Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет6/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны
КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР сұрақ, БЖБ№3 Қаз тарихы 7 сынып, 3-сынып ста д кені, СРО, ТРП курс.жум каз 2021
Желдету және жылыту жүйелері
Жылу мен ылғал бөлінетін цехтар үшін дұрыс құрылғы болуының үлкен эпидемиологиялық маңызы бар. Ет комбинатының өндіріс және қосымша бөлмелерінде табиғи, механикалық және аралас желдеткіштер қарастырылады.
Ет комбинаттарында технологиялық үрдістердің әр түрлілігін ескеріп, желдеткіш құрылғыларын біріңғай бөлмелердің топтары бойынша жобалау қажет. Бұл кезде ыдыстарды, құралдарды жуу бөлмесінің сору жүйесін өндіріс цехтарының сору жүйесіне біріктіруге болады. Басқа көршілес жатқан басқа бөлмелерге жем-шөп және техникалық өнім, техникалық альбумин цехынан, тері консервілейтін цехынан, малды сою алдындағы бухталардан ауа жіберілмейді, сонымен қатар технологиялық үрдістер кезінде иісі өткір шығатын бөлмелерден (ішек цехы) басқа цехтардың бөлмелеріне ауа жіберілмейді. Ет комбинаттарында көп жылу және ылғал бөлетін құрал-жабдықтар (қайнату құралдары, күбі және т.б.) көп кездеседі. Оларды қаптамамен, қақпақтармен жабу керек. Ондай мүмкіндік болмаса, жабдықтардың үстіне шатырлар орнату керек.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрмыстық және әкімшілік-кеңселік бөлмелерде ауа алмасуын қамтамасыздандыру қажет. Шешінетін және қол жуатын бөлмелерде жылдың суық мезгілінде ауа температурасы 160С болса, ауа алмасуы сағатына 1-ге тең. Жуынатын бөлмелердің ауа температурасы 250С, ауа алмасуы 5-тен кем болмауы қажет. Өндіріс бөлмелері үшін ауа алмасу жиілігі нормаланбайды. Оның орнына бөлмедегі ауаның температурасы мен ылғалдылығына, жұмыстың ауыртпалығы мен жыл мезгіліне байланысты жұмыс аймағындағы ауаның ылғалдылығы мен температурасы нормаланады.
Жоғарыда нұсқалған нормаға сәйкес жылдың суық мезгілінде (100С) ет комбинатының өндіріс цехтарындағы жұмысшыға арналған жұмыс орнындағы ауаның температурасы 13-150С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы 75%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,5 м/сек болуы керек.
Қазіргі ет комбинаттарында орталық бу және су жылыту жүйесі орнатылады. Сумен жылыту жүйесі бумен жылыту жүйесіне қарағанда ыңғайлы келеді, себебі жүйедегі судың температурасын төмендетіп немесе жоғарылатып, бөлменің температурасын реттеп отырады. Бумен жылытуда жүйені қосуға немесе өшіруге болады, бұл кезде бөлме температурасы ауытқып отырады. Бірақ та өндірістік кәсіпорындарда үнемді болғандықтан төменгі қысымды бумен жылыту жүйесін қолданады.


Жарықтандыру
Өндіріс бөлмелерінің ыстық болмауы үшін және азық-түлікке күн сәулесінің тікелей түспеуінің алдын алу үшін, оңтүстікке, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстікке қарай 500С солтүстік ендікте, сонымен қатар батыс пен шығысқа терезелері қараған болса, қорғаныс қалқалары (козырьки) болу қажет. Жасанды жарықтандыру үшін люминисценті шамдар, қыздыру шамдары қолданылады. Лаборатория жұмыс орындары, мал дәрігерлік санитариялық бақылау үшін 150 ЛК жарықтандыру шамы қарастырылады. Барлық негізгі өндірістік цехтары (тағамдық майлар, сорпалық өнімдер, біріншілік өңдеу цехтары) 75 ЛК шамасында жарықтандырылуы қажет. Тағамдық мақсатта қолданылатын ыдыстарды, құралдарды жуу бөлмелерінде, буып-түю және ет өнімдерін жіберу экспедициясында 50 ЛК шамасында болады.
Қазіргі уақытта люминисцентті жарықтандыру кеңінен қолданылады. Қыздыру шамдарына қарағанда оның нормасы екі есе жоғары. Бұл люминисцентті шамдардың үнемділігін көрсетеді. Бұл шамдардың әр түрлі түсті реңдері бар. ЛДЦ (күндізгі жарықтай) шамның артықшылығы, дұрыс түс беруді қамтамасыз етеді, табиғи жарықтандыру сияқты түс реңін қалыптастырады. Ет комбинаттары үшін ЛДЦ шамдарының бұл қасиеттері тек мал дәрігерлік-санитариялық сараптамада ғана емес, сонымен бірге негізгі технологиялық үрдістердің орындалуында маңызы зор.
Әдетте, цехтарда жалпы біртұтас жарықтандыру қолданылады. Бірақ кейбір өндіріс үрдістері жұмыс орнында күшті жарықтандыруды талап етеді (мысалы, зарарсыздандыру бөлмелері). Бұл жағдайда қисындастырылған жарықтандыру қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет