Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет5/14
Дата24.04.2017
өлшемі5,38 Mb.
#14721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қорытынды


Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгісі болып табылады. Халқымыздың салт-санасы ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс. Олай болса, біз балабақша табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршінге ұлттық тәрбие дәстүрімен сусындатып, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу – парыз, иманды болу – борыш екендігін санасына сіңіруіміз қажет.


Пайдаланған және сілтеме әдебиеттер


  1. Н.Ә. Назарбаев. Туған елім – тірегім. Құраст. М.Қасымбеков.
    Қ. Әлемқұлов. Алматы. Рауан. 2001 ж. 125 бет. Б.4. Б.62. Б.62 Б. 123. Б.62

  2. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. Қазақ мемлекет баспасы. 1959 ж.

  3. « Балбөбек» бағдарламасы. Алматы, 1996 ж., 60–63 б.

  4. Мектепалды сыныптары мен топтарына арналған көркем әдебиеттің хрестоматиясы. – Алматы. 99 б. 114 б. 116 б. 122 б.

  5. Бөбектерге байғазы. Балабақшаға арналған хрестоматиялық жинақ, Алматы. « Шартарап».

  6. Ы. Алтынсарин. Танымалы шығармалар. Алматы. Ғылым. 1994 ж.
    Б. 284.85.

  7. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы (Орысша төртінші басылымына сәйкес аударылды), «Мектеп». Баспасы. Алматы, – 1976, 323 бет. 30–31 б.

  8. М. Ғабдуллин. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. Алматы. Мектеп. 1966 ж. 12 б.

  9. Шаңырақ. Қысқаша үй тұрмыс энциклопедиясы.

  10. Ел аузынан. Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Құраст. Б. Адамбаев, Т. Жарқынбекова. Алматы. Жазушы. 1985 ж.

  11. С. Қалиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы. Мектеп. 1987 ж.

  12. Асыл сөз. Құраст. Б. Ысқақов. Алматы. Жалын. 1987 ж.

  13. Б. Төлеубеков. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы, 1994 ж. 14 б.

  14. Қ. Жарықпаев. Аталар сөзі – ақылдың көзі. Алматы. Қазақстан. 1980 ж.

  15. В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. Алматы. 1983 ж.

  16. С. Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары. Алматы.

  17. Отбасы және денсаулық. № 11, 12. 2004 ж. 2005 ж.



Мазмұны:



Кіріспе 3

Ой мен тіл арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеу 4

Әңгімелер 6

Әдептілік әлемі 13

Билер сөздері 17

Тыйым сөздер 20

Сабақ жоспарлары 22

Қорытынды 34

Пайдаланған және сілтеме әдебиеттер 36

Кіріспе сөз 41

І бөлім. ӨТТШТ технологиясын балабақшада қолдану 44

ІІ бөлім. ӨТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдері 48

ІІІ бөлім. Практикалық жұмыстар 69

Табиғатпен үйлесімділікте ата-аналармен зияткерлік-шығармашылық ойын 94

Қорытынды 98

Қолданылған әдебиеттер 100



Рецензиялар 100

14 «Чайка» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны МКҚК



«Мектепке дейінгі мекеменің білім процесінде ӨТТШТ (ТРИЗ) технологиясының әдістері мен тәсілдерін қолдану»

Көкшетау 2015








ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102

Қ 40

Рецензент: Иванова Татьяна Борисовна, ассоциацияланған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қ 40 «Мектепке дейінгі мекеменің білім процесінде ӨТТШТ (ТРИЗ) технологиясының әдістері мен тәсілдерін қолдану». / Ж. У. Қапарова. – Көкшетау, 2015 – 66 б.

ISBN 978-601-231-875-3

Ақмола облысы Көкшетау қаласының № 14 «Чайка» балабақшасы тәрбиешісі Қапарова Жамиля Уәлиханқызы құрастырған әдістемелік құрал қазіргі заманғы білім берудің негізгі мәселелерінің бірін шешуге бағытталған және оның негізгі мақсаты бар: МДМ-дегі білім беру процесінде ӨТТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясын пайдалану бойынша педагогтың іс-тәжірибесін жалпылау.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты мектепке дейінгі мекемедегі білім беру процесін жетілдіру мәселелеріндегі мектепке дейінгі педагогика мен психологияға ерекше назар аудару тақырыптың өзектілігін растайды.

Құралда ұсынылған материалдар, конспектілер, жинақтамалар жақсы және бірізді баяндалған теориялық материалдармен үйлесе отырып, әдістемелік инновация жағынан қызығушылық тудырады.

ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102

ISBN 978-601-231-875-3





© Қапарова Ж.У., 2015.

Мазмұны




Кіріспе 3

Ой мен тіл арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеу 4

Әңгімелер 6

Әдептілік әлемі 13

Билер сөздері 17

Тыйым сөздер 20

Сабақ жоспарлары 22

Қорытынды 34

Пайдаланған және сілтеме әдебиеттер 36

Кіріспе сөз 41

І бөлім. ӨТТШТ технологиясын балабақшада қолдану 44

ІІ бөлім. ӨТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдері 48

ІІІ бөлім. Практикалық жұмыстар 69

Табиғатпен үйлесімділікте ата-аналармен зияткерлік-шығармашылық ойын 94

Қорытынды 98

Қолданылған әдебиеттер 100



Рецензиялар 100


АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ
Қапарова Жамиля Уәлиханқызы – № 14 «Чайка» балабақшасының тәрбиешісі

Туған жылы: 24 сәуір 1976 жыл

Білімі: арнайы орта, Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі, 1993–1995 жылдары

Мамандығы: Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі.

Білімі: жоғары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2001–2004 жылдары

Мамандығы: орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 17 жыл

Осы мекемеде: 9 жыл

Санаты: жоғары

Жамиля Уәлиханқызы мектепте оқып жүрген кезінен бастап ұстаз болуды армандаған болатын. Сондықтан 1993 жылы Көкшетау педагогикалық колледжіне түсіп, 1995 жылы оны бітіргеннен кейін № 15 «Әсел» мектеп- бақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты. 1999 жылы тұрмыс құрды. Жамиля Уәлиханқызы екі баланың анасы.

2003–2006 жылдары № 35 «Звоночек» мектеп-бақшасында еңбек етті. 2006 жылдан бастап № 14 «Чайка» мектеп-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеп келеді. Мектеп жасына дейінгі кішкентай сәбилермен жұмыс істеу оған өте ұнайды, өйткені ол балаларды өте жақсы көреді.

Қазіргі кезде Жамиля Уәлиханқызы жаңа инновациялық технологияларды, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде стандартсыз тәсілдерді ізденуші. Жамиля Уәлиханқызыкәсіби сауатты, еңбексүйгіш, шығармашылық қабілеті бар тәрбиеші. Өз жұмысында тақырыпты-дамытушылық орта құруға ерекше көңіл аударады Оның сабағы әрқашанда балалармен қызықты, әдістемелік сауатты өтеді.

Оның тобының ата-аналары әрқашанда балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тең құқықты адамдар. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсаты деп санайды.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында инновациялық технологияларға ерекше көңіл аударады. Жаңа технологияларды пайдаланып оның әр оқу іс-әрекеті өте қызықты болып өтеді. Мектепке дейінгі тәрбиеленушіге ӨТТШТ – ұжымдық ойындар, сабақтар және қызықты әдіс-тәсілдер жүйесі.

Мектеп-бақша тәрбиеленушілерін оқыту мен тәрбиелеудегі орасан зор еңбегі үшін бірнеше мәрте қалалық білім бөлімінің және балабақшаның Құрмет грамотасымен марапатталған. Қалалық және облыстық сайыстардың бас жүлде иесі. Оның тобының балалары Көкшетау қаласының үздік мектептерінде, гимназиялар мен лицейлерде қазіргі кезде білім алып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет