Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет11/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.
Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.
АҚ: жатыр мойнында ақшыл түсті, контуры тегіс табақшалы (бляшки) аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.
PV: жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі, жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.
Кеңейтілген кольпоскопия: жатыр мойнында алдыңғы ернінде ақшыл түсті, контуры тегіс, көлемі 0,5х0,5 см болатын 3 табақшалы (бляшки) аймақ анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция.
1) Болжамалы диагноз қойыңыз.
2) Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.


Ситуациялық есеп №29

25 жастағы науқас әйел келесі шағымдарымен түсті: іштің оң жағындағы мезгіл-мезгіл күшейетін сыздаған ауру сезім; етеккірінің 8 күнге кідіруі. Жалпы жағдайы қанағаттарлық. ҚҚ, пульс – қалыпты. Айнамен зерттеу: жатыр мойны цианозды. Қынаптық зерттеу – жатыр мойны әдеттегі. Жатыр денесі қалыпынан сәл үлкен, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылар ұлғаймаған. Күмбездері бос. Жүктілікке тест оң.


1) Болжамалы диагноз қойыңыз.
2) Қажетті зерттеу тәсілдерін атаңыз.


Ситуациялық есеп №30

Науқас У., 18 жаста. Негізгі симптомдары: тік ішекке таралған іштің төменіндегі жедел ауру сезімі, жыныс жолдарынан аз мөлшердегі бөлінділер. Ауру менструалды циклың 16 күні, жыныстық қатынастан кейін пайда болды. ҚҚ 100/70 мм рт ст. Пульс 80 минутына. Дене қызуы 36,9С . Пальпация жүргізгенде іші жұмсақ, төменінің оң жақ мықын маңайында ауру сезімі бар. Іш перденің тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеу – жатыр мойны қалыпты, сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты, anteversio, аnteflexio, қозғалмалы, ауру сезімсіз, консистенциясы негізгі. Сол жақ қосалқысы пальпацияланбайды. Оң жақ қосалқы маңайында ауру сезімді. Артқы күмбез сезімтал.


1) Болжамалы диагноз қойыңыз.
2) Қажетті зерттеу тәсілдерін атаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет