Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет7/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар. Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады, идея жағынан шынығады. Осыған орай, мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруланады, оқу-тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзіретін, дербестігін, ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды. Сондықтан мұғалім мектеп басшысына бағынышты болмайды, ол қажымайтын ізденуші, шындық үшін күрескер адам.
Ізгілендіру барлық мектеп өмірін демокрантияландыру жағдайында жүзеге асырылады. Ізгілендіру - бұл балаға деген зор қамқорлық, қайырьмдылық; оңың мақсатын, тілегін, мүддесін қабылдау, баланы қоғамның белсенді, саналы теориялық және практикалық білім негізімен қаруланған мүшесі етіп дайындау.
Күрделі және жауапты мәселелерді шешуде мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын керсеткіштер: шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзіреттілік, шешімділік, тапқырлық сияқты қасиеттердің де болуы тиіс. Директордьщ мұндай болымды қасиеттерін мүғалімдер, ата-аналар жоғары бағалайды.
Тағы да бір еске аларлық жағдай, мектеп директоры мүғалімдермен, оқушылармен, ата-аналар жұртшылығымен ұласу әдістерін, ынтымақтастық принципін жүзеге асыруда негізгі рухтандырушы жөне ұйымдастырушы. Әрине, мүндай жоғары адамгершілік қасиеттерді сауатты, тәжірибелі, өмір елегінен өткен, сыналған, тіс қаққан мектеп директорларының бойынан табуға болады десек артық болмайды.
Міне, сапалы қасиеттердің негізінде мектеп басшыларына кәсіби және адамгершілік- психологиялық талаптар қойылады.
Кәсіби талаптар — бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі. Демек, мектеп директоры педагогика, психология, жас ерекшелік психологиясы, социология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы, мектеп жұмысын басқару теориясы салаларындағы білімді шығармашылықпен пайдалануы қажет.
Тоқырау жылдарында мектеп директорлары оқу-тәрбие жұмысын қорқып ұстамдылықпен басқарды. Өйткені, олар бүкіл мектептің жұмысын жоғары орындардың бұйрық -жарлықтарына сүйеніп жүргізді. Сондықтан өкімшілік-әмірлік әдістерді қолдануға мәжбүр болды. Міне, осының нәтижесінде өз бетінше ізденуге кәсіби дайындық деңгейін көтеруге, шығармашьшық бағытта педагогикалық іс-әрекеттерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар болмады.
Қазіргі кезеңде халыққа білім және тәрбие беру жүйесін қайта құру жағдайында мектеп директорларының кәсіби құзіретті ролі кенет өзгере бастады. Осыған орай, жұмысты ғылыми игеру оқу-тәрбие процесінің даму жолдарын алдын-ала болжай білу, мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда үйымдастыру мектеп басшыларына зор талап қояды. Оларды жүзеге асыру үшін мектеп басшылары педагогикалық шеберлікті игереді, өз өнегесіне, іс-тәжірибесіне үйретеді. Олар мүғалімдер мен оқушылар үжым-дарының даму жолдарын зерттейді, талдайды, бағалап, қорытынды жасайды. Осы тұрғыдан әрбір мектеп басшысы өз іс-әрекетін мақсатқа сәйкес, шығармашылық бағытта ұйымдастыруы қажет.
Өнегелі талаптар — бүл басшының жеке басындағы адамгершілік қасиеттерді көрсетеді. Мысалы: ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық т.б. Осындай қасиеттерді кейде бұзушылық сезілсе, онда қарамағындағы қызметкерлер тарапынан басшыға сенімсіздік туады, беделіне нүқсан келеді, кейбір жағдайларда ұжым мүшелерінің арасында теріс пікірлер қалыптасып, алауыздықтың да байқалуы мүмкін.
Мұндай жайттарды еске алып, жеке адамды басшылық қызметке тағайындау үшін, оны мәдениеті және адамгершілік деңгейі жоғары, тәжірибелі ұстаздардың ішінен тандап алу қажет.
Мектеп басшысының жеке басындағы болымды қасиеттер (тәртіптілік, өзін-өзі ұстай білушілік, әділеттелік т.б.), оның мұғалімдерге, оқушыларға және мектептің басқа қызметкерлеріне де әділетті талап қойып отыруына игі әсер етеді. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, оған солғұрлым көбірек құрмет сезімін білдіру керек.
Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысы өте күрделі және көп қырлы. Мектеп өмірінде қуанышпен бірге ренжушілік те болады, кейбір қиын жағдайлар да кездеседі. Осындай жағдайларда мектеп директоры әрбір мәселені терең ойланып ашуланбай, ренжімей, өзін-езі игеріп іскерлікпен шешуі қажет. Оның мінезінде дөрекілік, кекшілдік, менмендік болмауы тиіс. Теріс мінез адам баласының абыройын төгеді.
Сондықтан мектеп директорлары өз ісіндегі жауапкершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.
Күнделікті іс-әрекетінде ұжымға сүйену, қоғамдық пікірлермен санасу, қабылданған шешімнің жариялылығы — мектеп директоры жұмысының жемісті болуының басты жағдайы.
Мектеп жұмысын жақсарту және оны жетілдіру оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ғылыми-педагогикалық негізде жоспарлай білуге байланысты.
Мектеп жұмысын директор жоспарлайды. Көптеген мектеп директорларының тәжірибесіне қарағанда, алдағы оқу жылының жұмысын жоспарлау дайындығын осы оқу жылының соңғы тоқсанын, яғни наурыз айынан бастаған жөн. Бұл пікірді мектеп басшылары толық қуаттайды.
Мектеп өмірінде жылдық жоспарды жасаудың бірнеше түрлері байқалады. Кейбір мектеп директоры оқу жылының қорытындысын өз бетінше талдап, оқу-тәрбие жұмысына байланысты негізгі құжаттарды зерттейді. Зерттеу нәтижесіне сүйеніп, мектептің жылдық жалпы жоспарын жасайды да, оны педагогикалық ұжымньң мүшелеріне талдау жасауға таратып береді. Олардан түскен ұсыныстарды еске алып жоспарға қажетті өзгерістер енгізеді. Осыдаи кейін жоспар педагогикалық кеңесте талқыланады, бекіту жөнінде шешім қабылданады.
Көптеген зерттеу жұмысының нәтижелеріне сүйеніп, мектеп жұмысын жоспарлаудың мынандай тиімді жолын көрсетуте болады. Мектеп директоры арнайы топ құрайды, оның құрамына тәжірибелі мұғалімдер, сынып жетекшілері, әдістемелік бірлестіктердің, проблемалық топтардың, психология-педагогикалық семинардың жетекшілері, кабинет меңгерушілері кіреді. Олар директордың басшылығымен жұмысты өзара бөліседі, жоспардың әрбір бөлімі бойынша жазған және жинақтаған материалдарды тамыз айында мектеп директорына тапсырады. Ол оқу-тәрбие жұмысы салаларындағы орынбасарларымен материалды тексереді, зерттейді, жинақтайды. Осының негізінде мектеп жоспарын жасайды. Жоспарды жаңа оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесінде талқыға салып бекітеді.
Сонымен оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау - бұл мектептің міндеттерін анықтау, іс-әрекетінің негізгі бағыттарын белгілеу т.б.
Жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:
1. Кіріспе - өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына қысқаша талдау жасау, негізгі жетістіктерді, олардың себептерін көрсету.
2. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді өткен оқу жылының нәтижелеріне сәйкес анықтау.
3. Жоспардың негізгі бөлімдері, олардың мазмұны. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда мектеп жұмысының жалпы жоспары әр түрлі бөлімдерден тұрады. Мұны Г.И.Горская мен Р.Г.Чуракованың, Т.М.Куриленканың және ТІ.В.Худоминскийдің жұмыстарынан көруге болады. Егер логикалық бірізділік принципі тұрғысынан қарастырсақ, онда мектептің жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын мынандай бөлімдерден құрастырған дұрыс сықылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет