Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет9/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. Мектептегі тәрбие жұмысы?
2. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырумен кімдер айналысады?
3. Оқу-тәрбие жұмысының орынбасарларының қызметі мен міндеттері қандай?
4. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қиыншылықтар қандай?


3- тақырып. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы
4-Дәріс
Тақырыбы: «Тәрбие жұмысы» ұғымына түсінік.
Жоспары:
1. «Тәрбие жұмысы» ұғымына түсінік.
2. Қазіргі бастауыш мектептердегі тәрбие жұмысының жүйесі.
Мақсаты: студенттерге сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын мазмұны, оған қойылатын талаптарды, тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерін үйрету.
Негізгі ұғымдары: сыныптағы тәрбие, сынып жетікшісінің тәрбие жоспары, тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие жұмысына қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Педагогикалық ізденіс. // Құраст. Ж.Баженов. – 1987.
4. Педагогика. Лекциялар курсы. / Ред. басқарған. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А.-Алматы, 1991.
5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004.
Реферат тақырыптары:
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының маңызы.
2. Тәрбие жоспарын жасағанда кездесетін қиыншылықтар.
3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының құрылымы.
4. Қазіргі кезде тәрбие жұмысына қойылатын талаптар.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары-педагогикалық құжат.Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген.


Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген компелксті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие жұмысының негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершлік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанды сынып жетекшісінің оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығуышылықтары мен ықыластарын ескерген жөн.
Жоспарды қандай мерзімде жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ол бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстінде бұл жоспарлардың түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған жоспарлардың басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары кездеседі. Олар негізгі жоспарды нақтылауға мүмкіндік беріп жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамассыз етеді.
Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылды болып бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыршы тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып жетекшісі оқушылары және ата-аналар активін тартады.
Жоспар қандай болу керек, оған қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрменді құжат болу үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін артыру үшін ол бір қатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:
1. Жоспардың белгілі мақсатқа бағыталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болу керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық саяси қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
2. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әр-түрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының бірнеше формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шараларымен қатар оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары саяси оқулар, ақпарат университеті түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
3.Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептің жоспарында көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды ету мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі коникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы-оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
4. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар ұжымның мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларда белгілемеген жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналар әр түрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
5. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспары мен танысып, оқушылардың ұсыныстарымен тілектерін сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
6. Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасының арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы икемді, сыныпта тәрбие жұмысының ұйымдастырудың нақты жағдайларын ескерген болу керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болу керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшісінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып ұжымының даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
7. Сынып жетекшісі жоспарының үлгі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер. Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары. Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс /сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді белгілейді.
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізу тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу-күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі-күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Онда тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескеріледі, сонымен қатар атқарылған жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі.
Күнделікте оқушылардың үлгерімі, қоғамдық тапсырмалары, тізімі және тұрақты мекен жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір, екі бет бөлінеді, онда мекен жайы жазылады, әрбір оқушылардың мінез құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері қызығушылығымен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебін жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады.
Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілген жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі.
8. Сынып жетекшіснің есеп беруі. Өз жұмысының нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық советінің мәжілісінде немесе сынып жетекшілерінің методикалық бірлестігінде есеп беріп отырады. Кейде ол сыныптағы тәртіппен, үлгерімінің жайы туралы мектеп директоры немесе сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде жасайды. Оқу жылының аяғында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып жетекшісі жұмысын талдап, кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу кректігін, қандай оқушыларға назар аудару керектігін айтады.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде қосымша өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған жоғары педагогикалық талаптар қойылады. Сол талаптарды орындаған сынып жетекшісі ғана тәрбие сапасын арттыра алады.
9. Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшісінің саяси педагогикалық теорияны терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда педагогикалық принцптілікті басшылыққа алулары қажет.
Сынып жетекшісінің оқушыларға жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Шәкірттердің бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болу қажет. Олар:
- Педагогикалық шеберлік.
- Кең мәдени өріс.
- Педагогикалық әдептілік /оқушының жеке өзін сыйлау әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау/.
- Балаларға деген сүйіспеншілікпен, құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетешісінің мамандығын арттыру /өз бетімен білімін көтеру/.
- Тәрбие жұмысына шығармашылық көз-қарас.
- Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектептің мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет