Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет6/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Ситуациялық есеп №10
24 жасар пациент гинеколог қабылдауында болды. Белгілі тексерулерден өткеннен кейін дәрігер ем-парағын ұсынды. Дәрігердің ем-парағында 10 күнге күндізгі стационарға ем-шара берілген.
1) Антибиотика терапия; 2) Витаминотерапия.3)Қынапішілік балауыз;4) Әйелдің жыныс мүшесінің санациясы және қынап ішіне левомеколь жағу көрсетілген.

1) Сіз әйелдің жыныс мүшесінің санациясын және қынап ішіне левомекольды жағуды қалай жүргізесіз?


2) Қынап тазалығының неше дәрежесі бар?


Ситуациялық есеп №11
Науқас ішінің төменгі бөлігіндегі күрт ауыру сезіміне, жүрек айнуға, бас айналуға шағымданды. АҚҚ 85/60 мм с.б.б.PS-100рет минутына. Тері жабындылары бозарған. Шағымдар жыныстық акттен кейін бірден пайда болған ауырсыну. Соңғы етеккірі 7 күн бұрын болған. PV: жатыр және қосалқылар күрт ауыру сезімі болғандықтан анықталмайды, артқы күмбез салбыраңқы, ауыру сезімді. Пункция кезінде 5 мл қызыл қан алынды, ұйынды түрінде.
1) Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2) Қосымша тексеру тәсілдері?


Ситуациялық есеп №12
6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Тексеруден кейін мына диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит.
1) Осы ауруды емдемесе қандай асқынуға алып келуі мүмкін?
2) Қыз балаларда бейарнамалы вульвовагинит даму себебі?


Ситуациялық есеп №13
24 жасар науқас әйел әйелдер кеңес үйіне іштің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене температурасының 37,50С-қа дейін жоғарылауына, жыныс жолдарынан іріңді бөлініске, кіші дәретке барғанда болатын ашып ауырсынуға шағымданып келді.
Анамнезінен: етеккір циклі өзгеріссіз.Жыныстық қатынас 17 жасынан, некеде тұрмайды, жүктілік болмаған, жүктіліктен күнтізбелік тәсілмен қорғанады.Етеккір циклінің 7-күні жедел ауырды, жоғарыда аталған симптомдар пайда болған кезде.
Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, пульс 96 соққы минутына, ритмді, іші кеппеген, пальпацияда жұмсақ, іштің төменгі бөлігі пальпацияда ауырсынулы.
Гинекологиялық тексеруде: уретра ісіңкі, жатыр мойны ұлғайған, ісіңкі, жайылған эрозиялы аймақ бар, жатыр мойнының ішкі өзегінен шырышты –іріңді бөлініс. Жатыр ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынулы, екі жақты жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынулы, күмбездері терең.
Зәр шығарушы өзектен және жатыр мойнының ішкі өзегінен алынаған бактериоскопияда: клеткаішінде және сыртында орналасқан диплокооктар анықталды.
1) Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2) Науқас әйелге қосымша қажетті зерттеулер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет