Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет7/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Ситуациялық есеп №14
24 жасар науқас әйел гинекологиялық бөлімге сыртқы жыныс мүшелерінде болатын ауырсынуға, соңғы 3 күн бойы дене температурасының 37,80 С-қа жоғарылағанына шағымданып түсті.
Анамнезінен: етеккір циклі бұзылмаған. 1 босану, 1медициналық түсік болған. Гинекологиялық ауруларды теріске шығарады.
Объективті: жалпы жағадайы қанағаттанарлық, пульс 84 соққы минутына, АҚ 110/70 мм.сын.бағ..
Қарап тексергенде: сол жақ үлкен жыныс еріндерінде ісік тәрізді көлемі 3х3,5 шамасында түзіліс анықталды, тері қабаты түзіліс үстінде қызарған.
Гинекологиялық статус: қынап өзгеріссіз, жатыр мойны таза, сыртқы өзек ойықты, жатыр антефлексио орналасқан, ұлғаймаған, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтанда анықталмайды.
1) Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2) Абцессті түзіліс болса орындалатын іс-әрекет?


Ситуациялық есеп №15

Гинекологтың қабылдауына 35 жастағы әйел келді. Шағымдары жыныстық қатынас кезінде кішкене қанды бөлініс болатындығын айтуда.


Анамнезінде: 3 баласы бар. Барлығын өз мезгілінде еш асқынусыз босанған. Некеде тұрады.Етеккір циклы қалыпты, 4 күн, ұзақтығы 30 күн. Бұрын гинекологиялық және венерологиялық аурулары болмаған. Вирусты инфекциялармен жиі ауырады. Дәрігер қынапты Куско айнасымен зерттегеннен кейін «жатыр эрозиясы» деген диагноз қойды.
1) Осы науқасқа қосымша қандай зерттеу әдістерін жүргіземіз?
2) Көзделген биопсия дегеніміз не?
Ситуациялық есеп №16
Дәрігер қабылдауына 31 жасар әйел келді. Шағымдары: жыныс жолдарынан бөлінетін көп мөлшерлі бөліністерге.
Анамнезінен: 2 баласы бар, уақытында босанған, асқыну болмаған. Некеде тұрады. Етеккір циклі өзгеріссіз, 5 күннен, ұзақтығы 32 күн. Алғаш етеккірі 14 жасында келген. Венерологиялық және аллергиялық анамнезі тыныш. Жиі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларымен ауырады. Дәрігер қынаптық Куско айнасының көмегімен тексергенде жатыр мойнының қызарып, домбығып,ұлғайғанын көрді, тиіспелі қанды бөліністі анықтады.
1) Қандай патология туралы ойлауға болады?
2) Қосымша зерттеу әдістерін атаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет