Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет2/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны
КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР сұрақ, БЖБ№3 Қаз тарихы 7 сынып, 3-сынып ста д кені, СРО, ТРП курс.жум каз 2021
Малды сою алдындағы күту базасы
Ет комбинатының аумағында малды соярдан бұрын ұстау үшін аумақ (база) бөлінуі керек, ол жерде мыналар орналасуы керек:
1) союға әкелінген малдарға малдәрігерлік тексеріс жүргізу үшін теміржол, автокөлік платформаларында қоршау жасалынып, үстін бастырмамен жауып, жекелеп бөлуге арналған қондырғылар қарастырылады;
2) малдарды сояр алдында ұстайтын ғимараттар (бастырмалар) қарастырылуы керек;
3) мал айдаушыларға және жол серіктерге үй-жайлар қарастырылуы керек;
4) сыртқы киімдерді санитариялық өңдеуден өткізу үшін зарарсыздандыру камералары, тұрмыстық үй-жайлар;
5) малдың қиы мен жынын уақытша жинауға арналған алаң;
6) сойылған малдар мен құс етін тасымалдауға арналған автокөлікті, керек-жарақты санитариялық өңдеуден өткізетін пункт.
7) малдарға арналған карантин, оқшаулау орны, санитариялық сою орны (қасапхана);
8) ағынды суларды зарарсыздандыратын ғимарат.
Міндетті түрде санитариялық қасапхана, изолятор, карантиннен шыққан қи-көңдерді және ағынды суларды зарарсыздандыруға арналған құбырлары болады.
Малды сою алдындағы күту базасын ет комбинатының қалған аймақтарынан оқшаулайды. Сонымен қатар карантин ауласы санитариялық қасапхананың биіктігі 2 м болатын тұтас дуалмен қоршайды.
Ет комбинаты маңайын көгалдандыру маңызды эпидемиологиялық фактордың бірі болып табылады. Сондықтан бос аумақтарды соның ішінде малды сою алдындағы күту базасын ағашпен көгалдандыру қажет.
Карантин мен оқшаулағыш (изолятор) бір ғимаратта орналасады. Олар ауруға күдікті малдарды орналастыру үшін қажет. Климаттық жағдайға байланысты карантин жабық немесе жартылай жабық, кейде ашық қораларда жайғастырылады.
Оқшаулағышты (изоляторды) жабық бөлмеде жайғастырады, канализация және су құбырымен жабдықталады. Ол малды шығару үшін арнайы құрал-саймандармен, транспортпен қамтамасыздандырылуы керек. Карантинде сау малға арналған арнайы шығатын есікті ескеру қажет, ол есік арқылы малды бас өндірістік ғимараттағы біріншілік өңдеуден өткізуге жібереді.
Санитариялық қасапхана малды лажсыз союға арналған. Карантинмен байланысып зарарсыздандырылған етке арналған жеке шығу жолы бар. Санитариялық қасапханада жұқпалы аурулары (бруцеллез, ящур, туберкулез, финноз т.б.) бар малды сояды, ол етті ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес стерилизация бөлімшесінде зарарсыздандырылғаннан кейін тағамға жарамды.
Санитариялық қасапханада ішек-қарынды өңдеу, терілерді тұздау және дезинфекциялау, лабораториялық зерттеу нәтижелеріне дейін етті мұздату камералары және қызметкерлерге арналған тұрмыстық бөлмелер бар.
Ең негізгі көңіл бөлетін бөлмелердің бірі - стерилизация бөлімшесі. Шикі шартты жарамды өнімдер мен зарарсыздандырылған өнімдер бір-бірімен қиылыспауы керек. Бұл талаптардың орындалмауы еттің экзогенді зарарлануына әкелуі мүмкін. Сондықтан стерилизация бөлімшесі екі бөлімді автоклавпен жабдықталады. Олардың біреуі арқылы шикі өнімді тиейді, келесісі арқылы жеке бөлмеде орналасқан зарарсыздандырылған өнімдерді түсіреді. Осыған орай стерилизация бөлімшесі екі жекелеген бөлімдерден тұруы қажет. Бу шаруашылығы жоқ ет комбинаттары, стерилизация бөлімшесін ашық қазандармен жабдықтайды.
Зарарсыздандырылған өнімдер жіберілетін бөлме санитариялық қасапхананың басқа бөлмелермен жанаспауы қажет. Санитариялық қасапхананың аймағында оқшауланған утилизация бөлімшесі болуы керек. Бұл жерде тағамға жарамсыз ет пен ағзаларды қайта өңдейді (конфискаторлар).
Санитариялық қасапхана жабдықтары мен құралдары, сонымен қатар бөлмелеріндегі еден мен қабырғалары оңай жуылып, дезинфекцияланатын материалдан болуы керек. Ағаштан жасалған жабдықтарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Күн сайын аумақ мал қиынан тазартылып, жуылуы керек. Ағынды сулар жалпы канализацияға жіберілуден бұрын, малдың қиын ұстағыштан, лайтұндырғыштан өткізіліп, осы нысанда қолданылатын нұсқауға сай дезинфекторда зарарсыздандырылуы керек. Хлордың мөлшері 1 литрге 100 мг-нан кем болмауы керек. Экспозициясы 2 сағат.
Малды айдап келуге арналған алаң мекеменің қуаттылығына сай болуы керек. Айдап әкелінген мал соярдың алдында сол жеке аймақта ұсталынуы керек.
Алаңдар су жүйесіне қосылған кірлендермен, жем беретін оттықтармен және мал байлайтын қондырғылармен жабдықталуы керек. Едендері қатты заттармен жабылып, жан-жағындағы қоршаулар, қақпалар, жапқыштар малдар жарақатанбайтындай етіп жасалынуы керек. Климат жағдайына байланысты малдарды үй-жайларда ұстауға болады. Мал ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қоралар күн сайын қидан тазартылып, қи сақтайтын орынға тасып шығарылуы керек. Малды союға арналған көпқабатты цехтарды қидан тазарту үшін әр қабатта қи тиейтін арнайы люктары бар бункер қарастырылуы керек. Бункердің астында орналасқан малдың қиына арналған алаң су өткізбейтін материалмен жабылуы керек. Малдың қиын түсіретін орын, бункер және алаңдар күн сайын ұқыпты тазаланып және жуылып, қажетті жағдайда зарарсыздандырылып отыруы керек.
Мал жынын жинап және сақтау үшін, едені мен қабырғаларынан су өтпейтін, тығыз жабылатын кем дегенде үш күндік жиынтықты жинай алатын қабылдағыштар қарастырылуы керек. Қабылдағыштың жан-жағындағы алаң бетондалуы керек. Қабылдағыштарда жиналған мал жынын арнайы көлікпен тасып шығарып, күн сайын оны жуып-шайып зарарсыздандырып отыруы керек.
Малдың қиын биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған алаңдарда өткізіледі.
Кәсіпорынға сою үшін малды алып келген көліктер малдарды түсіріп, олардың қиынан тазартылғаннан кейін зарарсыздандыру-жуу пунктінде немесе базаның аумағынан шығар жолда орналасқан жуу орнында жуылып, зарарсыздандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет