Емтихан сұРАҚтары тізімі


Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексергенде (жалпы наркозбен)



бет4/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексергенде (жалпы наркозбен): оң жақ үлкен жыныс ерінінде 3х3 см шамасында гематома, зәр шығару өзегіне жақын аймақта орналасқан, 1 см шырышты қабаттардың зақымдануы азғана қанды бөлініспен. Қыздық перде бүтін.
1) Сіздің ойыңызша бірінші кезекте жасалынатын іс-әрекет?
2) Қосымша қандай тексерулер қажет?


Ситуациялық есеп №5
21 жастағы әйел әйелдер кеңес үйіне шырышты-іріңді бөліністердің болуына, жыныс аймағының қышуына шағымданып келді.
Айнамен қарағанда: жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, ісіңкі, нүкте тәрізді қан құйылулар бар. Жыныс жолдарынан бөліністер көп мөлшерде, шырышты-іріңді.
Бимануальды тексеруде: патологиялық түзілістер анықталмады.
1) Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2) Қандай тексеру тәсілдері қажет?


Ситуациялық есеп №6
Әйелдер кеңес үйіне әйел Д. 20 жаста, жыныс жолдарында болатын көп мөлшердегі, іріңді бөліністерге, қышуға, қынап аймағының ашуы мен ауырсынуына, жыныстық қатынас кезінде жоғарыдағы шағымдар үдей түсетіндігіне шағымданып келді. Ауруы жедел басталған, жоғарыдағы шағымдармен 2 күн болған. Етеккір циклі бұзылмаған. Гинекологиялық ауруларын теріске шығарады.
Айнамен қарап-тексергенде: қынап шырышты қабаты жедел гиперемияланған, іріңді қабатпен қапталған, түйісулер болғанда қанайды. Жатыр мойны цилиндрлік формада, шырышты қабатында өзгеріс жоқ.
Бимануальды тексеруде: патологиялық түзіліс анықталмайды.
1) Сіздің ойыңызша қандай патологиялық процесс?
2) Қосымша тағы қандай тексеру жүргізу қажет?


Ситуациялық есеп №7
23 жастағы әйел әйелдер кеңес үйіне жатыр ішілік контрацепт салдыруға келді. Келген кезінде шағымдары жоқ. Дәрігер қарап-тексергеннен кейін қынап тазалығына және онкоцитологияға жағынды алды. Және келесі күні таңертен жалпы қан анализін және зәр анализін тапсыруға жолдама берді. Анализ қорытындылары 3 күннен кейін дайын болды.
Жалпы қан анализі: эр-3,7х10 12, лейк – 7,8х109, түсті көрсеткіш – 0,85, тромбоцит-280х109, СОЭ -2мм/сағ, гемоглобин -125 г/л.
Зәр анализі: түсі – сабан сары, тұнықтылығы – мөлдір, ph – 5,5, белок-жоқ, эритроцит-0-0-1 к/а, лейкоцит 0-1-3 к/а, эпителиальды жасуша – 0-0-2 к/а, иісі – өткір емес.
Қынап жағындысы: лейкоцит – 0-1 к/а, жалпақ жасушалар +, Lactobac ++, шырыш-жоқ.
Дәрігер анализ қорытындыларына қарап жатыр ішілік контрацептті салдыруға рұқсат берді. Манипуляция барысында әйел ішінің төменгі бөлігіндегі бірден болған ауырсынудан айқайлап жіберді. Жыныс жолдарынан қанды бөлініс болды.
1) Сіздің ойыңызша қандай жағдай орын алды?
2) Жедел көрсетілетін көмек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет