Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет8/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Оқу жұмысы. Оқу бағдарламасы бойынша білім беру процесін жетілдіруге байланысты бұл бөлімге мынадай мәселелерді енгізу қажет:
- оқу үдерісінде оқушылардың таным іс-әрекетін, белсенділігін дамыту, әрбір пән бойынша оқудың сапасын арттыру;
- мектептің оқу кабинеттерін, лабораторияларды оқыту және электронды есеп машиналарымен, компыотерлермен басқа да техникалық және көрнекі құралдарымен жабдықтау жөне оларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіру;
- пәндер бойынша оқушылардың олимпиадаларын, сайыстарын, байқауларын, саяхаттарын өткізу жүмыстары;
- оқушыларды емтихаядарға дайындау;
- мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің, проблемалық топтардың жұмыстары;
- мұғалімдердің білім беру саласындағы озат тәжірибелерін зерттеу, оны көпшіліктің игілігіне айналдыру;
- сынып жетекшілерінің оқу жұмысы жайлы есептері;
- еңбек сабақтары, кәсіптік бағдар беру жұмыстары;
- оқу шеберханалары, оқу-тәжірибе учаскесі, оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстары т.б.
Тәрбие жұмысы. Бұл бөлімге мектепшілік және мектептен тыс тәрбие жұмыстары жайлы мәселелер кіреді. Олар:
1. Барлық сыныптардан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының жүйесінде оқушылардың адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, интернационалдық, экономикалық, экологиялық, құқық тәрбиесінің мазмұндарын жене өткізу әдістерін жетілдіру.
2. Оқушыларды өзіне-өзі еңбек етуге баулу, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, шығармашылық жұмысқа тарту, әр түрлі үйірмелердің іс-әрекеті т.б.
3. Оқушыларды өзін-өзі басқару жұмысына үйрету, педагогикалық басшылық жасау.
4. Ұжымдық шығармашылық істің байқауын өткізу.
5. Тарихи-патриоттық тәрбие тақырыптарына байланысты жорықтар, көрмелер, конференциялар ұйымдастыру.
6. Жас әншілердің, бишілердің, музыканттардың сайысын өткізу. 7. Оқушылардың спорт жұмыстарын дамыту және жетілдіру мәселелері.
7. Мектептен тыс білім және тәрбие беретін мекемелермен, яғни жас техниктер және жас табиғат зерттеушілер үйірмелерімен, балалар кітапханалары, жас көрермендер театрларымен ынтымақтасу.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- мектеп әкімшілігінің өкілі, тәрбиеші-педагог, тәжірибелі шығармашыл маман, мектептегі балалар мен ересектердің тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, бағыттаушы.
Оның негізгі міндеттері:
• Тәрбие жұмысының жүйесін құру, оқушыларды әр түрлі үйірмелерге, орталықтарға тарту. Тәрбие жұмысын мақсатқа сай жоспарлау, ұйымдастыру, тексеру, жолдау, түзету.
• Сынып жетекшілеріне, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, балалар ұйымдарының жетекшілеріне әдістемелік көмек беру.
• Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату. Тәрбие ісіне барлық жұртшылықты тарту.
• Оқушыны «биоәлеуметтік біртұтас жүйе-Адам» ретінде абсолюттік құндылық деп қабылдау.
• Гуманистік, тәрбиелік, ғылыми-тұжырымдылық, тәрбие үдерісінің технология-сынын білу. Мектеп оқушыларының тәбие бағдарламасын жасау.
• Тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығын пайдалану: жүйелі-құрымдылық, ізгілік, мәдениттанушылық, ұйымдастырушылық, әрекеттік, қарым-қатынастық, тұлғалық, бағыттылық, кешендік, т.б.
• Жалпы мектеп ұжымының әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс.
• Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындау. Оқушылардың денсаулығы, мүдделері мен құқықтарын қорғау.
• Жоғарғы басқару орындарының шығарған барлық нормативтік нұсқау-құжаттарын білу.
• Басқару негіздерін, эканомика мен әлеуметтануды педагогика мен педагогикалық технологияны, психологияны, гигиена мен балалар физиологиясын, тәрбие теориясы мен әдістемесін, еңбек сақтау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік технологиясын білу.
• Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші-педагогтарға, ата-аналарға, белсенді оқушылыар тобына әдітемелік көмек көрсету.
• Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, кәсіпорындардың, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.
• Мектепте қолайлы моральдық, психологиялық ахуал орнату және мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру.
• Үйірмелер, клубтар, балалар бірлестігі іс-әрекеттерін реттеу, үйлестіру.
• Тәрбие жұмысы жөнінен шығармашылық зертханалар құрып, қызмет істеуін қадағалау.
• Сынып жетекшілері қызметін бақылау, тексеру.
• Сынып ұжымын дамытуға, тәрбиелік іс-шараларды өткізуге, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды жүйелеуге негізделген мектептен тыс тәрбие жұмысы материалдарын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет