Естественные и педагогические науки



бет23/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Әдебиеттер


  1. Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. - Алматы: Қазақ университеті, 1997.

  2. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы және М.Шоқай // Ақиқат. - 1993. - №3.

  3. Қыдыралиев Д. Қ. Мұстафа Шоқай. - Астана: Фолиант, 2007.

  4. Қыдыралиев Д.Қ. Мұстафа Шоқайдың шетелдегі ізбасарлары // Әл-Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 4.

  5. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай в эмиграции. - Алматы: Изд-во «Мектеп», 2009.

  6. Ахметова Ж.Қ. Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметінің Түркістандық кезеңі (1917-1919 жж.): т.ғ.к. ...дисс. афторефераты. – Алматы, 2006.

  7. Кодар А. Жизнь и творчество Мустафы Чокая: необходимость переинтерпретации // ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары және ұлттық мемлекеттілік: мұрағаттар, келелі мәселелер, келешегі. Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары. – Алматы, 2008.


ӘОЖ 378 (075,8):562
ТРЕМАТОДТАРДЫҢ ДАМУ ЦИКЛЫ
Муминова К.Ш., Жанузакова У.М., Моминов Ж.Д.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент , Қазақстан
Резюме
Цикл развития трематодов
Summary
Cycle of development of trefmatoda
Трематодалар (грек сөзі trematodes – сорғышты) жалпақ құрттар қатарына жатады, бұлар қоздыратын ауруларды трематодоздар деп атайды. Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, гельминттер мал және адамның бауыры мен ұйқы безінде, қан тамырында, ащы ішегінде аналық ұрық түтігінде, т.б. мекендеп, өмір сүреді. Бұлардың көп тараған 3 мыңдай түрі бар. Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне пішіні жапырақ сияқты, тіл тәрізді болады. Ұзындығы 0,1мл-ден 10-15 см-ге дейін жетеді. Ауызы денесінің ұшында орналас-қан. Ауыздың еміреуіні қалыңдап, бұлшық еті мол ауыз сорғышқа ай-налған, ал құсақ сорғышы денесінің орта шенінде жайғасқан, бірақ кей-біреулерінің (парамфистоматалар) құрсақ емізігі құрттың артқы шетінде қалыптасқан.

Осы сорғыштары арқылы құрт иесінің ұлпасына жабысып тұрады. Бекіну органдарынан басқа трематодалардың асқорыту, зәршығару, жүйке (нерв) және жыныстық жүйелері бар. Қан айналу тыныс алу жүйелері жоқ. Қоректенуі. Қорек құрттың аузы арқылы жұт-қыншаққа барып, одан тармақталған екі ішеккке өтеді. Қорытылмаған ас қалдығын сол ауыз тесігі көмегімен сыртқа шығарып тастайды. Зәр шығару, құрт денесінің барлық жерін толып тарамдалған өте жіңішке түтікшелер торлап жатады. Зиянды сұйық өнімдер ағып келеді де құрт төменгі шетінде орналасқан қуықша арқылы шығарылады.

Жүйке жүйесі жұтқыншақтың айналасына жалғасқан жүйке түйінінен басталады да талшықтары жан-жаққа таралады әсіресе бұлар сезімтал мүшелерді қоршап өрімдер жасайды. Жыныстық ағзалар. Сорғыштардың басым көпшілігі қосжыныстылар немесе (гермафродиттер), бірақ дара жыныстылары да бар (шистосоматалар). Еркектік мүшелер екі еннен (аталық бездері) тұрады, әрқайсысын ен түтігімен жалғасады, олар тұқым жиналатынын кең түтік боп түйісіп, еркектік жыныс тесігімен аяқталады. Түтіктік тесігіне таяу қысқа бөлігі нығыздалып келеді және ол сыртынан көпіршікпен қапталып тұрады, оны жыныстық сауыт (бурса) дейді. Ұрғашылық мүшелері: оотип, тұқымдық немесе аналық без, тұқымдық түтігі, тұқым қабылдағыш уыздық, мелис денешігі, Лаурер каналшасы, жатыр қынап және сыртқы жыныс тесігінен құралған. Оотипке еркектік және ұрғашылық тұқымдар шағылысып жұмыртқа пайда болады.

Уыздықта қалыптасқан затттар жетіліп келе жатқан жұмыртқаның қоректенуіне жұмсалады. Құрт жұмыртқасы жақсы жылжуы үшін Мелис денешігі оотип пен басқа да жыныс жолдарын майлайтын сұйықтық бөліп тұрады. Лаурер қалташасы сыртқы ортаға қажетсіз артық заттарды шығарады және кейде ұрғашы жыныс тесігінің міндетін атқарады. Сорғыштардың өсіп-өнуі аралық иелері суда не құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысуымен өтеді. Кейбіреулердің даму циклы ұлулармен шектелмейді, бұлардан басқа қосымша иелері боп табылатын-алтыаяқты жәндіктер (насекомадар), өрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т.б. Ақтық иелері ішқұрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бөліп шығарады. Жұмыртқа ішіндегі ең алғашқы балаңқұртты мирацидий деп атайды. Балаңқұрттың ары қарай дамуы арқылы иесі-ұлумен байланысты. Ұлу денесінде мирацидий –спороцистаға, ал ол редияға айналып жетіледі. (Құрлық бауыраяқтыларда тремодоталардың редиялық сатысы жоқ). Редиялар сорғыштың келесі даму сатысы церкарийлерге айналады. Ұлу денесінен құйрықты церкарийлер бөлініп шығады, олар судағы немесе жағадағы өсімдіктерге жабысып, құйрықтарын тастап, қабыршықтанып, дөңгеленіп соңғы адолескарий деп аталатын залалдағыш жұқпалы сатысына жіктеледі. Егер құрттың даму үшін қосымша ие қажет болса, онда церкарийлер бұлардың ішінде еніп инвазиялық сатысы метацеркарийлерге айналады. Тремтодолар тобының (класс) негізгі тек бұтақтары (подотрядтары) - үшеу: фасциолята, парамфистомата және гетерофиата[1].





Трематода құрылысы
Фасциоляталар-Fasciolata маңызды үш тұқымдастардан қалыптасқан:

Fasciolidae фасциолиде, дикроцелииде және Prostoqonomidae-простогонимде. Құртттың құрсақ сорғышы ауыз емізігіне жақын уыздықтары денесінің екі бүйірінен орын тепкен. Трематодалар бір немесе екі аралық иелерінің қатнасуымен дамиды



Парамфистоматалар–Param-phistomata бір ғана тұқымдастан

Prostoqonomidae-парамфистомидилерден тұрады. Құрсақ емізігі гельминт денесінің артқы шетінде орналасқан. Аралық иесі біреу тұщы су ұлулары жұқпалы балаңқұрт адолескарий. Гетерофиаталарға - Opisthorehidae тұқымдастары жатады, қосымша иесі балықтар. Сорғыштардың жыныс бездері денесінің артқы жақ шетіне жайғасқан.



Трематодтардың дамуы (биологиясы, өсіп-өнуі) Трематодтар– биогельминттер, олардың дамуына екі немесе үш ие қажет. Ақтық иелері - олардың денесінде трематодалардың ересек сатысы- имагосы, тіршілік етеді. Ақтық иелердің ішінде адам, жануарлар, құстар бар. Аралық иелері - ол трематодалардың балаң, пісіп жетілмеген сатылары мекендейтін организмдер. Аралық иелердің ішінде көбінесе су және құрлық ұлулар болады. Қосымша иелері – ол трематодалардың инвазиялық, яғни ауруды жұқтыратын сатысы мекендейтін организмдер. Қосымша иелер ішінде әр түрлі жәндіктер, балықтар болады.

Трематодалардың даму циклы өте күрделі, бірнеше сатыдан тұрады, және трематодалардың әртүрлі сатылары бірнеше организмдерді, олардың ішкі мүшелерін ауыстырып тұрады [2].


Трематодалардың даму нобайы
Имаго (=марита) ақтық (= соңғылық) иесінде.

Жұмыртқа (жетілген немесе жетілмеген) - сыртқы ортаға нәжіспен түседі.


Мираций - (1-3 күнде жұмыртқаның ішінде қалыптасады).

Спороциста

Редийлер Аралық иеде (су немесе құрлық ұлуларда) 1,5 – 2 ай

Церкарийлер

адолескарий немесе метацеркарий

(сыртқы ортада) (қосымша иеде)

имаго

(2,5-3 айдың ішінде) - ақтық (=соңғылық иесінде)



Трематодалардың дамуы 4 – 5 айдан 1 – 1,5 жылға дейін созылады. Сорғыштардың өсіп - өнуі, аралық иелері суда немесе құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысымен өтеді. Кейбіреулерінің даму циклы ұлулармен шектелмейді, дамуы қосымша иеде жалғасады. Олардың басқа қосымша иелері болып табылатындар - алты аяқты жәндіктер, өрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т. б.
Әдебиеттер
1.Казанский И.И. Паразитические простейшие Казахстана .т.5.-Алма-Ата1994.

2. Муминова К.Ш. Омыртқасыздар зоологиясы. Шымкент 2013ж.


ӘОЖ 378 (075,8):57
Резюме'>ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Муминова К.Ш., Жанузакова У.М., Моминов Ж.Д.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Биологические основы паразитологии
Summary
Biological bases of parasitology
Жер жүзінде мекендейтін организмдер өздеріне қажет қоректік заттарды екі жолмен табады. Кейбір организмдер қоректік заттарды өздері түзеді, оларды автотрофтар деп атайды. Оларға өсімдіктер және кейбір бактериялар жатады. Планетаны мекендеген барша организмдер бір-бірімен тығыз байланысты болып, кейбір жайларда бірлесіп өмір сүреді. Биологиялық қарым-қатынастың мынадай түрлері болады.

1) Немқұрайлы (индифферентті),



2) селбесулік (симбиоз) [1].

3) бір-біріне қас қарым-қатынас. Немқұрайлы қарым-қатынаста тірі организмдер бір-бірімен көршілес өмір сүрсе де, біріне-бірі тәуелді емес, бірақ барлығы бірге органикалық бүтіннің жиынтығын құрады. Мысалы, теңіз түбінде өмір сүретін коралл полиптері, теңіз жұлдыздары, мұртаяқты шаяндар және т.б. байланысы достық қарым-қатынасқа (симбиоз) жатады. Достық қарым-қатынастың негізіне әрі кеңістік (бір жақты селбесу және пәтершілік), әрі қоректік (коммменсализм) байланыстар жатады. Көбінесе бұл қарым-қатынастар бір-біріне шиеленісіп кетеді. Бір жақты селбесу немесе синойкия достық қарым-қатынасына бір организм екінші организммен селбесу кезінде бір-біріне ешқандай зиян келтірмей, кейбіреуі өзіне пайда табады. Мысалы: теңіз жаңғағы кейбір қауашақты ұлулардың сыртына жабысып алып, ұлулар қозғалғанда қоректенуге мүмкіндік алады. Ал ұлулар мұндай қарым-қатынастан не пайда, не зиян шекпейді. Екі жақты селбесу немесе мутуализм деп аталатын қарым-қатынастың түрінде байланысқа қатысушылардың екеуі де бір-біріне пайдасын тигізеді. Мысал ретінде ірі қара малдың мес қарнындағы кірпікті қарапайымдыларды келтіруге болады. Олар ірі қара малға көлемді азықтарды толық қорытуға көмегін береді, сондай-ақ олар ыдырағанда, өз денелерімен азотты заттарды толықтырады. Бұл жағы ірі қара малға пайда болса, ал кірпікті қарапайымдылар мес қарынды мекен ретінде пайдаланады және одан қорек те табады. Пәтершілікте бір жануар екінші жануарды уақытша мекендеу үшін пайдаланады. Мысалы: ұсақ ащы-балықтар өз уылдырығын қосжақтаулы тіссіз ұлулардың қосжақтаулы тіссіз ұлулардың шапанша қуысына салады. Сондықтан да, ұрығы аз өнімді балықтың уылдырығы қауіпсіз жерде дамып, басқа жануарларға желінбейді. Ащы балық мұндай пәтершіліктен пайда көрсе, ұлуларға ешбір зиян келмейді. Комменсализм немесе қоректік қарым-қатынаста бір жануар екінші жануардың қалдығымен қоректенеді, бірақ жануарлардың өзіне ешбір зиянын тигізбейді. Мысалы: адам ауызындағы Eutoameba suigingivali деген қарапайымдылар ондағы азықтың қалдығымен қоректенеді, бірақ ауру қоздырмайды. Қастандық қарым-қатынаста екі организм де бір-біріне зиянын тигізеді. Мұндай қарым-қатынастың түр тармағына қансорғыштық пен паразиттік жатады. Жыртқыштар әдетте өз қарсыласынан күшті келіп, оларды құрбандыққа шалады. Паразиттер өз тіршілігі және ерекше тіршілік жағдайына әбден бейімделген. Қарым-қатынаста болған организмдердің бірігіп даму эволюциясы нәтижесінде паразиттік дамыған. Паразит басқа организмсіз иесіз өмір сүре алмайды. Мұндайда бір организм екіншіге зиянын тигізеді, кейбіреулердің біреуі екіншісінің паразиті болады. Сондықтан паразиттерді анықтағанда мыналарды ескеру шарт: біріншіден ішектегі қатынас, себебі организмдердің тікелей жаңа суынсыз қатынас болуы мүмкін емес, екіншіден-паразиттің ең міндетті белгісі өзінің иесінің шырыны, ұлпасы, қорытылып жатқан азығымен қоректенуі және үшіншіден паразиттің иесіне тигізер ауру қоздырғыштық әсері. Барлық көрсетілген қарым-қатынас түрлері қоршаған ортаның әсерімен эволюциялық даму салдарынан қалыптасқан. Әрине селбесу мен паразиттік немесе паразиттік пен қоздырғыштық арасында шұғыл айырмашылық жоқ, себебі бұл аурулар түрлері арасындада өткінші түрлері кездеседі. Мысалы, қансорғыш туысына жататын қандала түрлерінің ішінде өз еркімен өмір сүре отырып жәндіктермен қоректенетін жыртқыштары бар ал, жыртқыштықпен қатар кейде қан да сорады қандаласы тек қана адам, үй құстары және жануарлардың қанымен қоректенеді. Паразитизм деген ұғымнан басқа тағы үстеме паразитизм (зоо-паразитизм) деген ұғым бар. Бұл бір паразиттің екінші паразиттегі тіршілік түрі. Мысалы, бишікті қарапайымдылар (meleagri-dis) кейбір жұмыр құрттардың (Heterakis) жұмыртқасында паразиттік өмір сүреді. Бұл екі паразит түрі тауықтардың ішектерінде өмір сүріп, әр қайсысы өз алдына ауру тудырады. Үстеме паразитизм-ішқұрттар, жәндіктер және кенелер арасында кездеседі. Мысалы, Bunostomum туысына жататын ішек құрттардың мониезиялардың таспасында тіршілік ететіндігі жағынан.Тағы бір мысал: егеуқұйрықтардың қуығында тіршілік ететін. Tricosomoides crassicauda ондағы жұмыр құрттардың жыныс мүшелерінде тіршілік етіп, олардың қынабын мекендейді екен. Еркек құрттар өте кішкене қынап ішінде жатып жұмыртқасын ұрықтандыру қызметін атқарады. Сондай-ақ жалған паразиттер туралы ұғым бар, оларға кездейсоқ жағдайларда ішке, мұрынға, ауызға және т.б. дене ағзаларына түсіп, уақытша олардың қалыпты қызметін бұзатын өз бетімен өмір сүретін организмдер жатады. Паразит түрлері. Паразиттік өмір сүретін, жануарлар дүниесіне жататын организмдерді уақытшалы және тұрақты деп жіктеуге болады. Уақытша паразит-өзінің бүкіл өсіп-өну айналымын, жұмыртқадан ересек сатыға дейін, иесінен тыс жерде өткізіп, оларды тек қоректенгенде ғана пайдаланады. Бұларға соналар, масалар, төсек қандалалары және кейбір кенелер жатады. Кейбір паразит мезгіл-мезгіл жануарларға яғни өз иелеріне шабуылдап,олардың қанын сорып қоректенеді. Бұлар әдетте эктопаразиттер яғни сыртқы паразиттер. Тұрақты паразиттер-иелерінде ұзақ уақыт өмір сүріп, оларды қоректену үшін ғана емес, мекендеу үшін де пайдаланады. Олар дене сыртын емес немесе ие организмінің ішкі мүшелерін мекендейді. Бұл паразиттерді үнемі және кезеңді деп екіге бөледі. Үнемі паразиттер (биттер, қотыр кенелері және т.б.) иесінің үстінде немесе оның организмінде өмір сүріп, барлық өсіп-өну айналымын осында өткізеді. Кезеңді паразиттер иесін өзінің өсіп-өну айналымының белгілі бір сатысында ғана мекендейді. Мысалы: бөгелектер ие организмінің тек қана балапан құрт сатысында ғана мекен етіп, ал ересектері мен қуыршақ сатысы сыртқы ортада өмір сүреді. Жалпақ таспа құрт ересек, яғни таспа сатысында адамда және кейбір етқоректілерде өмір сүрсе, ал оның балапан құрттары-процеркоидтар циклотоптарда, плероцеркоидтары әртүрлі балықтарда, жұмыртқалары су қоймаларында тіршілік етеді. Кезеңді паразиттердің қатарына ішқұрттардың көпшілігі жатады. Паразит туралы ұғым оның иесімен тығыз байланысты. Сүтқоректілер организмінде үнемі немесе уақытша паразит мекендеп қоректенсе, ондай жануарды немесе адамды ие деп атайды. Сондықтан паразит туралы сөз қозғағанда, әр түрге жататын паразиттер және оның иесін немесе иелерін еске алу қажет. Бір иеде ғана мекен ететін паразитті гомоксенді немесе бір иелі деп атайды. Өзінің өсіп-өну айналымында екі немесе бірнеше иелерді мекен ететін паразиттер де бар. Мұндай паразиттерді гетероксенді немесе көп иелі деп атайды. Мысалы, жануарлардың қаны мен тасымалдаушы-кенелерде тіршілік ететін пироплазмалар мен тейлериялар. Сондай-ақ адамннның ішегінде Taenia solium таспа сатысында, ал шошқаның бұлшық етінде қуықша бұршақ тәрізді балапан құрттары өмір сүреді. Мұнда иелерінің өзгеруі паразиттің сатылап дамуына байланысты, балапан құрт сатысы бір иеде, ал ересегі – басқа бір иені мекендейді.

Паразттің әр сатысы құрылысы және физиологиясы жағынан өз ерекшелігімен сипатталады. Көптеген жағдайларда паразиттердің ие ауыстыруы ұрпақ кезектесуіне байланысты, олар жынысты-жыныссыз немесе осылардың кезектесуімен өсіп-өнеді. Паразиттің ересек сатысы қалыпты иені ақырғы немесе дефенетифті ие деп атайды. Жәндіктің де-несінде паразит жынысты түрмен көбейеді. Денесінде паразиттің бала-пан құрты дамитын организмді-аралық ие деп атайды. Оның денесінде паразит күрделі өзгерістерден өтіп, жыныссыз түрмен көбейеді, ал кей-бір паразиттерде бір емес бірнеше аралық иелер болады. Екінші аралық иені қосымша ие деп атайды. Бұлар тікелей ақырғы иеден ауру жұқтыра алмайды. Көбінесе аралық және қосымша иелер ақырғы иеге қорек болып табылады. Егер аралық ие ақырғы иеге қорек болмайтын болса, аралық ие денесінде жыныссыз түрмен дамыған балапан құрттар қор-шаған ортаға шыққаннан кейін ақырғы иесінің денесіне енеді. Паразит-тер өзінің дамуына қолайлы жағдай табатын иелерді қалыпты немесе міндетті иелер деп атайды. Облигатты ие денесінде паразиттің тірі қал-ып, тез өсуіне және мол ұрпақ беруіне мүмкіндік береді. Паразит мекен еткенмен, бірақ толық беймделе алмайтын қоректі факультативті немесе міндетсіз ие деп атайды. Әдетте оларда паразит саны аз болады және оның өзі де сирек кездеседі. Бір қатар организмдерде мұндай иенің денесінде паразит толық өсіп-өнбей, басылып та қалады. Мысалы, жалпақ таспа құрт адам денесіне бейімделген ол онда ұзақ уақыт тір-шілік етіп, өте ұзын болып өседі. Бірақ, осы таспа құрт түлкі орга-низімінде ұзарып өспейді, ондағы тіршілігі екі айға ғана созылады. Жалған паразиттік-кездейсоқ жағдайда мал денесіне енген, өздігінен өмір сүретін организмдер, яғни паразит бірқатар уақыт қана жануар денесінде өмір сүруі мүмкін. Мысалы, тироглифид сасық кенелері жеммен бірге жануарлардың асқазан жолдарына еніп ішек қызметін бұзады. Паразит денесінде өсіп-өнбей, тек қана инвазиялық жолында паразит жиналатын иені резервуарлы ие немесе қор жинайтын ие деп атайды. Паразит өсіп-өну айналымында мұндай ие міндетті емес, ол инвазияны жинайды және тасымалдайды, ал өзі соңғы паразитке бейім иенің көбірек зақымдануына әкеп соғады. Резервуарлы иелерді пайдаланатын ішқұрттарға мысал ретінде тауық ішегінің жұмыр құрты-Hete-rakis gallinarum келтіруге болады, олардың балапан сатысы шылыушын құрт денесінде көптеп табылады [2].



Паразит тасымалдаушы жануарлардан оларға бейім жануарларға қансорғыш кенелер мен жәндіктер арқылы да жұғады. Егер қоздырғыштың өсіп-өну айналымының бір бөлігі тасымалдаушыда өтсе, ол тасымалдаушыны арнайы өзіне тән деп есептеуге, ал қоздырғыш тасымалдаушыда өсіп-өнбесе арнайы емес, механикалық тасымалдаушы деуге болады. Арнайы емес тасымалдаушылар паразитпен зақымданған жануарда қоректену кезінде паразитті қабылдап алып, кейін ауруға бейім жануарда қоректенгенде оларға оны жұқтырады. Паразитизм-өздігінен өмір сүретін организмдерден селбесу мен жыртқыштық қарым-қатынастың әр түрлерінен шыққан. Тарихи даму салдарында, паразиттерде ие организміне біртіндеп бейімделу қалыптасқан, ал кейбіреулері қоршаған орта жағдайына бейімделген. Иесі мен паразит арасындағы қарым-қатынастың шығуы және оның эволюциялық қалыптасуы ұзақ уақыт тарихи даму салдарынан болған. Мұндай эволюциялық даму жекелеп алған паразиттерде ғана емес, белгілі бір аумақтың бір-біріне ұқсас организмдерінде де, яғни олардың популяциясында болды. Паразиттердің құрылысы мен физиологиялық қызметтерінің эволюция жағдайында өзгеруі, мутациялық өзгерістер негізінде болады. Олардың ішінде қорек қабылдауға және өзгерген қоршаған ортаға тіршілік етуге ең жақсы бейімделгені ғана сұрыпталудан өтеді. Паразит популяциясында пайда болған өзгерістер ұрпақ қуалау қабілетімен бекітіліп отырады, оны тасушы ДНК-дезоксирибонуклейн қышқылы. Нәсілдік белгілері ұрпақтан ұрпаққа ген кодтары арқылы беріліп отырады. Қарапайымды паразит бір торшадан тұрады, бірақ оларға барлық тіршілік нышандары тән (қоректену, алмасу, көбею және т.б.) Көп-торшалы паразит тәрізді қарапайымдыларда да рибосомдар, митохондриялар, лизосомдар және т.б. органеллалар бар. Торшада белок түзілудің жалпы заңдылығы көпторшалы организмдердегі заңдылыққа ұқсас. Паразитке бейімделу жолында торшада қоректенуге және қозғалуға байланысты өзгерістер дамыған. Әлбетте, тарихи даму кезеңінде сұйық ортаға бейімделген паразит организмдерде қозғалу мүшесымақтары дамыған. Шынында да, қан сарысуында тішілік ететін трипаносомаларда толқын жарғақтары және бишіктері бар, солардың көмегімен паразит өте жылдам қозғалады. Торша ішілік паразит болған қарапайымдыларда ерекше мүшесымақ-коноид бар, ол иесінің торша цитоплазмасына ену үшін қажет.

Көпторшалы организмдерде паразиттікке көшу жолында олардың құрылысында, қоректену әдісінде, зат алмасуында, көбеюінде азды көпті өзгерістер болды. Кейбір көпторшаларда, әсіресе сырқы паразиттерде организм құрылысы мүлде өзгермеген. Тек қана қоректену әдісінде ғана өзгерістер бар, ол әсіресе қансорғыш жәндіктер-соналарда айқын байқалады. Сыртқы пішініне қарағанда олар өздігінен өмір сүретін қосқанаттылардан айнымайды, бірақ олардың тұмсығы теріні тесіп, ал сілекей бездері қан ұюына қарсы антикоагулянт секретін шығаратын болған. Көпторшалардың кейбіреулері-эндопаразиттер өзгерген тіршілік ортаға бейімделу барысында, бір қатар құрылыс бейнелерін жоғалтты. Мысалы, таспа құрттарда ішек жоқ, бұлшық ет қабаты әлсіз дамы-ған. Сонымен қатар ішқұрттарда морфо-физиологиялық жетілу пайда болған, оның өзі оларды паразит ретінде тіршілік етуін қиын етпейді. Мұндай бейімделуге тегументтік жетілу жатады, ішек арқылы құрт иесінің асын сіңіреді және жабысу арқылы дамуы (сорғыш ауыз, ботриялар, ілмектер) жатады. Сондай-ақ паразиттерөте өсімтал келеді, олар сансыз жұмыртқаларды немесе балапан құрттарды өндіріп шығарады. Кейбір паразит ауруларының қоздырғыштары өте тез өседі, кей құрттардың бір қатары тәулігіне 10 см-дей ұзарады. Ішек құрттардың өсу және көп жұмыртқа өндіру олардың ас қорыту жүйесі анағұрлым жоғары дамығандығында. Паразит өз иесі организмінен қыруар көп белог, углевод және т.б.заттарды сіңіреді. Бұлар оның ұлпасы өсуіне керек заттар. Паразит өлісімен оның денесі ыдырап кетеді.Паразиттердің кейбір түрлерінде сыртқы орта қолайсыз болғанымен төзімділік дамыған. Мысалы, кейбір іш құрттардың сырт қабықтары кебуге төтеп берсе, ал парсы кенелері бірнеше ай қорексіз өмір сүре алады. Сондай-ақ балаң құрттардың үнемі тіршілік ететін ағзаға тез жабысуын да айтуға болады. Паразиттердің тарихи даму тіршілігі олардың кейбіреулерінің ие организмінде өте күрделі физиологиялық кезуі қалыптасқан. Осыған байланысты олар барлық өзіне ие мүшелерде орналаса алады. Сондықтан паразит ішектен және тері арқылы өзінің тұрақты өмір сүретін жеріне қарай жылжи алады. Тері арқылы немесе ішек пен тамырдың қабырғаларына еніп алу үшін паразиттерде арнайы мүшесымақтары бар. Мысалы, ішек құрттардың жұмыртқасы ішінде ілмектері мен ботриалары бар, осы қаруымен ішек эпителийін тесіп кіреді, ал кейбір ішек құрттардың балапан құрттары жіңішке басымен немесе жіптіктерінің әсерімен ұлпаға енеді. Паразиттердің денеге тарау-ының басқа жолдары да бар. Барлық аскариданың балаң құрттары ішек арқылы қанға енеді де, қан ағысымен өкпе қылтамырларына барады. Оларды бұзып, бауыр-ға енеді, одан соң кеңірдек арқылы жұтқыншаққа барып, бастапқы ену басталған жерге жетеді, яғни ішекке барып, ересек ішекқұртқа айнала-ды. Паразиттерге қоршаған орта болып иесінің организмі және эпидер-мис өмір сүретін сыртқы орта да жатады. Сондықтан паразит өмір сүретін иесінің организмі, ол үшін бірінші қатардағы қоршаған орта болса, ал оның иесімен байланысты орта паразит үшін екінші қатардағы қоршаған орта болып табылады [3].
Әдебиеттер
1. Казанский И.И. Паразитические простейшие Казахстана .т.5.-Алма-Ата1994.

2.Сабаншиев М.С. Трипаносомозы животных /биологическая свой-ства возбудителей, эпизотология пато-и иммуногенез, диагностика, ме-ры борьбы/. Докторская диссертация, Москва, 1993.Пайдаланған әдебиеттер:

1.Абуладзе К.И. и др. Паразмтология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных .-М., ВО Агропромиздат,1990

2.Якимов В:Л: Болезни домашних животных ,вызываемые простейшими. –М., Сельхозгиз,1958.

4.Дзасохов Г:С: Профилактика протозойных болезней животных.-М., Колос, 1964

5.Тимофеев Б:А:Прпофилактика протозойных заболеваний сельскохозяйственных животных. –М Россельхозиздат,1986.

6.Казанский И.И. Паразитические простейшие Казахстана .т.5.-Алма-Ата1994.

7.Сабаншиев М.С. Трипаносомозы животных /биологическая свойства возбудителей ,эпизотология ,пото-и иммуногенез,диагностика, меры борьбы/.Докторская диссертация,Москва,1993.


3. Муминова К.Ш. Омыртқасыздар зоологиясы. Шымкент 2013


ӘОЖ: 323(574)
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Мұратбеков Ж., Тұрлыбаева Ж.Ж.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты,

Шымкент, Қазақстан


Резюме
В данной научной статье рассматривается актуальные вопросы демографических условий населении Южно-Казахстанской области
Summary
In this scientific article discusses topical issues of demographic conditions of the population of South Kazakhstan region

Демографиялық жағдайдың сипатты бағасы – туу, өлім үрдісі немесе басқа да үздіксіз процестер, көп күрделі үрдістер әлеуметтік, медициналық және экономикалық мәнге ие. Д.И.Валентей, Н.В.Зверевтің пікірінше, туу мен өлім, неке мен ажырасушылық, халықтың әлеуметтік және кеңістіктік қозғалысының диалектикалық бірліктері демографиялық фактордың динамикасын құрайды. Бұл үрдістер әлеуметтік және табиғи факторлардың өзара байланысы нәтижесінде халықтың сандық және сапалық қасиетін анықтайды: халықтың жанұялық жағдайын, оның көші-қон бағыттарын, аймақтар бойынша орналасуын және әлеуметтік-демографиялық құрылымы .

Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы туу көрсеткішінің жоғары, өлім деңгейінің төмен, халықтың өсуі тұрақты аймақ болып қала береді. 1995-2005 жж. Аймақтың демографиялық өсімі республикада алдыңғы орыннан көрінді. Халық саны бойынша басқа облыстардан көш ілгері орын тепкен. Егер 1989-1999 жж. санық қорытындысы бойынша тұрғындар саны 1,3%-ға азайса, ауыл халқы 15,1%-ға артқан, ал соңғы он жылдықта облыста халық 1940,7 мың адамнан 2196,6 мыңға артқан (13%). Қала халқы 765,1-ден 880,7 мың (15,1%) адамға, ауыл халқы 116,7-дан 1312,9 (12,4%) мың адамға көбейген. Соңғы кезеңде қала халқының саны ауыл халқына қарағанда біршама өскен (1,3%) (14 сурет). Облыс халықтың қала маңына шоғырлануы бойынша Алматы мен Солтүстік Қазақстаннан кейінгі үшінші орында [1].

Қала халқының артуына үлкен қалалардағы урбанизация үрдісі әсер етуде. Урбанизацияның тетігі төмендегідей: біріншіден, қала халқының табиғи өсімінің артуы; екіншіден, механикалық өсім деп аталатын қала халқының ауылдан келген адамдардың санынан көбеюі; үшіншіден, қала маңындағы қала типтес селолар мен қалаға кірген елді мекендердің көбеюі; төртіншіден, ауылдық жерлердің қала қарамағына өтуі.

1999-2005 жж. облысымызда Бәйдібек, Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби, Шардара әкімшілік аудандарында ауыл халқының саны артты. Қала халқы тек Созақ ауданында ғана өсті. Ауыл халқының 50%-ы Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш аудандарында тұрады. 2005 ж. басында облыстың аудандарындағы халықтың саны әркелі болды. Зерттелінген мерзімде халық санының артуы ауыл мен қалаға бірдей тән болды. Халықтың саны табиғи туу мен көші-қонның әсерінен артты. Республикамен салыстырғанда облысқа халықтың жас құрамы тән. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығына байланысты олардың жастық құрамы «қартайды». Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметі бойынша 2005 ж. республика мен облыста ерлердің орташа жасы – 25,8 және 29,8, ал әйелдердікі – 27,8-33,0 жас. Әйелдердің үлес салмағының басым болуы – ерлерде жас кезінде өлім деңгейінің көп болуы мен өмір сүру ұзақтығының кемдігі. 80-жылдардан бастап ерлердің үлес салмағы 2-есеге азайды. Зерттелінген мерзім ішінде халық өсімінің теріс сальдосын облысымыздағы табиғи туудың жоғары көрсеткіші жапты, ол өз кезегінде халық санының артуына әсер етті. Бұл жағдайда халық санының артуының көзі – халықтың табиғи өсімі [2].

АХАЖ органдарында тіркелген некелесудің басым бөлігі ауылдық жерге тиесілі (жалпы санының -57,8%). Аумақтар кесіндісінде жалпы некелесу санының 24,7% - Шымкент,ә., 13,2% - Сайрам ауданына тиесілі. Шымкент,ә. (2007-жылдың қаңтар–қарашасымен салыстырғанда 2,3%-ға өсті) басқа барлық қалалық әкімшіліктер мен аудандарда некелескендер саны едәуір төмендегені байқалды.Ажырасудың жалпы коэффиценті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 2008- жылдың қаңтар–қарашасында 1,0 ажырасуды құрады. 2007-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,1 ажырасуға кеміді. Ажырасудың ең жоғарғы деңгейі (1000 адамға) – Шымкент (2,1 ажырасу), Кентау (1,3 ажырасу), қалалық әкімшіліктерінде, ең төмен деңгейі – Мақтарал, Ордабасы (0,4 ажырасу), Бәйдібек, Шардара (0,5 ажырасудан) аудандарында орын алды [3].

Қазақстан Республикасының демографиялық дамуындағы ерекшеліктің бірі – облыстағы туу көрсеткішінің өте жоғары болуы (Маңғыстау облысынан кейінгі 2-орын), одан кейінгі орындарда Атырау және Қызылорда облыстары. Бұл жайында туудың жалпы динамикалық қорытындысында көрсетілген (1 сурет).

1990ж. облыс бойынша 1000 адамға – орташа 29,9 сәби туу сәйкес келсе, республикада – 21,7, ал 2005 ж 26,1 және 18,4 сәби болды. Алдыңғы ұрпақтың орнын толтыру нәтижесінде халықтың жаңа құрылымы пайда болды. Сонымен қатар оған халықтың болашақтағы қозғалысы тәуелді болды. Республика мен облыс аудандарындағы халықтың туу, өлім және табиғи өсім туралы 2005 ж. мәліметтер 16-кестеде бейнеленген.



2005 ж. басында туудың жоғары көрсеткіштері Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал, Сайрам аудандарында тіркелген (32,6%, 31,8%, 30,9%, 29,9%). Туудың төмені деңгейі Түлкібас ауданында байқалған (22,3%). Бала саны жанұяның тек қана материалдық жағдайын ғана көрсетпейді, өмір сүрудің сипатын тұтас бейнелейді. ОҚО, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында көп бала туу дәстүрі жойылмаған, ол өз кезегінде 1-2 ғана баламен шектелген облыстарға қарағанда болашақ ұрпақ орнын басатын балалар санының бар екендігімен ерекшеленеді.


Халық санының өсуі негізінен, бүгінгі таңғы облыс халқының 61,8% (1441,4 мың адам) бөлігін құрап отырған, ауыл тұрғындары санының өсуі есебінен болып отыр. Облыс тұрғындарының 890,1 мыңы (38,2%) – қалалықтар [4].

Халықтың жалпы санының өзгеруіне бірінші кезекте, халықтың туу және өлім-жітім деңгейі өзгеруінің әсерінен қалыптасатын табиғи өсім әсер етеді.

Табиғи өсімге кері әсер ететін факторлардың бірі - өлім-жітім. Халықтың өлім-жітімі – демографиялық үрдістің ажырамас бөлігі – халықтың амандығын бейнелейтін көрсеткіш. Облыста өліс көрсеткішіне әсер етуші – жастық құрылым. Өлім деңгейінің жас жыныстық көрсеткішін – қала мен ауыл, әйел мен ерлер арасындағы айырмашылықтар бейнелейді.Өлімнің аймақтық көрсеткішін ерлер өлімінің әйелдерден көп болуы құрайды. Б.У.Урланис мұны ерлердің жоғары өлімі деп атады. Демографиялық коэффициенттің негізгі бөлігін нәрестелер өлімі құрайды. Бұл көрсеткіш БДС ұйымына халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулықты қорғау ұйымы іс-әрекетінің белгісі ретінде кіргізілген. Нәресте өлімінің көп факторлы сипаты, БДС ұйымы ұсынған әдістеме бойынша нәресте өлімін санау, өлі туылғандарды есепке алу мен тіркеу, перинаталды және балалар өлімі – жоғарыдағы көрсеткіштердің территориялар бойынша айырмашылықтары мен нәресте өлімінің көрсеткіштерін салыстыруға қиындық туғызады. Нәресте арасында өлім-жітім (ер балалар арасында) бұрынғысынша, облыс бойынша 112 – ұл, 100 – қыз бала [5].

Аймақта медико-демографиялық жағдайлардың оңды сипатқа ие болуына – халықтың тұрмыс сапасын жоғарылатуға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, стрестік жүктемелердің азаюы, салауатты өмір салтын құруға мүмкіндік беретін санитарлық-гигиеналық мәдениет деңгейінің жоғарылауы. Медицинада көрсетілгендей өлім деңгейін құрауда жұқпалы және паразитті аурулар әсері төмен, қан айналым жүйесінің ауруы (Маңғыстау мен Қызылорда облыстарынан кейінгі 3-орын), улану мен жарақат (Жамбыл облысынан кейінгі 2-орын) салдары жоғары.

Ауылдық жерлерде тыныс алу (9,1%), ас қорыту мүшелерінің (8,5%) аурулары қала тұрғындарына қарағанда (7,6%, 7,1%) кең тараған. Бірақта қала тұрғындары жұқпалы аурулармен 1,8 есе көп ауырады, 1,3 есе көп жарақаттанады. Қайғылы өлім облыстың өлім-жітім құрылымында айқын білінеді, ол жыныстар бойынша бөлінеді және республикалық өлім-жітім құрылымын қайталайды. Әйелдердің жартысынан астамы қан айналым жүйесінің (57,3%) және жаңа аурулар (10,2%) түрінен қайтыс болады. Ерлер өлімінің басты себептері – қан айналым мүшелері (41,7%), бақытсыз жағдай, улану мен жарақаттардан (18,5%) және үшінші орында жаңа түзілім ауруларынан (9,1%) қайтыс болады. Ерлер әйелдерге қарағанда жұқпалы аурулар, ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің ауруларынан көбірек қайтыс болады. Сайып келгенде, осы өлкедегі қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қалыптасқан халықтың табиғи қозғалысы - өлім деңгейінің төмен көрсеткішімен, 2 және 3-і және одан да көп балалардың туылуымен ерекшеленеді. Сондықтан облыс халқының санының артуының басты факторы – табиғи туу көрсеткішінің жоғарылығы, ол республикалық деңгейден 2,4 есе көп (18,96% және 8,05%). Облыс халқының өмір сүруге қабілеттілігінің жоғары деңгейі – республика бойынша туу кезінде анықталатын өмірдің ұзақтылық көкрсеткішімен, өлім-жітімнің төмен деңгейінің ұзақ сақталуымен және денсаулық жағдайымен байланысты [6].

Халық биосфера мен қоршаған ортаның антропогендік іс-әрекетінің көзі мен тіршілік ортасын өзгертуші объект пен субъект ретінде қоршаған орта сапасының, өмірдің сапасы мен түрінде индикатор болып табылады. Сондықтан ауру-сырқауды, өлім-жітім, өмір сүру ұзақтығын, адамдардың қоршаған ортаға бейімделу мәселесін зерттеу өте көкейкесті. Облыс халқы бір жағынан алғашқы түзілім ауру деңгейлерінің төмендігімен (республикалық көрсеткіштен төмен) ерекшеленсе, екінші жағынан туа біткен, қан айналым жүйесі, ас қорыту мүшелері аурулары бойынша жоғары көрсеткішке ие (республикалық көрсеткіштен жоғары). Нарықтық экономикаға ену ұлттық мүддемен сәйкес болуы аса қажет. Осы жолда дербес демографиялық және икемді миграциялық саясатты ұстануы – уақыт талабы. Президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы мемлекеттің негізін құрайтын жергілікті ұлт өкілдері –қазақтарға байланысты.



Әдебиеттер


  1. «Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық жылнамасы». Шымкент, 2008

  2. Социально-демографическая характеристика моложежи Южно-Казахстанской молодежи. Шымкент, 2008

  3. «Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық басқармасы». Шымкент, 2008

  4. «Тенденции рождаемости в области». Шымкент, 2001

  5. «Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық жылнамасы». Шымкент, 2008

  6. Мамырбек Р. Қазақстанға урбанизация министрлігі керек //Жас қазақ, 2007 жыл, 27 наурыз


ӘОЖ 159 26
ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДА ОРЫН АЛАТЫН КЕЛІСПЕУШІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ
Муталова Қ.Ш., Нұрмұхамбетова Т.Р.
Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме__Пути_формирования_профессиональной_компетентности_будущих_педагогов-психологов__Summary'>Резюме__В_статье_проанализированы_различные_подходы_к_определению_причин_возникновения_разногласии_в_межличностных_отношениях_у_подростков__Summary'>Резюме
В статье проанализированы различные подходы к определению причин возникновения разногласии в межличностных отношениях у подростков
Summary
This article about of disagreement are investigated of and aspects to be able teenager reason arise between and personality treatment
Жеткіншектер өмірінде өз қатарларымен және ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алмауы олардың мінез-құлқында нешетүрлі ауытқулардың орын алуына алып келеді. Осы ауытқулардың ішінде кең тарағаны өз ортасындағылармен келіспеушілікке келуі. Келіспеушілік мәселесін зерттеушілер жеткіншектердің өздерінің сыныптастарымен тіл табыса алмауын олардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп табады. Сынып тобы ішіндегі тұлғааралық келіспеушіліктер топтағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың дисгармонизациялануынан және топтың құрылымының тепе-теңдігінің бұзылуынан (статустық, рөлдік, коммуникативтік, басқармалық) көрініс табады. Мұндай жеткіншектік ортадағы келіспеушіліктер барлық заманға және халықтарға тән құбылыс болып келеді.

Келіспеушіліктің туындау себебін көптеген ғалымдар зерттеген. Психологтар О.Ситковская, О.Михайлова бақылауынша жеткіншектер ортасында қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсетуге құмарлық немесе демонстративтік акцентуацияның орын алуымен байланысты тұлғааралық қатынаста келіспеушілік жиі орын алады. Балалық қатыгездік – көшілікке танымал құбылыс [1]. Жеткіншек өмір сүретін ортадағы топтар әртүрлі, күрделі де көп деңгейлі және көп функциялы болғандықтан онда әр түрлі келіспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Топ ішіндегі микротоптардың өзара әрекеттесуі барысында келіспеушіліктердің туындауы. Мұндай жағдай әр түрлі кіші әлеуметтік топтарда кездеседі, және олардың саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 адамнан тұратын микро-топтар кездеседі. Көпсанды топтар тұрақсыз болып келеді. Топ мүшелерінің жасының өсуіне және олардың әлеуметтік статусының өзгеруіне байланысты топтардағы адам саны азаяды. Топтың өмірінде мини-топтар үлкен рөл атқарады. Олардың өзара әрекеттесуі толығымен топтың психологиялық климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелі болуына әсер етеді. Кіші топтардың ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларын бұзу байқалады, дәлірек айтқанда мини-топтағы ережелердің өзгеруіне кейбір балалар өз үлесін қосып, топ ішінде шытырман жағдайлардың орын алуына ұйытқы болады.

Балалар психологиясын зерттеуге үлкен үлес қосқан А.Адлердің пікірінше жеткіншектерде дұрыс емес ұстанымның жетекші орын алуы және өмір стилінің келіспеушілікке алып келетін себептері ретінде үш шартты атап көрсеткен:

1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай мүмкіншілігі шектеулілік балалардың көңілін аулап, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға ұялып, өзінің қызығушылықтарын шектеп, өзін басқа балалармен салыстыру арқылы толық еместік сенімі күшейеді, нәтижесінде күйзелу сезіміне бөленіп жүреді. Бұл сезім сыныптастарының кекетуі мен кемсітуінен тереңдей түсуі мүмкін. Әсіресе, жеткіншек жасындағы балаға басқаларға қарағанда өзін нашар сезінудің теріс әсері өие жоғары болып, қошағандарға сыйысымсыз мінез көрсетуі тереңдей түседі. Нәтижесінде жеткіншек өзін қоршаған ортада өзгелермен шиеленіс жағдайда қарым-қатынас жасайды.

2. Баланы отбасында шектен тыс еркелетуіне байланысты біртіндеп, өсе келе ол тұлғаның қоршаған адамдарға ерекше талап қоюы оның тұлғалық қасиетне айналуы мүмкін. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық және рухани байлықты орнына еш нәрсе бермей барлығын ала беру мұндай тұлғаның теріс әдетіне айналып, өмірде кездескен қиындықтарды жеңудің орнына, барлық нәрсеге оңай ие болу өмір стиліне айналаа бастайды. Жеткіншек жасына келгенде бала барлық қызығушылықтары мен қажеттілігін қанағаттандыру қамқорлықтар арқылы жүру керек деп есептеп, өзінен өзгеге адамдармен қатынас жасағанда олардың барлығынан тек өзіне көмек беруді, қамқорлық жасауды талап етеді, ал өзгелерге қол ұшын беру тәжірибесі болмайды. Олар қиындықтарды өз бетімен шешудің орнына, басқа адамдардың бәрінен өзіне жағдай жасауды талап етеді. Мұндай балалар үшін қоғамдағы адамдар және қоғамның өзі де оған жау сияқты көрінеді. Сондықтан олар қоршаған ортамен келіспеушілік жағдайында өмір сүреді.

3. Елеусіз, шектеулі болып қалған бала махаббаттың және достық қарым-қатынастың не екенін білмейді. Ол өзін қоршаған ортадағы басқа адамдармен достық қатынаста болу керек екенін онша түсінбейді. Қиындықтармен кездескенде оны басқалардың көмегімен жеңуге болатынына түсінбейді, жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқылы қол жеткізуге болатынына сенбейді. Сондықтан да ол күдікшіл, ешкімге және өзіне де сенбейтін, қоршағандармен тіл табысу қажеттілігі қалыптаспаңан болып өседі. Елеусіз қалған баланың басқаларға жақсылық жасау тәжірибесі болмағандықтан ынтымақтастықты құнды қасиет деп есептемейді. Осыдан тұйықтық, қарым-қатынасқа түспеушілік, қызметтестікке бейімдемеушілік туындайп, қоршағандармен келіспеушілік жағдайда өмір сүреді [2].

Ал осыдан үстемдікке ұмтылуы іске аспауына байланысты мінез ауытқуы, қорқыныш, алаңдаушылық және басқа құбылыстар пайда болады. А.Адлер тұжырымдамасының кемшілігі адекватты алаңдаушылық және адекватты емес арасындағы айырмашылық емес, сондықтан мұндай жағдай мінез ауытқуының құрылымдық күйі ретіндегі нақты көрініс береді және тұлғаның өз ортасымен келіспешілік жағдайға алып келеді деп түсіндіреді.

Келіспеушілікке жиі баратын адамдардың мінез ауытқуы мәселесі нейрофридистердің, ең алдымен К.Хорнидің арнайы зерттеу пәні болды және Хорнидің теориясында жеке тұлғаның мазасыздануы мен мінез ауытқуыының қайнар көзі биологиялық құштарлық пен әлеуметтік тыйымдардың арасындағы конфликт емес, ол адамаралық қарым-қатынастардың дұрыс қалыптаспаумен байланысты деп көрсетті.

К.Хорни өз еңбектерінде келіспеушілікее келтіретін себептердің барлығына негіз болатын 11 қажеттіліктерді атап өтеді [3]:

1. Сүйкімді болуға, басқаларға ұнауға қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға қоршаған ортамен келіспеушілік қатынаста болады.

2. Жалғыз қалуға қорқыныш, барлық күтулері мен армандарын орындайтын «серіктестікке» деген жүйкелік қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға өзін қоршағандардың барлығына өкпелеп, олармен келіспеушілікке түседі.

3. Өз өмірін шектеуге, көзге түспей, елеусіз қалуға деген жүйкелік қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға өзін қоршаған жолдастары мен құрбыларының өзіне деген қатынасымен келіспеушілікте болады.

4. Болжам жасап, басқаларды ойлары арқылы басқаруға деген жүйкелік қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға басқалардың басқарғанын жақтырмай, өзщін кемсіткендей сезінеді.

5. Басқаларды қанау арқылы олардан пайда алуға деген жүйкелік қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылма ол басқаларға үстемдік көрсету жолдарын іздей бастайды.

6. Абыройлы болу немесе әлеуметтік қадірлеушілікке, өзін өзгелерге танытуға деген қажеттілік. Бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмаған жағдайда тұлға теріс мінез көрсету арқылы көзге ілінуге әрекет жасайды.

7. Жеке тұлғалық, яғни өзінің өсіп өркендеуіне қажеттілік қанағаттанбаса өзгелерді кінәлап, өзгелер туралы теріс пікір тудыруға ұмтылады.

8. Басқалардан озуға деген қажеттілік, жекелік жетістіктерге ұмтылушылық.

9. Өзіндік қанағаттану мен тәуелсіздікке деген қажеттілік, ешкімге мұқтаж болмауға қажеттілік. Бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға өзін өзгелерден кем санап, өзіне сенімі төмендеп, жетістікке жеткендерді көре алмай жүреді.

10. Махаббатқа деген жүйкелік қажеттілік орындалмағанда бала күйзеліске ұшырап, өз махаббатының объектісінмен келіспеушілік жағдайында болады.

11. Артықтыққа, кемелденуге қол жеткізуге деген жүйкелік қажеттілік қанағаттандырылмағанда баланың мінезі күрт өзгеріп, өзгелерге қиянат келтіруге дейін баруы мүмкін.

Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы адам келіспеушіліктен құтылуға тырысады, бірақ К.Хорни бойынша тұлға қажеттіліктері тойымсыз, оларды толық қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан келіспеушілікті толық болдырмау мүмкін емес.



Күнсләмова Т.К. жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелуін тренинг негізінде зерттеу арқылы қырсық мінез-құлық көрсететін жеткіншектерге келіспеушілікке түрткі болатын үстемдікке ұмтылудың неге пайда болатынын түсіндіріп, ол қасиеттің теріс бергіде екенін тренинг барысында көрсету арқылы сыйысымды мінез көрсету жолдарын үйретуге болатынын дәлелдеген [4]. Психологиялық қызмет көрсету барысында балаларды келіспеушіліктен шығуға, текетірестікке бармауға үйрету арқылы балаларды қоршаған ортада сыйысымды болып, өз ортасында үйлесімді өмір сүруге әркім өзі жағдай жасауы керек екенін меңгертеді.
Әдебиеттер


  1. Михайлова О., Ситковская О. Конфликты, пути их преодоления. Киев: 1991.

  2. Адлер А. Жеке даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы. Психология. Адамзат ақыл-ой қазынасы. 10 томдық. 8 том. Алматы, 2006.

  3. Хорни К. Психология.Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 3 т. - Алматы, 2005, 399 б.

  4. Күнсләмова Т.К. Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелуін тренинг негізінде зерттеу. - Алматы, 2002.



ӘОЖ:371 101 1:378 1981
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Нурмахамбетова А.А., Абибулла А. А
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет Шымкент,Қазақстан
Резюме
Пути формирования профессиональной компетентности будущих педагогов-психологов
Summary
Ways of formation of professional competence of future teachers-psyhologists
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден көптеген нәрсені талап етіп отыр.Қазіргі кездегі білім берудің басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді дара тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ол үшін жоғарғы оқу орындарындағы әрбір маманды қоғам талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдарын қалыптастыру қажет.Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік дамытушы, студенттің жеке сапаларын кең салада қалыптастыруға өту қажет. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, студенттің танымдық, шығармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бірінші курс студентінің жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мұғалімдерден білім-тәрбие алу, әр пәннің оқулықтарын оқу болады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып білу. Студенттің кәсіби мамандығына деген қызығушылығын арттыру үшін: әрбір пән бойынша теориялық және практикалық мәліметтерді меңгеруге назарын аудару, осы пәндердің мамандығы үшін алатын орны мен маңыздылығын білуге үйрету, өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, кез-келген ортамен тең қарым-қатынас жасауы қажет.

Өркениетті елдердің ЖОО оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды:

- ойын арқылы оқытуға деген белсенділікті арттыру;

- студенттің өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту;

- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту.

Ж. Аймауытов «Оқыту – білім көбейту, ақыл күшейту»- деді. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында студенттердің өмір дағдылары жөнінде түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білім кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады.

З.И. Калмыкова «Жеке басты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің негізгі іс-әрекеті оқу, білім алу. Сондықтан, студенттердің дамуы оқу барысында болмақ»- деп пікір айтқан.

Л.С. Выготский «Баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айта келіп, бірінші зона – бүгінгі қол жеткен сатысы, екінші зона – оған жақын тұрған зона, олардың бұрында алған білімдерінің негізінде оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажеттігін алға тартады.

Қазіргі білім берудің басты міндеті – тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы орайда білім алушының алған білімінің нәтижесі мен оның өзін-өзі бағалуының маңызы зор. Бұған дейін білім алушының еңбегі алған білім көлеміне қарай бағаланып келсе, енді оның білім алу процесіндегі жетістігі жас және жеке ерекшелігіне байланысты, өмір сүрген ортасына бейімделуіне, жинаған тәжірибесіне қарай икемделуіне, құзыреттіліктер негізінде қалыптасқан қабілетіне, білім мазмұнын рухани қажеттілігіне қарай игере білуіне орай бағаланатын болады. Осы тұста жаңа педагогикалық технологиялар, оның ішінде бағалау жүйесіне енетін жаңа форма ретінде – «портфолио» технологиясы қолданылды.

«Портфолио» - жеке білім жетістіктерінің портфелі, бұл белгілі бір білім алу кезеңіндегі білім алушының жеке жетістіктерінің жиынтығы мен өзін-өзі бағалауын есепке алу тәсілі. Оқу «портфолиосының» түпкі мақсаты нәтижелері оқудың ілгерлеуінен көрінеді. Портфолио – шетелдерде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі.

«Портфолио»- жинақталған папка ретінде, әртүрлі материалдардың бірігуі және әртүрлі іс-әрекеттерді орындаудағы білім алушының жетістігі мен нәтижесін сипаттайды. Портфолио келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

- рефлексивті портфолио (өзіндік бағалау материалдары);

- мәселелік-бағдарлық портфолио ( кез-келген мәселені шешу нәтижесі, материалдары);

- тақырыптық портфолио (нақты тақырып бойынша білім алушының жұмыс нәтижесі, материалдар).

Портфолио – білім алушының оқу мотивациясын белсендендіруге, өзіндік қасиеттерін кеңейтеді, мақсат негізінде танымдық дағдыларын және рефлексивті іс-әрекет қабілеттерін дамытады, жоспарлау және өзіндік ұйымдастыру шығармашылықтарын қалыптастырады. Ол үшін болашақ маманның төмендегідей құзырлық бағыттарын дамыту көзделеді:

1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білуі;

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-шығармашылық қызметін тиімді ұйымдастыру жатады;

3. Оқу танымдық құзыреттілік – бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік береді;

4. Коммуникативтік құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шет тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады;

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - өз бетімен іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық обьектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі;

6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік – отбасылық, еңбек, экономикалық, сасяи қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді;

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік – бұл құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжрибесінің болуын білдіреді;

8. Кәсіби құзыреттілік – бұл мамандығының теориялық және практикалық құндылығын жетік меңгеріп, оларды қолдану шеберлігін толық игерген нағыз маман.

Сондықтанда әрбір студент бірінші курстан бастап әрбір пәннің мамандығы үшін алатын орны мен маңыздылығы туралы мәліметтерді дәріс, практика, семинар сабақтарында жинақтап, педагогикалық практика арқылы олардың құндылықтарын жетік меңгеріп, өзіндік пікірін, кәсіби бағыттылығын және педагогикалық шеберлігін жинақтап бекітеді. Яғни өзінің кәсіби папкасын қоғам талабын сай толтырып, бәскеге қабілетті маман болып шығады.

Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас ерекшеліктері мен дербес ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып отыр.

Білім берудің ең төменгі сатысы (1-курс) – интеллектінің даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең тиімді кезеңі. Бірақ бұл сатыдағы студенттің есте сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенімен, білуге құштар, барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиялары ретінде қолданылып отырады.

Білім берудің орта сатысы (2-курс) - мұнда барлық білімнің негіздері қаланады. Материалдары күрделірек болғандықтан бірден түсінулері де қиынға соғады. Сондықтан да жас ерекшеліктері мен дербес ерекшеліктерін және пәннің күрделілігі ескеріліп, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, түсіндіре басқарып озат оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы тиімді түрде қолданылуы көзделіп отыр.

Білім берудің жоғарғы сатысы (3-5 курс) - яғни орта кәсіптік және жоғары білім сатысы өз бетімен оқу дағдыларын игере алатындықтан, белгілі мәселе төңірегінде ой қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, саналы азамат ретінде танимыз. Сондықтан да оқу тиімді сабақтар жүйесіне негізделген технология, өзін-өзі дамыту технологиясы, дамыта оқыту жүйесі, өзін-өзі анықтау авторлық мектебінің технологиясы, проблемалық оқыту, оқытуды дербестендіру технологиясы, озат оқыту, мультимедиалық оқыту және т.б.

Жоғарғы оқу орындарында оқу формасының дәріс, практика, семинар, лабораториялық сабақтар және т.б. түрлері жүзеге асады.

Жаңа материалдар пайдаланылатын лекциялар проблемалық сипатта болу керек. Өйткені олар терең талдауды қажет етеді. Дәріс барысында студенттерге проблемалық және ақпараттық сұрақтар қою, біріншіден олардың жеке пікірін, көзқарасын білуге ықпал етеді, екіншіден, оларды ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекетке баулиды. Дәрісті оқу барысында материалдардың ғылыми деңгейіне аса көңіл бөліп, педагогика және әдістеме ғылымы саласында қол жеткен нәтижелерге тоқталған жөн. Сондықтан лекцияларда келесі жаңа педагогикалық технологияларды қолданылды: білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және интенсификациялауға негізделген педагогикалық технология «Проблемалық оқыту», табиғатқа сәйкестік технология «Өзін-өзі дамыту» (М. Монтессори), дамыта оқыту технологиялары «Дамыта оқыту жүйесі» (Л.В. Занков, Б.Б. Эльконин, В.В. Давыдов), оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару тиімділігі негізіндегі технология «Компьютерлік технологиялар» және т.б.

Дәріс сабағын кредиттік технология негізінде ұйымдастыруға болады. Кредиттік технология жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бағыттарының орындалуын оқытушы-профессорлар қадағалаулары қажет.

Credit - латын тілінен аударғанда «ол сенеді», яғни орындаушыға сенім арту деген мағынаны білдіреді. Студентке белгілі көлемдегі білім мөлшерін өз бетінше меңгеруіне сенім білдіру. Яғни лекция тақырыбы мен жоспарын алдын-ала студенттерге береді. Студенттер оқу-әдістемелік құралдардың (электронды оқулық, силлабус және т.б.) көмегімен берілген сұрақтарға толық жауап іздейді. Ал лекция барысында лекторға түсінбеген сұрақтарын қою арқылы тақырып бойынша жан-жақты толық мәліметті меңгереді. Осының негізінде мамандығына байланысты өзіндік жұмыстар (типтік мәселелерді шешу, мысалдар құру, үлгі негізінде әртүрлі жаттығуларды орындау; мәтіндегі дайын жауапты табу, қарапайым жоспар жасау, оқу материалын ауызша, жазбаша безендіру және қалыптасқан үлгі мен мысал негізінде өңдеу; байқау өткізу, лабораториялық жұмыс және тәсіл үлгісі және әдістемелік нұсқау көрсеткіштерін оқытушылардың көмегімен жүргізу; жеке пәнді талдау және оның бөлімдерін және нұсқаулық негізінде жүзеге асыру) және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырмалары семинар, практикалық сабақтарға беріледі.

Дәрістің проблемді, визуалды, екі адамдық, шатастыру, конференция, диалогтық, ақпаратық және т.б. түрлері бар. Әрбір түрі тақырыптың күрделілігіне қарай дұрыс таңдауды қажет етді.

Мамандарды кәсіби тұрғыда дайындау барысында оқу дәріс екі қызмет атқарады: ақпарат көзі және болашақ тәжірибелі іс-әрекетті реттеу құралы.

Дәріс сабағын сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде жүргізуге болады.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шындалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны талдау, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарына тоқаталайық. 1-курс студенттеріне педагогика сабағында сын тұрғысынан ойлау сабағын қарастырайық.

1. Сабақтың тақырыбы: Педагогиканың жалпы негіздері.

2. Сабақта қаралатын мәселелер:

а) Педагогика пәні мен міндеттері.

ә) Педагогиканың негізгі категориялары.

б) Педагогиканың негізгі принциптері.

3. Сабақтың білімділік мақсаты: педагогиканың жалпы негіздері тақырыбы туралы теориялық мәліметтерді оқу және практикада қолданылуын сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсат жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды.

1. Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.

2. Студенттерге анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік береді.

3. Педагогикның жалпы негіздері тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйретеді.

4. Шығармашылық пен ізденімпаздық жұмыс істеуге ұмтылдырады.

5. Өздерінің тақырыбы бойынша жеке ойларын дәлелдеуде сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету. «Педагогиканың жалпы негіздері» тақырыбын толық меңгеру үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары: Ой шақыру, топтастыру, квадрат, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, еркін жауап, жалпы шолу, қорытындылау, ой толғаныс, жалпы қорытынды. Әр стратегияның мақсатын сабақ жоспарын жазу барысында түсіндіреміз.

Пәнаралық байланыс: философия, тарих, психология және т.б.

Дамытушылық мақсаты: студенттерді осы сабаққа дейін білетін ақпараттар мен одан кейінгі білгенін ұштастыру, жинақтау, бекіту.

Көрнекіліктер: тақырыпқа қажетті плакаттар, кестелер, үйлестірмелі карточкалар, тесттер және т.б.

Ұйымдастыру: Студенттерді топқа бөлеміз: «Оқу» тобы; «Білім беру» тобы; «Тәрбие» тобы. Осы әрекетті жүзеге асыру, ұйымдастыру ісіне 1 минут уақыт бөлеміз.

І. Ой шақыру: Оқытушы тақырыптың өзектілігін аша отырып, жоспар бойынша берілген сұрақтардың жауаптарына назар аударайық. Қазіргі сәттен бастап осы тақырыптың мәні ашу өз қолдарыңда. Қане, белсенділікпен кірісейік.

ІІ. Топтастыру әдісі. Топтастыру студенттердің еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқу стратегиясы. Бұл жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастыру үшін қажетті құрал. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін қолданылып отыр. «Педагогиканың жалпы негіздері» тақырыбына байланысты ойды күшейту үшін қолданылып отыр.


Әдебиеттер

1. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы: «Білім», 1995. - 19- 232 бб.

2. Керімов Л.К. Жалпы педагогика.- Алматы: Ғылым, 2007. – 255 б.

3. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.- Алматы: Абай атындағы Қаз.МПУ, 1991. – 32 б.

4. Әбдікәрімов Б.А. Теория и практика профессионально-технического образования: дисс...докт.пед.наук.13.00.01. - Алматы, 1996, - 397 с.
ОӘЖ (930:141.45)
КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ АТЕИСТІК САЯСАТТЫҢ ДІНИ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫНА ӘСЕРІ
Нысанбекова А.У., Сабирова А.С., Турданова М.С.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет,Шымкент,Қазақстан
Резюме

В этой статье говорится о причинах закрытия духовных школ в период советской атеистической пропоганды

Summary
In this article The Soviet atheistic policy aimed at the destruction of religious schools
Қазақстанда Кеңес өкіметі тұсында балаларды және жастарды мектеп пен медреседе оқыту жүйесі қалыптасқандығы белгілі. Мектептер ауылдарда орналасқан, сондықтан да жайлаудан қыстауға және керісінше қыстаудан жайлауға мезгілмен көшіп қонып жүре берді. Олардың жергілікті ғимараттары болмаған және қыс ауасында қыстауда, жаз айларында киіз үйде білім алып жатты. Бұл ғимараттарда арнайы құрал-жабдықтар болмаған, оқушылар жерге жайнамаз төсеп оқып жатты. Көп жағдайда мектептер мешіттерде болған. Алғашқы кездерде балаларды оқыту жүйесінде мешіт үлкен роль атқарды. Мешіт қабырғаларында оқушылар мұғалімдерінің барлық сөздерін тыңдап отырды. Оқушылардың қандай сұрақ болмасын өз ойларын айтатын жағдай жасалды, бұл жағдайда мұғалімдер оларға қарсылық жасамайтын. Тәрбие беруге үлкен дер салынды. Мектеп қабырғасында алған білімдері олардың болашағына тікелей қатысты болды. Осы жөнінен А.Байтұрсыновтың "Қазақ" газетіне жазған мақаласында көруге болады: "Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы, қызша тәрбиелесең құл болмақшы".

Мектептерде оқыту 5-8 жылға созылып, онда құран кітабы, арифметиканың оқытылуы жайында білім берді. Мектептерде білім алушылардың жалпы саны 15 адамнан аспады, қатаң тәртіп жүргізілді. Тәртіп бұзушыларға қол көтерілді. Мектептегі балалардың білім деңгейін сынып арқылы бөлген жоқ, әрі білім алу деңгейі былай жүргізілді: бір кітапты меңгеріп, екінші кітапқа көшіп жатты. Егерде оқушы Хавтиян мұсылман кітабын меңгерсе, онда ол сыныптан сыныпқа өту деген мағынада болды.

Мектептер бай қазақтар мен ата-аналардың қаражатымен жүргізілді. Әрбір отбасы балаларының оқуына ақшалай немесе материалдық жағдайы көрсетіп тұрды. Имамдардың ролі зор болды, олардың арасынан өздерінің іс-әрекетімен халыққа көрсеткен қайраткер адамдарды атасақта болады. Олар жас өспірімдердің білімі жоқтардың болашағын айта, көрсете білген. Дін жолындағы имамдардың өз қаражатымен ашқан білім ордаларын соққанда олар қазақ халықтарының білімді болғандығын қалаған. Мысалы, олардың қатарына хаджы Турусбек Маманды атасақ болады. Ол қазақтар арасындағы ең ақылды адам саналып, тірі кезінде халық үшін еш нәрсе аямаған. 1899 жылы Қалқабай Маманов және оның ұлдарының діни-қазақ мектебін ашады. Бұл мектепте барлық ұлт өкілдерінің балалары білім алды. Мектепте математика, физика, география, табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілі, құран оқытылды. Осы іс әрекеттердің құрметіне орай барлық азаматтар мектепті «Мамания» деп атап кетті.

"Мамания" мектебінің оқушылар және мұғалімдер саны жылдан жылға өсіп жатты. Мектептің құрылғанынан бастап 1899-1920 жалпы санын анықтау қиынға соқтырды. Бірақ 60 адамдық интернат бар болды. Ал 1913 жылы бұл оқу орнында 102 оқушы білім алды. Бұл көрсеткіштің нәтижесінде Жетісу өңіріндегі білім ошағының құрылғанын көрсетеді.

"Мамания" мектебінің ең күшті түлектері Уфа, Оренбург, Тройцкке білім алуға бағытталып жергілікті кадрлар дайындалып, олар Жетісу өлкесіне дайындалды. Ресей қаласында 4 жыл білім алған "Мамания түлектері өз мектептерін" Мамания мектебінің қаражатына ашып жатты. Атап айтсақ Біләл Сүлеев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының негізін қалаушы және ХХ ғ. 20-30 жылдардағы Сұлтанбек Берсүгүров Қарақалпақстан қалаларында: Қапал, Тургень және т.б. бірнеше педогогикалық техникумдардың негізін қалаған.

Мамановтардың ісінде білім беру жүйесінде А.Байтұрсынов "Қазақ" газетінің парақтарында былай деп жазған "Білімді адамдардың бір-екі оқушыны Оренбург Қырғыз мектебіне жіберіп оларға 150 рубль әрқайсысына стипендия төленіп жатты".

Оқу орындарының қатарына медреселер де жатады. Медресенің мектептен айырмашылығы олар ірі орталықтарда, қалаларда және мешіттерде орналасқан. Медреседе дін уағыздаушы имамдар дайындалды. Медреседегі жұмыс қатаң қадағаланбады, олардың білім алуы 20-30 жылға созылды. Осы уақыт ішінде олар жоғарғы, ортаңғы, соңғы курстардан өтті. Медреседе араб тілі, риторика, дін, заң және каллиграфия оқытылды. Үлкен роль шығыс әдебиеті мен поэзиясында болды. Ал Араб медреселерінде: магометонды діни сабақ, араб тілі, медицина - "ильми-тыбле", физика-"ильми-икмет", химия - "ильми-нимья", ботаника-"ильми-набадат", астрономия - "ильми-нуджум", геометрия және алгебра «ильми-эндесе» сабақтары оқытылды.

Қазақ мектептерінің мұғалімдерінің негізгі міндеті қазақ балаларын тәрбиелеуде Ресей өкіметіне адал қызмет етуге, әрі барлық жағдайына ата-аналар, олардың туыстары тек патшаға рахмет айтып отыруларын талап етті.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Түркістан өлкесінде 107 мектеп және 2 медресе, 1058 оқушы білім алды. Ал 1900 жылы Оренбор губерниясында 264 мұсылман мектебі жұмыс жасады. 187 мектеп және 77 медресе, 7 орыс класы болған.

Ақмола облысындағы Петропавлоск қаласында орыс тілінде оқытылатын гимназия, 6 магометандық мектеп онда 293 оқушы білім алды. Омск уезінде екі қырғыз мектебі жұмыс істеді: ұлдар (115 адам) және қыздар (10 адам). Көкшетау уезінде 19 қырғыз мектебі жұмыс жасап, онда 147 оқушы білім алды.

ХХ ғасырдың басында Жетісу және Сырдария облысында 1913 мектеп болған, онда 22422 оқушы білім алды және 56 медресе - 1330 оқушы білім алды. Егер де еркектер мен әйелдердің білім деңгейін салыстырсақ, онда еркектердің білім деңгейі жоғары. Қалаларда білім деңгейі жоғары, ал уездерде төменгі көрсеткішті көрсетеді.

Киіз үйлерде балаларды оқыту сұлтандар мен бай қазақтардың "Билікке қарсы бағыты» деп саналды. Осы бағытта қарсы жергілікті әкімшілік мұғалімдерді қудалады, олар қашқын татарлар болып саналды.

Большевиктердің исламға қарсы саясатының табысты ісі ретінде латын әрпін енгізуі (кейін орыс әліпбиін де) айтуға болады. Батыстық ғалым Ричард Пейпе: «Алфавитті өзгерту –мұсылмандарға қарсы шаралардың ішіндегі ең сорақысы еді»-дейді. Себебі араб әліпбиін тамырымен жою-халықты сан ғасырлық ұлттың мұрасы-діннен, халықты Құраннан аластатуды білдірді. Халықты маңызды өркениеттің біртұтастық белгісінен айырып, христиан халықтарының ассимилияцияға түсуіне жол ашып беру болып есептелді.

ҚазАССР ОАК-нің 1928 жылғы 9 желтоқсандағы жаңа алфавитті латын графикасымен алмастыруда, «қазақ еңбекшілерінің исламмен біте қайнасқан араб әліпбиін жарамсыз» деп табылды. Халықтың наразылығын басу үшін шаралар қабылданды. Себебі дінбасылары кейбір жерлерде латындандыру саясатына жихадтарды шақыра бастаған. Жаппай арабтілді қолжазбалар мен кітаптардың көзін жою басталды. 30-жылдары Құран кітапты қолданыстан алып тастап, керек емес ескі-құсқы заттардың қатарына қосты. Мұсылмандар жасырын түрде Құранды ата-бабаларының мазаратына апарып көмген.

1928 жылы 17 қыркүйекте ОАК-тің ғибадатханаларды Кеңестік мәдени-ағарту мекемелеріне беру туралы қаулысы шығады. Заң бойынша "Қаңырап бос тұрған" мешіттер мен шіркеулерді өз еркімен пайдалануға беруді көздеді. Елде жаппай асыра сілтеулер орын ала бастады. Шіркеулер, мешіттер мен ғибадатханалар әкімшілік тәртіппен "халықтың өтінішін қанағаттандыру" үшін жабылып жатты. Әр түрлі "Заңды" негіздегі діни мұрағаттарды ұрлау да орын алды. Мешіттердің ғимараты тек кинотеатрлар мен клубтарға ғана емес, сондай-ақ, қойма, асханаға, атқораға айнала бастады. Рухани айыптаудың белгісі ретінде дін ғибадатханаларын қиратты. Имамдарды арақ ішу мен темекі папиростарын күшпен шеккізді. Қасиетті адамдардың молалары қиратылып, діни құндылықтар аластатыла бастады. 1929-1933 жылдардағы кейбір айғақтарға сәйкес, Қазақстанда «еркін жолмен» 198 шіркеулер мен мешіттер жабылған. 1928 жылы 24 желтоқсандағы "Жетісу ұшқындары" газетінде "Клуб астындағы мешіт" және "Тағы бір жеңіп алынған мешіт" атты мақалалар жарияланды. Соңғысында былай дейді: Шілік ауданында мешітте клубты қалыптастыру туралы қаулы шықты. Жергілікті дихандар пайдасыз босқа уақыт өткізгеннен мешітте ағарту ісімен айналысуға бел буды. Шимек ауданында 1913 жылмен салыстырғанда мұсылмандар қауымының 94 ғимаратының 1929 жылға қарай бірде-бірі қалмады. Ал дінге сенушілірдің саны ресми құжаттарда 26000-нан 6000 ға қысқарған. Енді жаппай халықтың мәдени өсімі, көктерек қазығы дінді молаға тірейді. Мыңдаған шіркеулер мен мешіттер, дінге сыйыну орындары «еңбекші халықтың еркімен» мәдени мекемелердің қол астына берілді. Атеистік насихаттау бірден іске жұмылдырылды. 1932 жылы Кеңес Одағында атеистік бағытта 10 газет және 23 журнал басып шығарылды. Ислам дінінің бұрынғы бас орталығы болған Уфада «Алласыз немесе Құдайсыздар («Безбожник»)» журналы шығып отырды. 1925 жылы сәуірде құрылған «Құдайсыздар қозғалысы» 1929 жылы маусым айында «Алласыздар одағы»(«Союз Безбожников») болып өзгертілді. Бұл еркін қоғамдық ұйым дінге қарсы күресті жан-жақты жүргізіп, қаржылай жақсы қамтамасыз етілді. «Алласыздар Одағы» жаратылыстану ғылымын насихаттап, дінге сенушілермен жеке жұмыс жүргізіп, атеистік үгіттеушілер кадрларын даярлады. Сондай-ақ, ғылыми әдебиеттер мен көрнекі құралдар, альбомдар басып шығарып, көрмелер ұйымдастырды. Дінге қарсы қозғалыс «Дінге қарсы күрес-социализмге қарсы күрес!» деген ұранмен жүргізілді. Ендігі жерде бұл ұйымның ошағы мұсылман халқын да қамтуы керек болды. Мұсылмандық рухани идеалдарды ашық түрде, шариат ережелерін орындау, діни мерекелерді атап өту мүмкін болмай қалды. Діншілдіктің барлық ерекше белгісімен күрес жүргізіліп жатты. Тұрғылықты халықтың тілінде атеистік әдебиеттерді көбейтуге ерекше назар аударылды.

Орта Азия мен Қазақстанда «Құдайсыздар Одағы 1928-29 жылдары ұйымдастырылды. Әдістемелік құралдар мен түрлі нұсқаулықтар, сондай-ақ ауылдық атеистерге де арнап шығарылды. «Дінге қарсы оқулық» деп аталатын осындай бір басылымда барынша шебер және ғылыми түрде астрономия, биология және медицинаның жетістікке жетуінде құдайға деген сенімнің негізсіз екенін айтады. Дінге қарсы түрлі курстар мен университеттер ашылып жатты. Мысалы, 1929 жылы Қостанайда дінге қарсы қазақ және орыс бөлімдері бар университет ашылған. Ауылдық жерлердегі мұсылмандарға қарсы насихаттау мен жалпы көпшілік жұмыстарының орталығы - Қызыл отаулар мен Қызыл шайханалар, колхоз клубтары мен әйелдер клубы болды. Қызыл шайханалар мен клубтар «еңбекші халықтың ішкі-сырын айтуда» бұрынғы мешіттер мен медреселердің ғимаратында орналасты. Қызыл отаулар мен шайханалардың меңгерушісі болып, сауатсыз, күдік туғызатын адамдар жұмыс істеді. Қызыл отауларда құмарту ойындары ойналып, ішімдіктер ішілу жиі кездесіп, мұсылмандық әдет-ғұрып нормаларын қасақана бұзуға жол берілген. Сондай-ақ, мыңдаған дінге табынушылар, молдалар, имамдар, қажылар Орталық Діни Басқарманың 58-статьясымен кінәлі деп табылып, Орал мен Сібірге тұтқынға жіберілді. Көптеген діни қызметкерлер шетелге қаша бастады. Дін қызметкерлерінің қалған бөлігінің жағдайы өте ауыр болды. Себебі олардың барлығына салық салумен, отбасыларына қысым көрсету орын алды.

Кеңестік жүйенің «мәдени революциясының» негізгі бөлігін дінге қарсы күрес құрады. Бұл саясатты жүзеге асыруда мынадай заңдылық байқалды: 20-жылдардың ортасына дейін ислам дініне қарсы қырағылық пен қауіптену басым болса, 30-жылдары оның есесіне ұлттық азшылықтың діни құқықтарын таптап аяққа басу байқалды. Ислам тарихы «Марксистік көзқараспен қайта жазылды». Оқулықтарында араб-мұсылман факторларының Қазақстанға әсерін төмендетіп, ол діннің алатын орнын, тек саяси және экономикалық қажеттіліктерді «қанаушы» ретінде ғана айтылды. Исламдық таным мен түсінік түгелдей бұрмаланып, діни мектептерді қажетсіз деп тапты. «Ислам – қатігез және мейірімсіз дін, ол қылыштың көмегімен қанат жайған» -деп оқытып, ол дінді уағыздайтын мектептердің қоғамға зиянды құбылыс екендігін халық санасына енгізуге тырысты. Дегенмен, тоталитарлық жүйенің «дінді жойып немесе қайтадан жаңалауға» шамасы келмеді. Оны тек халық өмірінің «суасты» бөлігіне жіберуіне тура келді.
Әдебиеттер

1.Байтұрсынов А. Орысша оқушылар. Қазақ газеті. Құрастырушылар: Субхан Бердина, С.Дәуітов, Қ.Сахов – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

2. Кул-Мұхамед М.Жақып Ақбаев.Патриот.Политик.Правовед.-Алматы:Атамұра, 1995.

3. Мамания.Тарихи деректер,естеліктер,өлеңдер құжаттар,пікірлер.

4.Куленова Г.Ы. Политика царизма в области школьного оброзования на премьере Оринбургского учебного округа (60-90 ггХІХ века). Афтореферат дис.канд.истор.наук.-Алматы,2002

5.З.Т.Садвокасова. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религии.(ІІ-половина ХІХ-начало ХХ веков). Алматы. Қазақ университеті.2005.

6.Нуртазина Н.Д. Борьба с исламом. Религиозная политика Советской власти в Казахстане в 20-40-е годы XX века. Алматы:Қазақ университеті, 2008

7.Султангалиева А.К. Ислам в Казахстане: история, этничность и общество. Алматы,1998


УДК 39(575.1)

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет