Әліпби тұжырымдамасы



бет3/4
Дата11.01.2022
өлшемі51,96 Kb.
#110806
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама Латын
латын баяндама орыс тілінде, Латын сұрақ жауап (1) (2), 04.05, 1634707827 (1)
C, W, X таңбалары

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, сол арқылы жазу дәстүріне сай келмегендіктен C, W, X таңбалары әліпбиге енгізілмеді. Латын әліпбиіндегі «C» таңбасы кейбір роман тілдерінде с, к, ч дыбыстарының мәнін берсе, латын әліпбиіндегі славян тілдерінде ол ц дыбысын белгілейді. Қазақ тілінде с, к дыбыстарын латынның s, k таңбаларымен берсек, ч, ц дыбыстары қазақ тіліне тән емес. «W» таңбасы кейбір роман, герман әліпбилерінде у дыбысын береді. Латыннегізді осы қазақ әліпбиінде у дыбысы u арқылы таңбаланады. Сондықтан «W» таңбасын әліпбиге енгізу қажетсіз. «X» таңбасының базалық латын әліпбиінде «икс» деп дыбысталса, кейбір роман, герман тілдерінде ол «кс» деп те оқылады. Сондықтан бұл таңбаны да әліпбиге енгізу қажет емес. Бірақ C, W, X таңбалары цитаталық принциппен жазылатын шеттілдік сөздерде ғана қолданылады. Мысалы, windows, хerox, unicode. Кейбір таңбаларды әліпби құрамына енгізбей тек шеттілдік сөздерде қолданылады деген ескертумен беру халықаралық тәжірибеде бар. Мысалы, итальян, швед, венгр т.б. тілдерде бар.



Орфографиялық жұмыс тобы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанынан құрылған негізгі жұмыс тобының бірі. Оның құрамында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының және еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бар. Аталған жұмыс тобының 2018-2020 жылдар аралығында 50-ге жуық отырыс өткізді. Отырыста жұмыс тобы мүшелері жаңа қазақ әліпбиін және оның емле ережелерін түсіндіруге, насихаттауға байланысты әзірленетін түрлі анықтағыштар, оқыту әдістемесіне қатысты нұсқаулықтар, анықтамалықтардың мазмұны мен құрылымдарын талқылады Әліпбиді және оның емле ережелерін үйрету

Президент латыннегізді қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасын бекіткеннен кейін бірінші кезекте оқытушылар даярланады. Латын әліпбиін үйрететін оқытушыларды даярлау үшін республика көлемінде оқыту курстары ұйымдастырылады. Мұндай курстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыс орталықтарында арнайы оқу-әдістемелік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Бұл курстарға дайындалған оқу құралдары болады. Курсқа қатысушылар жаңа әліпби құрамы мен латын әліпбиіне негізделген емле ережелерін толықтай меңгеріп шығады. Осы курсты аяқтаған оқытушылар өз өңірлерінде латын әліпбиі мен емле ережелерін үйрететін болады.
Кісі есімдерін, географиялық атауларды жазу

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тарапынан кісі есімдерінің, географиялық атаулардың жаңа латын әліпбиіне сай дұрыс жазылуына байланысты ережелер әзірленіп жатыр. Орыс тілінің 8 әрпі (ю, я, ъ, ь, ц, ч, щ, э) әліпби құрамына алынбағандықтан, олардың кісі есімдерінде, географиялық атауларында кездескен жағдайда қалай жазылады деген сұрақтарға жауап боларлық ереже дайындалуда. Яғни, Ереже республиканың барлық құжаттаушы мекемелерінің күнделікті жұмысында, түрлі құзырлы органдардың, банк ісі, нотариус, білім беру және басқа да аты-жөндерді, географиялық атауларды дұрыс жазу талап етілетін мекемелерде басшылыққа алынатын нормативтік құжат және практикалық құрал болып табылады.


Qazlatyn.kz порталы

Qazlatyn.kz порталында 9 қызмет түрі бар. Әліпби, емле, графика бөлімдерінде латын әліпбиі кеңінен насихатталған. Сонымен қатар мынадай ІТ бағдарламалар қолданысқа шығарылды: көпфункционалды конвертер, конвертердің онлайн нұсқасы, онлайн файлдық конвертер, офлайн файлдық конвертер, мобильді қосымшалар, GitHub веб-сервистік порталына арналған қосымша плагиндер, Chrome браузеріне арналған конвертердің плагині.

жаңа емлеге қатысты қоғамда қалыптасқан ұсыныс-пікірлер сараланып, сонымен қатар жекелеген азаматтар келіп түскен әліпби жобалары талқыланды. Емле ережелерінің кейбір тұстары толықтырылып, әліпбидің және емле ережелерінің бекітуге ұсынылатын жобасын даярлады.

Латын әліпбиіне көшуге қоғам дайын ба?

Латын әліпбиіне көшу барлық алғышарттары пісіп-жетілген, қоғам дайын болған кезеңде қолға алынды. Бұл шара қолға алынбай жатып-ақ маңдайшаларда көптен бері қазақша атауларды латын әріптерімен жазып қою жаппай белең алып бастаған еді. Жалпы латын әріптерімен жазылып тұрғанның барлығы әсіресе жастарға әдемі көрініп, кирилл жазуында тұрған жазудың жұпынылау көрінуі сияқты мәселенің психологиялық аспектісінің бар екені де жасырын емес. Жастар бас киімдерінен бастап, аяқ киімдеріне дейін, тіпті тұтынатын заттарына дейін не ағылшын тілінде, не болмаса басқа тілдерде латынша әріптермен жазылып тұрған нәрселерді сән көреді. Бұған қоса, қазіргі қоғам латын әліпбиіне көшудің қандай артықшылықтары бар екенін де жақсы біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет