаттары келесі ақпарат құралдарында атпп өтілді: «Қазақстан» телеарнасы, «24KZ», «Астана», «Алматы», «1-Еуразия», «31 канал», «Жаңалықтар», «Қazakstan-Тараз» , «Қазақстан - Шымкент», «Отырар», «Қазақстан - Aқtөbe», «РИКА ТВ», «Хабар», «Қазақстан - Маңғыстау», «Қазақстан - Орал», «Қазақстан - Көкшетау», «Атамекен» газеті «Вечерняя Астана», «кешкі Алматы», «Литер», «Қala Дала өзгерді», «Егемен Қазақстан», «Ayқyn», «Алматы aқshamy», «Kәsіpker», «Bіlіmdі ел», «Тәуелсіз газет», «Қазақстан«Рас, сондай-ақ www.edu.kz, www.bnews.kz, www.dalanews.kz, www.atameken.kz, www.kazinform.kz, www.kazakparat.kz, www.kasipkor.kz, WWW сайттарында .kazpravda.kz, www.smk.kz, www.youtube.com, www.express-k.kz, www.informburo.kz, www.easttime.ru, ontustik.gov.kz, www.bolashak-serpin.kz , i-news.kz, 24.kz, «Шалқар», «Астана радиостанциялары», «Қазақ радиосы».





Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім саласындағы жетістіктер туралы материалдарды әзірлеу және отандық БАҚ-тарда орналастыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП (келісім бойынша)

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет