Естественные и педагогические науки



бет16/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Білімі:

  • педагогика пәнінің мазмұнына сай оқу-тәрбие процесінің сипатын дидактикалық қағидалар мен педагогикалық үрдістің түрлі талаптарын;

  • оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, оқытудың классикалық және жаңа технологияларын білуі керек.

  • негізгі психологиялық ұғымдар мен анықтамалардың мазмұнын және мәнін түсіну;

- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалану;

- болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.



Білігі:

-педагогика мен психология пәндері бойынша қолданыстағы білім беру қорларын қолдану;

- педагогика мен психология пәндері бойынша білім беру қорларын қолданудың мәселелерін айқындау және олардың алдын-алу тәсілдерін іске асыру болады.

Жоғары оқу орындарында нәтижеге бағытталған білім беру мен оқытуды ұйымдастыру мәселесі қазіргі білім беру саласында маңызды мәселелердің бірі болып саналады, себебі, жаңа формацияда кәсіптік білім беруге мемелекет тарапынан, қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр.



Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарты. –Астана, 2012.

2 Назарбаев Н.А. Қазақстан 2050 Стратегиясы: «бір халық – бір ел – бір тағдыр». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2014.

3Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.- 132б.

4 Еркибаева Г.Ғ. Қазіргі білім беру технологиялары. –Алматы:ГиГа:ТРЭЙД, 2010 -117 б.


ӘОЖ 633.213.039
Оңтүстік аймақтарда өсетін аридтік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
1Есқараев Н.М., 1Сапарова Ж.И., 1Бердалиева А.М., 2Абдуова С.Ж.
1Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті

2«Сырдария» университеті Шымкент, Қазақстан
Резюме
Биологические особенности растений саксаула черного, чагона, терескена серого, астрагала и изена растущих в Южном зоне
Summary
Biological features of plants of saxaul black, chagona, tereskena grey, neckmould and izena of growings in Sonth an area
Қазақстанның шөл және жартылай шөлейт аймағында жайылымдардың көлемі мол бола тұрса да, олардың шығымдылығының төмендігі және жылма - жыл өзгеруі, мал шаруашылығын дамытуда көп қиындылықтар тууда.

Сондықтан, бүгінгі заман талабына сәйкес қалыптасып отырған меншік түрлері үшін табиғи жайылымды сақтау мен пайдалану арасындағы қатынасты сақтай отырып мал шаруашылығын тұрақты дамыту талабы кезек күттірмейтін міндеттің бірі болып қала бермек. Әрине, бұл мәселені шешудің төте жолы жайылымдарды тиімді пайдалану мен жақсарту шараларын іске асырған жағдайда ғана болатындығын озық тәжірибе мен ғылыми зерттеулер нәтижесі дәлелдеп отыр.

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан аумағында екпе жайылымдықтар жасау – жемшөп қорын жасаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселеде қуаңшылық аймақтың жағдайларына бейімделген аридтік өсімдіктерді таңдап, пайдаланған жөн. Сондай өсімдіктердің ішінде сексеіл, изен, теріскен, кейреук, шытыршық және эспарцет түрлері ерекше орын алады [1] .

Мал шаруашылығы дамыған оңтүстік – батыс аймақтардың жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы, сондай-ақ ауа райының біркелкі болмауы мұндағы жайылымдардың түрлі түрін қалыптастырған. Бұл жайылымдар жемшөп қорының негізгі көзі екенін ескерсек, яғни оларды ұтымды пайдалану жолдарын үнемі жоғары деңгейде сақтау маңызды мәселе.

Қазақстанның шөл және шөлейт аумағы мал шаруашылығы қатты дамып келе жатқан өлке. Осы өңірде орналасқан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының табиғи жайылым көлемі 29 миллион гектарға жуық. Оның басым бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Жайылым көлемі мол бола тұрса да, шығымдылығы мен өнімінің төмендігі және жылма – жыл өзгеруі мал шаруашылығын тұрақты дамытуды көп қиындықтар туғызады. Оның үстіне шөл аймақтың топырақ құрамы мен құнарының нашарлығы, құмақ және құмшауытты алқаптардың басым екендігі, күшті өкпек желдердің жиі соғатыны және ауа райының құрғақ екені көп жағдайда ескерілмей оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, нәтижесінде жайылымдардың өнімділігі азайып, тоза бастады. Соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тозған жерлердің көлемі 3,1 миллион, Қызылорда облысында 2,7 миллион гектарға жеткен.

Қара сексеуіл

Қара сексеуіл Балхаштың, Мойынқұм, Қарақұм, Бетпақдала, Қызылқұмның сор далаларында, тақырларында, Арал айналасының шөлдерінде, Батыс Тянь-Шаньда өседі. (СССР - өсімдіктері, 1936,) Өзбекстанда, басқа да өсімдіктерге қосылып, Қызылқұмда, Амударияның төменгі жағында, Үстіртте, ферғананың орталық құм аймақтарында өседі. Ғалым Н.И. Ақжігітовтың мәліметіне қарағанда, қара сексеуіл Өзбекстанда 27 ассоциацияда өседі. Олар тақыр тоғайларда, жантаққа араласып (Alhagi seudalhagi, A. sparsifolia) өседі. Қара сексеуіл қатты сорланған жерлерде, қарабарақпен (Halosachus belangeriala), сары сазанмен (Halocnemum stobilaccum) бірге өседі. Құмды жерлерде қара сексеуіл (Acanthophyllum borszowi, Calligonum leucocladum), осы тектес өсімдіктермен бірге өседі. Қара сексеуілдің қалың және биік өскен аймақтары жер асты суларына жақын жерлерге өседі, кейбір аймақтарда көпшілігі шабылып кеткен.



Қара сексеуіл биологиясы

Қара сексеуіл ағаш тектес өсімдіктердің үшінші сатысына жатады, ксерофит, гомофит, стебелоскулент, Holoxylon Bge түріне Chenopodiаcae тұқымдасына жатады. Қара сексеуіл жас кезінде – ірі ағаш тектес бұта болып өседі, биіктігі 2-3метрге дейін жетеді, толық өсіп жетілген кезіндегі биіктігі 5-7 метрге дейін барады. Сазды, құмды, сор топырақтарда, аридтық және экстроаридтық жағдайларда өседі [2]

Қазақстан жерінде қара сексеуіл барлық шөл және шөлейт далаларда өсіп, Қытайға дейін барады, Каспий теңізіне дейін барады. Солтүстікке қарай 490 бойлықта жатыр. Ол, Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Ишик-отырауға созылған, және Іле жағалауының құмдарында өседі. Аралда, Қарақұмда, Хоргас өзенінің жағалауындағы құмдарда кездеседі. Сексеуіл қауымдастығы Бетпақдалада кездеседі, Маңғыстауда, Зайсан бөгетінде және Шығыс Балқаш маңайында өседі.

Қара сексеуілді үш тармаққа бөліп айтуға болады: тамыр жүйесі, діңі және ағаштың ұшар басы. Қара сексеуілдің тамыры жан-жақты болып келеді. Бастапқы тамырдан басталып, бүйір тамырлар тарайды да олардан сыпырғы тәріздес болып майда тамырлар тарайды.Тамырларының бұндай болып таралуы қара сексеуілдің жоғарғы жағына дейін ылғал апаруына көмектеседі. Қара сексеуілдің ересек ағаштарының діңгегі қисық, қысқа, жарықшақты болып келеді. Қабығы ашық – сары түсті жұқа болады да, зақымданған жерлері қоңырқай болып келеді. Діңінің диаметрі негізінен 15-30см болады. Басқа өсімдіктен айырмашылығы, қара сексеуілдің діңінің көлденең кесіндісі арқылы оның жасын анықтауға болмайды, себебі бір жылдың ішінде бірнеше сақина пайда болады (5 тен де көп), оларды жылдық сақина деп атауға болмайды. Бұл айырмашылықты ғалымдар былайша түсіндіреді: сексеуіл діңгегінің майда тамыр талшықтарының өсу шамасы шектеулі болады да оларда әдеттегі камбий болмайды. Сексеуіл діңгегінің жуандауы бірнеше камбийлердің арқасында жүзеге асады. Олардың әрқайсысы сабақтың алғашқы құрылысы тәріздес ерекше аймақтар түзеді.

Сексеуіл ағашы ирек, қисық болып келеді, серпімді емес, өте қатты болады. Сексеуіл ағашын шаппайды, сындырады. Қара сексеуіл құрылыс жұмысына жарамсыз болады, оны тек отын ретінде пайдалануға болады. Қара сексеуілдің құрғақ түрінің жылуы 4642кал. (Визгалов жазғандай). Құрғақ сексеуіл қоры 50т/га, болып жекеше экземплярлар 0,5т. дейін жетеді. Сексеуілдің ұшар басы селдір болады, симметриялы болмайды. Қара сексеуілдің жыл бойына өсу биіктігі, жақсы жағдай болғанда орташа 15 см, болады, ылғалды жылдары өсу қарқыны 35-40см. жетеді, ал діңінің өсуі жылына 0,8см. болады.

Сексеуілдің өсіп жетілуі 10-20 жыл аралығында болады да, одан соң қурап сынып қалады. 12-15 жылға дейін ұшар басының диаметрі орташа биіктіктен төмендеу болып, одан кейінгі жылдары бір-бірімен теңеседі де одан соң ұлғая бастайды. Ұшар басының бұл секілді ассимметриялы болуы алғашқы жылдарда аз байқалады да, 15-жылдары 0,7см-дейін жетеді [1].



Терескен туысы

Көптеген ғылыми жұмыстарда теріскенді жалпы ортақ – Euratia ceratoides деп, қай теріскен туралы дәйекті айтылмайды. Сондықтан, әр түрлі туыстарға жататын Euratia ceratoides туралы бірқатар ғалымдар [3] және де басқалар сол жөнінде зерттеулер жүргізді. Осы авторлардың жұмыс нәтижесінде түрлер сипатталып бөлінді (Euratia compocta A. Zos., E. Prostrata A. Zos.,

Кейінгі зерттеулер Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия төңірегінде тек 2 түрдің өсетіндігін көрсетті: Ceratoides eversmanniana және C. lateens.

Теріскен – құмды жерлерді тығыздандыруға кеңінен қолданылады. Ғалым И.Д. Рыжутиннің еңбегінде жердің эрозиясымен күресуде пайдалы өсімдіктердің 50 шақты түрлері көрсетілген. Солардың ішінде теріскеннің Донбасс жеріндегі топырақ құнарлығын арттыруға ерекше қасиеті кеңінен аталған. Теріскен өсімдігінің ғылыми түрде жан-жақты зерттелуі Қазақстанда қолға алынғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бірінші тәжірибе жұмыстар Арал маңындағы Қарақұмда жүргізілген.

Ғалымдар тәжірибесіне сүйенсек бұл жер жағдайында теріскеннің азықтық көлемі бірінші жылы 4,5цн., екінші жылы – 23,7ц/га, үшінші жылы – 21,8ц/га төртінші жылы – 29ц/га, бесінші жылы – 59,8ц/га болған [4].

Теріскен шөбінің мал азықтық пайдасы орасан зор. Мойынқұм шөлінде егілген бұл шөптің Еверсманн теріскені әр гектарынан 10-12 центнер құрғақ шөп берген. Кейінгі кездерде бұл өсімдік аралас жайылымдарда да кеңінен өсіріліп келеді. Үлкен ғылыми зерттеулердің нәтижесінде теріскен шөбінің құмдақ жерлерге төзімді түрлері ашылды, мысалы «Арыс» және «Қызыл-құм» теріскен сорттары.(сорт авторлары: Әбдраимов С.А., Сеиткәрімов А., Есқараев Н.М.) Қазір бұл сорттарды Оңтүстік Қазақстанның барлық жайылымдарынан кездестіруге болады. Сұр теріскен түрінің жайылымдық жерлерді құнарландыруға және мал шаруашылығына пайдалы азық болып табылуы, бұл шөптің экологиялық, биологиялық ерекшеліктерін зерттеу түсуге қызығушылықты арттыруда. Оңтүстік Қазақстанның шөлейт далаларында жүргізілген зор ғылыми жұмыстар теріскен шөбінің систематикасын толығымен зерттеп ашып берді деуге болады [5].


Элления туысы

Элления туысы 7 түрден тұрады, оның көкшіл Aellenia glauca шоған Al. Subaphylla = Halothamnus subaphyllus және іле Al.iliensis түрлері Қазақстанда кездеседі . Соның ішінде шаруашылық маңызы бары – шоған (шоңайна). Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында элления түрлері Сырдария маңы жазығында ғана кездеседі. Ал, Қызылқұмда, Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың оңтүстік бөктеріндегі жазықтарда өспейді.

Ғалымдардың мәліметі бойынша шоңайна эллениясының тамыр жүйесі қуатты келеді. Оның Түрікмениядан алынған үлгісінің тамыры тіршілігінің үшінші жылында 226 см, алтыншы жылында 420 см тереңдеген. Күре тамырдың тармақталуы топырақ қабатының 30-70 және 130-180 см байқалған. Жанама тамырлар күре тамырдан 2 метрге дейін жайылып дамыған. Осылайша оның тамыр жүйесі топырақтың бар қабатындағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады.

Академик А.А. Жученко топырақ-климат жағдайы қолайсыз аймақтардың шығымдылығын тұрақты ұлғайтудың басты шарттарының қатарына өнімділігі жоғары экологиялық шыдамды өсімдіктер түрлерін көбейтіп өсіруді жатқызады. Бұл егіншілік заңдылықтарының «Табиғи өсімдік-жер қауымдастығының тұрақтылығы» басқа ғалымдардың тұжырымдарына үйлеседі, яғни жергілікті жердің қоршаған ортасына бейімделген өсімдік түрлерін неғұрлым көптеп өсіру, солғұрлым агроландшафтық төзімділігін күшейтіп, өндірістің тұрақты дамуына негіз болады делінген. Осыған орай шөл аймақтың қатал жағдайына бейімделген өсімдік түрлерін іріктеп оларды өсірудің орны бөлек [6].

Оңтүстік – Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығының мал азықтық өсімдіктерді жерсіндіру, селекция және тұқым шаруашылығы лабораториясы Оңтүстік Қазақстанның шөл жайылымдарының шұрайлығын арттыру мен өсімдік байлығын молайту мақсатында жергілікті жерде кездесе бермейтін, сондай-ақ осы өңірде сиреп бара жатқан өсімдік түрлерін жерсіндіру бағытында ғылыми ізденістер жүргізуде. Нәтижесінде жаңа өсімдіктер түрлері анықталып отыр. Солардың қатарына буассье шытыршығы, түлкіше таспашөбі, хорасан және ферғана эспарцеті жатады (С. Әбдірайымов, Ә Сейткәрімов және т.б., 2002). Бұл бағалы мал азықтық өсімдіктерді шаруашылықтарға жаппай еңгізу мәселесі олардың тұқым шаруашылығының қалыптасуымен тығыз байланысты.

Изен туысы

Алғашқы изен өсімдігін зерттеуші ғалым бұл өсімдік түрін алдымен екіге, содан соң үш жеке түрлерге бөлді: батпақты изен, тастақты изен, құмдақ изен [7].

1) Kochia prostrata zupestris mihi sp. Nov.

2) Kochia prostrata sabulosa mihi sp. Nov.

3) Kochia prostrata argilosa mihi sp. Nov.

Басқа зерттеушілер изеннің үш түрін атады: құмдық, батпақты және соржерлік.

Қазақстанда белгілі бір топырақ жағдайына қарай өсетін изеннің бес түрі бар дейді. Өзбекстан жеріндегі изендерді зерттей келе оларды 3 топқа бөледі:

1. Қалың түкті ақ изен.

2. Орташа түкті – көкшіл сары изен.

3. Сұрғылт топырақты жерлерде түксіз қызыл изен өседі.

Изендердің белгілі бір экологиялық жағдайларға қарай морфологиялық ерекшеліктерін ескере келіп изенді 3 экотипке бөледі: құмдақ изен (құмды және батпақсыз), тасты изен (құмдақта, батпақта) және батпақты изен (тау етектерінде, шөлейттерде), ал кейбір ғалымдар үш экологиялық түрге бөледі: құмды, тасты, батпақты изен. Қаз.Ғыл. зерттеу Қаракөл институтының мал азығы өндірісі және жайылым бөлімінде изенмен интродукциялық жұмыс кезінде табиғат жағдайына байланысты вегетациялық уақытта өсімдікте өзгерістер болатынын байқады.

Оңтүстік Қазақстанда 1967 жылдан бастап изен шөбін жайылымдарда мәдени түрде егіп өсіруге бет бұрды. Қазақстан ғалымдар Мойынқұм құмдарында изен өсімдігін егіп байқаған тәжірибелері қуантарлық жетістік берді. Изен шөбінің әр гектарынын 8 ден 12 г дейін ц/га құрғақ шөп берді. Табиғи жайылымның түсімділігі 2,5-3,0 ц/га. еді. Жақын күндерде изен шөбі Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға құнарлы мал азығы ретінде маңызды шөп қоры болмақшы. Сонымен изен шөбін зерттеген ғалымдар мынандай пікірге келді: изен шөбі табиғаттың қатал жағдайына төзімді, көп жылдық жақсы жайылым, құнарлы мал азығы, шаруашылыққа өте тиімді шөп. Бұл қорытынды изен шөбінің тек төзімді ғана емес оның өте бағалы азықтық шөп екендігін көрсетеді.



Таспа туысы

Astragalus rexus онтогенезін Г.А.Байгозева бірінші рет Тауқұмның шөлейт аймағында зерттеді. Имек таспаның өмірлік циклында виргинильды және генеративті кезеңдерімен есею жағдайын анықтады.

Зерттеушілер кейбір таспа туыстарының түрлерін қорғауға алу керек екенін атап өтті. Өйткені Таспа туысы түрлерінің жайылымды жақсартуда малдың жем-шөпке деген сұранысын қанағаттандыруда екпе жайылым жасауда маңызы зор. Кейінгі жылдары ғалымдардың зерттеуінде олардың медицина саласында дәрілік өсімдіктер ретінде жүрек-талма, қатерлі ісіктерді емдеуде, қабыну, сары-ауру сияқты өте жаман ауруларда қолданатынын дәлелдеген [8].

Қазақстандықтардың деректерінде Оңтүстік Қазақстанда екпе жайылымдар жасау жүйесі шөл және шөлейт жерлерде шаруашылық маңызды іс. Өсімдіктің әр түрлі өмірлік кезеңіндегі мәдени агрофито қауымдастықтың негізінде қысқа мерзімдік төмен топтағы жайылымды, ұзақ мерзімдік жыл бойына пайдаланатын жайылымға айналдыруға болады. Соның ішінде Таспа туыстарынан, турчаниндік, түлкіше, имек, домалақбас, Сиверса Северцова түрлерін айырықша айтуға болады. Қазақстанның оңтүстік аймағында С.Әбдіраимов жетекшілігімен жүргізілген алғашқы зерттеулер нәтижесі оңтүстік аймақта өсетін изен, теріскен, сексеуіл түрлерін өсіруге болатынын көрсетті . Кейінгі жылдары жүргізілген тәжірибелер оңтүстік аймақта шоған, күйреуік, қараматау, жусан және т.б. түрлерді екпе жайылымдар, табиғи жайылымды қорғайтын алқаптар жасауға пайдалану мүмкіншілігі орасан екенін анықтады [5].


Әдебиеттер

1. Әбдрайымов С., Сейіткәрімов Ә. “Оңтүстік Қазақстан шөл жайылымдарын пайдалану және жақсарту”, Алматы, “Бастау” 2004 ж.

2. Шамсутдинов З. Ш. Эколого – биологические основы повышения продуктивности пастбищ аридной зоны Узбекистана.: Автором дисс. д.б.н. – Ашхабад, 1973 г., 52 с.

3. Пратов У. Вопросы внутривидовой систематики. ІІ кн.: Изень. Ташкент. ФАН, 1971 г., с. 6 – 10.

4. Әбдрайымов С., Сейіткәрімов Ә. “Оңтүстік Қазақстан шөл жайылымдарын пайдалану және жақсарту”, Алматы, “Бастау” 2004 ж.

5. Ескараев Н. Қызылқұм алқабында құмды бекіту мен жайлымды қорғау жұмыстары. Каракулеводство, верблюдоводства и ариднокормопроизводство., Алматы 2003, стр. 249-251.

6. Ауданов К., Имангалиев А. “Жайылымды жақсарту әдістері”. Вестник с/х науки Казахстана. Алматы “Бастау”. 4 – 2002.

7. Бегучев Н. П., Леонтьева И. П. Прутняк (Зультурган) ценная кормовая культура в Калмыкии. – Элиста: Калм. кн. из – во, 1960 г., с. 8 – 22.

8. Боранғазиев К.А. Қазақстанда екпе шөп өсіру. –Алматы: Қайнар, 1974. -201 б.

ӘОЖ 581.4
Шөл және шөлейт аймақтарындағы изен және теріскен өсімдіктерінің тамыр жүйелері
1Есқараев Н.М., 1Сапарова Ж.И., 1Бердалиева А.М., 2Абдуова С.Ж.
1Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті

2«Сырдария» университеті Шымкент, Қазақстан
Резюме
Корневая система растении изена и терискена в пустынных и полупустынных зонах
Summary
Rootage plant of izena and teriskena in the deserted and semideserted areas
Өсімдіктің биологиялық қасиеттері, оның органдарының морфофизиологиялық ерекшеліктерімен және функционалдық байланыстарымен тығыз байланысты болады. Бұндай органдардың бірі тамыр жүйесі болып табылады. Осы тамыр жүйесін зерттеу, бізге өсімдікті тереңінен тануға оның қоршаған ортамен байланысын жете білуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі азықтық қоры табиғи жайылымдар болып табылады. Олар шөл және жартылай шөлейт далалардың 29,0 млн. га жерін алып жатыр. Бұл жайылымдарда жыл сайын 3,3-3,4 млн. бас мал жайылады. Бірақ, табиғи жайылымдардың түсімі әр жыл сайын әр түрлі болып келеді де, мал шаруашылығына қажетті құнарлы шөпті өз дәрежесінде бере алмайды.

Сондықтан, шөл және шөлейт жерлерде өсетін құрғақшылыққа, суыққа төзімді аридтік өсімдіктер изен, терескен, жүзгін, шоған түрлерінің тамыр жүйелерін жанжақты зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс[1,2].

Тамыр дегеніміз – өсімдікті сыртқы ортамен динамикалық байланыстыратын күрделі құрылымдағы өсу жағдайлары көп жақты, морфоқұрылымдағы, вегетативтік орган.

Топыраққа тереңдеп бойлап, жан – жаққа қалың шашақтарын жайып, өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін сумен және қоректік элементтермен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Ол топырақтағы абиотикалық элементтермен ғана күрделі байланыста ғана болып қоймайды, және сонымен қатар көрші өсімдіктермен топырақ микроорганизмдермен, балдырлармен, саңырауқұлақтармен және жануарлармен қатынаста болады.

Тамыр жүйесінің жер бетіндегі өсімдік органдарымен қатынасы әртүрлі және өте күрделі болады. Тамыр жүйесінің даму дәрежесіне қарап өсімдіктің сумен және минералдық қоректермен қамтамасыз етілуін байқауға болады және оның қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына деген төзімділігін жоғарылатады. Өсімдіктің табиғи және жасанды түрде көбеюі тамыр жүйесімен тығыз байланысты.

Тамыр жүйесіне топырақ жағдайының әсері өте маңызды болып саналады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша топырақтың әрбір түрі өзіне тән тамыр жүйесін қалыптастырады екен. Топырақтағы тамыр жүйесінің өсуіне және жайылуына әсер ететін негізгі фактор болып мыналар табылады: құрылымы, механикалық және химиялық құрамдары, ылғалдылық, тығыздық, сонымен байланысты аэрация және қоректік заттардың мөлшері.

Топырақтың маңыздылығы, өсімдіктің тамыр жүйесін дамытатын факторларының болуында. Топырақтағы ылғалдылық қалыпты болса, тамыр жүйесі қысқа болады, жер бетіндегі бөлігі ұзын болады, ал ылғал аз болса барлығы керісінше болады. Тамыр жүйесінің жақсы дамуы және су жеткіліксіз болса да тереңге бойлап өсуі өсімдіктердің бейімделуіне байланысты болатындығы ғылымда сенімді орын алған.

Өсімдіктерді зерттеген уақытта оның жер астындағы бөліктерін, жер бетіндегі бөліктерімен бірдей зерттеу қажет. Олардың морфоструктурасын және атқаратын қызметін толық білу, бұл өсімдікті тиімді пайдалану әдістерін табиғи жағдайда және өсіру кезінде қолдануға болады. Өсімдіктің өмірінде жер астындағы бөліктері негізгі рөлді атқарады. Тамыр жүйелері өсімдікті топыраққа бекітеді және оған төзімділік жағдайын жасайды.

Изендердің тамыр жүйесі

Өсімдіктің тамыр жүйесі – негізгі органға жатады, ол тек өсімдікті топырақпен байланыстырып қана қоймайды, өсімдікті сумен және минералды заттармен қамтамасыз ете отырып органикалық заттардың синтезделуіне және өсімдіктің жалпы жақсы өсуіне ықпал жасайды.

Тамыр жүйесінің жақсы дамуы тек өсімдіктің өсуіне ғана емес оның өнімінің де жақсы болуына көмектеседі. Е.М. Лавренко [3] айтуынша құм жағдайында өсімдіктің фитоценозы жер бетінде ашық жатады, сондықтан өсімдік өсуі тек топырақ ішінде болады, бұл кезеңде тамырдың ролі өте зор.

Изеннің құрғақшылыққа төзімді болуына тамыр жүйесі де есебін тигізеді. Оңтүстік Қазақстанның құмшауыт топырағында құмдақ изенінің тамыры тіршілігінің алғашқы жылында 110 – 138 сантиметр, саздақ және тастақ изенінікі 168 – 178 сантиметр тереңдікке дейін енеді. Қосалқы тамырлары құмдақ изенінікі 60 сантиметрге, саздақ изенінікі 98 сантиметрге, тастақ изенінікі 103 сантиметрге дейін жайылып тарайды.

Изен тамырларының жетіліп өсуі топырақтың көктемде сіңірген ылғалдылығына және топырақтың сыртқы бетінің ылғалдылығына қарайды. Егер ылғал мол болса тамыр да жақсы дамиды, бүйірлік тамырлар да ұзаққа жайылып қомданады, егер құрғақшылық болса, тек негізгі тамыр ғана өсіп, жанама тамырлар майда әрі қысқа күйінде қалып кетеді. Тамырдың жақсы өсіп дамуы өсімдіктің биік әрі мықты болып өсуіне және мол өнім беруіне негіз болады. Изен шөбінің барлық экологиялық топтарында тамыр мойны мен жанама тамырлардың жақсы жетілуі өсімдіктің биік әрі бұталарының мол болып өсуіне жағдай жасайды. Өсімдік биіктігі мен тамыр мойнының диаметрі және жанама тамырлардың жайылғыштығы мынандай коэффициентпен көрсетуге болады[5]. Тастақты изенде - + 0,82 - + 0,060, саздақ изенде - + 0,87, - + 0,045, құмдақ изенде - + 0,83 - + 0,057.

Сондықтан, шөл жағдайында күшті дамыған тамыр жүйесі ғана өсімдіктің өсіп, жетіліп жақсы азық, құнарлы шөп болуына жағдай жасайды. Қазіргі кезде изеннің тамыр жүйесінің табиғи жағдайда да мәдени жағдайда да қалай өсетіндігін зерттеген ғалымдар еңбегі көптеп саналады.Изеннің желі түрінде тамыр жүйесі тереңдеуге тез бет алады. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамыр жүйесі тез жетіледі. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты. Тамыр жүйесінің жетілуі оның тіршілігінің соңғы жылдарында да тоқтамайды. Кәрі изен тамыры 3-4 метрге дейін бойлайды.

Өсімдіктің тіршілік циклы 20-22 жылға созылатынын білдік. Сол жылдардың 10-15 жылында қанағаттандырарлық өнім бере алады.

Оңтүстік Қазақстанның шөлейт далаларындағы өсімдіктердің бойы мен өсу динамикасын жете білу үшін ең алдымен олардың өзіндік өсу ерекшеліетерін білу керек. Изеннің экологиялық топтарының бәрі де бірінші жылы баяу өседі, ол вегетативтік мерзімнің бірінші жартысы болып саналады. Бұл кезеңде тамыр жүйесі тез дамиды (1 кесте ).

1 кесте Мойынқұмның құмдақ изенінің тамыры мен сабағының өсу жылдамдығы


Анықтау мерзгілі.

Негізгі тамыр ұзындығы

Сабақтың биіктігі

Негізгі тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне қатынасы

1-ші жыл



1-ші жыл

1-ші жыл

Сәуірдің басында

8,1

2,0

4,05

Сәуірдің аяғында

11,8

3,1

3,8

Мамырдың аяғында

37,0

9,8

3,7

Маусымның ортасында

76,0

21,0

3,6

Маусымның аяғында

91,1

52,7

1,7


Теріскен тамыр жүйелерінің жетілу ерекшеліктері

Әр өсімдіктің өсуіне тамыр системасы негізгі роль атқарады. Жақсы дамыған тамыр өсімдіктің қалыпты өсіп – жетілуіне, фотосинтездік дұрыс жүруіне, жапырақтары мен сабақтары қажетті қышқылдарын, белоктарын сіңіруге және қолайсыз табиғат құбылыстарына төзімді болуды қамтамасыз етеді.

Тамырдаң жақсы дамуы тек өсімдіктің жақсы өсуін ғана емес, оның азықтық пайдасын да арттырады. Сондықтан шөлейт далаларда өсетін теріскен шөбінің тамырының тереңдеп өсуі өсімдіктің төзімді болып өсуіне жәрдемдеседі. Ғалым – биолог И.О. Байтулин теріскеннің Алматы облысының Сары – Ишик – Отрау аймағындағы құмдық жерлердегі тамырының тереңдігінің 900 және 645 см дейін барып, жер асты суларын бойына еркін сіңіріп өсетінін атап көрсеткен[4]. Бұл жерлерде ол фосфорит тәрізді көрінеді. Алматы облысының жәй қыраттарында сұр топырақты жерлерде теріскен тамыры 300 см болады, жұқа құмдақ, сусымалы құмдарда, қосалқы тамыр шығарып солар арқылы қоректеніп өсуге жылдам ыңғайланады. Құм астындағы қосалқы тамырлар жаз кезінде де сырт жағынан эфемерлі қабыршақпен қапталып тұрады. (16см), ол қабыршақ құмға көміліп тұрады. Тастақты шөлейт жерлерде теріскен нашар өседі, бірақ тамыры тереңге кетеді 370 см дейін, бұл жерде теріскен амброфит тәрізді болады. Ботаник А. Ахметовтың зерттеу тәжірибесіне сүйенсек, тастақ жерлерде теріскен тамыры 126 см, Бақанастың жол-жол құмдарында 200 см, көшпелі құмдарда 500 см дейін бойлайтынын дәлелдеген..

Ғалымдар [5] құм аралас карбонатты топырақтарда теріскен тамырының 2,5 – 3 м дейін өсетінін айтқан. Мәдени жағдайда өсірілетін теріскеннің тамырының өсуі сорлы жердің топырақ тығыздығына байланысты. Ақшыл сұр топырақ құмдақ келетін Қызылқұмның Оңтүстік батысында бір жылдық теріскеннің тамыр ұзындығы 90-95 см, аралас топырақта 60-70 см, екінші жылы 150-165 см. Ақшыл құм араласқан топырақта 1 жылы теріскен жіңішке тамыр болып 35-40 см бойлайды. Әрі қарай тамыр жақсы дамиды, бірақ топыраққа жайылуы 50-70см. Академик С.А. Әбдірайымовтың дәлелінде Оңтүстік Қазақстанның тау етектерінде жазықтарда сұр теріскеннің бірінші жылдағы тамыры 90-150 см, үшінші жылы 320-380 см болады. Ферғана адырларында екінші жылдың аяғында тамыр вегетациясы 3 м , ал орта жастағы теріскен өсімдігінде 5,5 м болып, өсуі тоқталады.. Бірақ жанама тамырлары өсе береді. Мәдени жағдайда сұр теріскен де, Еверсманн теріскені де жылдам өседі, тамырлары өсімдікті толық сумен қамтамасыз ете алады. Теріскен тұқымы жерге егілгеннен бастап тамыр атып, теріңдікке ұмтылады, бұл аридтық жағдайға тез бейімделуі болып табылады (А.А. Бутник, 1983).

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей (1 – суретке сәйкес) сұр теріскеннің өсу фазасының екі жапырақты кезеңінде тамыры (а, б, в) 4-6,5 см, төрт жапырақты кезеңінде 8-10см (г,д). Сәуір айының аяғында ( е,ж,з) 6-7 жапырақ болған кезде - 14,8 см. Негізгі тамырдың жайылуы топырақ қабатының 2-5 см болады. Бұл фазалар кезінде негізгі тамырдың ұзындығы өсімдіктің жер бетіндегі биіктігінен 3,7-9 есе ұзын болады. Май айындағы тамырдың топыраққа сіңіп өсу ұзындығы 56,5 см ( 2 – суретке сәйкес). Сол кезде жер бетіндегі өсімдік биіктігі 12,5-23 см. Сабақ пен тамыр арасындағы айырмашылық 2,2-3,2 есе аздықты көрсетеді[6].

Сұр теріскеннің тамырларының жақсы дамуы өсімдіктің шөлге, құрғақшылыққа төзімділігін арттырады, өсімдікті жеткілікті дәрежеде сумен қамтамасыз етеді, бұл жағдайда өсімдіктің азықтық көлемі мен тұқымдық түсімі артады.



Сурет 15. Бірінші жылғы сәуір айындағы сұр теріскеннің жер беті және жер асты органдарының өсуі


Сурет 16. Мамыр айындағы сұр теріскеннің жер асты және жер бетіндегі органдарының өсіп-дамуы

К – кішкентай, О – орташа, Ү – үлкен

Әдебиеттер
1. Байтулин И.О. Корневая система растений аридной зоны Казахстана.-Алма-Ата, 1979.- С.184.

2. Ауданов К., Имангалиев А. “Жайылымды жаќсарту єдістері”. Вестник с/х науки Казахстана. Алматы “Бастау”. 4 – 2002.

3. Лавренко Е. М. К методике изучения подземной части фтиоцелозов – Ботанический журнал, 1947 г., №6, с. 273 – 280.

4. Байтулин И.О. Основы ризологии. Учебник – Алматы№ Научно – издательский центр «Ғылым», 2001г. 330стр.

5. Абдраймов С.А. Аридные постбища Казахстана – Алма-Ата: Кайнар,1988-140с.

6. Есқараев Н.М., Адильбекова А.Н. Мәдени егілген сұр теріскен әсімдігінің тамыр жүйесі.-Жаңа формациядағы педагоктарды даярлау мақсатында инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселелері. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет- конференцияның материалдары. Шымкент-Москеу,2012. 11-том. 486-489бет.


Резюме'>ӘОЖ:042.Е-11
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН МЕҢГЕРТУ
Есалиева А. О.
№ 22 Қорқыт ата атындағы негізгі мектеп, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Освоить новые методы в школе по предмету технологии
Summary
To master the subject “Technology” with the help of innovation methods
Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындауда. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді», - деді.

Мектептегі технология пәнін оқыту - еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің негізгі қайнар көзі. Аталған мақсатты жүзеге асырып, орындау мақсатында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс пен дене мәдениетін адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек өнімділігі арқылы ынталандыру міндеттерін оқытіндеттейді. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігі, өнерге, шеберлікке деген бейімділігі дамиды. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне түгелдей қатысады. Баланың бойындағы еңбекке деген қызығушылық, табиғатты, қоршаған ортаны қорғауы, ұқыптылығы еңбек арқылы көрінеді. Еңбек пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту - халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан. Атап айтқанда, балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы өмірге келе сала емес, көріп, жүріп оның тәжірибесі қалыптасады. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсерін тигізеді.

Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына еңбектің пайдасы орасан зор. Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындылармен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды. Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, үнемі сәндік- қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында технология, сурет пәні мұғалімдері жұмыс істейді.

Оқушылардың халық шеберлерінің шығармашылығымен танысуы олардың эстетикалық қарым-қатынастарын дамытуға жағдай жасайды. Мектепте оқушылардың эстетикалық талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру өнер арқылы қалыптастыру - барлық оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады және оған көп көңіл бөлінеді.Ол тек қана адамның эстетикалық талғамын ғана дамытып қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның тұтастай дамуына: рухани қажеттілігін, адамгершілік мұраттарын, патриоттық сезімі, жеке және жалпы ұғымдарының, көзқарастарының дамуына әсер етеді.

Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, талантымен қоса алдына мақсат қоя білуі тиіс. Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу қажет, ал ұлдарды ұлттық қолөнер нақыштарына үйрету, мысалы, қамшы өру, басқа да ұлттық, сәндік қолөнер бұйымдарын жасауға баулу болып табылады. Еңбек сабағы - әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Еңбек пәнінің оқытушысы өзінің лауазымдық міндетіне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіпке баулу жолында үйірменің маңызы зор. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты тәрбилеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылықпен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық –технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады. Сабақ барысындағы оқытушының міндеті - оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру болып табылады. Болашақ технология пәні оқытушыларының педагогикалық білімін арттыру мәселесі қазіргі таңда кәсіптік білім мекемелері үшін ерекше маңызға ие. Мұның өзі соңғы жылдары біздің қоғамда орын алған, бүкіл білім беру жүйесіне тікелей қатысты әлеуметік-экономикалық өзгерістермен байланысты болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» міндеті қойылған. Заманауи жаңа технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі-технологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл міндеттің білім берудегі және кәсіптік дайындықтағы өз шешімін табуының көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты «Технология» білім саласының басты мақсатында: оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі материалдарды өңдеуге үйрету барысында қазіргі заманғы технологиялық үдеріске және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру қажеттілігі атап көрсетілді.

Әлемдік тәжірибеде ғылыми білімнің жаңа саласы – технологиялық білімнің қалыптасуы қазіргі мектептердегі осы өзгерістерге себеп болды. Сондықтан, білім беру саласында өскелең ұрпақты технологиялық даярлау мәселесі ерекше маңызға ие болды, өйткені ол келесі жаһандық міндеттерді шешуде басты детерминантардың бірі болып келеді: қоғамның тұрақты технологиялық дамуы, қоршаған ортаның бұзылу мен ластану салдарларын жою, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және т.б. Кеңес және Қазақстан мектептеріндегі еңбекке оқытудың дәстүрлі жүйесі еңбек іс-әрекетінің заманауи технологиялық күрделі түрлерінің мазмұнына, сонымен қатар жас ұрпақты технологиялық іс-әрекетке даярлау мазмұнына қайшы келеді. Осы қайшылықты шешу үшін мектептің оқу жоспарында, оқушыларды еңбекке даярлаудың мазмұны мен жағдайына өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты 2002 жылдан бастап Жоғары және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуішіне «Еңбек мұғалімі» орнына «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі» біліктілігі берілді. Қазақстан Республикасының егемендік алуына сәйкес білім беру саласында, соның ішінде мұғалімдерді кәсіби даярлауда да бірқатар өзгерістер болды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ішінде еңбек пәні мұғалімдерін даярлаудағы оқу жоспарлары өзгерістерге ұшырап, маман даярлау 5 жылдық оқу мерзімінен 4 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды. Мамандықтың квалификациясы өзгерді, жаңа стандарт бекітілді (1990ж). Жаңа стандартқа сәйкес еңбек пәні мұғалімдерін даярлайтын мамандық 0313 – «Еңбек» деп өзгертілді. Осы орайда жалпы білім беретін орта мектептердің еңбек пәні бағдарламасының мазмұнына өзгерістер ендіріліп, онда оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу мәселесіне баса назар аударылды.

Жалпы білім беретін мектептегі «Технология» пәні - бұл түрлі ғылыми білімдерді синтездейтін (математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан және т.б.) және олардың өнеркәсіпте, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылығында, сонымен қатар адам іс-әрекетінің басқа да бағыттарында пайдаланылуын көрсететін интегративтік білім саласы. Мектепте технологиялық білім беру барысында оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда шығармашылығын дамытуды басқару мұғалімнен осы педагогикалық іс-әрекет түріне тиісті дайындығы болуын талап етеді. Ол іс-әрекеттің мазмұнына мыналар енеді: оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулудың мақсаты мен нәтижелерін жобалау; сәндік-қолданбалы өнеріне үйретудің мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын іріктеу мен моделдеу; оқушылардың сәндік-қолданбалы өнері шығармашылығын дамытудың жеке бағдарламаларын (бағыттарын) құрастыру; шығармашылық іс-әрекет барысында жоспарлау мен мониторинг жүргізу және т.б.

Алайда, технология мұғалімдерінің көпшілігі әлі күнге дейін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиындықтарды бастан кешіп отырғандығын мойындау керек. Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттің осы түрін өз бетінше меңгеруі тиісті оң нәтиже беріп отырған жоқ. Сонымен, мектепте өскелең ұрпақты еңбекке даярлау жүйесін дамыту қисыны оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу тұрғысынан алғанда технология мұғалімдерінің педагогикалық білімін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. «Үздіксіз білім беру мәселесі педагогикалық теориямен практикада баяғыдан-ақ берік енгізілген. Жалпы алғанда, үздіксіз білім беру ұғымы мынаған келіп негізделеді: адамның білімі қазіргі таңда белгілі бір кезеңде, мәселен, жалпы білім беретін немесе кәсіптік мектепті бітірген соң аяқталып қалмайды, керісінше бүкіл өмір бойына жалғасып отырады», - [1].

Халықтың ұлттық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, кілем, аяқ қап, алаша, ши, түрлі бояу басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, тері илеп, қайыс, таспа тіліп, өріп әр алуан ыдыс- аяқ, адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап әшекейлейтін болды. Саз балшықты күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа көз жасап, оны тұтанғыш ету, балшыққа шөп -шалан орналастырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабына, қоғам даму процессінен туған айла - тәсілдер. Халықтың қолөнерінде мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы қайыс өру, қару - жарақ жабдықтары болатын. Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнеріндегі мәдени мұралардың тәрбиелік көзі, көркемдік дамуы мен дәстүр сабақтастығының негіздері, оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеудің қажеттілігін қалыптастырады. Білім беруді қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі қажет. Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дамытуда да жаңа буын оқулықтарымыз үлкен рөл атқаратын болады.

Ою-өрнектің шығып, тарауы қолөнер тұрмыстық заттардың өсіп өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала біледі. Олардың даму процесстеріне халықтық әлеуметтік сана сезіміне, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениеттің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болады. Сонымен қатар ою-өрнектің, ұлттық қолөнердің танымдылық, тәрбиелік маңызы ата - бабамыздың сезімдік талғампаздық дүниесі қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жерінің қасиетті топырағы мен тоғай тауларының құлпырған рең түрлері де қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, кілемқа, ыдыс аяққа, қару, жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. «Ұлттық қолөнеріміз бүгінгі тіршілікке бірден келмеген. Ою өрнек қолөнер адам баласының ақыл -ойларының толып, толқуымен, жүрегінің лүпілімен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар», - [2].

Еңбек пәні оқытушысының оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда үздіксіз педагогикалық білім алуының маңызы мынадан көрінеді: кәсіби даярлық кезеңінде оның бойына педагогикалық тәжірибенің шынайы жағдайларында қажетті білімдер мен дағдыларды өз бетінше алуға мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыру; өзінің кәсіптік-шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқушылардың мектепте технологиялық білім алу жағдайлары мен мазмұнын дамытуға ықпал ету. Мұндай жағдайларда технология мұғалімінің жетекші кәсіптік қасиеттеріне мыналар жатады: шығармашылық ойлауын дамыту; кәсіби белсенділік; ақпаратпен жұмыс істеудің әдіснамалық білімдері мен тәсілдерін меңгеру; іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге дайындығы мен қабілеттілігі; кәсіби-тұлғалық даму мен жетілуге деген қажеттілік. Осы үдеріс педагог тұлғасын әлеуметтендіру мен кәсіптендіруге, үздіксіз дамуға бағыттаудан, барлық деңгейде (орта, жоғары) педагогикалық білім беру мазмұнының өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстанда үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасын әзірлеуден көрінеді. «Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдірудің басты заманауи үдерістерінің бірі педагогикалық білім беруді ізгілендіру болып табылады, ол өз пәнінің құралдары арқылы оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға, оқытудың заманауи формалары, әдістері мен құралдарын жүзеге асыруға кәсіптік деңгейде дайын болып келетін болашақ маманның субъектілік дамуы мен өзін-өзі дамытуын қарастырады», - [3].

Болашақ технология пәні мұғалімдері отандық білім берудің үздік дәстүрлері мен әлемдік тәжірибені сақтау және оны арттыру негізінде еңбекке баулу мен тәрбиелеу жүйесінде жаңару идеяларының жаршысына айналуы керек. Сондықтан, бүгінгі күнде технология мұғалімдерінің отандық білім беру жүйесіндегі жаңа идеялар мен өзгерістердің маңызын түсінуі және оны жастардың еңбек дайындығы барысында жүзеге асыруы ерекше сипат алып келеді. Қорыта айтқанда, халықтық ұғыммен айтар болсақ, инновация - жаңалық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өнер, жаңа жүйе, жаңа өндіргіш күш, жаңа өндірістік қатынас, жаңа техника деген анықтамаға сәйкес келеді. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан менталитетіндегі ерекшелік - жаңалыққа жатсынбайтын асыл қасиетін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа дарытқан танымдық тағылымы уақыт озған сайын жетіле түсуде. Сол себепті, оқытушылар оқушыларға ата-баба дәстүрін дәріптеп, тарихи мұраны қайта жандандырып, болашақ ұрпаққа ұмыт болмастай ары қарай жандандыруы тиіс.


Әдебиеттер

1.Жолдасбекова С.А. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімдерін кәсіби даярлау: монография. - Алматы: Әрекет-Print, 2008. - 330 б.

2.Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. - Алматы, 1986.

3.Кожахметова К., Ұзақбаева С. Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері. - Алматы, 1985.



ӘОЖ 930.1:101.3
ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ Қ.А. ЯССАУИДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ «КЕМЕЛ АР» ЖӘНЕ «ЕРКІН ОЙДЫҢ» САБАҚТАСТЫҒЫ
Еркінбекова Ә.С., Өтегенов Б.Д.
ОҚМФА, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматриваются преемственность культурно-философских и этических взглядов аль-Фараби и А.Ясави

Summary
This paper considers the ethic views of Al-Farabi and H. Yassawi The ethic heritage of Al-Farabi and H. Yassawi is a spiritual oreientation for modern young generation
Әл-Фараби мен А.Яссауи тарихи тұрғыдан екі бөлек уақытта өмір сүрсе де кеңістіктік, дүниетанымдық тұрғыдан бір арнаның екі жағалауындай маңызды екі саланың өкілдері екендігі анық.

Көшпенді өркениет перзенттері әл-Фараби мен Яссауидің мәдени-философиялық және этикалық көзқарастары түркілік мәдениеттің ықпалымен күрделі дүниетанымдық кешеннің проблемалық өрісінде дамып, ғалам діндерінің дәстүршілдігі өкілдерімен пікірталаста түзілді. Әбу Насыр әл-Фараби мен Яссауи дүниетанымының түркілік мәдениеттен алған бастаулары жалпы қазақ адамгершілік философиясының ажырамас бөлшегі ретінде адамзаттың ортақ құндылығы екендігі даусыз.

Бұл кемеңгерлердің кескін - келбеті, өмір үлгісі, тағдырлық нәсібіндегі мінез-құлықтық, саяси қарама-қарсы күштердің, талаптардың немесе мүдделердің қақтығысуы, қажыр-қайрат пен азаматтық ерліктері бүгін аңызға айналып отыр. Көздерінің тірісінде-ақ сол кезеңдік тұрғыда жоғары бағаланып, сарай төрінен орын алған бұл ойшылдар біздің күнімізге дейін жетіп, мақсат-мұраттарының тереңдігі арқылы өз өміршеңдігін жойған жоқ. Әл-Фараби мен Яссауидің шығармашылық мұраларын әлемнің түкпір-түкпірінен кездестіруге болады. Біздің заманымызда бұларға деген қызығушылық күннен - күнге өсіп отыр. Елімізде ұлы ойшылдардың мұрасына арналған ғылыми еңбектер жеткілікті. Алайда екеуінің түркі-мұсылман әлемі дүниетанымындағы мәдени-философиялық сабақтастықты талдау соны жаңалықтардың бірі болып отыр.

Кемеңгер ойшылдардың мұраларында дана адам этикасы, оның қоғамдағы мінез-құлқы, маңайындағы адамдар тағдырына жауапкершілігі, алауыздықты, қантөгісті және басқа да әлеуметтік қарама-қайшы күштердің немесе мүдделердің қақтығысуын болдырмау мәселесі орталық тақырып болып табылады. Олардың ойынша егер кімде-кім өнегелі қасиет пен қайырымдылыққа оған қосы игілікке қабілетті болмаса ғылымда елеулі жетістікке жете алмайды. Міне сол әл-Фараби мен Яссауидің ілімдері адамзаттың ізгілігін молайтуға, соны шыңдап тәрбиелеуге және мадақтауға бағытталған. Қос ғұлама да өз туындыларында дана адамның көңіл қанағаттанарлық қасиеттеріне көп мән беріп отырады. Себебі ғалымдар теориялық тұрғыдағы еңбектермен ғана емес практикалық моральмен оны тәрбиелік мәні және қызметімен де айналысады. Кемел адамның бойында ғылыми толысу мен өнегелілік үндесу керек. Яғни білім мен ар тұтас өріліп тұрса ғана ол өнеге адам.

Әл-Фараби және Яссауи «кемел» философтарды сынға алып, бірқатар талаптар қояды. Дана тұлғалардың интеллектуальды құндылығы этикалық сана мен пайымның құрамдас бөлімі; дана адам дегеніміз – қайырымды тұлға. Ал «даналық дегеніміз – қалған басқа заттардың болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және себептері бар заттардың таяу себептерін білу» [1]. «Нағыз философ – кемел даналықты иемденетін адам». Ол «бұзылған, ашқарақ, сараң емес». «Малды көп жинап, аз жұмсасақ – сараңдық содан пайда болады. Ол өте жиіркенішті нәрсе» деген әл-Фараби. Ал, Яссауи болса ғалымдарға, қолөнершілерге, көпестерге т.б. қоғам өкілдеріне мінездеме беріп отырады. Өйткені қоғамның барлық мүшесінің қызметі маңызды. Барлығы бір - біріне керек. Қоғамның дамуы үшін өміршең моральдық - этикалық негіз қажет. Адамдар оны бірігіп жасайды. Яссауи қоғамның басшыларына назар аудара отырып, бектерге қатысты пікірлері көп: «патшалардан әділдік кетер ақырзаман болғанда, залымдар ғалым болар ақыр заман болғанда» деп жалғасып кете береді. Негізінен Яссауидің этикалық ілімі бойынша әрбір істі сол кәсіптің маманы атқаруы керек. Елді амирлер, дінді ғұламалар, арды фуқаралар мойнына алып атқарсын дейді.

Этикалық алғышарттар туралы сөз болғанда әл-Фараби «егер балалар осы алғышарттарды қабылдауға қарсы шықса және өскеннен кейін олардан бас тартса, онда да балалар осы бір этикалық нормаларды сыйламағандығы және оларды балағаттағаны болып табылатын әрекеттері үшін жазаланатын», – деген тұжырымдаманы ұсынады [2]. Философтың ең жақсы жағы – білімділік, ал оның ақыл-ойы құрметке ие болуына мүмкіншілік жасайды. Этикалық нормаларға күмән келтіруші адам қатігездікке душар болады. Қайырымды ел тұрғындарының арасында оларға орын жоқ. Әл-Фараби мен Яссауи зерттеулеріне жүгінетін болсақ, этиканың басы – ата-анаңды құрметтеу. Сол себепті де егер «ата-ананы сыйлау керек пе?» деген сауалдың өзіне дәлелдер мен себептердің қажеті жоқ. Ата-ана мен бала қарым - қатынасы туралы «жаман ұрық ексең, жаман өседі, жаман жүк боп, өз мойыныңды кеседі», – деп бала тәрбиесі туралы сөз етеді [3]. Ортағасырлық мұсылман әлемінде маңызды мәселенің бірі болып табылатын адам тәрбиесіне Әл-Фараби де, Яссауи да аса қатты мән беріп, баланы туа салысымен тәрбиелеу әдісін ұсынады. Баланың педагогикалық тәрбиесін ерекше марапаттайды. Өйткені тәрбиелеу барысында ыждағатты, ілтипатты болу керектігін түсіндіреді. Баланың бойына пайдалы әдеттер мен қайырымды моральдық мінез-құлық сіңіру керек, сонымен қатар сауатын ашып, негізгі кәсіп пен түрлі еңбек түрлері мен өнерге баулу керек.

Әл-Фараби мен Яссауи ақыл-ой мен білімге, мейірімділік пен үмметтердің өзара туыстығы мен бірлігіне ерекше ілтипатпен қарап, моральдық ақсап тұрған тұстарына соққы берген.

Яссауи рухты философиялық тұрғыдан емес, таза моральдық - этикалық тұрғыдан қарастырады. Бұл ұстаным оның ілімінің негізгі ерекшелігін, ар түзейтін ғылым екендігін көрсетеді. Яссауи ілімінде нәпсі бүкіл жамандықтардың бастауы, ал рух болса игілік пен ізгіліктердің көзі. Ақыл рухтың асыл қасиеті ретінде мақталып жатса, адамдағы ең төмен құмарлықтардың көзі нәпсі мен оның әуейілік сипаты датталып жатады.

Адамның моральдық-этикалық кемелдену хәлдері Яссауидің ілімінің негізгі мәселелері болып табылады. Яссаиудің ар ілімінде бұл хәлдер жағымды және жағымсыз болып екі полюске бөлінеді. Яссауи ілімінде жағымды хәлдердің қатары махаббат, батылдық, төзімділік және т.с. жалғасып кете береді. Жағымсыз хәлдерге қорқу, тіленшілік, басқаларға құлдық, кек пен қанды басты критерий ретінде қабылдау және т.с.с. Міне, рухты оның қоғам тіршілігіндегі көрінісі арқылы моральдық рухани құндылықтар тұрғысынан тануға, анықтауға болады екен.

Рухани еркіндікке жетудің сатыларын Яссауи “Хақты тану үшін алдымен өзіңді таны” және “Өлмес бұрын өл” сияқты екі концепция арқылы тұжырымдап берген. Ислам мәдениетінде ішкі еpкіндік жайындағы мәліметтің қайнаpы-дін. Ал, дін деген адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еpкіндікке” жетудің жолын көpсететін Алла таpапынан беpілген құдайлық жол.

Яссауи моральдық еpкіндік мәселесінде адамдаpды екі топқа бөліп қаpастырады. Біpінші топтағылар - “еpкіндікті аңсаушылаp” - бұлаp тек қана тәңірге табынып, құлшылық етеді; ал екінші топтағылар да-“еpкіндіктен қоpқатындаp”- Алладан басқасына табынып, құлдық ұpады, бұлаp нәпсі, мансап, байлық, атақ, мақам, дүние, адам және т.б.

Жаһандану үрдісінде мәдениет философиясының құндылығы болып табылатын махаббат пен көркемдік проблемасының ерекше көтерілуі қажеттілік болып отыр. «Махаббат мәселесі қазіргі философия мен гуманитарлық ғылымда бірте-бірте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, адамзат өзінің ұзақ тарихында қатігездіктен, соғыс пен зорлықтан шаршай бастады. Қазір махаббат пен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемді тану жолында жаңа көзқарасты өзара түсіністік философиясын қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұр» [4].

Қазіргі ғалымдарымыз айтып жүргендей, махаббат – өмір сүру тәсілі. Әл-Фараби мен Яссауидің этикалық мұраларында негізгі орынды таңғажайып көркемдік пен махаббат мәселесі иеленеді.

Ал, Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикметте:

«Ғашықсыз адам хайуан тектес, мұны тыңда,

Шын дерттіге өзім дәрі, өзім дәрмен,

Әрі – ғашықпын, әрі – Мағшуқпын, Өзім – Жанан.

Рақым қылайын, атым – Рахман, Затым – Субхан»,– дейді [5].

Әл-Фараби этикалық тұжырымдамасы бойынша орталық ұғым – адам деп таниды. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, адам - өз сұлулығын өзі жасаушы, тек адам ғана әсемдікті жасауға қабілетті, себебі, ол ізгілікті іздеу және тудыру қабілетіне ие. Адам өзінің бар жаратылысымен бақытқа, өмірдегі әсемдікке ұмтылады және әсемдікке ие болып, сол әсемдікті аялауға қабілетті болғанда ғана бақытқа қол жеткізеді [6].

Әл-Фарабидің түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да үлгілі болатын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс»,- деген. Әл-Фараби нағыз парасатты ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу керектігін айтып, жоғарыдағы сызба да көрсетілгендей сипаттама береді. Ал алты жүре даритын қасиеттерге мынадай қасиеттерді жатқызады: дана болу, жадында сақтау, тапқырлық, жігерлендіре білу, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат ету, әскери өнерді білу. Суретті қараңыз:


Алғыр да аңғарымпаз



Өнер-білімге құштар

Өткір сөз иесі



Мүшелері мінсіз





Қанағатшыл







Шыншыл





Әділеттілікті сүйетін










Батыл ержүрек




Ар- намысшыл


Жақынға да жатқа да әділ


Жадында сақтау


Шешімтал

Сурет 1 - Әл-Фараби этикалық іліміндегі “Парасатты адам” үлгісі.
Идеал басшыда болу керек ерекшеліктерді Фараби осылайша көрсетеді. Осы ерекшеліктер бір адамның бойынан табылуы мүмкін болса да Фараби олардың жартысына ие болған адамның да басшы бола алатындығын қабылдайды. Әл-Фарабидің іліміндегі «Парасатты адамға» қатысты қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.

«Кемел адам» концепциясы Яссауидің этикалық ілімінің түпкілікті мұраты. Яссауи іліміндегі «Кемел адамға» жетудің алғышарттарын Тәңірді (Алланы) тану, шексіз жомарттық, мінсіз шыншылдық, Тәңірлік (Аллалық) таным, тәуекел, терең ойшылдық деп көрсеткен. Ал рухани даму жолында кемелдікке жету үшін нәпсіні тәрбиелеудің сатыларын көрсетіп береді.



Бұдан аңғаратынымыз, қос ойшылдың ілімдеріндегі «Парасатты адам» және «Кемел адам» парасатты сөз, парасатты іс, парасатты ахлақ (мораль) және таным (білім) тұрғысынан «Толыққанды адам» деген сөз. Нәтижесінде текті,парасатты, ізгі, әділ кісі қалыптасады. Суретті қараңыз:


Алланы тану

Шексіз жомарттық


Мінсіз шыншылдық


Тәңірлік таным


Тәуекел


Терең ойшылдық

Сурет 3 - Яссауи іліміндегі нәпсімен күрестің кемелдік сатылары











Сурет 2 - А.Яссауидің іліміндегі «Кемел адам» үлгісі





























Сурет 4 - Әл-Фараби және А.Яссауидің көзқарастарындағы

Сабақтастық




Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет