Емтихан сұРАҚтары тізімі



бет5/11
Дата24.11.2023
өлшемі32,77 Kb.
#193281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гинекология

Ситуациялық есеп 8
25 жасар әйел жедел жәрдем машинасымен стационарға кенет болған іштің төменгі бөлігінің ауырсынуына, көбінесе оң жақта, ауырсыну таңертең төсектен тұрғанда кенет болған, лоқсу және құсуға шағымданып қабылдау бөліміне түсті. Етеккір циклы бұзылмаған, кешігу болмаған. Лапароскопиялық операцияға дайындалып жүрген 3 ай бұрын УДЗ – да анықталған оң жақ аналық без кистасының дамуына байланысты.
Объективті: іші аздап кепкен, оң жақ мықын аймағы кенет ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді. Пульс – 90 соққы минутына, t – 37,2 0 С.
Бимануальды тексеруде: қынап және жатыр мойны өзгерусіз, жатыр денесі қатты, ұлғаймаған, қозғалыста, ауырсынусыз. Оң жақ жатыр қосалқылары маңында дөңгелек түзіліс анықталады, тугоэластикалық консистенцияда, пальпация кезінде ауырсынулы, шектеулі қозғалмалы, диаметрі 6 см. Сол жақ жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездер бос, бөлінділер-шырышты.
1) Сіздің ойыңызша қандай патологиялық процессті ойлауға болады?
2) Осы жағдайды нақтылау үшін тағы қандай тесерулер қажет етеді?

Ситуациялық есеп №9
Гинеколог қабылдауына 23 жасар пациент келді. Шағымдары: сыртқы жыныс мүшелеріндегі қышу, ашуға, көп мөлшердегі бөлініске, себебі белгісіз соңғы 6 ай ішінде саңырауқұлаққа қарсы әсері қысқа мерзімді жергілікті ем алған.
Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, тұрақты жыныстық серіктесі бар. Контрацепция мақсатында тұрақты түрде регулон қабылдағанына 12 ай болған. Етеккір циклі бұзылмаған. Жиі тыныс алу жолдарының вирусты инфекциясынан, іш қатудан зардап шегеді.
Гинекологиялық тексеруде: Айнамен қарағанда уретра ісінбеген, қынап және жатыр мойны ақшыл-қызғылт түсті, бөліністер көп мөлшерде, сұр түсті, жағымсыз иіспен бірге.
Бимануальды тексеруде: жатыр ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақтанда анықталмайды, күмбездері терең.
Уретра және жатыр мойны өзегінен алынған бактериоскопияда лейкоцит 6-10 к/а, коккты микрофлора, «кілттік» жасушалар анықталған.
1) Сіздің ойыңызша қандай патологиялық процесс?
2) Болжам диагнозыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет