Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет4/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны
КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР сұрақ, БЖБ№3 Қаз тарихы 7 сынып, 3-сынып ста д кені, СРО, ТРП курс.жум каз 2021
Тағамдық альбумин цехы
Бұл цех құрылымында міндетті түрде тағамдық және техникалық альбуминді өндіру бөлмелерін бір-бірінен толық жекешелеу қажет. Тағамдық альбумин цехы қан жеткізетін біріншілік өңдеу цехымен байланысуы керек. Тағамдық қан түтік құбыры арқылы тасымалданады. Бұл олардың күнделікті жуылып, дезинфекциялануын қамтамасыз етеді. Тағамдық альбумин цехында қанға арналған ыдыстарды және құрал-саймандарды жуу және кептіру үшін құрылғыларды қарастыру қажет.


Тері консервілейтін цех
Бұл цехта терілерді, жүндерді өңдейді, сонымен қатар теріні жинақтау жүргізіледі. Әдетте, цех бір бөлмені алады. Бірақ санитариялық қасапханасы жоқ ет комбинатында теріні дезинфекциялап, тұздау үшін бөлменің оқшауланған аумағын бөлу қажет. Міндетті түрде техникалық өнімге арналған платформаға цехтан шығатын құрылғы болу керек.


Тоңазытқыштар
Қазіргі ет комбинаттарының жобалануында тоңазытқыш өндіріс цехымен бірге орналасқан. Бұл оған өнімдерді тасымалдауға қолайлы жағдай жасайды. Тоңазытқыштарда арбаларды жуып, кептіру үшін, тазалау бұйымдарын сақтау үшін, сонымен қатар зат қоймасы, цехтың құралдары үшін бөлмелер қарастырылуы керек.
Жұмысшылардың денсаулығына зиян келтірмеу үшін тоңазытқышта жылытатын арнайы бөлме болуы қажет. Бөлме ауданы бір жұмысшыға көп санды ауысымда 8 м2 кем болмауы керек.


Санитариялық-техникалық құрылғыларға және бөлменің
ішкі өңдеулеріне қойылатын талаптар
Цехтың ішкі өңделуі
Цехтың қабырғалары тегіс, тығыз, оңай жуылатын материалдармен қаптап жасау керек.
Альбумин цехында, медициналық препараттардың цехында, санитарлық қасапханада, шұжық және консерві зауыттарында, сорпалық өнім, ішек, малды біріншілік өңдеу цехында панельдерді әйнекелеген тақтадан жасайды.
Қалыпты санитариялық режиммен жұмыс істейтін бөлмелердің (малды сою алдындағы қора, ыдыстарды санитариялық өңдеуге арналған бөлмелер тері консервілеу цехы) қабырғасын цементпен өңдеп, терімен қаптауға болады. Ылғалды үрдістер жүргізілмейтін бөлмелердің қабырғаларын әктеуге рұқсат етіледі (экспедиция, мұздатылмайтын қоймалар, тағамдық, техникалық зат қоймалары, ыдыстар және құралдарды сақтайтын бөлмелер).
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуына байланысты тоңазытқыш камераларының өңделуіне қатаң талаптар қойылады. Қабырға панельдерін (қабырғаның бүкіл биіктігіне) әйнектелген тақтамен немесе су өткізбейтін синтетикалық материалдармен қаптайды.
Цехтардың санитариялық жағдайы еденнің жасалған материалына және жағдайына байланысты. Едендерді су өткізбейтін, тегіс, жарықтары жоқ, беті сырғанақ емес, жууға ыңғайлы, судың ағып кетуіне қолайлы болуы керек. Санитариялық нормаға сәйкес еден асфальтталған (тоңазытқыш камералары, экспедиция, тері консервілеу цехы, мұздатылмайтын қоймалар, тағамдық және техникалық өнімдердің, ыдыстар мен құралдарды сақтайтын қоймалар) және метлах тақталарымен (медициналық препараттар, тағамдық альбумин, тағамдық майлар, сорпалық өнім, ішек, біріншілік өңдеу цехтары) қаптауға да болады. Қалыпты санитариялық режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (жуу бөлмелері, дәліз, желдеткіш камералары және т.б.) цементті едендер рұқсат етіледі, бірақ айтылған материалдар эпидемиологиялық талаптарды толық қанағаттандырмайды. Метлах тақталарынан жасалған еден жеңіл жуылады, сілтілер мен қышқылдардың әсеріне төзімді, мықты болады, бірақ бұл едендердің үйкеліс коэффиценті төмен. Бірқатар цехтар үшін (майлы, малды біріншілік өңдеу, сорпалық өнім, ішек т.б. цехтар) үйкеліс коэффиценті жоғары едендер қажет. Асфальтталған және цементтелген едендер сырғанақ емес, бірақ олар тез жарылады және оларды жуу қиын. Еден жасалынған материалдың сапасынан басқа оның тазалығына да көңіл бөлу керек. Ластанған беттердің үйкеліс коэффиценті төмендейді. Тегіс метлах тақтасынан жасалған еденді жуғаннан кейінгі үйкеліс коэффиценті 0,45, ал маймен ластанған еденнің 0,58, сондықтан едендердің сырғанағыштығының төмендеуі тек қана материалдың дұрыс таңдалуымен байланысты емес, сонымен бірге еденнің санитариялық жағдайына да байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет