Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет5/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу; тәрбиешілердің оларға сеніммен қарай білуі, олардың жауаптарына зейін қоя білу, дұрыс ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп, мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезеңде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу, т.б.
Тәрбие үдерісінде үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының көркем әдебиет, өнер, бейнефильм, театр кейіпкерлерінің өнегесі орасан зор әсер етеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісі ретінде балалармен тең дәрежеде, кеңінен ашық, адал, еркін сөйлесе білуге, шындықты бүкпесіз айтуға үйрету, қоғамдық пікірді орнатудың тиімді әдісіне айналып отыр.
Тәрбие әдісінің үшінші тобына мадақтау, жазалау және жарыс ұйымдастыру әдістері жатады. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
Мадақтаудың түрлері өте көп: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, мақтау қағаздарымен марапаттау, награда, ордентер тапсыру.
Жазалау - педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланып қарауы тиісм. Тәжірибелі ұстаздар жаза қолдануда оқушылар (коллективінің) ұжымының көмегіне, қолдауына арқа сүйейді. Мектеп тәжірибесінде арнайы қабылданған нұсқау бойынша жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендету шаралары қолданылады.
Жарыс - әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады.
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеу әдісінде социометрикалық әдістерді қолдану. Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшілерінің білгені өте маңызды. Мұны бақылау, әңгіме, анкета және шығарма арқылы білу әрқашан мүмкін емес.
Оқушылар арасындағы шынайы қатынасты анықтау үшін оларға жанама сұрақтар қойылады. Мысалы, оқушылардн кіммен партада бірге отырғысы келетінін сұрауға болады. Оның жауаптары оқушының сыныптағы кіммен араласқысы келетінін, жолдастарына қалай қарайтынын анықтауға болады.
Бұл әдістің педагогикалық құндылығы сол, олар ұжым ішіндегі байланыстар мен сынып ұжымындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Олар арқылы ұжым ынтымағы мен оқушылар көпшілдігінің дәрежесін анықтайды.
Дербес мінездемелерді жинақтау әдісі. Бұл - оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді. Егер бұл мәліметтер жеке адамдардың сан алуан қызмет түрлеріндегі қасиеттерін ұзақ бақылау нәтижелерін көрсетсе, өте жақсы. Оқушы туралы мәліметтер неғұрлым көбірек жиналса, оған соғұрлым толығырақ мінездеме беруге болады. Бұл тәсілді қолдану оқушы тәрбиелілігінің дәрежесін баға берудегі субъективизмді жоюға және оның мінезі мен тәртібіне объективті баға беруді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Оқушының тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу. Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үргермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін де емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген жанұяларда, әсіресе нашар оқушының немесе жаңа оқушының жанұясында танысуға болады. Бірқатар мектептерде өткізілген адамгершілік дамудан ауытқыған оқушыларды тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу, олардың көпшілігі бос уақытын ұтымды пайдаланбайтынын көрсетеді. Ата-аналар, өкінішке орай бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмектеспейді. Мұның өзі тәртіпсіздікке, ұйымсыздыққа, ал кейде әдепсіздікке әкеліп соғады.
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайда өтуін және қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті мәліметтерді, зерттеу әдістерін таңдап алуды ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынасты нығайту педагогикалық жағдайда байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларды да тәрбиелілік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды реттейді.
Оқушыларды зерттеу мен олардың тәрбиелілік дәрежесін анықтаудың, зерттеудің негізгі тәсілдері осындай. Оларды қолдану әдетте көп күш-жігер мен уақытты қажет етеді. Бірақ бұл шығынның орны кейін тола жатады. Тәрбиелілік дәрежесін біле отырып, тәрбие жұмысын зор ынтамен ұйымдастыруға болады.
Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, қолданған тәрбиелік әдістердің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған қажетсіз құбылыстардың пайда болу себептерін белгілеу. Орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет